1960-1980 жылдардағы әдебиет
І.Есенберлиннің «Қаһар» романы
Кемел Тоқаевтың «Түнде атылған оқ» повесі
Ж.Нәжімеденовтің «Келін» поэмасы
4) Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі
5) Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романы
6) Ә.Кекілбаев «Үркер» романы
7) Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы
1990 жылдардағы қазақ әдебиеті
7) Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы
8) Қ.Мырза-Әлінің «Қызыл кітап» поэмасы
9) С.Жүнісовтің «Аманай мен Заманай» романы
10) М.Мағауиннің «Шақан-шері» романы
11) Ш. Құсайыновтың «Томирис» драмасы
Тәуелсіздік жылдардағы әдебиет
12) Б.Мұқайдың «Өмірзая» романы
13) Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романы
14) О.Бөкейдің «Атау кере» повесі
15) Ұ. Есдәулетовтің «Натюрморд» поэмасы
16) Р.Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан» драмасы
ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті
17) Қазіргі қазақ лирикасы
18) Поэмадағы көркемдік ізденістер
19) Жаңа ғасыр романы
20) Повестегі дәстүр және жаңашылдық
21) Қазақ әңгімесінің көркемдік көкжиегі
22) Драматургияның жаңа өрісі
23) Әдебиеттану және сын
3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
13. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқыту мақсатының реттік саны.
14. Оқыту мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген.
1) оқу және түсіну:
Білім алушылар:
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
Көркем шығармадағы поэтикалық қолданыстардың мәнін ашу, мәтіндегі қолданысын түсіну
|
10.1.1.1 - көркем шығармадағы поэтикалық тілдің ерекшелігін білу
|
11.1.1.1 - шығарма мәтініндегі жекелеген сөздердің концептілік, символдық қызметін түсіну
|
Шығарма үзінділерімен жұмыс
|
10.1.2.1- жекелеген нысандардың (деталь, портрет, монолог т.б.) кейіпкер образын ашудағы рөлін түсіну
|
11.1.2.1 - көркем шығарманың құрамды бірліктерімен шығармашылық жұмыс
|
Шығармадағы өзекті мәселе, идеялық мазмұн
|
10.1.3.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын түсіну
|
11.1.3.1 - көркем шығармадағы образдар мен мотивтердің туынды идеясымен байланысын түсіну
|
Көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігі
|
10.1.4.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну
|
11.1.4.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген әлеуметтік, гуманистік, заманауи мәселелерді терең түсіну
|
Интерпретация (ауызша, жазбаша)
|
10.1.5.1 - көркем шығарманы өзге жанрда ауызша/жазбаша интерпретациялап, шығарманың идеялық мазмұнын заманауи көзқарастармен кіріктіре отырып ой толғау
|
11.1.5.1 - көркем шығарманың сюжеті мен идеялық концептісін сақтай отырып өзге нысанда (киносценарий, инсцинировка т.б.) интерпретациялау
|
2) талдау және жинақтау:
Білім алушылар:
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
Әдеби шығарманың композициялық құрылымы
|
10.2.1.1 - әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау
|
11.2.1.1 - әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, баяндау композициясын ажырату
|
Көркем шығарманың образдар жүйесі, типтік характер
|
10.2.2.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау
|
11.2.2.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету, авторлық ұстанымды айқындау
|
Көркем шығарманың тілі, стилі;
|
10.2.3.1 - шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын ашуда қаламгер қолданған тіл ерекшелігі: лексикалық, фразеологиялық, стилистикалық талдау
|
11.2.3.1 - қаламгердің даралық стилін талдау (шығарма тілінің лексика, синтаксистік құрылымындағы ерекшеліктерін талдау)
|
Көркемдік тәсілдер
|
10.2.4.1 - шығармадағы көркемдік тәсілдерге талдау (троп пен фигура түрлері) авторлық пафос, идеалды айқындау
|
11.2.4.1 - шығармадағы көркемдік тәсілдерге (троп пен фигура түрлеріне) талдау, көркем деталь, авторлық пафос, идеалды айқындау
|
Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар
|
10.2.5.1 - әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту
|
11.2.5.1 - қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау
|
бағалау және шығармашылық өнім:
Білім алушылар:
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
Тарихи шындық және көркемдік шешім
|
10.3.1.1 - шығарманы мазмұндас туынды үлгілерімен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау
|
11.3.1.1 - шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау
|
Көркемдік құндылығы
|
10.3.2.1 - шығарманың көркемдік-эстетикалық құндылығына баға беру
|
11.3.2.1 - шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап баға беру
|
Әдеби эссе
|
10.3.3.1 - шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби хат, лирикалық эссе, миниатюра жазу
|
11.3.3.1 - көркем шығарманың гуманистік, жалпы адамзаттық, рухани құндылығына баға бере отырып объективті, субъективті эссе жазу
|
Әдеби сын
|
10.3.4.1 - шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын (рецензия) жазу
|
11.3.4.1 - шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын, мақала жазу
|
15. Осы оқу бағдарламасы қосымшада берілген жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептерінің» 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
16. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ
тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын
гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған
желілік «Абай мектептерінің» 10-11-сыныптарына
арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік
оқу бағдарламасына қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептерінің» 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
ұзақ мерзімді жоспар
10-сынып:
Бөлім
|
Оқытылатын шығармалар
|
Сөйлеу қызметінің түрлері
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |