Жалпы орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің



бет4/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.78 Mb.
#19924
1   2   3   4   5   6   7

ХХ ғ. 60-80-жылдардағы халықаралық қатынастар. 1961 ж. дағдарыс және Берлин қабырғасының тұрғызылуы. Кариб дағдарысы және оның халықаралық қатынастардың сипатының өзгеруіне әсері. Индонезия және Үндіқытайдағы отарлық соғыстар. Вьетнамдағы соғыс. Алжирдағы ұлт азаттық соғыстар. Таяу Шығыс дағдарысы;


ХХ ғ. екінші жартысындағы халықаралық шиеленістің бәсеңдеу және өрлеу кезеңдері. Халықаралық қатынастардағы Ауғанстан мәселесі. Парсы шығанағындағы соғыс және Ирак мәселесі. ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы халықаралық қатынастар. Көпполюсті әлемнің қалыптасуы. Халықаралық қатынастар жүйесінде БҰҰ-ның алатын орны. Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Халықаралық лаңкестік мәселесі;

31. ХХ ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы (2 сағат), ғылым мен техниканың дамуы. Ғылыми-техникалық револю­цияның басталуы. Атом энергиясының ашылуы және бейбіт мақсатта қолданылуы. Ғарышты меңгеру. Жаңа технологиялардың пайда болуы. Ғылымның тікелей өндіргіш күшке айналуы. Қоғамдық ғылымдардың дамуы. ҒТР қайшылықты сипаты. Ақпараттық революция. Интернет. ҒТР және қазіргі заманның ғаламдық мәселелері. ҒТР әлеуметтік зардаптары).

ХХ ғ. екінші жартысы – XXI ғ. басындағы мәдениеттің дамуы. Әлем халықтарының әдебиеті. Сыни және «социалистік» реализм. Бұқаралық мәдениет. Өнердегі жаңа бағыт. ХХ ғ. соңғы онжылдықтарындағы көркем өнердің дамуы. Мәдениеттің ғаламдану жағдайындағы дамуы.

32. Қорытынды қайталау (1 сағат).




  1. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

33. Пәндік нәтижелер екі аспектіде көрсетілген.



34. 10-сыныптың соңында оқушылар:

  1. қазіргі замандағы шетелдер тарихының негізгі оқиғалары мен құбылыстарын;

  2. ХХ ғасырдағы адамзаттың мәдениет пен құндылықтар жүйесіндегі маңызды жетістіктерін;

  3. XX ғ. дүниежүзінің саяси картасындағы өзгерістерді;

  4. XX ғасырдың бірінші жартысындағы азаттық, әлеуметтік және ұлттық қозғалыстардың сипаты мен бағыттарын;

  5. XX ғасырдың бірінші жартысындағы дүниежүзінің әртүрлі елдеріндегі саяси режимдердің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін;

  6. жалпы құбылыстар мен жекелеген фактілердің арақатынасын;

  7. тарихи үдерістер мен құбылыстардың пайда болуы мен дамуындағы жүйелілікті және тарихи оқиғалардың себеп-салдарлық байланысын білуі тиіс.

35. 11-сыныптың соңында оқушылар:

    1. қазіргі замандағы дүниежүзі тарихының екінші кезеңіндегі негізгі оқиғалар мен құбылыстарды;

    2. ақпараттық қоғамға өту үдерісінің динамикасын анықтайтын негізгі факторларды;

    3. XX ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы ғылым мен мәдениеттің маңызды жетістіктерін;

    4. XX ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы дүниежүзінің саяси картасындағы өзгерістерді;

    5. XX ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы маңызды әлеуметтік және ұлттық қозғалыстардың сипаты мен бағыттарын және саяси партиялар мен күштердің әлеуметтік негіздерін;

    6. XX ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы әлемнің негізгі аймақтары мен елдер топтарының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы маңызды бағыттарды;

    7. дүниежүзінің әртүрлі елдеріндегі саяси режимдердің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін;

    8. дүниежүзінің ірі елдерінің экономикалық дамуының ортақ белгілерін және жеке елдердің даму ерекшеліктерін;

    9. XX ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы халықаралық қатынас­тардың дамуының негізгі бағыттарын білуі тиіс.

36. 11-сыныптың соңында оқушылар:

    1. түрлі тарихи деректермен: оқу, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, тарихи құжаттармен, мерзімді басылымдармен жұмыс істей білуді;

    2. шет елдердің қазіргі заман тарихындағы маңызды оқиғалардың жүйлілігін анықтауды;

    3. тарихи құбылыстардың ерекше белгісін айқындап, тарихи оқиғалар мен фактілерді салыстыруды және жүйелей білуді;

    4. ғылыми баяндамалар, рефераттар мен жобаларды әзірлеуді, қажетті әдебиеттер мен деректерді саралай білуді;

    5. мемлекетаралық, дипломатиялық, әскери-саяси және экономикалық қатынастарға объективті талдау жасай білуді;

    6. әзірлеген баяндама және рефераттары бойынша пікірталастарға қатысуды, басқа оқушылардың баяндамаларына пікір білдіруді меңгеруі тиіс.

37. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

  1. Отандық және әлемдік тарих пен дәстүрлерге, адам құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық өмірдің демократиялық принциптеріне құрметпен қарауынан;

  2. өз халқының және әлемнің басқа халықтардың тарихын, рухани мұрасын құрметтеу, қоғамның мәдени және саяси өміріне белсенді түрде араласуға дайын болуынан;

  3. жеке тұлғаның құқығын құрметтеу, демократиялық құқықтар мен бостандықтарды дұрыс пайдалана білу, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуінен;

  4. қайырымдылық, әділеттілік, ар-намыс, борыш пен толеранттылыққа негізделген құндылықтар мен нормаларды білуінен;

  5. көпмәдениетті мен көпконфессиялы ортада басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасай білуі, басқа ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау, тұлғааралық қатынастағы тіл табысушылықты көрсетуінен;

  6. оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешім қабылдай білуі, қоғам дамуының мәселелеріне сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығына белсенді түрде бейімделу қабілетін көрсетуінен көрініс табуы тиіс.

  7. тұлғалық нәтижелер психологиялық-педагогикалық мониторинг формасында зерттеліп, оқушының тәрбиелілік, әлеуметтік және рухани-адамгершілік, шығармашылық-дене дамуының деңгейі түрінде оның портфолиосында көрсетіледі.

38. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелер оқушылар:

  1. оқытылған кезеңдегі адамдардың өмірі мен әлеуметтік жағдайындағы өзгерістерге талдау жасауда;

  2. тарихи деректерді саралау және талдау, өз бетінше тарихи құбылыстарға баға беру, өз пікірін білдіруде;

  3. қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, жаңа ақпараттар ала білуінде;

  4. қазіргі заман тарихының негізгі мәселелері бойынша тарихи материалды шектес пәндерден алған білімін қолдана отырып баяндауда;

  5. ұлттық және діни өзгешеліктері бар өзге мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасағанда халықтардың салт-дәстүрлері мен тарихы жайлы білімдерін;

  6. көпмәдениетті, көпэтникалық және көпконфессиялы қоғамда тарихи тұрғыда қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен өмірлік құндылықтар жүйелері туралы білімдерін қолдануы тиіс.

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен оқу бағдарламасы

(қоғамдық-гуманитарлық және

жаратылыстану-математикалық бағыттары)
1. Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Пәнді оқытудың мақсаты – дүниетаным құрылымы, негізгі элементтері және тарихи түрлері, философияның адам мен қоғам өміріндегі ролі, адамның әлемге деген танымдық қатынасы, қоғамдық қарым-қатынас жүйесі мен құқықтық реттеудегі адамның орны туралы жүйелі білім қалыптастыру. Азаматтық ұстаным, өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен құрметпен қарауын тәрбиелеу.

  3. Пәнді оқытудың міндеттері:

  1. оқушылардың қоғамдық даму заңдылығы мен ұғымын қалыптастыру;

  2. ақыл-ой мәдениеті ретінде философия түсінігін, философиялық сұрақтар мен жауаптардың ерекшеліктерін түсіндіру;

  3. әлемді сезімдік және рационалдық тану арасындағы байланыстарды, діни және ғылыми таным мен философия, антропология арасындағы байланыстарды анықтау;

  4. адам құндылығы, құқығы мен бостандығы туралы білім беру, оларға баға бере білуге үйрету;

  5. жоғарғы моралдық сапаларды, белсенді азаматтық ұстанымдар мен патриоттық сезімді, адам мен табиғатқа деген философиялық көзқарасты қалыптастыру;

  6. этникалық және тұлғааралық қатынастарда төзімділікті сақтауға тәрбиелеу;

  7. қоғамдық дамудың заңдарын білу негізінде құқықтық және саяси мәдениетке тәрбиелеу;

  8. заң ілімдері, экономикалық теория, саясаттану, әлеуметтану негіздері, жеке және көпшілік құқықтың заңнамалық нормалары туралы білім беру;

  9. ғылыми және құқықтық терминологияны қолдана білуге үйрету;

  10. оқушылардың сыни тұрғыда ойлай білуін дамыту;

  11. зерттеу әдістерінің көмегімен барлық мәселелерді шеше білу қабілетін қалыптастыру.

  1. Пәнаралық байланыс:

  1. «Қазақ тілі және әдебиет»:

адамға, адам өмірінің мәні мен мақсатына арналған көркем туындылар оқушылардың бойындағы ар-ұят, абырой сияқты асыл қасиеттердің ашылуына септігін тигізеді;

  1. «Дүниежүзі тарихы»:

алғашқы қауымдық қоғам туралы, ертедегі мемлекеттер, сөйлеу құралы ретіндегі тіл мен сөздің, адамның, рудың, тайпалардың пайда болуы туралы білу; діни түсініктер мен әлемдік діндердің пайда болуы, ұлттардың, ұлттық мемлекеттердің, азаматтық қоғамның қалыптасуы туралы білім;

  1. «Қазақстан тарихы»:

қазақ халқының көшпенді өркениеті, шаруашылығы, діні мен дәстүрі, ислам дінінің мәдениеттің дамуына әсері туралы білім беруде, қазақтардың дәстүрлі құқығы, «Жеті жарғы»;

  1. «Физика»:

жер құрылысы, уақыт, кеңестік пен материя туралы білім беруде, физикалық үдерістердің адам мен қоғамға әсері туралы білім;

  1. «Биология»:

адам мен адамзат қоғамының пайда болуы, табиғат пен адамның өзара байланысы туралы білім беруде;

6) «География»:

табиғи қор және оларды тиімді пайдалану, Қазақстан Республикасының Қазақстан табиғатын қорғауға бағытталған заңдары, халықаралық дәрежеде табиғатты қорғау бойынша шаралар туралы білім беру.


  1. Оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт

  1. 10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат

жаратылыстану-математикалық бағыт

  1. 10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.


2. Оқу пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы

10-сыныбына арналған базалық білім мазмұны
6. «Адам және дүние» (9 сағат):

«Адам және оның дүниетанымы» (2 сағат), дүниетаным ұғымы, дүниетаным құрылымы, дүниетанымның негізгі элементтері, дүниетанымның қоғамдық-тарихи және жеке сипаты, өмірлік-практикалық және теориялық дүниетаным. гуманитарлық көзқарастың ерекшелігі;

«Дүниетанымның тарихи үлгілері», мифологиялық, діни, философиялық дүниетанымның ерекшеліктері, мифологиялық, діни, философиялық дүниетанымдағы адамның бейнесі, әлеуметтік гуманитарлық көзқарастағы адам және әлем;

«Адамның дүниеге деген танымдық қатынасы» (3 сағат), әлемді тану мәселесі, адамның танымдық қызметі, сезінушілік және тиімді таным, ақиқат ұғымы, оның өлшемдері, гуманитарлық білімнің ерекшелігі;

«Ғылыми таным», ғылымның шығуы, ғылыми ойдың негізгі ерекшеліктері, ғылыми зерттеу әдістері, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік жауапкершілік және ғалымдар гуманизмі;

«Білім және білім беру», білім туралы қазіргі ұғым, ақпарат, білім, даналық, білім және білімділік, өзіндік білімнің қажеттілігі, өмір бойғы білім, гуманитарлық білім берудің ерекшелігі;

«Адами қызметтегі бостандық, қажеттілік және жауапкершілік» (3 сағат), адам өміріндегі құндылықтар, құндылық туралы ұғым, құндылықты таңдау мәселесі, құндылық және өмірлік бағыт, адамның өмірі құндылық ретінде;

«Еркіндік және қажеттілік», еркіндік ұғымы, еркіндік әлеуметтік және жеке құндылық ретінде, табиғи және әлеуметтік қажеттілік, еркіндік саналы қажеттілік;

«Еркіндік және жауапкершілік», адамның ішкі және сыртқы еркіндігі, еркіндік адамның тұлғасы қалыптасуының шарты, тұлғаның өз өмірі үшін жауапкершілігі;

қайталау (1 сағат).



    1. «Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі адам» (14 сағат):

«Қазіргі қоғам» (2 сағат), қоғамдық дамудың заңдылықтары, эволюция және революция әлеуметтік өзгерістің формалары ретінде, қоғамдық үдеріс ұғымы, оның қайшылығы, дәстүрлі (аграрлық) қоғам, индустриялы қоғам, постиндустриалдық (ақпараттық) қоғам, әлеуметтік жаңарту ұғымы;

«Қазіргі өркениеттің ерекшеліктері», қазіргі қоғам және өркениет, жаһандану үдерісі, жаһандануға қарсылық, компьютерлік революция, қоғам және адам ХХІ ғасырдың қауіп-қатерлері алдында, ғаламдық мәселені шешудегі гуманитарлық ғылымның рөлі;

«Әлеуметтік қатынастар» (3 сағат), әлеуметтену үдерістері, индивидтің әлеуметтенуі, тұлғаның әлеуметтік статусы, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар, әлеуметтік қақтығыстар мен олардың конструктивтік шешімі;

«Отбасы әлеуметтік топ ретінде», отбасының әлеуметтік рөлі, нормалары, құндылықтары, отбасындағы тұлға аралық қатынастар, отбасылық қатынастар этикасы, отбасылық парыз, отбасы мүшелеріне қамқорлық таныту;

«Адамның көпұлтты қоғамдағы қарым-қатынасы», этникалық тұтастықтар, ұлттық сана, қазіргі әлемдегі ұлтаралық қатынастың дамуы, ұлтаралық жанжалдың себептері және оның шешімі, ұлтаралық келісім және ұлттық бірлік, Қазақстанның гүлденуі мен әлеуметтік игілігінің негізі ретінде;

«Нарықтық субъектінің экономикалық тәртібі» (3 сағат), тұтынушының экономикалық мәдениеті, нарықтық экономикадағы тұтынушының тәртібі, табыс көздері, қорлар, тұтынушының шығындары, тұтыну бюджеттін жоспарлау, тұтынушылық несие, тұтынушыны қорғау, сұраныс, сұраныс заңы, сұраныс факторлары;

«Өндірушінің экономикалық мәдениеті», нарықтық экономикадағы өндірушілердің мінез құлқы, өдіріс және өндірістік факторлар, бизнесті ұйымдастырудың негізгі формасы (жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғам), бизнес жоспар әзірлеудің принциптері, ұсыныс, ұсыныс заңы, фирманың шығыны мен пайдасы;

«Нарықтық құрылымның үлгілері», жетілген бәсекелестік, монополистік бәсеке, олигополия, монополия, экономиканы монополиялаудың салдары, мемлекеттің монополияға қарсы саясаты;

«Саяси жүйе» (2 сағат), саясат және мемлекет, мемлекет ұғымы мен белгілері, мемлекеттік егемендік, мемлекеттік билік, мемлекеттің формалары (басқару формасы, әкімшілік-аумақтық құрылымы), саяси режим, тоталитаризм, авторитаризм, демократия;

«Азаматтың саяси өмірге қатысуы», демократиялық саясаттың негіздері, сайлаулар, референдум, жергілікті өзін өзі басқару, саяси партиялар мен қозғалыстар, олардың қоғамдық өмірдегі рөлдері, Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар;

«Рухани мәдениет» (3 сағат), қоғамның рухани құндылықтары, руханилық ұғымы, адамның рухани мәдениетінің негіздері, рухани құндылықтар, рухани мұра және оның қоғамдағы маңызы, руханилық және гуманизм;

«Тұлғаның адамдық негіздері», руханият және адамгершілік, тұлғаның адамдық ұстанымдары, ізгілік және зұлымдық, қарыз және ұят, моралдік идеал, отаншылдық және азаматшылдық, тәрбие мен білімнің адамгершілік қызметтері;

«Діни төзімділік», дін, діни ұйымдар және бірлестіктер, қазіргі қоғам өміріндегі оның рөлі, ар-ождан еркіндігі және діни төзімділік, дін және гуманитарлық ой, діни жән діни емес дүниетанымдардың диологы, діни экстремизмнің алдын алу;

қайталау (1 сағат).

8. «Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу» (10 сағат):

«Адам мен азаматтың құқығы және міндеттері» (2 сағат), конституциялық құқық және міндеттер, адам құқығы ұғымы, азаматтық ұғымы, адамның және азаматтың құқығы, адамның және азаматтың міндеттері, Қазақстан Республикасындағы адамдар және азаматтар құқығы мен бостандығының конституциялық кепілі;

«Адам құқықтары және оны қорғау», Қазақстан азаматтары құқығы мен бостандықтарын жүзеге асыру және қорғау, адам құқығын халықаралық-құқықтық қорғау, адам құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық-құқықтық актілер;

«Жеке құқықтың негізгі салалары» (4 сағат), азаматтық құқықтың негіздері, азаматтық құқық ұғымы және негізгі бастаулары, азаматтық құқықтың ұстанымдары, азаматтық құқық субъектілері, меншік құқығы, кәмелетке толмағандар мүліктік қатынасқа қатысушылар ретінде, азаматтық-құқықтық келісімнің негізгі түрлері, тұтынушы құқықтары;

«Еңбек құқығының негіздері», еңбек құқығы ұғымы және негізгі бастаулары, еңбек қатынастары аясындағы кепілдемелер, еңбек шарты, еңбек шартын бекіту және бұзу, кәмелетке толмағандар еңбегінің ерекшеліктері, жұмыс және демалыс уақыты, тәртіптік жауапкершілік;

«Отбасылық құқық негіздері», отбасылық құқық ұғымы және негізгі бастаулары, отбасылық құқықтағы негізгі ұғымдар, некелік-отбасылық құқықтың принциптері, неке тұжырымының шарттары, некені тоқтату, ерлі-зайыптылардың міндеттері, некелік келісім, бала құқықтары;

«Экологиялық құқық негіздері», экологиялық құқық ұғымы және негізгі бастаулары, экологиялық құқық ұстанымдары, экологиялық заңмен қорғалатын негізгі нысан, табиғатты пайдалану түсінігі мен түрлері, экологиялық құқықтағы азаматтардың құқығы мен міндеттері, экологиялық құқықбұзушылық және ол үшін жауаптылық;

«Көпшілік құқықтың негізгі салалары» (3 сағат), әкімшілік құқық негіздері, әкімшілік құқық ұғымы және негізгі бастаулары, негізгі және туынды нормативтік актілері, мемлекет қызметінің басқару жүйесіндегі негізгі бағыттары, мемлекеттік мекеме және кәсіпорындар, мемлекеттік қызмет ұғымы, әкімшілік құқықбұзушылық және әкімшілік жауапкершілік;

«Қылмыстық құқықтың негіздері», қылмыстық құқық ұғымы және негізгі бастаулары, қылмыстық заңнама құрылымы, қылмыстық құқықтың мақсаты мен ұстанымдары, қылмыс ұғымы және түрлері, қылмыс құрамы ұғымы, қажетті және аса қажетті қорғаныс, қылмыстық жаза ұғымы және түрлері;

«Іс-жүргізу құқығы негіздері», іс-жүргізу құқығы түсінігі, қылмыстық іс-жүргізу құқығы ұғымы және негізгі бастаулары, қылмыстық процестің мақсаты мен тәртібі, қылмыстық процестің негізгі принциптері, азаматтық іс-жүргізу құқығы ұғымы және негізгі бастаулары, азаматтық сот-ісінің принциптері, Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі;

қайталау (1 сағат);

9. Қорытынды қайталау (1 сағат).


3. Оқу пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы

11-сыныбына арналған базалық білім мазмұны
10. «Философия негіздері» (7 сағат):

«Философия дегеніміз не?» (2 сағат), философияның адам өміріндегі және қоғамдағы рөлі, философия – ақылға деген құштарлық, философия – өмір туралы парасатты ілім, философия – ақыл мәдениеті;

«Философия даналық мектебі ретінде», философ деген кім, алғашқы философтар және олардың ілімі, өз-өзіңді тани біл, философиялық сұрақтар мен жауаптардың ерекшеліктері;

«Философия антропология» (2 сағат), адам-философияның басты мәселесі, адамға қатысты философиялық мәселелердің мәні мен ерекшелігі, адамның философиядағы негізгі бейнесі, адамның адам болуға деген ұмтылысы;

«Өмірдің мәнін іздеудегі адам», өмірдің мағынасы туралы философия, адам бағыты, қазіргі заманғы өркениеттегі адамның жағдайы, «адам капиталы» туралы түсінік және оның мағынасы;

«Әлеуметтік философия» (2 сағат), қоғамға деген философиялық көзқарас, күрделі ұйымдастырылған жүйе ретіндегі қоғам туралы түсініктер, қоғамдық дамудың негізгі теориялары, қоғамдық дамудың қозғалыс күштері, философия тарихы;

«Гуманитарлық білімнің философиялық мәселелері», мәдениет философиясы, білім философиясы, саясат философиясы, құқық философиясы, дін философиясы;

қайталау (1 сағат).



  1. «Әлеуметтану негіздері» (8 сағат):

«Әлеуметтану ғылым ретінде» (2 сағат), әлеуметтанудың пайда болуы және дамуы, әлеуметтанудың обьектісі мен пәні, әлеуметтанудағы негізгі сұрақтар, зерттеудің әлеуметтанулық әдістерінің ерекшеліктері;

«Әлеуметтанулық білім», әлеуметтанудың гуманитарлық білімдермен өзара әрекеттесуі, әлеуметтану білімінің құрылысы, қазіргі заманғы қоғам мәселесін түсінудегі әлеуметтанулық тәсілдердің ролі;

«Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде» (2 сағат), қоғам өзара байланыс жүйесі ретінде, әлеуметтік өзара қарым қатынастардың түрлері, әлеуметтік топтар, олардың түрлері, әлеуметтік институттар және оның түрлері, әлеуметтік институттың негізгі қызметтері, әлеуметтік тәртіп және қақтығыс, артық мінез құлық және әлеуметтік бақылау;

«Әлеуметтік стратификация және ұтқырлық», қазіргі қоғамдағы орта топтың рөлі және маңызы, әлеуметтік мүдделер, әлеуметтік қақтығыстың себептері, әлеуметтік қақтығыстың сипаттамасы, әлеуметтік қақтығысты басқару, әлеуметтік қақтығысты шешу жолдары;

«Тұлға және қоғам» (3 сағат), тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар, әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік рөл, жас жеткіншектік кезеңдегі әлеуметтік рольдер, жастар субмәдениетінің ерекшеліктері, жастардың кәсіби және әлеуметтік бағыты, әлеуметтік тұрмыс қызығушылығы, тұрмыстық қатынас мәдениеті;

«Қазіргі әлемдегі этникалық көптүрлілік», ұлыс және ұлт, этномәдени құндылықтар және салт-дәстүр, этностың ментальдық ерекшеліктері, ұлтаралық ынтымақтастық және келіспеушіліктер, ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеу мәселелері;

«Қазіргі діни жағдай», діни өмірдегі әлеуметтік жағдайлар, дін әлеуметтануы, діни конфессиялар, конфессия аралық серіктестік, жастар ортасында діни экстремизмді алдын алу қажеттілігі;

қайталау (1 сағат).

12. «Саясаттану негіздері» (6 сағат):

«Саясаттану дегеніміз не?» (2 сағат), саясаттану ғылым ретінде, саясаттанудың пайда болуы, саясаттанудың негізгі мәселелері, саясаттанудың негізгі тұжырымдамалары;

«Саясаттанулық білім», саясаттану білімінің құрылысы, саясат технологиясы және оның әлеуметтік мағынасы, қоғамдық өмірді басқаруға саналы түрде қатысу үшін саясаттану білімдерінің маңызы;

«Саясат және мәдениет» (3 сағат), саясат өнер ретінде, қоғамдық қатынастарды саяси реттеудегі ерекшеліктер, саяси жүйе, оның құрылымы, қызметі, саяси институттар жөнінде түсінік, нормалары, коммуникациялары, үдерістері;

«Саяси мәдениет», билік және саясат, қоғамдық билік туралы түсінік, биліктің шығуы, билік қарым-қатынастарының типологиясы, билік легитимациясы, демократия және парламентаризм, азаматтық қоғамның негіздері;

«Жеке тұлға және саясат», саяси элита, саяси көшбасшы туралы түсінік, жетекшіліктің типологиясы, саяси көшбасшының көрінісі, қоғамдық санадағы құрылымы және қолдау;

қайталау (1 сағат).

13. «Экономикалық теорияға кіріспе» (6 сағат):

«Ресурстық нарық және нарықтық кірістерді қалыптастыру» (3 сағат), еңбек нарығы, еңбек нарығының ерекшеліктері, қызметтері, субъектілері, компонеттері, еңбекке сұраныс, еңбекке ұсыныс, еңбекақы, номиналдық және шынайы еңбекақы, еңбек нарығындағы кәсіподақ рөлі, еңбек биржасы және оның қызметтері;

«Капитал нарығы және табиғат ресурстары», капиталға деген сұраныс және ұсыныс ерекшеліктері, инвестициялар мен жинақтар, кредит және оның түрлері, несиелік жүйе және оның элементтері, қор биржасы және құнды қағаздар, табиғи ресурстар нарығы, жер сату және сатып алу объектісі, жерге деген сұраныс, ұсыныс ерекшеліктері;

«Кәсіпкерлік қызмет негіздері», кәсіпкерлік өндірістің факторы ретінде, кәсіпкерліктің субьектілері мен обьектілері, оның дамуының мақсаттары мен факторлары, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері;

«Ұлттық экономика және оның динамикасы» (2 сағат), экономикалық дамудың негізгі принциптері, ұлттық экономиканың айналымы (ресурстар, кіріс пен азық-түлік ағымы), ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіштері (ұлттық байлық, ұлттық азық, ішкі азық, ұлттық кіріс);

«Экономикалық өсім ерекшеліктері», экономикалық өсім (мәні, типтері, көрсеткіштері, әлеуметтік экономикалық салдары), макроэкономикалық тұрақсыздық (экономикалық дамудың циклдігі), инфляция және жұмыссыздық, нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі мен мәні, ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу түрлері мен әдістері;

қайталау (1 сағат).

14. «Заңға кіріспе» (6 сағат):

«Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет» (3 сағат), құқықтық мемлекет туралы ұғым және белгілері, құқықтық мемлекет мақсат, құрал және нәтиже ретінде, құқықтық мемлекет дамуының тарихи кезеңдері, құқықтық мемлекеттің негізгі ұстанымдары, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам;

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары», мемлекеттік билік туралы ұғым, Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің, Үкіметтің Парламенттің қызметі, рәсімделу реті, әділеттілік және сот билігі, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар;

«Құқық қорғау органдары», құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдасу негіздері, құқық қорғау органдарының түрлері, құқық қорғау органдары туралы ұғым, мемлекеттік қызмет ұстанымдары, құқық қорғау қызметінің ұстанымдары, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің құқығы, міндеттері және жауапкершілігі;

«Азаматтардың құқықтық мәдениеті, құқықтық тәртіп және заңды жауапкершілік» (2 сағат), құқықтық сана және құқықтық мәдениет, азаматтардың құқықтық санасы және құқықтық мәдениеті, құқықтық сана түсінігі, түрлері, құқықтық идеология және құқықтық психология, құқықтық мәдениет мазмұны мен деңгейі;

«Құқықтық тәртіп, құқықбұзушылық,заңды жауапкершілік», құқықтық тәртіп (түсінігі, құрылымы, түрі), құқықтық тәртіп түрлері, құқықбұзушылық түсінігі және құрамы, құқықбұзушылықтың түрлері, заңды жауапкершілік (түсінігі, белгілері және оның негізі), заңды жауапкершілік ұстанымдары;

қайталау (1 сағат);

15. Қорытынды қайталау (1 сағат).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет