Элемент |
(III-валентті) оксидтің
формуласы
|
Гидроксид формуласы
|
Химиялық қасиеті
|
5 топтың элементтер қасиеттерінің өзгеруі
| N |
|
|
|
| P |
|
|
|
As
|
|
|
|
Sb
|
|
|
| Bi |
|
|
|
Бақылау сұрақтары
Металдар мен бейметалдар атомдарының сыртқы қабатында қанша электрон орналасады?
Иондану энергиясы дегеніміз не? S- және Р – элементтерінің реттік нөмірі өскен сайын химиялық тұрақтылығы қалай өзгереді? Неліктен?
Егер (n+l) қосындысы 5, 6, немесе 7 тең болса Клечковский ережелерін пайдалана түрып электрондық орбитальдардың толтыру кезегін анықтаңыз.
Күкірт, селен және теллур элементерінің ішінен қайсысы ең жоғары қышқылдық қасиетің көрсетеді?
Периодтық жүйедегі орның көре отырып: екі гидроксидтің қайсы күштірек: Be(OH)2 немесе Mg(OH)2?
Cl, V, Mn атомдарының қозған күйінде қашша бос 3d- орбитальдары бола алады?.
8,13,53,63-ші элементтер атомдарының электрондық формулаларын жазыңыз. Осы атомдардың қалыпты және қозған күйдегі валентліктерін анықтаңыз.
7 зертханалық жұмыс
Тақырып: «Комплексті қосылыстарды алу және қасиеттері»
Жұмыстың мақсаты: молекулалар арасындағы донорлық-акцепторлық өзара әрекеттесу туралы білімді тереңдету; комплексті қосылыстармен (КС), олардың номенклатурасымен, түзілуімен, тұрақтылығымен танысу; жай және комплексті иондар арасындағы айырмашылық туралы ұғымдарды қалыптастыру; комплексті қосылыстарды алудың практикалық дағдыларын игеру, олардың қасиеттерін зерттеу.
Жұмыс жүргізу және эксперименттік деректерді өңдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар:
№ 1 тәжірибе. Комплексті тұздарды алу.
Сынауыққа 2 мл мыс сульфатын құйып, тамшылатып аммиак ерітіндісін қосыңыз. Мыстың негізгі тұзы (CuOH)2S04 тұнбасының түзілуін бақылаңыз. Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңыз. Алынған тұнбаға артық аммиак ерітіндісін құйыңыз. Құрамында комплексті ион [Cu(NH3)4]2+бар ерітінді алынады. Комплексті тұз түзілу реакциясының молекулалық және иондық теңдеуін жазыңыз.
№2 тәжірибе. Темір-аммоний алюминийінің диссоциациясы.
Үш сынауыққа 2 мл темір-аммоний тұзының ((NH4)2Fe2(S04)4 ерітіндісін құйыңыз. Бір сынауыққа бірнеше тамшы роданикалық калий қосыңыз. Алынған тұз ерітіндісінде қандай ионның болуы қызыл-қоңыр түстің пайда болуын көрсетеді. Басқа сынауыққа концентрацияланған сілті ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосыңыз. Аздап қыздырыңыз. Аммиактың иісі қандай ионды көрсетеді. Үшінші сынауққа1 мл барий хлориді ерітіндісін қосыңыз. Қандай зат тұнбаға түседі? Бұл тұнбаның түзілуі ерітіндіде қандай ионның болуын көрсетеді? Темір-аммоний тұзының диссоциация теңдеуін жасаңыз. Барлық үш сынауықта болатын реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңыз. Бұл тұз қандай тұз, қос немесе күрделі?
№3 тәжірибе. Калий гексациано ферратының (III) диссоциациясы.
Екі сынауыққа 2 мл қызыл қан тұзының K3[Fe(CN)6] ерітіндісін құйыңыз. Олардың біреуіне сілтінің бірнеше тамшысын, екіншісіне калий роданидін қосыңыз. №2 және №3 тәжірибелердің нәтижелерін салыстырыңыз және калий гексациано ферраты (III) қандай тұз, қос немесе күрделі екенін көрсетіңіз. Осы тұздың диссоциация теңдеуін жасаңыз.
№4 тәжірибе. Алмасу реакцияларындағы комплексті қосылыстар.
Сынауыққа 1 мл темір (II) сульфатының ерітіндісін құйып, қызыл қан тұзының бірнеше тамшысын қосыңыз. Турнбуль көк тұнбасының Fe3[Fe (CN)6]2түзілуін бақылау. Реакцияның молекулалық және иондық теңдеуін жазыңыз. Қандай темір иондарының болуы осы химиялық реакция арқылы анықталады.
№5 тәжірибе. Комплексті иондардың тұрақтылығы.
Алмасу реакциясымен мыс (II) гидроксидін алады, оны артық аммиак ерітіндісінде ерітеді. Алынған мыс аммиакатына [Cu(NH3)4](OH)2 натрий сульфидінің ерітіндісін қосыңыз, комплексті ионның тұрақсыздық константасын жазыңыз. Болып жатқан процеске түсініктеме беріңіз. Химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |