14
атеросклерозы, аорта диаметрі кеңіген, аорта қақпағы жармаларының ашылу
тербелісі қалыптыдан төмен.
Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, бет терiсi қызарған. Жүректiң
шала тұйық дыбыс шегi солға 1,0 см ығысқан,
тондары әлсiзденген,
ырғақты, аорта үстiнде II тонның акцентi. АҚ 240/130 мм сын. бағ., пульсi
64 мин., кернеулi. ЭКГ: сол қарынша гипертрофиясы, систолалық күш
түсумен.
1. Негiзгi синдромдарына байланысты (АГ, нысана мүшелердегi өзгерiстердiң
даму ерекшелiктерi) күдiктi ауруларға тәуелдi тексеру жоспарын құрыңыз.
Дифференциялық диагнозы.
2. Болжам диагнозы, асқынулары (криз типiнiң ерекшелiктерi).
3. Емi (АГ дәрежесiне,
ерекшелiктерiне, қауiп факторларына тәуелдi ем).
Антигипертензиялық ем таңдауда ұйымдастыратын шараларыңыз (АМАД –
АҚ амбулаториялық мониторингі, ДМАД – АҚ үйдегі мониторингі).
№3. Жауаптары:
1. АГ 40 жастан кейін дамыған, антигипертензиялық дәрмектерді қабылдау
тактикасы дұрыс болмаған; кризді негізінен эмоциялық күштемелер
арандатады – сондықтан Артериялық
гипертензия нозобірлігінен
күдіктенеміз, хаттамаға сай тексеру жоспарының қалған тексерулеріне
жоспар құрамыз (хаттаманы зерттеңіз). Қазіргі бар зерттеулер нәтижесі
атерогенді дислипидемияны, нысана орган – жүректе гипертензиялық КМП
(СҚГ) және аортаның қайтымсыз өзгерістерге (атеросклероз және
аневнизмасы) ұшырағанын; нысана орган – бүйректің
гипертензиялық
нефропатияға ұшырағанын дәлелдейді.
2. Нег. ауруы: Артериялық гипертензия III дәрежелi, қауiп-қатер тобы 4 – өте
жоғары (артық салмақ, гиперхолестеринемия, БСА: протеинурия, сол
қарынша
гипертрофиясы,
аортаның
атеросклерозы,
аневризмасы,
дисциркуляциялық энцефалопатия).
Асқ.: Гипертензиялық криз, Ратнермен II типтi (БДҰ асқынбаған).
3. Науқаста асқынбаған криз болғандықтан күндізгі стационарлық емге
көрсетпе бар, онда АГД таңдалады: ААФ қатарынан (каптоприл,
эналаприлді кризді басуға), ал жоспарлы емге сартандардан – телмисартан,
лозартаннан біреуін таңдау (екі дәрмекті біріктіре тағайындауға болмайды),
ұзақ әсерлі кальций антагонистерінен (амлодипин, нормодипин, лацидипин
т.б. таңдау).
Стационарда АГД тұрақты, жүйелі қабылдауын бақылау
мақсатында АМАД ұйымдастырамыз. Үйіне шығарылғаннан соң ДМАД
ұйымдастырамыз (науқасқа АҚ тіркеу амалдарын үйретеміз – ГА бар
науқастар мектебіне жазамыз, емге бейінділігін қалыптастырамыз).
Достарыңызбен бөлісу: