Жалпы металлургия


Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері



бет57/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Жалпы металлургиядан даристер

Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері

Білім алушылардың білімі, білігі, дағдысы мен шеберлігі бақылаудың барлық түрлері бойынша тікелей пропорционалдық қатынасы бар бағалаудың балдық-рейтингілік таңбалық жүйесі бойынша анықталады.


Пайыздық мөлшері 95-100% және 4,0 сандык баламасы бар «Өте жақсы» деген бағалауға А, пайыздық мөлшері 90-94% және 3,67 сандық баламасы болса А- бағалауына сәйкес келеді.
Бұл бағалар білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дұрыс орындаған дәрістік жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша рефераттар тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқьш-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады.
Пайыздық мөлшері 85-89% және 3,33 сандық баламасы бар «жақсы» деген бағалауға В+ сәйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 80-84% және сандық баламасы 30 болса В, пайыздық мөлшері 75-79% және 2,67 сандық бағалауы В- ға сәйкес келеді.
Бұл бағалар студентке, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, дәріс сабағының жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысса немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.
Пайыздық мөлшері 70-74% және 2,33 сандық баламасы бар «қанағаттанарлық» деген бағалауға С+ сәйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 65-69% және сандық баламасы 2,0 болса С, пайыздық мөлшері 60-64% және 1,67 сандық бағалауы С-% пайыздық мөлшері 55-59% және 1,33 сандық баламасы бар D+, пайыздық мөлшері 50-54% және сандық баламасы 1,0 болса D сәйкес келеді.
Бұл баға студентке егер ол дәрістік материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса дәрістік және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, дәрістік жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.
Пайыздық мөлшері 0-49% және 0 сандық баламасы бар «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға Ғ бағалауы сәйкес келеді.
Бұл баға студентке, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі кателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

Раиса Ақылбекқызы Утеева




«Жалпы металлургия»


Дәрістер жинағы


Редакторы: Утеева Р.А.

Баспаға қол қойылды « » .20 ж.


Қагаз форматы 60х84 1/16. Типографиялық қағаз. Офсетті баспа.
Көлемі 6,375 б.п.
Тираж 50 дана. Тапсырыс №____

©М.Әуезов атындағы ОҚМУ баспаханасы


М.Әуезов атындағы ОҚМУ баспа орталығы, Шымкент қ., Тауке хан даңғылы,5




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет