Жалпы педагогика жəне информатика кафедрасы Физика, математика, информатика, шет тілі: 2шт, тарих



Pdf көрінісі
бет50/99
Дата15.02.2024
өлшемі0.87 Mb.
#491743
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99
Жалпы психология және тұлғаның дамуы ...

3.6. Жоғары жүйке жүйесі типтері. 
И.П.Павлов жүйке жүйесі қызметі типтерін 1 жəне 2 сигнал жүйесіне қарай 3 типке бөлді. 
1. ойшыл тип (мыслительный) 


2. көркем тип (художественный) 
3. орташа тип (средний тип). 
1. Ойшыл тип. Екінші сигнал жүйесі қызметінің ролі басым, абстрактылы ойлауға 
бейім, прагматик, рационалист ғылыми шығармашылық жұмыстарға жəне 
болжауға қабілетті қазіргі терменология бойынша мидың сол жақ жарты шарлары 
қызметіне қарай психотин. 
2. Көркем тип. Негізгі қызметіне 1-ші сигнал жүйесі атқарады. Бейнелі – 
эмоциональды ойлайды, айналадағы дүниені тұтас, сол күйінде қабылдайды. 
Қабылдаудың тұрақтылығы, өткірлігі, байқағыштығы, тұтастығы, əсемдігі тəн. 
Мидың оң жақ жарты шарлар қызметіне қарай психотин. 
3. Орташа тип. 1-ші, 2-ші сигнал жүйесі қызметтері теңбе-тең. Белгілі бір жағдай, 
ситуациясына қарай екі сигнал жүйесі де бейім келеді. Көптеген адамдар осы 
типтің қатарына жатады. 
IV. 
Жеке адам жəне іс-əрекет психологиясы. 
 
Жеке адам туралы түсінік. 
Адам бір жағынан қарасаң саналы ойлауға жəне сөйлеуге қабілетті еңбек етіп, сыртқы 
ортаны танып, жəне оны белсенді түрде өзгерте алушы биологиялық ақза болып 
табылады. Екінші жағынан, адам ол қоғам мүшесі. Ол адамға тəн басты белгі, себебі 
қоғамдық қарым-қатынастар адамның биологиялық қасиетін өзгертіп, дамытады. 
Психологияда адам түсінігінен басқа да “индивид”, “тұлға”, “индивидуалдық”, 
“жеке адам” ұғымдары қолдануда. 
Индивид – адамды биологиялық тұрғыдан қорғау. Индивид дегеніміз өзіне тəн 
барлық ерекшеліктермен бірлікте алынған нақтылы адам. Əр адамның өмірімен іс-əрекеті, 
тəрбиесі, білімі əртүрлі жəне қайталанбас өзіне тəн белгілерімен психологиялық 
ерекшеліктерінің жиынтығын “индивидуалдық” деп атайды. 
“Тұлға” жəне “жеке адам” түсінігінің мəні адамның əлеуметтік қоғам мүшесі 
екендігін білдіреді. 
Жеке адам қоғамдық ғалымдар объектісі. Тарих, философия, социология 
(əлеуметтану) этика, эстетика, психология, педагогика т.б. 
Жеке адам – қоғамда белгілі бір жағдайға ие жəне белгілі бір қоғамдық роль 
атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз – жеке адамның атқаратын əлеуметтік қызметі. 
Жеке адамның позициясы дегеніміз – оның қатынастарының жүйесі. Ол қатынастар: 
өмірді материалдық жағдайларына, қоғамға жəне адамдарға, өзіне, алдына қойған мақсат-
міндеттерге т.б. Жек адамның өзіне тəн негізгі құрылымы: қабілеті, темпераменті,мінезі, 
еріктік, сапалық қасиеттері, эмоциясы, мотивациясы, жəне əлеуметтік құрылымы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет