Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет19/35
Дата18.09.2023
өлшемі334.67 Kb.
#477822
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
терминдік сөздік ПФ-1 2

Либермейстер заңы - температураның Цельсий бойынша 1 градусқа жоғарлауы 
пульстiң 8-10 соққыға жиiленуiмен қатар жүруi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


ТАҚЫРЫБЫ: «Өспе өсуінің патофизиологиясы» 
Анаплазия (грек. ana- артқа, кері + plasia - түзілу) – жасушалардың 
құрылымы 
мен 
биологиялық 
қасиеттерінің 
өзгерістерге 
ұшырауымен 
сипатталатын тұрақты дедифференциациясы. Бұл кезде жасушалық тін өзіне тән 
функцияларды атқара алмайды, бірақ шексіз өсіп-өну қабілетіне ие болады. 
Атипизм (грек. a - жоқ + typos - түрі) - өспе тінін қалыпты тіннен 
ерекшелендіретін, биологиялық қасиеттердің жиынтығы. 
Биопсия (грек. bios тіршілік + opsis көру, қөру арқылы қабылдау) - тірі 
организмнен тінді кесіп алып диагностикалық мақсатта микроскоппен зерттеу
Бластома (грек. blastos – өну,ұрық) – қатерлі өспе. 
Инфильтрациялаушы (инвазивті) өсу (лат. in – ішке + filtratus - cүзілу, 
жарып өту) - өспе жасушаларының айналасындағы тіндерге еніп, оларды бұзу 
арқылы өсуі; қатерлі өспелерге тән.  
Канцероген (лат. cancer- обыр) - қатерлі өспелердің пайда болуына себепкер 
фактор немесе заттек. 
Канцерогенез - қатерлі өспелердің пайда болу және даму процесі. 
Карцинома (грек. karkinos - обыр) - ішкі ағзаларды, сілемейлі қабаттарды 
және терінің эпителий жасушаларын зақымдайтын қатерлі ісік (обыр)
.
Кахексия (грек. kakos - нашар + hexis- жағдай)- организмнің қатты арып-
азуының, зорығуының соңғы дәрежесі. 
Коканцероген - өздігінен өспе дамуын шақыра алмайды, бірақ онкогенді 
агенттермен қосылып әсер еткенде өспе туындауын тездететін фактор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет