12
3. Емi (АГ дәрежесiне, ерекшелiктерiне, қауiп факторларына және нысана
органдардың өзгерістеріне тәуелдi ем). Антигипертензиялық дәрмектерді
таңдауда ұйымдастыратын шараларыңыз (АМАД – АҚ амбулаториялық
мониторингі, ДМАД – АҚ үйдегі мониторингі).
№2. Жауаптары:
1. АГ 40 жастан кейін дамыған, антигипертензиялық дәрмектерді тағайындау
тактикасы
дұрыс болмаған; кризді негізінен эмоциялық күштемелер
арандатады – сондықтан Артериялық гипертензия нозобірлігінен
күдіктенеміз, дегенмен артық салмағын, дислипидемиялық факторларды
ескере отырып, бүйрек артерияларының атеросклерозымен байланысты
рефрактерлілік даму мүмкіндігін ескереміз, ол үшін бүйрек
тамырларының
допплер УДЗ тағайындаймыз; әрине хаттамаға сай тексеру жоспарын да
құрамыз (хаттаманы зерттеңіз).
2. Нег. ауруы: Артериялық гипертензия III дәрежелi, қауiп-қатер тобы 4 – өте
жоғары (артық салмақ, гиперхолестеринемия, сол қарынша гипертрофиясы,
БСА/гипертензиялық нефропатия, ТИА).
Асқ.:
Гипертензиялық криз, II типтi, асқынған. Транзиттік ишемиялық
шабуыл (атака).
3. Науқаста асқынған криз болғандықтан шұғыл стационарлық емге көрсетпе
бар, стационарда АГД таңдалады, ол негізінен сартандардан, ұзақ әсерлі
кальций антагонистерінен (амлодипин, нормодипин, лацидипин т.б.
зерттеңіз) топтастырылады. Стационардан
шыққаннан АҚ тұрақты тәулік
бойына бақылауды ұйымдастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: