Булы-формалинды камералар – ылғалды ыстық ауа және бу-формальдегид қосындысы қолданылады. Бұл камералар теріден, 60С-тан жоғары температурада бұзылатын аң терісінен жасалған заттарды дезинфекциялау үшін қолданылады.
Булы камералар – қаныққан су буларымен өңделеді. Бактерияларды, олардың спораларын және вирустарды өлтіре алады, әсіресе жоғары қысыммен бірге қолданғанда.
Ауалы камералар – ыстық құрғақ ауамен өңделеді.
Газды камералар – күкірт ангидриді, этилен оксиді, метилбромид, хлорпикринмен өңделеді.
Аралас әдісте бірнеше затпен бірге өңделеді.
Құрылысына қарай:
Тұрақты камералар арнайы бөлмелерде орналастырылады, кедергі қойып 2 бөлімге бөледі, біреуінде лас заттарды қабылдап камераға салады, екіншісінен таза заттарды камерадан шығарып, таратады, онда бақылау құралдары, бұрайтын вентилдер, термометр де болады. Камера бөлмесінде заттарды сорттау үшін сөрелер, бақылайтын сағат, арнайы киімдерді және жеке киімдерді сақтайтын шкафтар, қол жуғыш, сабын, сүлгі болуы керек. Заттарды салу бөлмесінде камераның жұмыс істеу тәртібі, ішкі тәртіп ережелері болуы қажет.
Жылжымалы камераларды көлікке тіркейді, жинамалы камералар толық және жартылай жиналатын болып шығарылады. Жылжымалы және жинамалы камераларға арнайы бөлме қажеті жоқ, бірақ төбесі жабық жерге орнату керек.
Дезинфекциялық камераның жұмысын бақылау:
1. Дезинфекция бөлімнің қызметкерлері бақылайды.
2. Арнайы журналда белгіленетін инструкцияға сәйкес режимді сақтау.
3. Температуралық режим туралы мәліметті бақылау-өлшеу приборлары арқылы камераның жұмысын білеміз.
4. Киімдегі температураны білу үшін, киімдерге максимум температураны әртүрлі деңгейде орналастырыңыз.
5. Бұл заттарды шыны трубочкаға салып, киімге саламыз. Егер уақыты біткен соң, олар балқыса температура дұрыс деп есептелінеді.
Залалсызданған заттарды таза бөлмеден алады, жағасы бар киімді қағады немесе 15 минутқа таза бөлмеге іліп қояды, басқа заттарды шамалы кептіріп шығарады.
Камерада залалсыздау жұмыстарына кеткен уақытты дезинфекциялау циклы деп атайды
Дезинфекциялық камералардың сапасын бақылау:
Визуальды (көзбен) бақылау – дезинфекциялық станция қызметкері (лаборант, дәрігер) жүргізеді.
Бактериологиялық бақылау – дезинфекциялық станция лаборанты жүргізеді (құрал-саймандардан 1% мөлшерде жағынды алынады).
Химиялық бақылау – құрғақ зат және дезинфекциялық ерітінді сынамалары алынып, дезинфекциялық лабораторияға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |