Жалпы патофизиология


Гипербария (гр. hyper- жоғары, үстем+barys- ауыр) -



Pdf көрінісі
бет6/35
Дата18.09.2023
өлшемі334.67 Kb.
#477822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
терминдік сөздік ПФ-1 2

Гипербария (гр. hyper- жоғары, үстем+barys- ауыр) - жоғары барометрлiк 
(атмосфералық, сыртқы) қысым 
Сатурация (лат. saturatio- қанығу) – организм тiндерiнде және сұйық ортада газ 
еруiнiң жоғарылауы 
Десатурация (лат. de- жою, бас тарту+saturatio- қанығу) – газдар еруiнiң 
төмендеуi және организмнің сұйық ортасынан, жасушаларынан газдардың 
шығарылуы. 


Кессонды (фр. caisson жәшік ) (декомпрессиялық) ауру – десатурацияға 
байланысты және жоғары атмосфералық қысымнан қалыпты қысымға тез арада 
өткенде дамитын ауру. 
Гипербариялық оксигенация- жоғары қысымда оттегiмен дем алу 
Гипотермия (гр. hypo- төмен, аз + termia- температура)  дене температурасының 
төмендеуi. 
Гибернация (лат. hibernus- қысқы, суық) – физикалық әсер және наркоз арқылы 
дене температурасын жасанды түрде төмендету. 
Гипертермия немесе қызып кету (гр. hyper- жоғары, үстем, termia- 
температура) – қоршаған ортаға жылуды беруді қиындататын немесе жылудың 
сырттан көбірек түсуін ынталандыратын сыртқы ықпалдардың әсерінен дене 
температурасының жоғарылауы. 
Жылулық соққы- сыртқы ортадағы жоғары температураның ұзақ уақытты 
әсерiнен дене температурасы тез арада көтерiлуiмен өтетiн организмнiң жедел 
қызып кетуi.
Күн соққысы- жалаң басқа жылы күн сәулелерiнiң ұзақ уақыт әсер етуiнен 
болатын жедел қызып кету. 
Жиырылу (контрактильдi) арқылы термогенез – бұлшық еттердiң жиырылуы 
және тонусы өсуiнен жылу өндірілуінің жоғарылауы. 
Жиырылусыз өтетiн (контрактильдi емес) термогенез – тотығу-тотықсыздану 
процестерiнiң белсендiрiлуiнен организмде жылу өндірілуінің жоғарылауы. 
Кинетоздар (гр. kinesis- қимыл+os-ауру, дерт) – организмге ұзақ уақыт iшiнде 
әсер ететiн өзгермелi жылдамдықтан туатын қозғалыс аурулары.
Кавитация (ағылш. cavity- қуыс)- жасушаларда өте майда қуыстардың тез арада 
пайда болуынан, кейiн олардың кенеттен жабылып калуынан пайда болған соққы 
толқыны тiндердi зақымдау салдарынан “жарылу эффектiсiнің” дамуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет