Жеке адамның қызығуы.
Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге
бағытталған адамның тұрақты жеке ерекшелігінің көрінісі.
Қызығулар
мазмұнына, бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, рухани, кəсіптік,
эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық жəне т.б. болып бөлінеді.
Адамның қызығу саласындағы ерекшеліктері əр түрлі. Бұл
ерекшеліктер адамның іс-
əрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты.
Қызығу – дегеніміз жеке адамның объектіге, оның өмірлік мəні мен эмоциялық
тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы.
Индивидтің қызығуы объектінің ерекшелігімен индивидтің
өзінің психикалық
санасына (мəдениетіне, тəрбиелілігіне, қабілетіне жəне мінез-құлқына) байланысты болса
да сонымен қатар қоғамдық психологияға да байланысты. Қызығу қоғам дамуының əрбір
тарихи кезеңіндегі жалпы адамзаттың мүдде мен рухани мəдениеттің дамуы жəне
əлеуметтік қатынастарға да байланысты болды.
Достарыңызбен бөлісу: