Тақырыбы: Микробтардың тыныс алуы мен қоректенуі. Қоректік орталар. Микроб-аэробтардың таза дақылын бөліп (зерттеудің 1-2 күні)
Міндеттері:
- микроорганизмдердің қоректену механизмі туралы білімдеріін қалыптастыру.
- микроорганизмдердің тыныс алу ерекшеліктері жайлы білімдерін қалыптастыру
- қоректік орталардың түрлері және олардың қолданылуы жайлы білімдерін жетілдіру
- микрооргазимдердің әр түрлі қоректік ортада өсу сипаттамасы туралы білімдерін қалыптастыру
- дифференциальды диагностикалауды жүргізу үшін қоректік орталарда өсу сипаттамасын білу.
- бактериологиялық әдістің негізі, оның мақсаты, міндеттері, қолдану аясы туралы білімдерін қалыптастыру
- аэроб микроорганизмдердің дақылдандыру тәсілдері жайлы дағдыларын қалыптастыру.
- Аэробтардан таза дақыл алудың 1,2 кезеңін меңгеріп, дағдыны жетілдіру.
- таза дақылды алудың принциптері туралы білімдерін қалыптастыру
- аэробтарды бөліп алу үшін қолданылатын қоректік орталар жайлы білімдерін жетілдіру.
- аэробтарды бөліп алу үшін қолданылатын аппаратурасы жайлы;
- аэроб бактерияларының таза дақылын бөліп алу әдістері туралы дағдыны қалыптастыру
- аэробтардан таза дақылды бөліп алудағы кезең дағдыларын қалыптастыру.;
- бактерияның дақылдық қасиетін меңгеру жайлы білімін қалыптастыру.
- микроорганизмдердің өсу ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.
- микроорганизмдердің көбею ерекшеліктері жайлы білімдерін жетілдіру.
Бактериологиялық әдіс
Бактериологиялық зерттеу әдісі бактерияларды қоректік орталарда дақылдандыруға, қоздырғыштың таза дақылын алуға және оны сәйкестендіруге негізделген. Тіршілікке қабілетті микроағзалардың көбеюін, қоректенуін және тыныс алуын қамтамасыз ететін әртүрлі заттектердің комплексін қоректік орталарда қолдануды қарастырады.
Қоректік ортаның құрамы мен дақылдандыру әдісін таңдауда, ең бастысы
микроағзалардың қоректену типіне және тыныс алуына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |