Патогенез сатылары:
1. Жұқтыру сатысы.
2. Регионалді инфекция және көбею сатысы - қоздырғыштың жұғу жолына және кіру қақпасына байланысты дамиды.
3. Бактериемия сатысы.
4. Септицемия сатысы.
Клиникасы. Инкубациялық кезең – 2-6 күн. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда науқас өледі. Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады.
Обаның жіктелуі
1.Біріншілік-ошақтық түрлері Жаралы Бубонды Баспалы Абдоминальды Пневмониялық (өкпелік) Аралас
2. Жайылмалы түрлері Екіншілік-жайылмалы Біріншілік-жайылмалы
3. Екіншілік-ошақтық түрлері Бубонды Баспалы Абдоминальды Пневмониялық Менингоэнцефалиттік Септикалық
Ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.) не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы, сирек септик. түрлері дамиды.
Асқынулары:
1. инфекциялық- токсикалық шок
2. тамыр ішіне шашыраңды қан ұю синдромы
3. септикалық асқынулары (екіншілік-ошақтық турлері)
Диагностикасы:
1. Бактериоскопиялық әдіс. Биологиялық субстраттардан (қан, қақырық, бубонның пунктатынан, жарадан шығатын сұйықтықтан, өлген адамның өкпесінің, бауырының, көк бауырының, лимфа түйіндерінің кесінділерінен) жағынды дайындалып, Грам тәсілімен боялып, микроскопия арқылы биполярлы боялған грам «теріс» таяқшалар анықталады.
2. Бактериологиялық әдіс тек қана аса қауіпті инфекциялар зертханасында қолданылады.
3. Биологиялық әдіс. Биологиялық субстраттарды сезімтал жануарларға (ақ тышқан және теңіз шошқаларға) енгізіледі, олар өлген соң, денелерінен бактериоскопия әдісімен қоздырғыш зерттеледі.
4. Серологиялық әдіс – иммуноферментті анализ, тікелей емес гемагглютинация реакциясы, антиденелердің нейтрализация реакциясы, антигеннің нейтрализация реакциясы, т.б. Лабораториялық зерттеу кезінде обаға қарсы киетін костюмде жұмыс істеу керек
Достарыңызбен бөлісу: |