Клиникалық жағдай №5
45 жастағы ер кiсi, жедел жәрдем көлiгiмен қабылдау бөліміне
жеткiзiлдi, шағымдары: төс пен эпигастрий аймағының өте күштi ауыруы,
арқасына тарайды, кеудесiнiң барлық бөлiгiнiң күю сезiмi, ентiгу, бас
айналуы мен қатаң жалпы әлсiздiк.
Өзiн 5 жылдай АГ дертті санайды, жүйелi ем қабылдамаған. АҚ
кезеңдермен 220/120 мм сын. бағ. дейiн жоғарылап тұрған. Екi апта бұрын,
көлiктiк соқтығыс кезiнде кеудесiнiң алдыңғы бөлiгiмен қатты соғылған,
содан төс артындағы ауырсынуы мезгiл-мезгiл мазалаған. Клиникаға түсер
күнi ауыр зат көтеруiне байланысты төсi мен арқасында (жауырын
аралығында) ауырсыну пайда болып, басы айналған. Жедел жәрдем
дәрiгерiнiң ауырсынуды басуға берген емi нәтижесiз болды.
Жалпы жағдайы өте ауыр, салмағы артық, орын таппай мазасызданады,
бетi қуқылданған, акроцианоз. Тыныс жиiлiгi 26 минутына. Жүрек шектерi
кеңiген, тамыр будасының енi – 11см. Жүрек тондары әлсiзденген, ырғақты,
оң II қабырға аралықтан бастап төстiң сол қырының бойымен дөрекі
систолалық шу естiледi. АҚ 120/60 мм сын. бағ. Бауыры үлкеймеген. 2 сағат
iшiнде ауырсыну төменге, шап пен бел аймағына тарады, АҚ 100/50 мм сын.
бағ. дейiн төмендедi.
1. Жетекші синдромдары.
2. Болжам диагнозы, қатерлі асқынуы.
3. Негiзгi асқынуына байланысты ем жоспарын құрыңыз, шұғыл көмек
көрсетiңiз.
№5. Жауаптары:
1. АГ, төс артының ауырсыну синдромы, ауырсынулық және геморрагиялық
шок, артық салмақ, СҚГ, аортаның морфоөзгерістері (аневризмасы және
оның қабаттарының ажырауы/диссекциясы).
2. Нег. ауруы: Артериялық гипертензия III дәрежелi, қауiп-қатер тобы 4 – өте
жоғары (артық салмақ, сол қарынша гипертрофиясы, аорта аневризмасы
және диссекциясы).
Асқ.: Аорта аневризмасы, диссекциясы. Ауырсынулық, геморрагиялық шок.
3.
Шұғыл
консилиум
реанимация
бөлімінде
ұйымдастырылады:
реаниматолог, тамырлық хирург, кардиохирург, кардиолог. Шұғыл операция
сұрақтары мен ем шараларын шешу керек.
|