Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет229/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   246
74-132

2-тарау. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

1-параграф . «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны


9. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат, сондай-ақ далалық оқу жиынына (лагерлік) вариативті бөлімнен 30 сағат қарастырылған;
2) 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат құрайды.
10. Меншік түрлері мен нысандарына қарамастан, барлық жалпы білім беретін мектептерде жабдықпен және жиһазбен, көрнекі құралдармен, көрнекі үгіт жөніндегі стендтермен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру нормаларына сәйкес бастапқы әскери және технологиялық даярлық бойынша оқу-материалдық база көзделген.
11. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағына білім алушылар білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіліп белгіленген киім үлгісінде қатысуы тиіс. Қару макеттері және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі білім беру ұйымдарының есебінен іске асырылады.
12. Кіріспе сабақты өткізу кезінде білім алушыны әскери қызметке даярлау және Қазақстан Республикасын қорғауға, алғашқы әскери және технологиялық дайындықтың оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін адамгершілік-жігер, психологиялық және физикалық күшін жұмылдыра білу қажеттілігіне баса назар аударылады.
13. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты міндеттерін шешеді.
14. Әр сабақ сайын білім алушылар әскери анттың рөлі мен маңызын түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлері мен әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын дамытып, білім алушылардың әскери білім алуларына деген ұмтылыстарын ынталандыру керек. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін заңдар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау – әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.
15. Тактикалық дайындық алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша оқу материалын кешенді оқытуды қамтамасыз етеді:
1) білім алушылар сабақ кезінде мотоатқыштар бөлімшесінің ұйымдастыру құрылысы және штаттық қару-жарағының ұрыстық мүмкіндіктері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымдары, бөлімдерінің негізгі қару-жарақ түрлері мен әскери техникалар бойынша берік теориялық білім алады, сарбаздың әр түрлі ұрыстағы іс-әрекетіндегі қару және жарықшақты қол гранаталарын қолданудағы практикалық дағдылар шыңдалады;
2) тактикалық дайындықтың практикалық сабақтарында автоматтың макеттері, кіші жүргінші күрегінің, сонымен қатар оқу гранаталардың сөмкесінде бар болуы қарастырылуы тиіс.
16. Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде қару және оқ-дәрілерді қолданудың қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударған дұрыс:

  1. білім алушылар сабақ кезінде атыс қаруының құрылысы, оларды атуға даярлау тәртібі, ату негіздері мен ережесін, қаруды сақтау ережелерін игереді;

  2. атыс дайындығының практикалық сабақтарында АК-74 салмақты-пішінді макеті, пневматикалық винтовка, сонымен қатар пневматикалық оқтардың болуы қарастырылады.

17. Саптық дайындық бойынша сабақтар саптық алаңда өткізіледі:
1) практикалық сабақтарды өткізу барысында саптық тәсілдерді үйрену кезінде оқытушының саптық тәсілді тұтас және бөлшектеп көрсетуіне баса назар аударылады;
2) білім алушылардың жаттығу жасауы міндетті түрде сабақта қарастырылады.
18. 10-сыныпта әскери топография сабақтарын білім алушыларға оқытқанда таныс емес аймақтарда картасыз және картамен бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды, сонымен қатар ұшқышсыз қашықтықта ұшатын аспаптардан алынған ақпараттарды қолдануын үйретуді қарастырады.
19. 10-сыныпта өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технология негіздері бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-шаралармен таныстырады.
20. Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес күндік оқу-далалық (лагерлік) жиыны өткізіледі.
21. Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу сағаттарымен қамтамасыз етіледі.
22. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу нәтижелерін бағалау үшін ауызша сұрақ қою, жазба жұмыстың және практикалық жаттығулар бақылауын қолдану арқылы жүзеге асырады.
23. 11-сыныпта технологиялық дайындыққа арналған бөлім жол қозғалысы ережесін және автокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізуді зерделеу қарастырылады.
24. Оқытудың негізгі нысандары теориялық, зертханалық-практикалық, практикалық және бақылау сабақтары болып табылады.
25. Теориялық және зертханалық-практикалық оқу сабақтарының ұзақтығы – 40 минут, ал міндеттерді белгілеу, қорытынды шығару, құжаттама ресімдеу және білім алушыларды ауыстыру уақытын қоса алғанда, автомобиль жүргізу бойынша практикалық сабақтардың ұзақтығы – 60 минут құрайды.
26. Зертханалық-практикалық сабақтарды үзіліссіз 80 минут ішінде өткізуге рұқсат етіледі.
27. Теориялық және зертханалық-практикалық сабақтарды оқытушы өткізеді, автомобиль жүргізу бойынша практикалық сабақтарды көлік жүргізуге үйрету шебері білім алушылармен жеке жүргізеді.
28. Зертханалық-практикалық сабақтар бір немесе бірнеше тақырып бойынша тиісті теориялық материалды зерделегеннен кейін иллюстрациялық және зерттеушілік жоспарда жүргізіледі.
29. Практикалық сабақ басталғанға дейін білім алушылар негізгі ережелерді орындау мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндетті нұсқаулықтан өтеді.
30. Практикалық жүргізу сабақтары әрбір білім алушылармен жеке автотренажерлерде, автодромдарда (жүргізіп үйренуге арналған алаңдарда) және 3 жылда кемінде 1 рет жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық уәкілетті органда келісуден өткен үйрету бағыттарында өткізіледі.
31. Білім алушылардың деңгейін анықтау және оның білімін бағалау үшін қорытынды сабақтар өткізіледі, олардың нәтижелері бойынша емтихандарға өздігінен дайындалу үшін ұсынымдар беріледі.
32. Әрбір оқыту ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты оқытудың оқу жылына есептелген күнтізбелік-тақырыптық жоспары құрылады.
33. Оқыту процесінде оқу пәндерімен пәнаралық байланыс іске асырылады:
1) «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі»: сөз қорын алғашқы әскери және технологиялық дайындық саласына қатысты терминдермен толықтыру;
2) «Физика»: уақыт, кеңістік және материяның физикалық процесінің адам және қоғамға тигізетін әсерін білу;3) «Биология»: адам гигиенасы және физиологиясын білу, сонымен қатар зиянды дағдылардың ағзаға тигізетін зияны туралы білімді қолдану;
4) «Химия»: уытты заттардың адам ағзасына тигізетін әсерін білу; әскери істе қолданылатын жарылғыш заттарды қолданғандағы қауіпсіздік тәртібін білу;
5) «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы»: отансүйгіштікті тәрбиелеу, Қазақстан халқының тарихы мен мәдениетіне деген құрметті тәрбиелеу, бір тарихи процес ретінде адамзаттың тарихын білу;
6) «Құқық негіздері»: мемлекеттің заң шығару негіздерін, Қазақстан азаматының құқығы мен міндеттерін білу;
7) «География»: бағыт тұстарын білу, түрлі белгілер және топографиялық карта бойынша жергілікті жерде бағдарлау біліктілігі, қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының аумағы мен шекараларын анықтау;
8) «Дене шынықтыру»: саптық жаттығуларды қолдану, граната лақтыру, кедергілер жолағынан өту;
9) «Информатика»: білім беру процесін сүйемелдеуде білім алушылардың білімінің сапасын арттыру мақсатында IT-технология білімін пәндік ақпараттық ортада моделдеу, құрастыру және талдау.
34. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің базалық мазмұны. 10-сынып.
35. «Кіріспе сабағы» бөлімі:
1) білім алушыларға «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәніне оқыту мақсат-міндеттері мен мазмұнын;
2) «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғану», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15725 болып тіркелген), «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген). Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды.
36. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің кепілі» бөлімі:
1) Мемлекет қорғанысының конституциялық негіздері – Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, олардың құрамы және атқаратын қызметтерін;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері. Әскери бөлімнің жауынгерлік туы. Әскери анттың әскери қызметкерлерге қоятын талаптары. Әскери қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті борышы және міндеттерін;
3) Экстремизм және терроризмнің ұлттық қауіпсіздікке тигізетін салдары – Экстремизм түрлері: саяси, діни, экономикалық және экологиялық. Экстремизм, терроризм, олардың өзіндік сипаттары. Қазіргі әлемдегі террорлық қауіп-қатерлердің ұлғаю себептерін қамтиды.
37. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары» бөлімі:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары, олардың әскери ұжым қызметі мен тұрмыс-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілерін;
2) Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары –Бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші әскерилер, олардың құқықтары мен міндеттері. Әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі. Бұйрық, оны беру жəне орындау тәртібі. Бастықтарға жəне шені жоғарыларға мəлімдеме жасауды;
3) Әскери тәртіп, оның мәні мен мағынасы – Әскери тәртіп, марапаттау және жазалау. Әскери тәртіпті сақтау бойынша әскери қызметшілердің міндеттері. Сарбаздарға көрсетілетін марапат түрлері. Сарбаздарға берілетін тәртіптік жазалауларды қамтиды.
38. «Тактикалық дайындық» бөлімі мотоатқыштар бөлімшесін ұйымдастыру және ұрыстық мүмкіндіктері – Бөлімшені ұйымдастыру. Штаттық қарулану және ұрыстық техника. Бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктерін қамтиды.
39. «Атыс дайындығы» бөлімі:
1) Калашников автоматы және қол пулеметі – Қару және патрондарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы және жұмыс істеу механизмін;
2) Калашников автоматын (қол пулеметін) жартылай бөлшектеу жəне жинақтау – Автоматты жартылай бөлшектеу және жинақтау; Калашников автоматының атқаратын қызметі, бөлшектері мен механизмдерінің, патронының құрылысын;
3) Калашников автоматын (қол пулеметін) атуға дайындау –Автоматтың керек жарақтары. Автоматтың атудан кейінгі тазалау және майлау тәртібі. Автоматты сақтау. Автоматтың оқтарын тексеру және атысқа дайындау. Ату кезіндегі кідірістер және оны жою амалдарын;
4) Жарықшақты қол гранаталары – Жарықшақты қол гранаталарының (РГД-5, РГН, Ф-1, РГО) атқаратын қызметі және ұрыстық қасиеті. Гранаталар мен тұтандырғыштың құрылысы. Гранатаны лақтырған кездегі бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы. Гранатаны лақтыруға дайындауды қамтиды.
40. «Саптық дайындық» бөлімі:
1) Сап және оның элементтері. Саптық тұрыс – Сап және оның элементтері. Алдын-ала және орындауға берілетін пәрмендер. Сапқа тұрғанға дейінгі және саптағы сарбаздың міндеттері Саптық тұрыс. «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Реттел!», «Тоқтат!», «Бас киімдеріңді (киімді) ШЕШ!», «Бас киімдеріңді (бас киімді) КИ!» пәрмендерін орындауды;
2) Бір орында орындалатын бұрылулар. Саптық және жорықтық адым – Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және қайтадан бір қатарлы сапқа тұру. Саптық және жорықтық адыммен қозғалысты қамтиды.
41. «Әскери топография» бөлімі:
1) Жергілікті жерде картасыз бағдарлау – Бағдарлау туралы түсінік. Компаспен, аспан денелерінің және жергілікті заттар бойынша көкжиек тұстарын анықтау. Өзінің орналасқан жері туралы мәлімдеме жасауды қамтиды;
2) Магнитті азимутты анықтау – Азимут және оны анықтау. Жергілікті жерде бағдарлаудың заманауи дербес жабдықтары. Спутниктік-навигациялық жүйелер туралы жалпы мәліметтерді қамтиды: GPS (Global Positional System), ГЛОНАСС, Galileo.
42. «Әскери роботты техникалардың негіздері» бөлімі:
1) Әскери роботты техникалардың негіздері – Роботтар туралы жалпы мәліметтер. Роботтарды әскери істе пайдалануды;
2) Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу траекториясын жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және алгоритмдерін;
3) Роботтарға арналған тапсырмалар – Роботтардың атқара алатын қызметтері. Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерде бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету тәртібін қамтиды.
43. «Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері» бөлімі:
1) Шаруашылық объектісінің азаматтық қорғанысы – Шаруашылық объектісінің азаматтық қорғанысын (оқу орындарын) ұйымдастырудың құрылымы және оның міндеттері. Азаматтық қорғанысының əскери емес құрылымдар қызметі жəне жабдықталуын;
2) Ядролық қару және оның сипаттамасы – Ядролық жарылыстардың түрлері. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары және олардан қорғану тәсілдері. Ядролық зақымдау ошағы және оның сипаттамасы. Нейтронды оқ-дәрілердің зақымдаушы әсерінің ерекшеліктерін;
3) Химиялық қару – Химиялық қару және оны қолдану белгілері. Улаушы заттар, олардың улағыш қасиеті және олардан қорғану тәсілдері туралы қысқаша түсінік. Химиялық зақымдау ошағы, зақымдаудың алғашқы және екінші аумағын;
4) Биологиялық (бактериологиялық) қару – Биологиялық (бактериологиялық) қару, оның зақымдаушы әсері, қолдану белгілерін анықтау. Бактериологиялық құралдар, олардың улағыш әсері және олардан қорғану құралдары туралы қысқаша сипаттама. Бактериологиялық зақымдау ошағы, оның сипаттамасы. Бактериологиялық зақымдау ошағында жүргізілетін іс-шаралар. Карантин және обсервацияны;
5) Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары – Жалпыәскери газтұмылдырық, оның атқаратын қызметі және құрылысы. Азаматтық газтұмылдырықтар құрылысының ерекшеліктері. Сауыт-қорғанысты (маска) таңдау, жарамдылығын тексеру, газтұмылдырықты жинау және қалтаға салу. Газтұмылдырықты алып жүру және пайдалану тәртібі, зақымдалған адамға газтұмылдырық кигізу тәсілдері. Жарамсыз газтұмылдырықты пайдалану. Тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралдарын;
6) Теріні қорғаудың жеке құралдары – Теріні қорғауға арналған қарапайым құралдар, қосымша герметизациялау және сіңдіру арқылы олардың қорғаныс қасиеттерін арттыру. Арнайы қорғаныс киімінің (Л-1 жеңіл қорғаныс кеудеше, сүзгілі қорғаныс киімі, жалпыәскери қорғаныс жабдығы) атқаратын қызметімен және оларды пайдалану ережелерімен танысуды;
7) Ұжымдық қорғану құралдары – Радиацияға қарсы тасалар мен панаханалар, олардың қорғау қасиеттері, жалпы құрылысы және іштей жабдықталуы. Қарапайым тасаны;
8) Эвакуациялау жəне халықты белгілеп шоғырландыру – Азаматтық қорғаныс дабылы және ол бойынша әрекет ету тәртібі. Эвакуациялау және орналастыру тәсілдері мен тәртібі. Эвакуацияланаушылардың міндеттері, олардың керек-жарақтары, қажетті жеке мүліктері, құжаттары мен азық-түліктері. Эвакуация бекетіндегі тəртіп, жүру бағыты жəне орналасатын орынға келу ережелер тәртібін;
9) Террорлық қауіп-қатер кезіндегі адамдардың қауіпсіздігі – Террорлық актілер бойынша қауіп-қатер төнген және террор болған кездегі азаматтардың атқаратын әрекеттері. Түрлі деңгейдегі қауіп-қатер төнген кезде әрекет ету тәртібі. Лаңкестік қауіпінің алдын алуда ақпараттық технологияның тиімділігін;
10) Табиғи апат аймақтарындағы адамдардың әрекеттері – Табиғи апаттар, зілзалалар, олардың сипаттамалары және келтіруі мүмкін салдары. Табиғи апаттар және зілзалалар кезіндегі адамдардың әрекет ету тәртібі. Адамдардың табиғи апат салдарын жоюға, сондай-ақ құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысуларын;
11) Жарақат алу, қан ағу және күйік шалу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек – Жарақат және олардың асқыну себептері туралы түсінік. Қансырау түрлері және олардың сипаттары. Күйік шалу себептері және олардың ауырлық деңгейлері. Естен танудың себебі. Жарақат алу және қансыраған кезде көрсетілетін алғашқы көмек. Асептика және антисептика туралы түсінікті;
12) Түрлі қайғылы оқиға орын алған жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек – Сүйектің сынуы және оларды анықтау туралы түсінік. Соғып алу, шығып кету, буынның созылуы және оларды анықтау белгілері. Шина салудың негізгі ережелері. Түрлі қайғылы оқиға орын алған кезде алғашқы көмек көрсету тәсілдері; Үсік шалу, күнге күю және жылудың әсері, олардың алдын алу және көрсетілетін алғашқы көмек. Электр тогы соққан кезде көрсетілетін алғашқы көмек және көмек көрсеткен кезде сақтауы керек қауіпсіздік шараларын қамтиды.
44. Далалық-оқу жиынындағы (лагерьлік) оқу материалдарын тақырыптар бойынша жоспарлау үлгісі (ұлдарға арналған). 10-сынып.
45. «Тактикалық дайындық» бөлімі:
1) Әскери бөлімнің (бөлімшенің) қару-жарағы және әскери техникасы –Әскери бөлімнің (бөлімшенің) қарулануымен және әскери техникасымен, олардың атқаратын қызметтерімен, техникалық-тактикалық сипаттамаларымен танысу. Қарулану түрлері мен әскери техникаларды іс жүзінде көрсетуді;
2) Бөлімшенің ұрыстық және жорықтық орналасу тәртібі – Бөлімшенің ұрыстық және жорықтық орналасу тәртібі. Ұрыстағы сарбаздың міндеттері. Бөлімшені басқаруды;
3) Қорғанудың дербес құралдарын қолдануға жаттығу – Нормативтерді орындау: газтұмылдырықты кию, респираторды кию, «зақымдалушыға» газтұмылдырықты кигізу, жалпыәскери қорғаныс жабдығын кию. Дербес қобдиша және химиялық улануға қарсы пакет, олардың атқаратын қызметтері және пайдалану тәртібін;
4) Ұрыстағы сарбаздың әрекеттері – Сарбаздың ұрыс кезінде жаяу әрекет ете отырып қозғалу тәсілдері. Ядролық жарылыс кезіндегі әрекетті;
5) Қорғаныстағы сарбаз – Ату позициясына (атыс жүргізуге арналған орынға) орналасу. Оқпана қазу және оны бүркемелеу. Қарсылас ядролық қару қолданғанда, атысқа дайындық басталғанда, әуе қарсыласы туралы дабыл қағылғанда, радиоактивті, химиялық және бактериологиялық зақымдау туралы дабыл қағылғанда орындалатын әрекеттер. Қарсыластың танкілері мен жаяу әскерлері түрлі бағыттан шабуылдаған кезде тойтарыс беру. Әуе нысандары бойынша оқ атуды;
6) Шабуылдағы сарбаз – Шабуылға дайындалған кезде орындалатын әрекеттер. Жүріп келе жатып шабуылдау кезіндегі сарбаздың колоннада қозғалуы және бөлімшенің ұрыстық сапындағы өз орнын алуы. Өткелдердегі кедергілерден өту және шабуылдау. Траншеядағы жауды ату, граната лақтыру, қоян-қолтық ұрыс арқылы жою тәсілдері. Шабуыл кезінде радиоактивті (улаушы) заттармен зақымдалған жергілікті жерде әрекет етуді;
7) Бақылаушы сарбаз – Бақылау жүргізуге арналған орынды таңдау, оны жабдықтау және бүркемелеу. Нысандарды анықтау және бақылау нәтижелері туралы мәлімдеме жасау. Жергілікті жердің үлгісін құру және нысандарды үлгіде белгілеуді;
8) Шолушы сарбаз – Шолушы болып тағайындалған сарбаздың әрекеттері. Шолушылардың қозғалу, жергілікті жерді және заттарды шолу тәсілдері. Бақылау нәтижелері туралы мәлімдеуді қамтиды.
46. «Атыс дайындығы» бөлімі:
1) Калашников автоматын жартылай бөлшектеу жəне жинақтау жаттығулары – Автоматты жартылай бөлшектеу жəне жинақтау, автоматтың бөлшектері мен механизмдерінің оқтауға дейінгі орналасу қалпын және ату кезіндегі бөлшек механизмдерінің жұмыс істеуімен танысуды;
2) Атуға ыңғайлануға жаттығу (АК-74, пневматикалық винтовка) – Оқжатарды патрондармен оқтау және оқжатарды сөмкеге салу. Атуға ыңғайлану (атуға қажет қалыпты қабылдау және автоматты оқтау). Ату (қарауыл мен өткізгішті орнату, иыққа тіреу, көздеу, шүріппені басу және ату кезінде автоматты мықтап ұстау). Атуды тоқтату, оқжатарды алу және атып болған соң автоматты тексеруді;
3) Қол гранаталарын лақтыру – Жарықшақты қол гранаталарын және танкіге қарсы гранаталарды лақтыруды;
4) Автоматтан (пневматикалық винтовкадан) ату – Автоматтан (пневматикалық винтовкадан) іс жүзінде атуды қамтиды.
47. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары» бөлімі:
1) Әскери бөлімнің (бөлімшенің) орналасуы, өмірі және күнделікті тұрмыс-тіршілігі – Әскери бөлімнің (бөлімшенің) тарихы. Әскери қызметшілердің орналасуы. Ақпараттық-тәрбие жұмысына арналған бөлме. Қару сақтауға арналған бөлме. Сарбаз асханасы, спорт базасы, оқу қалашықтарын;
2) Рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттері – Ротаның тəуліктік нарядының атқаратын қызметтері, құрамы жəне қарулануы, рота бойынша күндізгі кезекшінің атқаратын міндеттері. Өзінің кезекті міндетін атқаратын күндізгі кезекшінің бекетін жабдықтау жəне жарақтандыру, тікелей бастықтары келген кездегі, «Жиын» белгісі берілгенде, дабыл жəне өрт болған жағдайдағы күндізгі кезекшінің əрекеттері. Бос ауысымдағы күндізгі кезекшінің əрекеттері, күндізгі кезекшінің телефон бойынша мəлімдеме беру тəртібі. Ротаға басқа ротаның əскери қызметшілер келген кездегі, рота аумағынан мүліктерді шығару кезіндегі күндізгі кезекшінің əрекеттерін;
3) Сақшының міндеттері – Қарауылдық қызметке тағайындалу және қарауылдың атқаратын міндеттері. Бекет және оны жабдықтау, жарақтандыру. Бекетке шабуыл жасалған кездегі сақшының әрекеттерін. Қаруды қолдану тәртібін;
4) Бекеттегі сақшының міндеттері және орындайтын әрекеттері – Қаруды оқтау тәртібі. Бекетте тұрған сақшы қаруының орналасу қалпы. Бекетті тапсырған және қабылдаған, бекетте өрт болған және өзінің немесе көрші бекет маңында тәртіп бұзушылық орын алған жағдайдағы сақшының әрекеттерін қамтиды.
48. «Саптық дайындық» бөлімі:
1) Әскери сәлемдесу – Бір орында және қозғалыс кезінде орындалатын әскери сәлемдесулерді;
2) Саптан шығу және сапқа қайта тұру – Саптан шығу және сапқа қайта тұру. Бастыққа келу және одан кетуді;
3) Саптық тәсілдер және қарумен орындалатын іс-қимылдар – «Автоматты кеудеге!», «Белдікке!», «Қаруды қой!», «Қаруға!», «Қаруды!» тәсілдерін орындауды;
4) Бөлімшенің сабы – Бөлімшені өрістетілген сапқа және жорықтық сапқа тұрғызу. Бөлімшені өрістетілген саптан жорықтыққа сапқа тұрғызу және қайтадан өрістетілген сапқа тұрғызу. Бөлімшенің жинақталуы және жазылуын қамтиды.
49. «Әскери топография» бөлімі азимут бойынша қозғалыс – Көкжиек тұстарын және магнитті азимутты анықтауға жаттығу. Азимут бойынша қозғалысты қамтиды.
50. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны. 11-сынып.
51. «Әскери қызметтің құқықтық негіздері» бөлімі:
1) Әскери қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметінің ерекше түрі – Әскери қызметті өткеру қажеттілігі. Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери міндеттері туралы заңдары;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери міндеттерін сақтау – Әскери есепке алу, әскери қызметке даярлау, әскери қызметке кірісу. Әскери қызмет (баламалы, келісімшарт бойынша), запаста болу;
3) Әскери қызметшінің мәртебесі. Әскери қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттері – Әскери қызметті өткеру тәртібі мен мазмұны. Әскери қызмет мерзімі. Әскери қызметшінің мәртебесі. Әскери қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттері.
52. «Атыс дайындығы» бөлімі:
1) Ату негіздері – Атыс құбылысы. Оқтың бастапқы ұшу жылдамдығы. Қарудың тебілісі. Траекторияның пайда болуы. Оқтың тесіп өту және қиратқыш әрекеті. Тура атудың практикалық маңызы;
2) Ату ережесі – Арақашықтықты мыңдық формула арқылы анықтау тәсілдері. Көздеу (дәлдеу) элементтері. Қозғалмайтын нысандар бойынша көздеу нүктесін және көздеуішті тағайындау.
53. «Саптық дайындық» бөлімі:
1) Саптық тәсілдер және қозғалыс – Саптық тәсілдерді орнында тұрып орындау. Қозғалыста орындалатын саптық тәсілдер;
2) Бөлімшені сапқа тұрғызу – Бөлімшенің кеңейтілген сапқа тұруы. Бөлімшені жорықтық сапқа тұрғызу. Саптық тәсілдерді орнында және қозғалыста орындау.
54. «Технологиялық дайындық» бөлімі:
1) Дөңгелекті машиналарды жүргізу негіздері мен ережелері – Қазақстан Республикасының жол жүру саласындағы заңдары мен өзге де құқықтық актілері. Көлік құралдарының санаттары. Жүргізушінің жұмыс орны;
2) Жол қозғалысына қатысушылардың міндеттері – Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінде қамтылған негізгі ұғымдар мен терминдер. Жүргізушілердің, жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың міндеттері. Жүргізушінің өзімен бірге болуы тиіс құжаттары;
3) Бағдаршамдар мен реттеушінің сигналдары – Бағдаршам мен реттеушінің сигналдары. Арнайы сигналдарды қолдану. Авариялық сигнал беру және авариялық тоқтату белгісін қолдану. Маневрлеу. Көлік құралдарын жолдың жүру бөлігіне қою;
4) Жол белгілері – Ескерту белгілері. Басымдық белгілері. Тыйым салу белгілері. Алдын ала жазылатын белгілер. Ақпараттық-көрсеткіш белгілері. Сервис белгілері. Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар);
5) Жол таңбалары және олардың сипаттамалары – Таңбалардың жіктелуі. Көлденең және тік таңбалардың талаптарына сәйкес жүргізушілердің іс-әрекеті. Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелері;
6) Қозғалыс жылдамдығы – Қозғалыс жылдамдығы. Басып озу, алда кездескен жол айрығы. Аялдама және тұрақ. Қиылыстардан өту. Жаяу жүргіншілер өтпелері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары;
7) Әртүрлі жағдайдағы қозғалыстар – Теміржол жолдары арқылы қозғалыс. Автомагистральдар бойынша қозғалыс. Тұрғын аймақтардағы қозғалыс. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы. Сыртқы жарық құралдарын және дыбыс сигналдарын пайдалану;
8) Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау – Механикалық көлік құралдарын тіркеп сүйреу. Оқу жүргізулері. Жолаушыларды тасымалдау. Жүктерді тасымалдау. Велосипедтер, мопедтер, көлік-арбалардың (шаналардың) қозғалысына, сондай-ақ жануарларды жолдан айдап өтуге қойылатын қосымша талаптар. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз етуді қамтиды.
55. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» бөлімі:
1) Қауіпсіздік негіздері және қауіптерді жіктеу – Қауіптердің негізгі ұғымдары мен жіктелуі. Техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі;
2) Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі – Физикалық, химиялық және биологиялық факторлар арқылы адам денсаулығына әсер ету;
3) Әртүрлі тұрмыстық жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Электрлік және тұрмыстық газбен қауіпсіз жұмыс жүргізу. Тұрмыстық химия құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Компьютерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
4) Техногендік сипаттағы қауіптілік – Өнеркәсіптік апаттар (авариялар), олардың қысқаша сипаттамасы және ықтимал салдары. Жарылыстық-өрт қаупі бар нысандардағы апаттар (авариялар). Гидродинамикалық апаттар;
5) Экологиялық қауіпсіздік – Ауа және су құрамының ластануы. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану. Топырақтың ластануы;
6) Табиғи жағдайда автономды өмір сүру-ерікті және мәжбүрлі автономия. Өмір сүру тәсілдері. Қажетті авариялық қор;
7) Криминогендік жағдайларда өзін-өзі қауіпсіз ұстау негіздері – Көшедегі қауіпсіздік. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік. Адамдар көп жиналатын жерлердегі қауіпсіздік;
8) Террористік акт қаупі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Жарылыс қаупі пайда болған жағдайдағы тәртіп ережелері. Кепілдікке алынған жағдайда;
9) Ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздік негіздері – Киберқауіпсіздіктің негізгі ұғымдары. Әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелері. Ашық қол жетімді Wi-fi желілерін қауіпсіз пайдалану ережелері;
10) Жаппай зақымдану кезіндегі алғашқы көмек көрсету – Алғашқы көмек көрсету ерекшеліктері. Көмектің түрлері. Зардап шеккендерді зақымдану ошақтарынан эвакуациялау тәртібі;
11) Негізгі жұқпалы аурулар. Уланулар, интоксикация және олардың алдын алу – Жұқпалы аурулардың жіктелуі және оның алдын алу. Уланудың негізгі түрлері. Уланудың жалпы алгоритмі. Уланудың негізгі түрлері. Интоксикация кезіндегі көмек;
12) Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету – Автомобильдегі дәрі қобдишасында болатын дәрілік препараттардың тізбесі мен мақсаты. Әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету ережелері. Жүрек қызметі мен тыныс алудың кенеттен тоқтаған кездегі алғашқы көмек көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет