Жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер



бет7/15
Дата25.02.2016
өлшемі0.78 Mb.
#24698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

                төлеу

      Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа қызметкердiң күндiк (сағаттық) ставкасы негiзге алына отырып, кемiнде екi есе мөлшерде ақы төлеу жүргiзiледi.

      129-бап. Түнгi уақыттағы еңбекке ақы төлеу

      Түнгi уақыттағы жұмыстың әр сағатына қызметкердiң күндiк (сағаттық) ставкасы негiзге алына отырып, кемiнде бiр жарым есе мөлшерде ақы төленедi.

      130-бап. Әр түрлi бiлiктiлiк жұмыстарын орындаған кезде
                еңбекке ақы төлеу

      Қызметкер әр түрлi бiлiктiлiк жұмыстарын орындаған кезде оның еңбегiне неғұрлым жоғары бiлiктiлiк жұмысы бойынша ақы төленедi.


      Жоғары бiлiктiлiк қызметкерiне өндiрiс сипатын ескере отырып оған тағайындалған разрядтан төмен тарифтелетiн жұмысты орындау тапсырылған жағдайда, еңбекке ақы төлеу оған тағайындалған бiлiктiлiк (разряд) бойынша жүргiзiледi.

      131-бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының


                кеңеюi) және уақытша болмаған қызметкердiң
                мiндеттерiн орындау кезiнде еңбекке ақы төлеу

      1. Бiр ұйымда, өзiнiң еңбек шартында қарастырылған негiзгi жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн өзiнiң негiзгi жұмысынан босатылмай орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы


төленедi.
      2. Жұмыс берушi лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет ету аймағының кеңеюi) және уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн орындағаны үшiн берiлетiн қосымша ақылар мөлшерлерiн қызметкермен келiсе отырып белгiлейдi.
      Ескерту. 131-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      132-бап. Жаңа өндiрiстердi (өнiмдердi) игеру кезiнде


                еңбекке ақы төлеу

      Ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында жаңа өндiрiстердi (өнiмдердi) игеру кезеңiнде қызметкердiң бұрынғы жалақысының сақталуы көзделуi мүмкiн.

      133-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу

      1. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыстың бос тұрып қалу уақытына ақы төлеудiң тәртiбi мен талаптары еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады және қызметкердiң орташа жалақысының елу процентiнен кем емес мөлшерде белгiленедi.


      2. Қызметкердiң кiнәсiнен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиiс.

      134-бап. Жалақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi

      1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемiнде бiр рет, келесi айдың бiрiншi онкүндiгiнен кешiктiрiлмей төленедi. Жалақы төленетiн күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделедi.
      2. Жалақы төлеу кезiнде жұмыс берушi әрбiр қызметкерге тиiстi кезеңдегi тиесiлi жалақының құрамдас бөлiктерi, жүргiзiлген ұстап қалулардың мөлшерлерi мен негiздерi туралы, оның iшiнде ұстап қалынған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиiстi жалпы ақша сомасы туралы мәлiметтердi жазбаша түрде ай сайын хабарлауға мiндеттi.
      3. Жалақы төлеу күнi демалыс немесе мереке күндерiне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргiзiледi.
      4. Жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де төлемдердi төлеу жұмыс берушiнiң кiнәсiнен кешiктiрiлген кезде, жұмыс берушi қызметкерге берешек пен өсiмақыны төлейдi. Өсiмақы мөлшерi жалақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасын негiзге ала отырып есептеледi және төлем жүргiзiлуге тиiстi күннен кейiнгi күннен бастап әрбiр кешiктiрiлген күнтiзбелiк күн үшiн есептеледi және төлем жасалған күнмен аяқталады.
      5. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушiден қызметкерге тиесiлi барлық сомаларды төлеу шарт аяқталған күннен кейiнгi үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

      135-бап. Жалақы төленетiн орын

      Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында өзгеше көзделмесе, олардың жұмыс iстейтiн орнында жүргiзiлуге тиiс.

      136-бап. Қызметкердiң орташа айлық жалақысын есептеу

      1. Бес күндiк, сондай-ақ алты күндiк жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгiленген қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сыйлықақылар және еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдерi ескерiле отырып, тиiстi кезеңдегi орташа күндiк (сағаттық) жалақының есебiнен нақты жұмыс iстелген уақыт үшiн жүргiзiледi.
      2. Осы Кодекске сәйкес тиiстi ақы (төлем) төлеуге байланысты оқиғаның алдындағы он екi күнтiзбелiк ай орташа жалақыны есептеу үшiн есептiк кезең болып табылады. Күнтiзбелiк он екi айдан аз жұмыс iстеген қызметкерлер үшiн орташа айлық жалақы нақты жұмыс iстелген уақыт бойынша айқындалады.
      3. Орташа айлық жалақыны айқындаудың осы Кодексте көзделген барлық жағдайлары үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi оны есептеудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi .
      4. Егер бұл қызметкердiң жағдайын нашарлатпайтын болса, ұжымдық шартта орташа жалақыны есептеудiң өзге кезеңдерi көзделуi мүмкiн.

      137-бап. Жалақыдан ұстап қалу

      1. Қызметкердiң жалақысынан ұстап қалу сот шешiмi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргiзiледi.
      2. Қызметкердiң өзi жұмыс iстейтiн ұйымға берешегiн өтеу үшiн оның жалақысынан ұстап қалу қызметкердiң жазбаша келiсiмi бар болған кезде жұмыс берушiнiң актiсi негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
      3. Ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мөлшерi қызметкерге тиесiлi жалақының елу процентiнен аспауға тиiс.

      138-бап. Қызметкердiң қайтыс болуына байланысты


                алынбаған жалақыны беру

      Қызметкердiң қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен берiледi.



10-1-тарау. Ұлттық бiлiктiлiк жүйесi

      Ескерту. Кодекс 10-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      138-1-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар

      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:


      1) ұлттық бiлiктiлiк жүйесi – мамандардың бiлiктiлiгiне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу тетiктерiнiң жиынтығы;
      2) ұлттық бiлiктiлiк шеңберi – еңбек нарығында танылатын бiлiктiлiк деңгейлерiн құрылымдық жағынан сипаттау;
      3) салалық бiлiктiлiк шеңберлерi – салада танылатын бiлiктiлiк деңгейлерiн құрылымдық жағынан сипаттау;
      4) кәсiби стандарт – кәсiби қызметтiң нақты саласында бiлiктiлiк деңгейiне және құзыреттiлiкке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.

      138-2-бап. Ұлттық бiлiктiлiк жүйесiнiң құрылымы

      Ұлттық бiлiктiлiк жүйесi мыналарды:
      1) ұлттық бiлiктiлiк шеңберiн;
      2) салалық бiлiктiлiк шеңберлерiн;
      3) кәсiби стандарттарды;
      4) маманның кәсiби даярлығын бағалау және бiлiктiлiк сәйкестiгiн растауды қамтиды.

      138-3-бап. Ұлттық бiлiктiлiк шеңберi

      1. Ұлттық бiлiктiлiк шеңберi кәсiби қызметтiң жалпы сипаттамаларын әрбiр бiлiктiлiк деңгейi үшiн сипаттаудан тұрады.
      2. Ұлттық бiлiктiлiк шеңберiн әзiрлеудi және бекiтудi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң және қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң пiкiрiн ескере отырып, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп жүргiзедi.

      138-4-бап. Салалық бiлiктiлiк шеңберлерi

      1. Салалық бiлiктiлiк шеңберлерi ұлттық бiлiктiлiк шеңберi негiзiнде экономикалық қызметтiң нақты саласында әзiрленедi.
      2. Салалық бiлiктiлiк шеңберi салада орындалатын жұмыстардың күрделiлiгiне және пайдаланылатын бiлiм, машықтар мен құзырет сипатына қарай деңгейлер бойынша маманның бiлiктiлiгiне қойылатын талаптарды жiктейдi.
      3. Салалық бiлiктiлiк шеңберiн әзiрлеудi және бекiтудi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары жұмыс берушiлердiң салалық бiрлестiктерiнiң және қызметкерлердiң салалық бiрлестiктерiнiң пiкiрiн ескере отырып жүргiзедi.

      138-5-бап. Кәсiби стандарттар

      1. Кәсiби стандарттарды әзiрлеудi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары жұмыс берушiлердiң салалық бiрлестiктерiмен және қызметкерлердiң салалық бiрлестiктерiмен бiрлесiп жүзеге асырады.
      2. Кәсiби стандарттардың құрылымын, оларды әзiрлеу, қайта қарау, сынақтан өткiзу және қолдану тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiмен және қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiмен келiсiм бойынша айқындайды.
      3. Кәсiби стандарттарды бекiтудi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша олар белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
      4. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Кәсiби стандарттар тiзiлiмiн жүргiзудi өзi белгiлеген нысан бойынша жүзеге асырады.

      138-6-бап. Мамандардың кәсiби даярлығын бағалау және


                  бiлiктiлiк сәйкестiгiн растау 

      1. Маман құзыретiнiң сәйкестiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар жүзеге асыратын бiлiктiлiк сәйкестiгiн растау негiзiнде айқындалады.


      2. Мамандардың бiлiктiлiк сәйкестiгiн растау және бiлiктiлiгiн беру тәртiбiн бекiтудi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң және қызметкерлер бiрлестiктерiнiң пiкiрiн ескере отырып жүзеге асырады.

11-тарау. КӘСIПТIК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БIЛIКТIЛIКТI АРТТЫРУ

      139-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар

      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) оқыту шарты - жұмыс берушi мен оқитын адамның арасындағы кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру шарттары туралы жазбаша келiсiм;
      2) кәсiптiк даярлау - белгiлi бiр жұмыс түрiн орындауға қажеттi жаңа кәсiби дағдыларды меңгеру немесе кәсiби дағдыларды өзгерту үшiн адамды дамытуға бағытталған кәсiптiк оқыту нысаны;
      3) қайта даярлау - басқа кәсiптi немесе мамандықты игеруге мүмкiндiк беретiн кәсiптiк оқыту нысаны;
      4) бiлiктiлiктi арттыру - бұрын алған кәсiптiк бiлiмiн, шеберлiгi мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетiлдiруге мүмкiндiк беретiн кәсiптiк оқыту нысаны.

      140-бап. Жұмыс берушiнiң даярлау, қайта даярлау және


                бiлiктiлiктi арттыру жөнiндегi құқықтары мен
                мiндеттерi

      1. Ұйымның жұмыс iстеуi мен дамуы үшiн кәсiптiк даярлаудың, қайта даярлау мен бiлiктiлiктi арттырудың қажеттiгiн және оның көлемiн жұмыс берушi айқындайды.


      2. Жұмыс берушi қызметкерлердi немесе өзiмен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге адамдарды (бұдан әрi - оқитын адамдар) кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды:
      1) тiкелей ұйымда;
      2) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында;
      3) кадрларды кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда жүргiзедi.
      3. Жұмыс берушi кәсiптiк даярлаудан, қайта даярлаудан немесе бiлiктiлiгiн арттырудан өтетiн қызметкерлерге осы Кодексте, келiсiмдерде, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген жұмысты оқумен қатар алып жүру үшiн жағдайлар жасауға мiндеттi.
      Ескерту. 140-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      141-бап. Жұмыс берушiнiң жолдамасы бойынша бiлiм беру


                ұйымдарында кәсiптiк даярлау, қайта даярлау
                және бiлiктiлiктi арттыру

      1. Жұмыс берушiнiң жолдамасы бойынша бiлiм беру ұйымдарында оқитын адамдарды кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру оқыту шартына сәйкес жұмыс берушiнiң қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады.


      2. Келiсiмде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында оқытуға байланысты жеңiлдiктер мен өтемақы төлемдерi көзделуi мүмкiн.

      142-бап. Ұйымда қызметкерлердi кәсiптiк даярлау, қайта


                даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру

      1. Ұйымда қызметкерлердi кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жұмыс берушi жүзеге асырады.


      2. Кадрларды кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру нысандарын жұмыс берушi айқындайды.
      3. Ұйымда кадрларды кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға қойылатын жалпы талаптарды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды .

      143-бап. Қызметкерлердiң кәсiптiк даярлау, қайта


                даярлау және бiлiктiлiктi арттыру жөнiндегi
                құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қызметкерлердiң жаңа кәсiптер мен мамандықтарға оқытуды қоса алғанда, кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және бiлiктiлiктi арттыруға құқығы бар.


      2. Кәсiптiк даярлаудан, қайта даярлаудан немесе бiлiктiлiктi арттырудан өтетiн қызметкерлер жұмыс берушiмен келiсе отырып жұмыстан босатылуы не жұмысты толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкiн.
      3. Кәсiптiк даярлаудан, қайта даярлаудан немесе бiлiктiлiктi арттырудан өтетiн қызметкерлер осы Кодексте, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген кепiлдiктердi пайдаланады.
      4. Кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру аяқталғаннан кейiн оқитын адам тараптар оқыту шартында келiскен мерзiмде жұмыс берушiде жұмыспен өтеуге мiндеттi.
      5. Еңбек шарты қызметкердiң бастамасы бойынша немесе қызметкердiң кiнәсi салдарынан жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда қызметкер өзiн оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеу мерзiмiнiң жұмыс iстелмеген мерзiмiне барабар мөлшерде жұмыс берушiге өтейдi.

      144-бап. Оқыту шартының мазмұны

      1. Оқыту шарты:
      1) оқитын адам алатын нақты кәсiпке, мамандыққа, бiлiктiлiкке сiлтеменi;
      2) жұмыс берушiнiң және оқитын адамның құқықтары мен мiндеттерiн;
      3) оқыту мерзiмiн және оқыту аяқталғаннан кейiн жұмыс берушiде жұмыспен өтеу мерзiмiн;
      4) оқытуға байланысты кепiлдiктер мен өтемақы төлемдерiн;
      5) тараптардың жауапкершiлiгiн қамтуға тиiс.
      2. Оқыту шартында тараптардың келiсiмiмен айқындалған өзге де талаптар қамтылуы мүмкiн.

12-тарау. ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ

      145-бап. Жұмысқа орналастыру кезiндегi мемлекеттiк


                кепiлдiктер

      Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға:


      1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанынан қорғауға және кәсiп пен жұмыс алуда тең мүмкiндiктермен қамтамасыз етуге;
      2) жұмыссыздарды, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жетi жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға;
      2-1) күшi жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      3) шағын бизнес пен кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесуге;
      4) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган және жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
      5) кәсiптiк-бағдарлау қызметтерiн көрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс орындары туралы ақпараттар беруге;
      6) кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағдарлауға;
      7) жұмыс күшiн мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес өңiраралық қайта бөлуге;
      8) еңбек қатынастарын анықтау және жария ету жөнiндегi шараларды әзiрлеуге және iске асыруға;
      9) инвестициялық келiсiм-шарттарда инвестордың кәсiптiк даярлау, жаңа жұмыс орындарын ашу және бар жұмыс орындарын сақтап қалу жөнiндегi мiндеттерiн белгiлеуге;
      10) кәсiптiк даярлықты, қайта даярлықты және бiлiктiлiктi дамытуға тiкелей ұйымдарда жағдай жасауға;
      11) жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдардың жұмыс берушiлермен өзара iс-қимылына;
      12) нысаналы топтарға кiретiн адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жағдайлармен қамтамасыз етуге кепiлдiктер бередi.
       Ескерту. 145-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.05.05. N 159-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       146-бап. Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы


                құқықтары

      Азаматтардың:


      1) жұмыс берушiлерге тiкелей өтiнiш бiлдiру жолымен, сондай-ақ халықтың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсететiн жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгiнiң еңбек делдалдығы арқылы қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауға;
      2) жұмысты өзi iздеуге және жұмысқа орналасуға, соның iшiнде шетелден жұмыс iздеуге және жұмысқа орналасуға;
      3) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдардан және жұмыспен қамтудың жекеше агенттiктерiнен консультациялар мен ақпараттар алуға;
      4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар.

      147-бап. Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыру кезiндегi


                құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жұмыс берушiнiң:


      1) кадрлар iрiктеудi жүзеге асыруға;
      2) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдардан еңбек нарығының жай-күйi және кәсiптiк даярлаудың мүмкiндiктерi туралы дәйектi, толық және жедел ақпарат алуға құқығы бар.
      2. Жұмыс берушi жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға:
      1) жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босатылуы туралы, жұмыстан босатылатын қызметкерлердiң лауазымдары мен кәсiптерiн, мамандықтарын, бiлiктiлiгi мен еңбекақысының мөлшерiн көрсете отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олардың босатылатын мерзiмдерi туралы жұмыстан босату басталардан кемiнде екi ай бұрын;
      2) өндiрiстi ұйымдастырудағы, оның iшiнде қайта ұйымдастыру кезiндегi өзгерiске және (немесе) жұмыс берушiдегi жұмыс көлемiнiң қысқаруына байланысты қызметкерлердiң толық емес жұмыс уақыты режимiне көшуi бөлiгiнде алдағы уақытта болатын еңбек жағдайларының өзгеруi туралы кемiнде бiр ай бұрын;
      3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы олардың пайда болған күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде;
      4) азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы (жолдамада тиiстi белгi қою арқылы себебiн түсiндiре отырып) оларды уәкiлеттi орган жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ақпарат беруге мiндеттi.
      3. Жұмыс берушi жергiлiктi тұрғындар болып табылмайтын адамдарды жұмысқа қабылдағаны туралы және (немесе) ол адамдармен еңбек қатынастарын тоқтатқаны туралы ақпаратты халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға бiр ай iшiнде бередi. Ақпаратты беру тәртiбi мен нысанын халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
      Ескерту. 147-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      148-бап. Еңбек делдалдығы

      Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi:
      1) азаматтарды - жұмысқа тұру мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлердi жұмыс күшiмен қамтылу мүмкiндiгi туралы хабардар ету;
      2) азаматтардың жұмыс таңдауына жәрдем көрсету;
      3) азаматтарға бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшiн жұмыс берушiге жолдама беру;
      4) еңбек нарығы жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру;
      5) өтiнiш бiлдiрген азаматтарды есепке алу мен тiркеу;
      6) кәсiптiк бағдар жасауда қызметтер көрсету;
      7) жұмыс берушiлермен шарттар негiзiнде жұмысқа орналасу мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасасу арқылы еңбек делдалдығын жүзеге асырады.

13-тарау. КЕПIЛДIКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРI

      149-бап. Қызметкерлер мемлекеттiк немесе қоғамдық


                мiндеттердi орындаған кезде берiлетiн
                кепiлдiктер

      1. Жұмыс берушi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметкерлер мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек мiндеттерiн орындаудан босатады.


      2. Қызметкерлерге мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттердi орындағаны үшiн аталған мiндеттердi орындайтын жерi бойынша, бiрақ негiзгi жұмыс орнындағы орташа жалақысынан төмен емес жалақы төленедi.
      3. Мерзiмдi әскери қызметiн өткерiп келген қызметкер өзi мерзiмдiк әскери қызметке шақырылғанға дейiн жұмыс iстеген кәсiпорынға жұмысқа қабылдау кезiнде артықшылықты құқыққа ие болады.

      150-бап. Медициналық тексеруге жiберiлетiн қызметкерлер


                үшiн кепiлдiктер

      Осы Кодекске не ұжымдық шартқа сәйкес кезеңдiк медициналық тексерулерден өтуге мiндеттi қызметкерлердiң олардан өткен уақытта жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

      151-бап. Донор болып табылатын қызметкерлер үшiн
                кепiлдiктер

      Донор болып табылатын қызметкердiң тексерiлу және қан мен оның компоненттерiн беру (донациялау) уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепiлдiктер берiледi.


       Ескерту. 151-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.16. N 186-IV Заңымен.

      152-бап. Iссапарларға жiберiлетiн қызметкерлер үшiн


                кепiлдiктер мен өтемақы төлемдерi

      1. Iссапар уақытында қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы сақталады.


      2. Iссапарларға жiберiлетiн қызметкерлерге: P001428
      1) қызметтiк iссапарда, оның iшiнде жолда болған күнтiзбелiк күндерi үшiн тәулiктiк төлемдер;
      2) баратын жерiне дейiнгi және керi қайтудағы жол жүру шығыстары;
      3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленедi.
      3. Қызметкерлердi iссапарларға жiберудiң талаптары мен мерзiмдерi еңбек шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушiнiң актiсiмен айқындалады.
      4. Қызметкерлердi iссапарларға жiберу осы Кодекстiң 183, 187, 226-баптарында көзделген шектеулер ескерiле отырып жүзеге асырылады.

      153-бап. Қызметкердi жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге


                ауыстыру кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақы
                төлемдерi

      1. Қызметкер жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге ауыстырылған кезде жұмыс берушi қызметкерге:


      1) қызметкер мен оның отбасы мүшелерiнiң көшiп-қону;
      2) қызметкер мен оның отбасы мүшелерiнiң мүлкiн жеткiзу жөнiндегi шығыстарын өтеуге мiндеттi.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өтемақы төлемдерiнiң тәртiбi мен мөлшерi еңбек шартында, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушiнiң актiсiнде айқындалады.

      154-бап. Экологиялық зiлзала және радиациялық қатер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет