3 Рений және оның сипаттамасы
Рений. Ренийдің қолданылуын қазіргі уақытқа дейін оның тапшылығы жəне металдың жəне оның қоспаларының қымбаттығы шектеп келді. Дегенмен ренийдің вольфраммен жəне молибденмен құймалары электрлік лампалар өнеркəсібінде тəжірибелік қолданысқа ие болды.
Рений мен оның қоспаларының артықшылығы, динамикалық күш түсу жағдайларында электрондық аспаптар мен лампалардың ұзақ уақыт жұмыс істеуі қажет болғанда керек болады, мысалға, авиацияда радарлық жабдықтарға арналған электрондық лампалар, темір жол транспортындағы лампалар жəне т.б. Рений жəне оның вольфраммен қосылыстары қыздыру жіптерін жасау үшін, катодтардың жынысөзектері ретінде жəне радиолампалардың торларына арналған материалдарды жасау үшін қолданылады. Бұдан өзге, рений электрконтактілі жəне ыстыққа төзімді қиын балқитын құймаларға арналған термопаралар үшін қажет.
4 Селен және теллур оның сипаттамасы
Селен жəне теллур, химиялық құрамы жағынан жақын, қолдану аймағында нық орын алған элементтер.
Селен жəне оның қосылыстары электротехникада, əйнек жəне резіңке өнеркəсібінде қолданылады. Селеннің жарық əрекетімен электр өткізгіштікті күрт өзгерту қасиеті, фотоэлементтер, фотометрлер жəне əртүрлі дабыл жабдықтарын жасауда қолданылады. Селен түзеткіштері купроксты түзеткіштерді қолданыстан шығарды, себебі олар жоғары температураларда жұмыс істей алады жəне жоғарғы тұрақтылыққа ие.
Əйнек өнеркəсібіне əйнеккке сарғыш немесе қызыл түс беру үшін натрийдің селенаттары немесе селениттері қажет. Бұдан басқа, селенді қосу арқылы, темір қосылыстары əсерінен жасыл түске боялатын əйнекті түссіздендіруге болады Резіңке өнеркəсібінде селен дөңгелектер жəне изоляциялық материалдар дайындау кезіндегі каучукті вулканизациялау процесінде қолданылады. Кейінгі кездері селен болаттарға жəне бірқатар құймаларды легірлеуші элемент ретінде қызмет ете бастады. Селенді аустенитті хромды болаттарға, механикалық қасиеттерін өзгертпей қосу антикоррозиялық қасиеттерін жоғарылатады жəне механикалық өңдеуді жеңілдендіреді. Теллурды қорғасынға қосу оның механикалық мықтылығын көтереді жəне қорғасынның коррозияға қарсылығын жоғарылатады. Селеннің қосылыстарын мұнайды крекингтеу, көмірді гидрирлеу кезінде катализаторлар ретінде, сонымен қатар бірқатар инсектицидтер дайындау кезінде қолданылады. Теллурды радиоаспаптарда жəне жоғарғы қарсылықтағы құймаларда қолданылады. Əйнек жəне керамикалық өнеркəсіпте теллурдың қосылыстарымен əйнекті көк түске бояйды. Селенмен бірге теллур да резіңке өнеркəсіптерінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |