Жалпы педагогика жəне информатика кафедрасы Физика, математика, информатика, шет тілі: 2шт, тарих



Pdf көрінісі
бет48/99
Дата15.02.2024
өлшемі0.87 Mb.
#491743
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99
Жалпы психология және тұлғаның дамуы ...

III. 
Психика жəне жүйке жүйесі. 
3.1. Психика туралы түсінік. 
Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сыртқы заттар мен құбылыстарға 
əсерлерін, тітіркендіруінен пайда болады. Бұл жағдай психиканың сыртқы орта мен 
объективтік шындықтың өзара шартты байланыста екнін көрсетеді. Сыртқы нəрселердің 
адам миына əсер етуі салдарынан түйсінулер мен қабылдаулар, елестер мен сезімдер, т.б. 
психикилық процестер пайда болды. Сонда, психика дегеніміз – үнемі болып отыратын 
қозу мен тежелу сияқты физиологиялық процестердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы 
заттар мен құбылыстардың əсері мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, олар адамның 
түрлі ойлау əрекеттері арқылы қорытылады. Адам өзінің мақсат-мүдделеріне қарай оларға 
тітіркеніп, (икемделеді) бейімделеді. Осы жайттар психика қоршаған сыртқы ортамен 
қарым-қатынасынан пайда болып отыратын күрделі бейнелеу процесі екендігін 
дəлелдейді. 
Адам психикасының пайда болуы, дамып жетілуі-тарихи процесс. Ол адамның 
қоғамдық еңбегі, дыбысты тілі жəне сөйлеуінің даму ерекшеліктерімен тығыз 
байланысты. Бұл психика дамуында айқықша мəнді физиологиялық құбылыс жəне адам 
тіршілігі үшін де маңызды. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке 
жүйесінің қызметінің байланысты болса, екіншіден, бұл бейнелеу адам санасында өз 
таңбасын, ізін қалдырып отырады да, жан дүниесінің сырына айналады. Психика идея да, 
материалдық сипаты бар зат та емес. Психика- мидың негізгі (қызметі) қасиеті. 
3.2. 
Психиканың бейнелеу теориясы. 
Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде 
болады. Бұл табиғи заңдылық. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға сəйкес 
материяның ұзақ дəуірлер бойғы эволюциялық дамуымен бірлікте қарастырылады. 
Материя табиғатын зерттеу əр түрлі қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс 
материяның өмір сүру тəсілі, оның негізгі қасиеті. Материя ілімінде де қозғалыс, даму 
процестері жүріп жатады. Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл əлем заттары, əлемнің өзі де 
мəңгілік қозғалыста болып, үнеміөзгеріп, дамып отырады. 
Барлық материяға-жансыззаттардан бастап, ең жоғары дəрежеде дамыған күрделі 
материя-адаммиына тəн қасиет, олардың бейнелеу ерекшелігі-материяның сыртқы əсерге 
жауап беруі. Материяға тəн жалпы қасиет-биологиялық бейнелеу формасы. Жанды 


материяның белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі 
туады. Ал материяның биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуымен байланысты. 
Эволюциялық даму нəтижесінде тірі организмдер сыртқы жағдайлардың əсерін 
тітіркеніп, бейнелеудің бірнеше түрлері шығады. Организмнің мұндай бейнелеу қасиетіне 
қарай əлсіз тітіркенуден бастап, бейнелеудің күрделі түрлері болып саналатын түйсіну, 
қабылдау, ойлау, т.б. сияқты формалары пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет