«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет17/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

Клиникалық жағдай №7 
25 жастағы инженер әйел, ықшам аудандық дәрiгерге келесi 
шағымдармен келдi: бетi мен аяқтарының iсiнуi, басының ауруы, дел-салдық, 
жүрек қағуын сезінуі, бел аймағындағы ауырлық сезiмі бір мезгілдерде 
күштi ауырсынуға өтедi.
Анамнезiнен: 2,5 апта бұрын фолликулалық баспамен ауырып, 
емханада емделген, 8 күннен кейiн жұмысқа шыққан. Екi күн бұрын 
ертеңгiлiкте көз астының iсінуiн, несеп түсiнiң қызғылттанғанын байқаған. 
Келер алдында iсiну аяқтарына жайылып, кешке дейiн басылмай, несеп бөлу 
жиілігі мен мөлшерi азайған. 
Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары қуқыл, бетi 
мен аяқтарындағы iсiну айқын, жұмсақ. Өкпе үстiнде перкуссияда анық өкпе 
дыбысы, тыңдағанда төменгi бөлiктерiнде үнсiз, майда көпiршiктi ылғалды 
сырылдар, тыныс жиiлiгi 26 минутына. Жүректiң шала тұйық дыбыс шегінің 
сол жағы бұғана орта сызығына дейiн ығысқан. Жүрек тондары тұйықталған, 
ырғақты, аорта үстiнде II тонның акцентi, жүрек ұшында систолалық шу. АҚ 
180/100 мм сын. бағ. Пульсi ырғақты, жиiлiгi 56 минутына, толуы үлкен, 
кернеуi жоғары. lшi жұмсақ, ауырсынусыз, қағу симптомы екi жағында да оң. 
1. Жетекші синдромдары, күдікті аурулар тізімін жасаңыз. Болжам диагнозын 
құрастырыңыз. Тексеру жоспары, оның ішінде, шұғыл жасалатындары.
Несеп пен қан анализiнде болуы мүмкiн өзгерiстердi атаңыз. 
2. Дифференциялық диагнозын жүргізіңіз.
3. Ауруханаға жолдау (немесе стационар алмастырушы технология) 
сұрақтарын шешіңіз. Емдік шараларын жазыңыз. 
№7. Жауаптары: 
1. Несептің патологиялық тұнба, бүйректік диффкзды ісіну, нефрогенді АГ 
синдромдары тек гломерулонефриттен күдіктендіреді; ал оның жеке 
нозобірлік немесе жүйелі дерттердің көрінісі болу мүмкіндігіне келсек, 
бірінші кезекте жүйелі қызыл жегіден күдіктенген жөн. Тексеру жоспарында 
клиникалық минимум, LE клеткалар мен АНФ, көз түбін зерттеу 
(офтальмоскопия), бүйрек биопсиясы болуы керек.
Нег. ауру: Бүйректің жедел зақымдануы (ОПП). Жедел гломерулонефрит, 
классикалық триадалық жайылма варианты. 
Асқ.: ЖШФК
II
. Ми сауытішілік гипертензия. 
3. Стационарға шұғыл жолдау міндетті, шыққаннан соң есепке алып, ұзақ 
уақыттық (алғашқы 10-12 айда) кешенді емді (ГКС?, антикоагулянттар, 


23 
антиагреганттар, антигипертензиялық), соңынан сүйемелдеуші емді өмір 
бойы жүргізу керек (хаттаманы зерттеңіз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет