Жалпы педагогика жəне информатика кафедрасы Физика, математика, информатика, шет тілі: 2шт, тарих



Pdf көрінісі
бет57/99
Дата15.02.2024
өлшемі0.87 Mb.
#491743
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   99
Жалпы психология және тұлғаның дамуы ...

5.3.Зейін 
Зейін туралы ұғым. 
Зейін өмірде психикалық əрекеттің бір жағы бола отырып, адамның өнімді білім 
алуына, еңбек əрекетінің сапалы əрі нəтижелі болуына көмектеседі. Зейін дегеніміз – 
сананы белгілі бір затқа, құбылысқа, объектіге бағыттап шоғырлануы жəне айқын 
бейнелеуін қамтамасыз ету. Зейін пайда болуына керекті шарттар: объектіні бөліп, оған 
назар аудару жəне басқа тітіркендіргіштерге алаңдамау. Зейінің физиологиялық 
құбалмылығы көрінісін И.П.Павлов ашқан қозудың оптималдық ошағы құбылысы 
түсінуге көмектеседі. А.А.Ухтомский ми қызметінің физиологиясын зерттеу нəтижесін 
доминантта жайлы түсіндіреді. 
1.2 Зейіннің құрылымы, түрлері жəне қасиеттері. 
Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды 
өзіне тартады. 
Адамның ырықты зейіні əрекетті сапалы түрде белгілі ерік үшін жұмсау арқылы 
орындалуынан көрінеді.Үйреншікті зейін адамға табиғи сіңіп кеткен, арнайы күш 
жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Қандай нəрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, 
адамның іс - əрекеті дағдысына айналады. 
Зейін қасиеттері: 
а) Зейіннің тұрақтылығы жəне жинақтылығы. 
ə) Зейіннің ауысуы. 
б) Зейіннің бөлінушілігі. 
в) Зейін көлемі. 
г) Зейін шоғырлануы. 
д) Зейін алаңдаушылығы. 
е) Зейін шашыранқылығы 
5.4. Ес процесі. 
Ес туралы түсінік.
Адамның қабылданғандары ізсіз жоғалып кетпейді. Үлкен ми сыңарлары 
қыртысында қозу процесінен іздер сақталып қалады. Бұл іздер қозуды туғызған 
тітіркендіргіштер жоқ кезінде де қозудың тууына мүмкіндік жасайды. Соның негізінде 
адам есте сақтай алады, жəне қайта жаңғырта алады. 


Ес дегеніміз – адам тəжірибесін есте тұту, сақтау жəне қайта жаңғырту жолымен 
бейнелендіреді. Естің негізінде ассоциоциялар немесе байланыстар жатады. Дүниедегі 
бір-бірімен байланысты зат немесе құбылыстар адамның есінде байланысын сақталады. 
Физиологиялық жағынан алғанда ассоциация уақытша нервтік байланыс болып саналады. 
Естің негізгі процестері есте сақтау, қолда ұстау, тану, қайта жаңғырту. 
Іс-əрекет сипатына қарай, ес мынандай 3 түрге негізделіп бөлінеді.
1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық 
сезімдік, бейнелі-көрнекілік жəне сөздік мағыналық. 
2. Іс-əрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті,еріксіз ес. 
3. Адамның материалды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа 
жəне ұзақ мерзімді есте сақтау. 
Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тəсілін-мнемоника деп аталады. Өмір сүру 
қызмет атқару барысында жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне қарай адамда естің даралық 
жəне типтік ерекшелігі қалыптасады. Естің (индивидуалдық) даралық ерекшеліктерімен 
біріншіден, жəне адам ерекшеліктерімен байланысты болады.Екіншіден даралық 
айырмашылық ес санасынан көрінеді. Ес санасы есте ұстау шапшаңдығы, сақтау 
беріктілігі жəне қайта жаңғырту жеңілдігімен сипатталады. 
Естің типологиялық (типтік) ерекшеліктері. 
Ес түрлерінің бірінің басымырақ болып қалыптасуы жеке адам ерекшеліктеріне, адамның 
іс-əрекет ерекшеліктеріне байланысты болады. 
Есті зерттеу теориялары. 
1. Ассоциативті теория. Негізін салушылар Г.Эббенгауз жəне Г.Мюллер т.б. 
2. Гештальт теориясы. 
3. Естің мағыналық теориясы. Негізін салушылар А.Бине, К.Бюлер. 
4. Информациялық – кибернетикалық теория. 
5. Іс - əрекет саласындағы теориясы. Зерттеуші өкілдері: А.Леонтьев, П.Зинченко, 
Л.Смирнов. Барлық теорияның да ес процесінде өзіндік орны, негізі бар.
5.5. Ойлау процесі 
Ойлау (процессінде) заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың 
арасындағы табиғи байланысы мен қатынасын бейнелейтін психикалық процес. 
Əрбір адамның шындықты танып білуі тікелей сезім мен ойлау арқылы бір – біріне 
ауысып, өзара байланысты түрде адам танымын толықтырып отырады.Сонда нақты 
пайымдаудан абстрактылы ойлауға, одан тəжірибеге көшіп отыру ақиқатты танып білудің
диалектикалық жолы болып табылады. 
Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процес болғанымен ол табиғаты 
жағынан əлеуметтік болады. 
Ойлаудың таным сатысы ретінде айрықша ерекшелігінің бірі – сөзге, тілмен 
қатыстылығы. 
Ойлаудың проблемалығы. Ойлау əрқашан бір мəселені шешуге бағытталады. Мəселені 
шеше отырып, адам бір нəрсені біледі, түсінеді, түсіндіреді, сырын ашады т.б. 
Ойлау формулалары 
Ойлау формулалары: пікір, ұғым, ой қорытындысы. 
Ұғым - дегеніміз елеулі белгілердің бір тектестігі жағынан біріккен заттарды
жалпылама білу. 
Пікір - дегеніміз құбылыстар арасында байланыс орнату немесе белгілі бір зат, 
құбылыс туралы ойын айту, қатынасын білдіру. 
Ой қорытындысы – бар деректер негізінде жасалған тұжырымдар. Олар индуктивті, 
дедуктивті, традуктивті болады. 
Индуктивті – бірнеше жеке жағдайдан шығатын ой қорытындысы.
Дедуктивті - жалпы заң ережеден жəке жағдайға ауысатын ой қорытындысы. 
Традукітивті (аналогиялық) – жекеден жекеге немесе жалпыдан жалпыға 
ұқсастықтарына қарай ой қорытындылары. 


Адамның мəселе шешудегі жеке тəсілі, ой əрекеті ой операциялары немесе ой 
процестері деп аталады. 
Талдау (анализ), біріктіру (синтез), салыстыру, жалпылау, нақтылау т.б. 
Ойлау түрлері 
1. Ойлау түрлері түрлі ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. 
2. Таным ерекшелігіне қарай: теориялық, эмперикалық. 
3. Мазмұнына қарай: көрнекті əрекеті, көрнекті – бейнелік, сөздік – логикалық. 
4. Əрекетіне қарай: вербальды, көрнекілік. 
5. Қызметіне қарай: шығармашылық (творчестволық), сыншылдық (критика). 
6. Рефлексияға қарай: интуктивті, рациональды. 
7. Шешілетін мəселенің сипатына қарай: теориялық, тəжірибелік. 
Ойлаудың даму стадиялары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет