Емі. Е вирусты гепатиті кезінде жургізілетін емдеу комплексі А вирусты гепатиті кезіндегі емге ұқсас.
Алдын алу шаралары. А гепатитімен ауырушылдықты төмендетуге бағытталган гигиеналық шаралар (соның ішінде, тұрғыңдарды сумен қамтамасыз етуді жақсарту), Е гепатиті кезінде де эффективті болып табылады. Қазіргі кезде вакцина өнделген емес.
41. Тұмау және Желшешек инфекциялары. Қоздырғыштары, эпидпроцестің даму механизмі мен көріністері.
ГРИПП
Анықтамасы. Грипп (Grippus) - ауру қоздырғышы аэрогенді механизм арқылы берілетін, клиникасында жалпы улану белгілерімен жэне жоғарғы тыныс жолдарының шырьппты қабатының зақымдалуымен, эсіресе трахеит белгілерімен көрінетін, эпидемия түрінде кең таралатын жедел вирустық инфекция.
Этиологиясы. Грипп қоздырғышы - кұрамына РНҚ кіретін ORTHOMYXOVIRIDAE тұқымдастыгына жататын пневмотропты вирус. Сыртқы қабықшасында гемагглютинин жэне нейраминидаза деп аталатын гликопротеидтері бар. Ішкі нуклеопротеидтің антигендік сипаты (8-антиген) бойынша грипп вирустары А, В жэне С типтеріне бөлінеді. Грипп вирустары сыртқы ортада тұрақты емес. Төменгі температурада жақсы сақталады, ал қыздырып, қайнатқанда тез жойылады. Бул вирустардьщ ультракүлгін сэулелеріне жэне эдеттегі залалсыздандыратын заттарга сезімталдығы өте жоғары. Эпидемиологиясы. Аурудың инфекция көзі — гриппен ауырған науқас адам. Науқастын жукпалылығы ауруының алғашқы күндерінде аса жоғары, катаральды белгілердің айқындылығына байланысты жөтелгенде, түшкіргенде, қатты сөйлегенде сыртқы ортаға көптеп таралады. Инфекцияньщ берілу механизмі - аэрогенді, таралу жолы - ауа-тамшылы. Эпидемиялардың қайталану уақыты мен аурушылдық деңгейі тұрғындардың жүре пайда болған тиитік арнайы иммунитетінің ұзақтығына және вирустьщ антигендік қасиеттерінің өзгергіштігіне байланысты. Иммунитет А грипптен кейінг 1 -3 жыл, ал В грипптен кейін 3-6 жыл сақталынады. Патогенезі. Грипп вирусы тыныс жолдарының эпителиіне тропты._Патогенезінде 5 негізгі кезеңді ажыратады: 1. Вирустьщ тыныс жолдар клеткаларындағы репродукциясы. 2. Вирусемия, токсикалық жэне токсикалық-аллергиялық реакциялар. Әртүрлі мүшелер мен жүйелерге токсикалық әсері (эсіресе, жүрек-қан тамырлар мен жүйкеге) вирустың өзіне жэне клетканың ыдырау өнімдеріне байланысты. 3. Тыныс жолдарының зақымдалуы (үрдістің белгілі бір бөлімінде шоғырлануы) 4. Тыныс алу жолдарының, басқа мүшелер мен жүйелердің бактериалды асқынулары. 5. Патологиялық үрдістің кері дамуы. Вирусемия мен токсикалық эсер нэтижесінде қызба жэне жалпы улану белгілері дамиды. Қан тамырлар қабырғасының тонусының, өткізгішгігінің бұзылуы циркуляторлық бұзылыстарға әкеп согады. Респираторлы жолдар эпителиінің тосқауылдық қызметінің бұзылуы, лейкоциггердің фагоцитарлы белсенділігінің төмендеуі бактериалды асқынуларға, созылмалы аурулардың өршуіне экеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |