Жалпы патофизиология


Экссудация (ecsudatio-өту) - құрамында белогi бар қанның сұй-ықтығының  тамырлар қабыргалары арқылы қабынған тiнге өтуi.  Экссудат



Pdf көрінісі
бет17/35
Дата18.09.2023
өлшемі334.67 Kb.
#477822
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
терминдік сөздік ПФ-1 2

Экссудация (ecsudatio-өту) - құрамында белогi бар қанның сұй-ықтығының 
тамырлар қабыргалары арқылы қабынған тiнге өтуi. 
Экссудат - қабынулық табиғаты бар патологиялық сұйықтық. 
Транссудат -қабынбаған патологиялық сұйықтық (iсiнген және шемендiк 
сұйықтық). 
Ривальт сынауы-пунктатта тұнбаға түсетүн серомуциннiң пайда болуы, ол 
экссудаттың қабынулық табиғатын көрсетедi. 
Iрiңдi денешiктер- бұзылу мен ыдыраудың әр түрлi сатыларындағы қан 
лейкоциттерi 
Эмиграция (emigratio- көшу) тамырдағы лейкоциттердiң тiнге белсендi өтуi 
Хемотаксис (chemeia- химияға қатысы бар,+ taxis-орналасу ретi) - химиялық 
тiтiркендiргiштерге немесе олардан керi қарай жасушалардың (лейкоциттердiң) 
белсендi жылжуы 
Хемотаксиндер (цитотаксиндер) (chemeia- химияға қатысы бар,+ taxis-орналасу 
ретi) - лейкоциттердi қабыну ошағына тарту қабiлетi бар заттар. 
Цитотаксигендер (сitos- жасуша, ,+ taxis-орналасу ретi+ gen-тудыратын)
өздiгiнен хемотаксистi тудыра алмайды, бiрақ хемотаксистi белсендiре алмайтын 
заттарды хемотаксиндерге алмасуына жағдай жасайтын заттар. 
Цитопемпсис- қан жасушаларын, плазманың майда тамшыларын эндотелий 
жасушасы арқылы қармап алып өткiзетiн белсендi процесi.
Фагоцитоз (phago- қорыту, os- аурулық жағдай, ауру) -фагоциттердiң бөгде 
заттар мен микробтарды қармау және қорытуы. 
Эндоцитобиоз (endo- iште, citos- жасуша, bios- өмiр сүру, өмiр) - фагоцитоздың 
бұзылуынан микробтың фагоцит iшiнде тiршiлiгiн жалғастыруы. 
Пролиферация (proles- ұрпақ, ferre- құру, өндiру) - жергiлiктi жасушалық 
элементтерiнiң қабыну ошағындағы көбеюi. 
 
 
 
 
 
 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет