«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж


Әртүрлі ауруханаларда МКБИ байланысты эпидқадағалау мен мониторинг жүргізуді ұйымдастыру



бет38/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

35. Әртүрлі ауруханаларда МКБИ байланысты эпидқадағалау мен мониторинг жүргізуді ұйымдастыру.

151 бұйрыққа сәйкес: 1)МККБИ жағдайы эпидемиологиялық диагностика деректерінің, пациентте болатын (эндогенді инфекция) және медициналық араласу жүргізумен байланысты (экзогенді инфекция) тәуекел факторлары әсерінің негізінде осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес МККБИ анықтау өлшемшарттарын ескере отырып айқындалады. 2.Медициналық ұйымдарда МККБИ жағдайы тіркелген кезде бірінші тәулік ішінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың жедел жоспары әзірленеді. 3. Пациенттің медициналық ұйымда болған кезеңде немесе одан шыққаннан кейін инкубациялық кезең ішінде анықталған инфекциялық аурулары медициналық ұйым бойынша МККБИ ретінде есепке алынуға жатады. 4.Медициналық ұйым бойынша МККБИ ретінд есепке алуға Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес:
А) жаңа туған нәрестелердің тері инфекциялары – егер үйге шығарылғаннан кейін жеті тәуліктің ішінде пайда болса, генерализацияланған түрлері – үйге шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз тәулік ішінде пайда болса;
Б) акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық асқынулар – үйге шығарылғаннан кейін отыз тәулік ішінде пайда болса;
В) хирургиялық араласудың инфекциялық асқынулары – үйге шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз тәуліктің ішінде пайда болса, имплантант болған кезде операция жасалғаннан кейін бір жылдың ішінде пайда болса есепке алынуға жатады.
5)Егер де кез келген инфекциялар аурухана ішілік деп табылса ол туралы шұғыл хабарлама беріледі.6) Медициналық ұйымға инфекция әкелінген жағдайда инфекция жұқтыру орын алған медициналық ұйымға және аумақтық бөлімшеге эпидемиологиялық деректерді және клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін көрсете отырып, бір тәулік ішінде ақпарат жіберіледі. 7) Медициналық ұйымдар меншік нысанына қарамастан аумақтық бөлімшелерге тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күннің ішінде әрбір МККБИ жағдайының кезеңдік есептері мен тергеп-тексеру хаттамасын ұсынады.8) Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылығы анықталған медицина персоналы диагнозын анықтау және емделу үшін инфекционистке тексерілуге жіберіледі.9) Медициналық манипуляцияларды жүзеге асыратын медицина персоналың қол гигиенасы осы Санитариялық қағидаларға сәйкес медицина ұйымы қызметкерлерінің қолдарын өңдеу кезеңдерін ескере отырып жүргізіледі.10)Тері инфекцияларына байланысты барлық медперсоналдар стерильді қолғап,бір реттік киім киеді. 11)Бір рет қолданылатын стерилденген, стерилденбеген қолғаптар биологиялық сұйықтықтармен ластанған кезде, сондай-ақ олардың бүтіндігі бұзылған кезде одан әрі пайдалануға жол берілмейді.12)Барлық гигиеналық істер стерилизацияға байланысты бұйрықтарға сай жүргізіледі.
Жоспардың және ұлттық деңгейдегі ИПИБ бағдарламасының шеңберінде іске асырылу прогресін бағалауға, проблемалар мен кедергілерді анықтауға мүмкіндік беретін мониторинг және бағалау жүйесін құру және енгізу бойынша шаралар қамтамасыз етілуге тиіс. Осы мақсатта мынадай талаптарға сай келетін индикаторлар таңдалуы қажет:
• оңай өлшенеді және интерпретациялауға ыңғайлы болады;
• нәтижелер индикаторларын дұрыс интерпретациялау үшін процесс индикаторларын қамтиды; • МКБИ-мен сырқаттанушылық және/немесе оның себебінен болатын өлім-жітімді көрсетеді;
• көрсеткіш тиісті араласу арқылы төмендеуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет