«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет5/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ 
АРТЕРИАЛЬНАЯ ГИПЕРТЕНЗИЯ 
Клиникалық жағдай №1
39 жастағы ер кiсi, инженер-конструктор дәрiгерге келесi 
шағымдармен қаралды: басының ауыруы, көз алдында “шiркейлердiң”
ұшуы, жүрек қағуы, iшiнiң қалтырау сезiмi, жүрек айнуы. 
32 жасында медициналық тексеруден өткенде АҚ 160/90 мм сын. бағ. 
көтерiлгенi тiркелген. Өзiн сезiнуi қанағаттанарлық болғандықтан дәрiгерде 
емделмеген. Екi жылдан соң бiр кезеңдерде самай аймағының ауыруы, бас 
айналуы, түн ұйқысының бұзылуы қосылған. АҚ 170/95 мм сын. бағ. 
көтерiлген. 
Бұл өзгерiстердi эмоциялық күштенулермен (жұмыспен қатар ЖОО 
оқыған) байланыстырған. Капотенмен (???) жүйесiз емделген. Жазғы 
демалыс кезiнде АҚ, көңiл күйi қалыпты болған. Анасы АГ дертті. Дәрiгерге 
қаралатын күнi шағымдары жұмысындағы келеңсiз жағдайдан кейiн 
басталған. 
Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, қозу күйiнде, терi 
жамылғылары ылғалды, қызара бөрткен. Жүрек шектерi солға ығысқан
тондары анық, ырғақты, аорта үстiнде II тонның акцентi, пульс кернеуi 
жоғары, 98 мин, АҚ 180/100 мм сын. бағ. 
Қан холестерині 5,9 ммоль/л, үшглицеридтері 2,1 ммоль/л. 
1. Негiзгi синдромына байланысты (АҚ ерекшелiктерi) күдiктi ауруларға 
тәуелдi тексеру жоспарын құрыңыз. Дислипидемия атерогенділігін 
анықтаңыз. Дифференциялық диагнозы (АҚ 40 жасқа дейiн дамығандықтан 
симптомдық АГ қайсысымен ДД жүргiзетiнiңiздi шешiңiз). 
2. Болжам диагнозы. 
3. Емi, кризді басу принциптері. Антигипертензиялық ем таңдауда 
ұйымдастыратын шараларыңыз (АМАД – АҚ амбулаториялық мониторингі, 
ДМАД – АҚ үйдегі мониторингі). 
№1. Жауаптары: 
1. АГ синдромы жас кезінде (30 жасқа дейін) дамығанмен бүйрек, эндокринді 
патологиялардың объективті белгілері жоқ; орталық нерв жүйесімен 
байланыстыратын ми сауыты-милық жарақаттардан да мәліметтер жоқ; тек 
тұқым қуалаушылық, атерогенді дислипидемия бар. Сондықтан бүйрек қан 
айналымын бағалау мақсатында (реноваскулярлы АГ) допплер УДЗ; 
тиреоидты гормондық статусын тексеру; бас миының МРТ тексеру 
жоспарына қосу керек. Олардан дәлелді нәтижелер болмағанда эсенциаль АГ 
ерте дамыған вариантымен ДД жүргізу керек. 


10 
2. Нег. ауруы: Артериялық гипертензия I дәрежелi, қауiп-қатер тобы 3 – 
жоғары (тұқым қуалаушылық, гиперхолестеринемия, гиперүшглицеридемия, 
сол қарынша гипертрофиясы). 
Асқ.: Гипертензиялық криз, I типтi (асқынбаған, БДҰ). 
3. Асқынбаған гипертензиялық криздің Ратнер жіктемесімен І типін қысқа 
әсерлі бета-адреноблокаторлармен (БАБ), анаприлинмен басу қажет. 
Антигипертензиялық емдік дәрмектерді таңдау мақсатында АМАД 
ұйымдастырамыз: АҚ белгілі уақыттарда өлшеу, БАБ ұзақ әсерлісін 
(бисопролол немесе эгилокты) таңдау; антидислипидемиялық дәрмектер 
гиперхолестеринемия 
мен 
гиперүшглицеридемияны 
коррекциялауға 
бағытталады, ол үшін тағамды және ағзаның қимыл тәртібін реттейді, 
статиндер не/немесе трайкорды тағайындау зерттеу және ем барысында 
шешіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет