Жалпы металлургия


Молибден өндірісі, жалпы сипаттамасы



бет49/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

3 Молибден өндірісі, жалпы сипаттамасы


Молибден. 1778ж. Шееле молибденит минералынан МоS2 молибден қышқылын Н2МоО4 бөліп алды.
1782ж. Хьельм Н2МоО4 –ті тотықсыздандыру арқылы молибденді элементар түрде алды. 1818- 1825жж. Берцелиус элементтің атомдық массасын, негізгі тотықтардың жəне кейбір басқа қосылыстадың құрамын анықтады. «Молибден» атауы геректен молибдос деген сөзінен шыққан, яғни тегіс бетке қара сызыққа жағатын қорғасын, графит мен молибденит минералы тəрізді.
Физикалық жəне химиялық қасиеттері. Молибден – тығызбалқитын, жоғарықайнайтын, механикалық берік, жеткілікті пластикалы метал, шағын күйде күміс-ақ. Ұнтақтың түсі ақшыл-сұрдан қара түске дейін бөлшектердің өлшемдерін байланысты.
Молибден мен вольфрамның негізгі физикалық қасиеттері:
Молибден 00 кезінде мысқа қарағанда, үш есе үлкен электрқарсылыққа ие. Температураны 17000 дейін жоғарлатқан сайын, ол 10 есе өседі. Бұл екеуі, электрлі пештерін қарсыласу элементтерін дайындау үшін, молибденнің тығызбалқығыштығы маңызды. Сол мақсатта да, молибденде жоғарғы қарқынды сəулелі энергиясы, ол күйдірілген күйде жібереді. Оған вакуумда жоғарғы термоэмиссиясы тəн: 16300 кезінде – 8,3ּ 10-1 , 22300 кезінде – 800 А/см2 .
Құйылған жəне тығыз күйдірілген молибден, бөлме температурасында жəне сəл жоғрағы температурада ауа мен оттегінің əсеріне тұрақты. Металды қара-қызылға дейін қыздырған кезде тез қараяды жəне шамамен 6000 –та молибден жанады, ақ бу түзіледі - МоО3 буы. Тотықтың қабығы жеңіл бұзылады жəне ұзақ уақыт қыздырған кезде металдың МоО3 дейін толық жануы жүреді. Молибден ұнтағы өте төмен температура кезінде тотығады, ал ең ұсағы ауада өздігінен жануға қабілетті. Дымқыл атмосферада, оттегі мен судың буларынан мұқият тазартылмаған тотықсызданған немесе инертті газ ортада қыздырған кезде, металдың ең жоғарғы немесе ең төменгі толық тотығуы байқалады. SO2 тоғында қыздырған кезде молибден дисульфидтері мен тотықтарының қоспасы түзіледі, HCl тоғында – молибденнің ұшқыл хлоридтері мен оксихлоридтері.
Молибденнің негізгі тұтынушысы – қара металлургия. Легірленген болатқа молибденді басқа легірлеуші қоспалармен – хроммен, никельмен, ванадиймен бірге қосады;
конструкциялық болат құрамында молибденнің мөлшері 0,5%-тен аспайды, ал тез кесетін болаттарда 8,5% дейін жетеді. Молибден болаттың механикалық – созылғыштық аралығын, тозуға жəне соққыға қарсылық қасиетін арттырады. Молибденді болатқа енгізу үшін əдетте ферромолибденді қолданады; аздаған қоспаларды енгізу үшін арзанырақ кальцийдің молибдатын қолданады. Молибденді шойынды легірлеу үшін де пайдаланады.
Молибден қышқылға төзімді жəне ыстыққа төзімді құймалар құрамына кіреді. Қышқылға төзімділігі жоғары құймалар құрамындағы молибденнің мөлшері 15-20% дейін жетеді, басқа компоненттер – никель, кобальт, хром жəне темір.
Электр лампалары жəне радиоткехникалық өнеркəсіпте молибден кең қолданыс тапты.
Молибденнен жасалған сымдарды жəне ленталарды жоғарғы температуралы пештерде қыздырғыштар ретінде қолданады.
Молибден жəне оның қосылыстары əуе жəне ракеталық техникада қажет. Молибденнен жасалған бөлшектерді жоғары температураларда тотығудан сақтау үшін молибденнің силицидінен, хромның никельмен құймасынан жəне басқа материалдардан жасалған қабаттар жақсы қорғаныш болады. Молибден энергетикалық ядролы реакторларда жоғары температураларға мықты жəне жылу нейтрондардың қамту қимасының салыстырмалы кішілігімене ие конструкциялық материал ретінде қолданылады.
Əйнек балқыту пештерінде молибденнен жасалған стержендер, қыздырғыштар (электродтар) ретінде қолданылады. Молибденнің тотықтары химиялық жəне мұнай өндірісінде катализаторлар болады. Өсімдіктердің өсуіне молибденнің оң əсері белгілі болғаннан кейін, молибденнің қосылыстарын (негізінен аммоний молибдаты) ауыл шаруашылығында қолдану кең қолданыс тапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет