«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар


Шикізатты дайындау және байыту. Байыту процестері



бет9/51
Дата15.02.2024
өлшемі280.68 Kb.
#491990
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар-emirsaba.org

9. Шикізатты дайындау және байыту. Байыту процестері.
Шикізат - бұл өнеркәсіптік өндірісте қолданылатын табиғи материалдар, өндірістің үнемділігі, технология мен жабдықты таңдау және өндірілетін өнімнің сапасы негізінен тәуелді болатын өндірістің негізгі элементі. Химия өнеркәсібі өнімінің өзіндік құнында шикізат үлесі 70% - ға жетеді. Сондықтан шикізатты өңдеу мен өндіруде ресурстар мен ұтымды пайдалану мәселесі өте өзекті.

Шикізатты өңдеуге дайындаудың негізгі әдісі - оны байыту.
Шикізатты байыту - концентраттағы негізгі компоненттің мөлшерін арттыру. Шикізатты байыту оның фазалық күйіне байланысты болады.Шикізатты байытудың түрлері:
1.Гравитициялық байыту – ауа немесе сұйық ортада ұсатылған заттардың бөлшектерінің төмен түсу жылдамдығының бөлшек тығыздығына немесе бөлшек мөлшеріне тәуелді.Бұл әдіспен қаттылығы және тығыздығы әртүрлі минеарлыдарды бөледі.Бұл әдіс гидроциклон аппараттарында жүреді.Силикат өнідірісі мен металлургия өндірісінде шикізатты байыту үшін қолданады.
2.Электромагниттік байыту – ұсынылған заттардың магнитке атртылу қасиетіне негізделген.Ұсатылған шикізат магнит сепеаторынан өткенде магнике тартылатын және тартылмайтын екі фракцияға бөлінеді.Бұл әдіс темір және тас кендерін байыту үшін қолданады.
3.Электростатикалық байыту – ұсақталған шикізат құрамындағы әртүрлі бөлшектердің электр өткізгіштігіне негізделген.Электростатикалық сеператорларды магнит өрісінің орнына жоғары вольтті ток ток күзеткіштерінің теріс полюсіне жалғасқан электродты темір құбырының ортасына орнатады.Құбыр арұылы шикізат төмен түскенде электр өткізгіш бөлшектері теріс зарядталып қабырғасына бағытталады.Осылай электро тоғын өткізетіндерден өткізбейтіннен бөліп алады.Бұл әдіс мыс,кұм,силикат өндірісінде қолданады.
4.Флотация –физико-химиялық байыту әдістері,әрі көп қолданылатын әдіс.Ағылшынша қалғып шыңу деген мағына береді.Бұл әдістің негізі-кендер мен бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу және жұқпау қасиетіне негізделген.
5.Термиялық байыту – ұсатылған шикізат құрамындағы компоненттердің балқу температураларының айырмашылығына негізделген.
6.Химиялық байыту – шикізат құрамындағы компоненттерінің химиялық реагенттерімен әрекеттесулерінің айырмашылығына негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет