Жалпы орта білім беру деңгейінің



бет2/12
Дата22.05.2023
өлшемі261 Kb.
#474090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
6. каз. Қазақ әдебиеті бағдарлама 10-11 сыныптар

ХІХ ғасыр әдебиеті
1) Сал-серілер поэзиясы
2) Біржан сал Қожағұлұлының «Ләйлім шырақ», «Жанбота» ән-өлеңдері
3) Ақан сері Қорамсаұлының «Маңмаңгер», «Сырымбет», «Құлагер», «Қараторғай» ән-өлеңдері
4) Әнші ақындар шығармашылығы: Әсет, Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Үкілі Ыбырай, Естай, Балуан шолақ, Шашубай, Иман Жүсіптердің ән-өлеңдері.
ХХ ғ. басындағы әдебиет
5) Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
6) А.Байтұрсынұлының «Жиған-терген», «Маса» өлеңдері
7) М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы
8) Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романы
9) С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» поэмасы, «Таныстыру» өлеңі
10) М.Жұмабаевтың «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы» поэмалары
11) Ж. Жабаев «Зілді бұйрық» өлеңі»
1920-1940 жылдардағы әдебиет
12) С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы
13) Б.Майлиннің «Майдан» пьесасы
14) І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы
15) М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы
1950-1960 жылдардағы әдебиет
16) Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы;
17) Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы;
18) Қ.Бекхожиннің «Батыр Науан» поэмасы;
19) М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесі;
20) Ж Молдағалиевтің «Қыран дала» поэмасы;
21) Д.Әбіловтің «Ақын арманы» романы;
12. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) оқу және түсіну: шығарма мәтініндегі жекелеген ұғымдардың концептілік, символдың қызметін түсіну; көркем шығарманың құрамды бірліктерімен шығармашылық жұмыс; көркем шығармадағы образдар мен мотивтердің туынды идеясымен байланысын түсіну; әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген әлеуметтік, гуманистік, заманауи мәселелерді терең түсіну; көркем шығарманың сюжеті мен идеялық концептісін сақтай отырып өзге нысанда (киносценарий, инсцинировка т.б.) интерпретациялау.
2) талдау және жинақтау: әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, баяндау композициясын ажырату; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету, авторлық ұстанымды айқындау; қаламгердің даралық стилін талдау ( шығарма тілінің лексика, синтаксистік құрылымындағы ерекшеліктерін талдау); шығармадағы көркемдік тәсілдерге (троп пен фигура түрлеріне) талдау, көркем деталь, авторлық пафос, идеалды айқындау; қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау.
3) бағалау және шығармашылық өнім: шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау; шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап баға беру; көркем шығарманың гуманистік, жалпы адамзаттық, рухани құндылығына баға бере отырып объективті, субъективті эссе жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын, мақала жазу.
13. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет