14)Су сапасының көрсеткіштері. Судың кермектігі, кермектік түрлері, суды жұмсарту.Фармацевтикалық мақсаттарға арналған су.
Су - табиғатта таза күйінде кездеспейтін ерітінді.
Жалпы көлемі- 1 млрд 386 млн км3. Судың сапалық көрсеткіштері:
Мөлдірлігі
Түсі
Сілтілігі
Иісі
Температурасы
Тұз мөлшері
Су кермектігі
Тотығу шамасы
Құрамындағы құрғақ қалдық
Жүзгін зат мөлшері
Су реакциясы ( pH көрсеткіші)
Судың кермектігі деп - кальций және магний тұздарының судағы мөлшерін айтамыз. Екі түрі болады:
1. Тұрақты кермектік. Тұрақты кермектік – суда хлорид иондарының, нитрат иондарының NO3, сульфат иондарының SO4 болуы.
2. Уақытша кермектік. Уақытша кермектік(карбонаттық) – бикарбонат иондарының (HCO3) болуын айтады. Кермектіктің бұл түрін қайнату арқылы кетіре аламыз.
Суларды жұмсарту əдістері:
физикалық,
химиялық
физикалық-химиялық
Физикалық əдіс – суды термиялық өңдеуге негізделген, яғни қайнату, дистилляциялау жəне қатыру. Суды қайнатқанда бикарбонаттар ыдырап, карбонатқа ауысып тұнбаға түседі.
Ca(HCO3)2 + H2O + CO2
Химиялық əдістер суды хим→ CaCO3 иялық қосындыларымен өңдеуге негізделген. Өндірісте негізінен əк-сода жəне фосфат əдістері қолданылады.
Əк-сода əдісі бойынша суды алғашқыда əкпен, содан соң сода ерітіндісімен өңдейді. Химиялық реакцияның нəтижесінде Са тұздары Са карбонатына, Mg тұздары Mg гидроксидіне жəне карбонатына айналады.
Уақытша кермектілік:
Ca(HCO3)2 + Ca(OH)2 → 2CaCO3 + 2H2O
Mg(HCO3)2 + 2Ca(OH)2 → 2CaCO3 + Mg(OH)2 + 2H2O
Тұрақты кермектілік:
CaCI2 + Na2CO3 → CaCO3 + 2NaCI
MgSO4 + Na2CO3 → MgCO3 + Na2SO4
Фосфат əдісі суды натрий фосфатымен өңдеуге негізделген:
3Ca(HCO3)2 + 2Na3PO4 → Ca3(PO4)2 + NaHCO3
3CaCI2 + 2Na3PO4 → Ca3(PO4)2 + 6NaCI
Достарыңызбен бөлісу: |