Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы



бет228/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   246
74-132

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты жастарға ұйымдастыру және өткізу үшін негіз болып табылады:
1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы;
2) «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15725 болып тіркелген);
3) «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген).
3. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.
4. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні – білім алушыларды отаншылдық рухқа және Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге бағытталған пән. Ол білім алушылардың төтенше жағдайларда әскери іс негіздері мен адамның өмір қауіпсіздік әрекеті бойынша білім алуына және әскери қызметтің дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.
5. Пәннің мақсаты – білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің маңызын, Қазақстан Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және міндетін оқыту.
6. Пәннің міндеттері:

  1. әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру;

  2. әскери бөлімдердің қару-жарағы мен әскери техникасы, жеке құрамның өмірі мен орналасуымен таныстыру;

  3. қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды ақпараттық технологияны пайдалана отырып робототехникада, дөңгелекті машиналарды жүргізудің негіздері және төтенше жағдайда адам өмірі қауіпсіздігі негіздерінде қалыптастыру;

  4. жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін дарытуға тәрбиелеу;

  5. әскери істерге байланысты мамандық кәсібіне оң көз-қараста тәрбиелеу;

  6. жеке қауіпсіздік және қоршаған ортаның қауіпсіздігі мәселелеріне саналы және жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру.

7. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады:
1) теориялық сабақтарды оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерін қолдана отырып, әңгімелесу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі;
2) практикалық сабақтар оқулықты, қару және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын игеруге бағытталады.
8. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін білім алушылар оқығанда:
1) әр азамат өз Отанының қауіпсіздігін және оны қорғаудың қажеттілігі мен маңызын түсінуге;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскери құралымдарында қызмет атқару үшін қажетті білім, білік және дағды алуға;
3) алынған пәндік білім, білік және дағдыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қызмет еткенде қолдануға;
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы толық логикалық бір-бірімен байланысты ұғымдар туралы үйлесімді жүйені қалыптастыруға;
5) өзінің дене бітімінің физикалық дамуының іс-әрекет құзыретін жақсарту қажеттілігін бағалауға;
6) жеке адамгершілік қасиеттерін дамытуға және үздіксіз өзін-өзі дамыту қажеттілігін түсінуге;
7) сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау, мәселелерді шешу және коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет