Жалпы педагогика жəне информатика кафедрасы Физика, математика, информатика, шет тілі: 2шт, тарих


Сана – психика дамуының жоғары сатысы



Pdf көрінісі
бет49/99
Дата15.02.2024
өлшемі0.87 Mb.
#491743
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   99
Жалпы психология және тұлғаның дамуы ...

 
Сана – психика дамуының жоғары сатысы. 
Психиканың адамға ғана тəн жоғары дəрежеде дамуын сана деп атайды. 
Адам санасының дамуы тек қана биологиялық құбылыс емес, сонымен қатар əлеуметтік-
тарихи заңдылық. Сана-адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі сондықтан сананың 
даму процесі, оның əр көрінісі адамзат қоғамы дамуының барысымен байланысты тарихи 
жағдайлармен анықталады. Жек адам санасы мен қоғамдық санс диалектикалық бірлікте. 
Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды жəне адамзат жинақтаған 
білімді меңгереді, айнала құбылысты өзгете де қайта жасайда алады.
Сананың ерекше қасиеттері: 
1.-ден – сананың тарихи сипаты 
2.-ден – адамның айнала қоршаған дүниені тануындағы тарихи, онтогенетикалық жəне 
индивидуалды – гностикалық бірлік 
3.-ден – адам санасының мақсат-бағдарлы жəне белсенді сипаты 
4.-ден – адамның өзіндік сана сезімдік сипаты 
5.-ден – ақиқаттың адам санасында жалпы жəне жанама бейнеленуі. 
3.4. Психикалық құбылыстар. 
Психикалық құбылыстардың негізгі формалары. 
1. Психикалық процестер. 
Психикалық процестер-дегеніміз айналадағы заттар мен құбылыстардың адам 
миында түрліше бейнеленуі олар: 
- танымдық – зейін, түйсіну, қабылдау, ойлау, есте сақтау, сөйлеу. 
- эмоционалды – сезім жəне эмоция. 
- Еріктік – ерік. 
2. Адамның психикалық білімі: 
- білім, іскерлік, дағды, əдет, көзқарас,, сенім, пікір. 
3. Психикалық қасиеттер. 
Психикалық қасиеттер-дегеніміз адамның жеке басына тəн даралық ерекшеліктері. 
- бағыттылығы немесе бағыт-бағдары. 
- Мінезі, темперамент, қабілет. 
4. Психикалық жағдайы. 
 
3.5. Жүйке жүйесінің құрылымы. 
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оны білу ми мен 
психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы 
мен қызметі жайындағы мəліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызиеті жəне 
оның заңдылықтары-психология ғылымының табиғи-ғылыми негізін құрайды. Жануарлар 
мен адамдардың психикалық əрекетінің материалдық негізі-мидың жəне оның 
бөліктерінің құрылысы екендігі тəжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан 
анықталған. 
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып, айналадағы 
əсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Түрлі дене мүшелерінің, клеткалардың 
қызметін, зат алмасуы мен қан айналымын реттеп, сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделіп 
отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет