«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар



бет5/51
Дата15.02.2024
өлшемі280.68 Kb.
#491990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар-emirsaba.org

Еңбек өнімділігі – жұмыскердің бірлік уақыт ішінде өндіретін өнімінің мөлшері немесе бірлік өнімді өндіруге жұмсалатын жұмысшы уақытының мөлшері.
Эксплуатациялық көрсеткіштер қондырғыны пайдалану барысында регламенттік жағдайлардан ауытқуы салдарынан ХТП-те және өндірісте пайда болатын өзгерістерді сипаттайды.
Беріктілік – өндірісте немесе қондырғыда белгілі уақыт аралығында
авариясыз жұмыс істеудің не болмаса авариялық жағдайда тоқтап қалу санының орташа уақытымен сипатталады. Бұл көрсеткіш қондырғының дұрыс жəне сапалы жұмыс істеуіне тəуелді.
Жұмыс істеу қауіпсіздігі – қоршаған ортаға, қызметкерлерге жəне
қондырғыларға əкелетін зиянды əрекеттерден жұмыс режимінің бұзылу ықтималдығы.
Сезімталдық өндірісті, қондырғыны пайдалану барысында режимнің бұзылуына жəне пайдалану шартының өзгеруіне уақытында бақылау жасау. Бұл үдеріс көрсеткішінің болған жағдайға байланысты ауытқулар өзгерісінің қатынасымен анықталады.
Басқару жəне реттеу – берілген шекте үдеріс көрсеткіштерін мүмкіндігінше қалыпта ұстауды сипаттайды. Бұл басқару параметрлері жəне олардың өзара əсерінің (басқару күрделілігі) үдеріс шартына өзгерісінің шамасымен анықталады.


  1. Химия-технологиялық жүйе және үдеріс. Химия-фармацевтикалық технологияның негізгі үдерістерін жіктеу.


Химиялық-технологиялық жүйе (ХТЖ) – бастапқы затты өнімге дейін өңдеуге арналған аппараттардың, машиналардың жəне материалдық, энергетикалық ағыстардың өзара біртұтас жиынтығын айтады.

Химиялық-технологиялық жүйе құрылымы
1 – шикізатты дайындау; 2 – шикізатты өңдеу; 3 – негізгі өнімді бөлу; 4 – қалдықтың утилизациясы жəне санитарлық тазалау; 5 – энергетикалық жүйе; 6 – қосымша материалдар мен суды дайындау; 7 – басқару жүйесі
1-ұнтақтау, бөгде қоспалардан тазарту, компоненттерге араластыру, жалпы тдацындау.
2-дайындалған шикізат өнімдер арасында химиялық алмасу жүреді.
3-Бөгде өнімдерден тазалайды, сосын негізгі өнім түзіледі.
4-санитариялық тазалау жасаймыз, бірақ зиянды заттармен қатар пайдалы заттар болуы мүмкін .
5- энергия 15% құрайды, энергия бөлу арқылы экзотермиялық реакция жүреді.
6-салқындату, булау, еріту, сұйылту іске асады.
7- жүйені қосуға, басқаруға негізделген.
Химиялық технологиялық үдерістің ерекшелігі – көп фазалық жүйелерде жоғары температурамен қысымда үлкен жылдамдықпен жүретін үдерістер. Бұл олардың күрделілігімен, параметрлер санының көптілігімен, параметрлердің өзара бір-біріне əсерімен жəне өзара байланыстың күрделігімен анықталынады. Химиялық өндірістің ХТЖ түрінде болуы – жобалау, өнеркəсіпті салу сатыларындағы жəне оны пайдалану кезіндегі бірнеше міндеттерді шешуге тиіс. Бұл міндеттерді шешу кезінде:

– ХТЖ технологиялық топологиясы, яғни технологиялық сызбанұсқадағы жеке аппараттарды қосу мен орналастыру ретінің сипаты анықталынады;


– енгізілу (кіру) ауыспалы мəндері, яғни шикізаттың енгізілу (кіру) ағынының физикалық параметрлері анықталынады;
– ХТЖ технологиялық көрсеткіштері (шикізаттың мақсатты өнімге айналу дəрежесі, өнім шығымы, талғампаздық жəне т.б.) анықталынады; – ХТЖ аппаратының конструкциялық сипаттамалары (реактордың өлшемі, насадка қабатының биіктігі, аппараттың көлденең қимасы жəне т.б.) анықталынады;
– үдерістің жылдамдығына, өнімнің шығымы мен сапасына əсер ететін параметрлер (температура, қысым, катализатор активтілігі, реагенттер ағысының сипаты) таңдалынады;
– берілген режимде барлық ХТЖ жұмысын қамтамасыз ететін технологиялық ағыстың параметрлері таңдалынады.
Химиялық өндіріс əртүрлі ағыстармен өзара байланысқан ондаған, жүздеген аппараттармен қондырғылардан тұрады. Құрам бөліктерінің көптүрлілігінен оны зерттеу тек қана күрделі емес, сонымен бірге тиімділігі аз болып табылады. Сондықтан химиялық өндірісті химиялық-технологиялық жүйе ретінде қарастырған тиімді болады.

Жүйе деп өндірістегі элементтер жəне байланыстар арасындағы біртұтас жиынтықты айтады. Байланыстар элементтерді өзара қосады. Одан ағыстар өтеді. Элементке кіретін ағыс (ол бірнеше болуы мүмкін) өзгеріске ұшырайды. Элементтен шығатын ағыс байланыс арқылы келесі элементке жіберіледі де, одан əрі өзгеріске түседі. Байланыс бір элементтен басқа элементке ақпарат тасиды, ал элемент ағыс туралы ақпаратты өзгертеді. Сондықтан мұндай жүйе біртұтас түрде қызмет атқарады. Мұндай объектіні жəне оның қасиетін, ерекшелігін зерттеу үшін жүйелер теориясы дамытылған.


Химиялық өндірісте элементтер – машиналар, аппараттар жəне басқа қондырғылар, ал байланыстар – машиналар, аппараттар, қондырғыларды қосатын материалдық труба-, буөткізгіштер жəне т.б.
Химиялық, мұнайхимиялық, металлургиялық жəне т.б. салалардағы өндірістік үдерістер шикізаттың жəне өнімнің түрімен, аппаратураның қуаттылығымен, үдерісті жүргізу жағдайларымен жəне т.б. ерекшеленеді. Бірақ қазіргі химиялық өндірістің жалпыламалығы көптеген аппараттармен, əртүрлі қондырғылардан жəне олардың өзара байланысынан тұратын күрделі химиялық-технологиялық жүйе. Химиялық-технологиялық жүйе берілген сапада жəне қажетті мөлшерде өнім алу мақсатында үдерісті жүргізуге керекті барлық құралдар мен үдерістердің жиынтығы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет