Техникалық судың түрлері
Химиялық және фармацевтикалық кәсіпорындар мен зертханалар, баспаханалар электр кедергісінің белгілі бір көрсеткіштері бар тазартылған суды пайдаланады. Микроэлектроникада кристаллдарды өсіру процесіне арналған және құрамында иондар жоқ өте таза су қолданылады. Мінсіз таза судан басқа, әртүрлі салаларда арнайы мақсаттағы су қажет болуы мүмкін, мысалы, белгілі бір ерітілген химиялық зат немесе қажетті органикалық қоспалар бар тұздардың белгілі бір концентрациясы бар.
Техникалық судың сапасы нақты технологиялық процеспен анықталады және кейбір параметрлер бойынша ауыз судың көрсеткіштері сияқты қатаң нормалануы мүмкін. Сонымен қатар, техникалық судың сипаттамалары қызмет көрсететін персонал үшін санитарлық-гигиеналық жағдайларды сақтауға сәйкес келуі керек
13)Су. Өнеркәсіптік суды дайындау тәсілдері.
Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылыс. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі.
Өнеркәсіптік су дайындыц
Су дайындық дегеніміз өндіріске су енгізер алдындатабиғи сулардан ондағы қалқымаларды, коллоидтық бөлшектерді, еріген тұздар мен газдарды бөліп шығару болып табылады. Су дайындыққа суды ағарту, тұшыту, дегазация, ал жекеленген жағдайларда тұзсыздандыру жэне ауыз суларын заласыздандыру кіреді. Суды ағарту алдымен лай суды тұндыру арқылы, сосын оны түйіршікті материалдардан сүзіп өткізу арқылы жүргізіледі. Коллоидтык қоспаларды коагуляция (ірілендіру) жасау үшін ол суга электролиттер (алюминий жэне темір сульфаттары) жіберіледі. Іріленген бөлшектер тұнбаға түседі. Суды заласыздандыру хлорлау жэне озондау жолдарымен жүргізіледі. Судың дегазациясында суда еріген газдарды кетіру химиялық әдіспен жүргізіледі, газдар мұнда химиялық реагенттермен жұтқызылады. Мысалы, көміртегі диоксидін жұтқызу химиялық жолмен
рекциясы бойынша жүреді немесе физикалық эдіспен СО2 ауада немесе вакуумде термиялық деаэрация жасалып ұшырылады. Суды тұзсыздандыру су тазалығына қатал талаптар қойылатын өндірістерде жүргізіледі. Мұндай өндірістерге жартылай өткізгіш материалдар, химиялық таза реактивтер, фармацевтикалық препараттар өндірістері жатады. Тұзсыздандыру ионалмасу, дистилляция жэне электродиализ әдістерімен жүргізіледі. Суды түшыту дегеніміз оның кермектігін төмен түсіру үшін жүргізілетін суды өндеу процестері болып табылады, бұл үшін физикалық, химиялық жэне физика-химиялық әдістер қолданылады. Физикалық әдісте суды қайнату процесі жүргізіледі, мүнда бикарбонат-иондар карбонаттық түрге ауысып, түнбаға түседі:
Суды түшытудың физика-химиялық әдісі ионалмасу процесіне негізделген. Ион алмасу әдісі кейбір қатты денелердің (иониттардың) ерітіндіден иондарды жүтып, сосын сол таңбадағы иондарды өзінен беріп, ион алмасу процесін жүргізуге негізделген. Иониттер катионит жэне анионит болып бөлінеді. Катиониттер натрий немесе сутегінің жылжымалы катиондарынан түрады да, ал анионитгер гидроксил жылжымалы иондарынан тұрады. Катиониттер есебінде сульфокөмір, алюмосиликаттар (пермутит, цеолит жэне т.б.), аниониттер есебінде жасанды смолалар (карбамидтік) пайдаланылады. Су еріген иондардан тазалану үшін осы иониттік сүзгілерден өтеді. Химия өндірісінің су дайындығы көп еңбекпен келетін процесс болып табылады жэне ол үлкен күрделі жэне пайдалану шығындарын қажет етеді. Қазіргі химиялық кәсіпорындарда су дайындауға кеткен күрделі шығын сол химиялық өнімді шығаруға жұмсалған шығынның 10-15% шамасын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |