1-параграф. «Информатика» пәнінің мазмұны
4. «Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;
2) 11-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. Оқу пәнінің мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бөлімшелер күтілетін нәтижелер: дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын әр бөлім бөлімшелерге бөлінген.
6. Жаратылыстану-математика бағытындағы «Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны 6 бөлімді қамтиды:
1) аппараттық және программалық қамтамасыз ету;
2) деректерді ұсыну;
3) ақпараттық процестер мен жүйелер;
4) ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру;
5) қосымшаларды әзірлеу;
6) компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік
7. «Аппараттық және программалық қамтамасыз ету» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) аппараттық қамтамасыз ету;
2) программалық қамтамасыз ету.
8. «Деректерді ұсыну» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) есептеу жүйелері;
2) компьютердің логикалық негіздері;
3) ақпаратты кодтау.
9. «Ақпараттық процестер мен жүйелер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) реляциялық деректер қоры;
2) мәліметтер қорын құру;
3) құрылымдалған сұраныстар;
4) ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер.
10. «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) 3D – модельдеу;
2) web (веб)-жобалау.
11. «Қосымшаларды әзірлеу» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) алгоритмдер және программалар;
2) мобильдік қосымшалар;
3) IT Startup (ай-ти стартап).
12. «Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) компьютерлік желілерді ұйымдастыру;
2) желіде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
13. 10-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) Аппараттық және программалық қамтамасыз ету: басқару құрылғысының (бұдан әрі - БҚ), арифметика- логикалық құрылғының (бұдан әрі - АЛҚ) және жад регистрінің процессордың бір бөлігі ретінде функциясын сипаттау.
2) Деректерді ұсыну: есептеу жүйелері: ондық жүйедегі бүтін сандарды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне аудару және кері аудару. Компьютердің логикалық негіздері: логикалық операциялар (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия); логикалық өрнектер; ақиқат кестесі; Компьютердің логикалық элементтері (конъюнктор, дизъюнктор, инвертор); логикалық сызбалар. Ақпаратты кодтау: Unicode (юникод) және ASCII (аск(и)и) символдарын кодтау кестелері.
3) Ақпараттық процестер мен жүйелер: реляциондық деректер қоры: жол, жазба, индекс, бірінші кілт; Bigdata (бигдейта) (үлкен деректер). Деректер қорын «structured query language» (стракчуред куери лангуйдж) («құрылымдалған сұраныстар тілі») (бұдан әрі SQL (эс кю эль)) әзірлеу: деректер қорын, мәліметтер типін, біркестелі және көпкестелі деректер қоры; формалар; есептер; сұраныстар. Құрылымдық сұраныстар: конструктор режимінде іріктеуге сұраныстар жасау, SQL (эс кю эль), конструктордың және (SQL) (эс кю эль) көмегімен іріктеуге бағытталған сұраныстарды жасау; web (веб)-беттердің деректер қорымен байланысы.
4) Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру: web-жобалау: HTML (аш ти эм эл) (Hyper Text Markup Language — (хайпер текст маркап лангуйдж) «гипермәтіндік белгілеу тілі»), CSS (си эс эс) (Cascading Style Sheets — (каскадинг стайл шит) каскадты кестелер стилі); скрипттерді пайдалану, web (веб)-парақшаға мультимедиа нысандарын енгізу.
5) Қосымшаларды әзірлеу: алгоритмдер мен программалар: пайдаланушы функциялары және процедуралары, жолдармен жұмыс жасау, файлдармен жұмыс жасау, сұрыптау әдістері; графтардағы іздеу алгоритмдері.
6) Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік: компьютерлік желілерді ұйымдастыру: желілік компоненттер (тораптар, маршрутизаторлар, коммутаторлар); IP (ай-пи)-мекен-жайы; DNS (ди эн эс) (Domain Name System (домейн нейм систем) — домендік атаулар жүйесі); жеке виртуалды желілер. Ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік, құпиялық, тұтастық және қол жетімділік; деректерді шифрлау; пайдаланушы деректерінің қауіпсіздік шаралары - құпиясөздер, есеп жазбалары, сәйкестендіру, биометриялық сәйкестендіру.
14. 11-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) аппараттық және программалық қамтамасыз ету: мобильдік құрылғылар сипаттамасы. Программалық қамтамасыз ету: Виртуалды машиналар; аппараттық және программалық қамтамасыз етудің даму заңдылықтары;
2) ақпараттық процестер мен жүйелер: ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер: машина оқыту қағидаттары, нейрондық желілер; жасанды интеллект; нейрондық желілерді жобалау; «мұғаліммен оқыту» әдісі; Blockchain технологиясы; Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістері; электрондық үкімет порталы; «заттар интернеті»;
3) ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру: 3D – модельдеу: виртуалды және кеңейтілген шындық; олардың адам денсаулығына әсері; бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау;
4) қосымшаларды әзірлеу: мобильді қосымшалар: мобильді қосымшалар интерфейсі; мобильді қосымшаларды әзірлеу және орнату; ақылды үй, ақылды үй құрылғысымен басқару үшін программаларды әзірлеу. IT Startup (ай-ти стартап): Crowdfunding (краудфандинг) платформаларының жұмыс қағидалары; маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары;
5) компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттарды және зияткерлік меншікті қорғау; электрондық цифрлық қолтаңба, сипаттау, пайдалану алгоритмі.
Достарыңызбен бөлісу: |