«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет45/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Алдын алу шаралары. Санитарлық - гигиеналық шараларға фекалды - оралды механизмін үзу жатады. Эпидемиялық ошақта А гепатитімен ауырған науқас анықталғанда, күнделікті және қорытынды дезинфекция жасалады, науқасты оқшаулап (үй жағдайында қалдыруға болады), ауруханаға жатқызады. Науқасты оқшаулағаннан соң, жанасқандарды 35 күн бақылап, биохимиялық тексеруден өткізеді. А гепатитіның алдын алу мақсатымен донорлық иммуноглобулиндІ (1,5-4,5мл бұлшық етке) енгізеді, қайта енгізу 4 реттен көп болмауы керек. Енжар (пассивті) иммунитет 4 ай сақталады. А гепатитінің вакциналық алдын алуы ,;‘Хаврикс-А” , “Аваксим” вакциналарымен жасалады. Бұл вакциналарды адамдарға А гепатиті-бойынша қолайсыз аймақтарға барар бұрын (туристер, сапар шегушілер, эскери қызметкерлер жэне т.б.) бүлшық етке 2 мәрте (аралығы 6-12 ай) енгізеді. Вакцинациядан кейінгі иммунитет 10 жыл сақталады.
Е гепатит вирусы
Вирустық Е гепатит-қоздырғышы Caliciviridae(калицивиридае) туыстастығына жататын, кұрамында РНҚ бар вируспен тудырылады. Е гепатиті, ДД¥ мәліметгері бойынша тропикалық және субтропикалық аумақтарындағы ересек турғындардың арасында ең жиі кездесетін жедел вирусты гепатиті болып табылады. Бірақ Е гепатитімен аурушылдық Европа мен Ресейде де кездеседі.
Инфекция көзі:-жіті түрімен науқастанғандар. -Вирусты Е гепатиттің симптомсыз түрімен ауыратындар.
Берілу жолдары: -Су арқылы, тұрмыстық-жанасу арқылы, тағам арқылы.
Берілу факторлары: -Вирусы бар нәжіспен ластанған су,Нәжіспен ластанған тұрмыстық заттар,тағамдар.
Клиникасы. Е вирусты гепатиті киникалық көріністері бойынша А вирусты гепатитке ұқсас. Инкубациялық кезең 10-60 күн (көбінесе 30-40 күн). Әдетте ауру бірте-бірте басталады. Сарғаю алдындағы кезең 1-9 күн. Аурудың негізгі белгілеріне әлсіздік, немқұрайлық, тәбеттің болмауы, жүрек айну, құсу жатады. Науқастардың көбісі эпигастрий аумағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданады. Дене қызуы сирек жоғарылайды әдетте 38° С-ден жоғары емес. Сарғаю кезенінің ұзақтығы 1-3 апта. Вирусты А гепатиттен 383 ерекше сарғаю пайда болған кезде интоксикация белгілері жоғалмайды. Е гепатиті көбінесе жеңіл және орташа ауыр түрде өтіп, сауығумен аяқталады. Бірақ кейбір науқастарда (әсіресе, ересек адамдарда) Е гепатиті ауыр және фульминантты түрде өтіп, жедел бауыр жетіспеушілігіне әкеледі де өліммен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет