Жалпы патофизиология


Некроз (гр. necrosis – өлі) – тірі организмдегі тіндердің, жасушалардың өлуі,  олардың тіршіліктерінің толық және қайтымсыз тоқтауы.  Некробиоз



Pdf көрінісі
бет9/35
Дата18.09.2023
өлшемі334.67 Kb.
#477822
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
терминдік сөздік ПФ-1 2

Некроз (гр. necrosis – өлі) – тірі организмдегі тіндердің, жасушалардың өлуі, 
олардың тіршіліктерінің толық және қайтымсыз тоқтауы. 
Некробиоз (гр. necrosis – өлі, bios – тірі, тіршілік) – тіндегі жасушалардың бір 
бөлігі өлген, ал басқа бөліктердің ары қарай қызметін атқарып жүрген жағдайы. 
Паранекроз (гр. para- жақын, қасында, + necrosis- өлген, өлік) – тіршілігі тоқтаған 
жасушаларда байқалатын өзгерістерге ұқсас қайтымды құбылыстар.
Аутолиз (гр. auto - өзі, меншікті+ lysis-ыдырау) – құрамында гидролиздік 
ферменттердің әсерінен организмдегі тіндер мен жасушалардың ыдырауы.
Цитолиз (гр. cyto- жасушаға қатысы бар+ lysis-ыдырау) – жасушалардың 
ыдырауы. 
Апоптоз (гр. apo-алып тастау + ptosis- құлау, түсу) – жасушаның тіршілігі 
жойылуының генетикалық бағдарламаланған механизмі. Арнайы жасушаішілік 
процестерді белсендіру арқылы қамтамасыз етіледі, энергияны қажет ететін 
процесс, алдымен ядроның пикнозы мен бөлшектенуі өтеді, ал цитоплазма содан 
кейін тіршілігін тоқтатады.
Денатурация (лат. de- алып тастау, жоққа шығару, natura- табиғат) – әртүрлі 
әсерлерден 
ақуыздардың 
және 
нуклеин 
қышқылдарының 
құрылысы 
өзгергендіктен, олардың кәдімгі қасиеттерінің толық немесе жартылай жоғалуы. 
Импеданс (лат. impinge-итеру) – тіндердің электрлік қарсыласуы. 
Электр өрісі әсерінен мембананың тесілуі – күшті электр өрісінің әсерінен 
мембранада тесіктердің пайда болуы. 
Прооксиданттар (гр. pro- алдында болатын, oxys- қышқыл) – асқын тотығу 
процестерді күшейтетін химиялық қосындылар мен физикалық әсерлер (оттегінің 
жоғары концентрациясы, темір иондары, простагландиндер мен катехоламиндер 
метаболизмінің өнімдері, НАДН
2
, НАДФН
2
, А және Д дәрумендері). 
Антиоксиданттар (гр.anty-қарсы, oxys- қышқыл) – асқын тотығу процестерді
әлсірететін 
химиялық 
қосындылар 
және 
физикалық 
әсерлер 
(супероксиддисмутаза, глутатионпероксидаза, фосфолипаза, альфа-токоферол). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет