Бақылау сұрақтары:
1 Вольфрам өндірісі, жалпы сипаттамасы
2 Вольфрам химиясы, табиғатта кездесуі
3 Титан химиясы, табиғатта кездесуі
Дәріс 13. Шашыранды металдар өндірісі (галий, индий, талий)
Жоспар
1 Галлий және оның сипаттамасы
2 Индий және оның сипаттамасы
3 Рений және оның сипаттамасы
4 Селен және теллур оның сипаттамасы
5 Гафний және оның сипаттамасы
1 Галлий және оның сипаттамасы
Галлий. Шашыранды сирек металдардың ішіндегі қазіргі уақытқа дейін өндірісте ең аз қолданылатын – галий. Галийдың ең көп қолданылатын жері – жеңіл балқитын құймалар-қазіргі уақытқа дейін өзінің маңыздылығын сақтап келеді. Өте таза галий жартылай өткізгішті қосылыстарды- арсенид, фосфид, антимонидті алуға өте қажет. Галийді атом техникасында жылу тасымалдағыш ретінде қолдануға оның жұмыс температурасында көптеген конструкциялық материалдарға өте қатты коррозиялық əсер етуі себебінен қолданылмайды. Атомдық техникада галийді жылу тасымалдағыш ретінде қолдануға оның жұмыс температурасы кезінде конструкциялық материалдарға өте қатты зиянды əсер етуі салдарынан қолданылмайды. Бұл жағдайда ниобий, тантал жəне вольфрам берік болады.
2 Индий және оның сипаттамасы
Индий. 1863ж. Фрейбергтегі мырышты кеннің құрамында таллийдің болуын спектроскопиялық зерттеулерден Ф.Райх пен Т.Рихтер индийді ашты. Олар таллийдің жасыл сызығымен қатар жаңа элементтің ашық-көгілдір сызығын байқады. «Индий» атауын осы спектр сызығының түсі бойынша берді.Галийге қарағанда басқа сирек металл – индийдің «жұмыс істеу» аумағы кеңірек. Индийдің көбірек қолданылатын сфералары əйнектерді, кварцты жəне керамиканы, металдарды жалғауға арналған припоелар ретінде қолданылатын жеңіл балқитын құймалар. Жартылай өткізгіш электроника- индийді қолданатын ірі тұтынушы. Жоғарғы тазалықтағы индий германийлі түзеткіштерді жасауға қажет. Бұдан басқа, индийдің кейбірқосылыстары (селенид, сульфид, антимонид жəне т.б.) – жартылай өткізгіштер, оларды термоэлементтер жəне басқа аспаптар дайындау үшін қолданылады. Сонымен қатар индийден жабындылар жасайды, мысалға, самолеттердің подшипниктерінің жабындыларын. Одан өзге рефлекторлардың индийлі жабындылары күмісті жабындыларды алмастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |