Социодинамикалық бағыт: B=F(Е.;
Интеракционистік бағыт: B=F(P..
Жеке тұлға теорияларының эксперименталды бағыты тәжірибе жүзінде жинақталған факторларды сараптау және жалпылаудың негізінде жасалынды.
Эксперименталды емес бағыт өкілдері өздерінің ой қорытындыларын жеке бақылаулар, әсерлердің негізінде жасақтайды.
Құрылымдық бағыт жеке тұлға құрылымы мен оларды анықтаушы негізгі түсініктер мәселелерімен айналысады. Динамикалық бағыт жеке тұлғаның дамуындағы өзгеру, динамика мәселелеріне басты назар аударады.
Өмірдің мектепке дейінгі және мектеп кезеңдері және өмірдің туғаннан соңғы күндеріне дейінгі кезеңдері бағыттары жеке тұлға ерекшеліктерін жеке тұлға дамуының органикалық даму кезеңдерінің негізінде түсіндіреді.
Қасиеттер, сипаттар (теория черт. теориясы аталған бағыттардың жиынтығын құрайды деуге болады, тұлғалық қасиеттерді сипаттайтын ішкі психологиялық ұғымдарды зерттейді. (Р.Кеттел – 16-факторлы тұлғалық сауалнама..
Әрекет-қылықтық теория жеке тұлғаның психологиялық сипаттамалары көрсетілетін қылықтар,әлеуметтік әрекеттер, ал бұған әсер ететін қоршаған орта адамдары, олардың қатынасы.
Кеңестік психологиядағы тұлға теорияларының жалпы постулаттары:
Тұлғаның кеңестік концепциялары егер вариациялары болса онда келесі жалпы теориялық пункттерде қосылады:
1. Тұлғада биологиялық айналдырылған формада әлеуметтік ретінде өмір сүреді. Табиғи (органикалық) сипаттамалар тұлға құрылымында оның әлеуметтік шарттанған элементтері сапасында болады.
2. Тұлғаның белсенділігі ситуацияға алғашқы берілген шектеулерді түсіруге әкеледі. Мақсатқа жету жолындағы кедергілер мен шектеулер оларды жеңуге бағытталған ерекше іс-әрекетті оятады.
3. Тұлға деген ол индивидтің социумда алған жүйелік сапасы. Өзіндік ұйымдасудың осы арнайы формасы туа берілген индивидтік қасиеттердің үстінде орналасады.
4. Тұлға орнықты тұлғааралық байланыстар жүйесінде ғана түсінікті болады. Кеңестік психологияның базалық жағдайларының негізінде (А.Н.Леонтьев) бұл байланыстар бірлескен іс-әрекеттің мағынасымен, мазмұнымен, құндылықтарымен жанамаланады.
5. Максимализация постулаты: тұлға индивидтің максималды персонализацияға ұмтылуынан туады (А.В.Петровский) Осы постулаттан теориялық гипотезалар туындайды:
а) индивидуалдылығын белгілеу жоспарында құндылықтары бар индивид қабылдаған кез келген бастан кешірулер қажеттілікті персонализацияға маңыздандырады және басқаның мәнділігін іздеумен анықталады онда индивид идеалды түсініктерді алуы мүмкін;
b) индивид қарым-қатынастың кез келген ситуациясында өзінің индивидуалдылығын таратуға және анықтауға ұмтылады, осы нақты жағдайда персонализация мүмкін болады. Оны жүзеге асырудың мүмкін болмауы өзінде жаңа мүмкіндіктерді іздеуге апарады немесе заттық іс-әрекетте өзін табуға апарады;
с) қарым-қатынастың екі немесе оданда көп серіктестерінен субъект максималды адекватты персонализацияны қамтамасыз ететін адамды дұрыс көреді. Соған ұқсас ұзақ персонализацияны қамтамасыз ететін адамды артық көру табылады.
6. Тұлға дамуының индивид аралық қатынастар жүйесінде туындаған қайнар көздері қажеттілік пен персонализацияның арасындағы қайшылық ретінде өмір сүреді.
7. Тұлға онтогенездің сатыларында иерархиялық орналасқан топтарда қалыптасады. Тұлға дамуының сипаты ол қосылған топтың даму деңгейімен сипатталады.
Көптеген әртүрлі тұлға теориялары бар оларда тұлға мәселесі әртүрлі қарастырылады. Мысалы психоаналитикалық теория дамуды қоғамдағы өмірге адамның биологиялық табиғатының адаптациясы ретінде, қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдері мен қорғаныс механизмдерін жасау деп түсінеді.
Қырлар теориясы тұлғаның барлық қырлары өмірде қалыптасады, ал олардың туындау процесі, өзгеруі мен тұрақтануы биологиялық емес заңдарға бағынады деген тұлғаның дамуы туралы түсініктерге сүйенеді.
Әлеуметтік үйрену теориясы тұлғаның дамуы адамдардың тұлғааралық өзара әрекет тәсілін қалыптастыру ретінде түсінеді. Гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны «Меннің» қалыптасуы процесі ретінде талдайды.
Алайда тұлғаның даму мәселесін қарастырған позициялар мен теориялардан басқа интеграцияланған, тұлғаны тұтастық ретінде қарастыратын әртүрлі теориялар мен ықпалдар тұрғысынан анықтайтын бағыт та бар. Осындай ықпалдың аясында бірнеше концепциялар қалыптасты, олар негізгі назарды даму барысында тұлғаның жан жақты өзара байланысқан өзгерулері деп бекітеді.
Психологияның әртүрлі мектептерінде тұлға табиғаты әртүрлі түсініледі, оның себебі, оны психологияның пәні ретінде анықтаумен, психологиялық зерттеулерге деген қатынаспен, зерттеулерде қалыптасқан пршциптермен байланысты болды. Сондықтанда фрейдизм аясында негізгі ұғым инстанциялар мен, өзбеттілі өмір сүретіндердің арасындағы конфликт ретінде қаралғандықтан, тұлға үнемі конфликт жағдайында қаралды.
6- тақырып. Темперамент. Темперамент типтері. Темперамент және жеке тұлға
Әрбір адамның жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі –темперамент. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша-темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз.
Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да, психиканың күші мен тереңдігінен де, адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де жақсы байқалып отырады.
Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.Бұл психикалық ерешеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темпераменттер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрінері – Гиппократ (б.э.д. V ғ... Оның тұжырымы бойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-қан, салқындататын-шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша «сангиус»-қан., ал шырын басым болса (грекше «флегма»-шырын. флегматик темперамент деп, ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше «мелай-нехоле»-қара өт., организмде сары өт басым болса холерик (грекше «холе»-өт. темпераменті деп аталған.
Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді, ол мидың ролінтүсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл – адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален (б.э.д. II. темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау – сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге үлкен соққы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейінен темперамент организмнің түрлеші физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724-1804. өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде қарастырды.
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологтясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер.. Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:
Лептосоматик – бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
Пикник – мығым, сезімшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
Атлетик – бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
Дисплатик – дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар.
Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик – дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын. Иксотомик – денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым-ишара жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик – сезімшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған – Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Бұл ғалымның да темперамент типтерін айыруда ұстанған принципі – адам дене құрылымы және оның өзінің жаңалығы - эмбриологиялық белгілер.
Конституционалдық тұжырымдардың көпшілігі жантану ғылымында өткір сынға алынды. Бұл теориялардың негізгі кемшілігі: тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуі.
Ал ғылым шындығына келетін болсақ, адамдағы психикалық процестер мен оның қылығы жүйке жүйесі қызметімен байланысты екендігі ежелден-ақ белгілі болған. Темперамент тұрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелігіне тәуелді келуі И.П. Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде эксперименталды дәлелденген.
И.П. Павлов иттің шартты рефлекстік әрекет ерекшеліктерін зерттей отырып, олар қылық-әрекеттеріндегі даралық өзгешеліктердің пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердің рефлекстік қозуларды мен сол қозулардың сөну теңдігі мен дәлдігінен көрінген. Бұл жағдайлардың көрінуі жүйке процесінде қалыптасатын тұрақты қасиеттер – қозу және тежелуге байланысты екендігі жөнінде эксперименттермен дәлелденген. И.П. Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін, тепе-теңдігін және қозғалмалылығын атап көрсетті.
Қозу күші мен тежелу күші – бір біріне тәуелсіз жүйке жүйесінің дербес қасиеттері. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекетшендік қабілетінің белгісі. Осы күшке орай жүйке төзімді, ұзақ не қысқа мерзімді әсерлі қозуды сақтай алады, тежелуге бейімделеді. Ал тежелу күші жүйке жүйесіндегі күшті әоерлерді басып, сөну және біріктіру шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады.
Жүйке жүйесі процестерінің тепе-теңдігі қозу мен тежелу құбылыстарының өзара бірдейлік сипатын көрсетеді. Осы екі процесс күштерінің аралық қатынастарынан, бір процесс күші екіншісінен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы не ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды. Жүйке жүйесінің үшінші қасиеті – жүйке процесінің қозғалмалылығы – бір жүйке процесінің екінші түріне ауысу жылдамдығына көрінеді. Сонымен бірге, жүйке процестерінің қозғалмалылығы адам қылық-әрекетінің өмір жағдайларының өзгеруіне сай қалыпқа ене алу қабілетін де танытады. Жүйке жүйесінің мұндай қасиетінің өлшемін бір әрекеттен екіншісіне, енжарлықтан белсенділікке немесе кері өту шапшаңдығымен бағалаймыз. Жүйке қозғалмалылығына қарсы құбылыс – жүйке жүйесінің селқостығы. Бір процесс түрінен екіншісіне өту үшін қаншалықты көп уақыт пен кұш қажет болатын болса, жүйке жүйесінің селқостығы сонша үлкен болғаны.
Аталған жүйке процестерінің қасиеттері негізінде жүйке жүйесінің типі немесе жоғарғы жүйке қызметінің типі деп аталатын құрылым түзіледі.Бұл жұйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер бірлігінен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы.Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И.П. Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты;
-
күшті,қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы – сангвиник;
-
күшті,қозу мен тежелуі теңдей,салғырт – флегматик;
-
күшті, қозуы басым – холерик;
-
әлсіз тип – меланхолик.
Сонымен, И.П. Павлов түсінігінде, жүйке жүйесінің типі тума беріледі, тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан өзгеріске келе бермейді. Осыдан жүйке жүйесінің қасиеттері – жүйке жүйесінің жалпы психикалық көрінісі болған темпераменттің физиологиялық негізін қалайды, яғни адам темпераменті – жоғары жүйке жүйесінің сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесі.
7-тақырып. Темперамент қасиеттері.
И.П. Павлов негіздеген типология темперамент психологиясы саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді. 50-жылдары жұргізілген осындай ізденістер нәтижесінде И.П. Павловтың шәкірттері В.М. Теплов, кейін В.Д. Небылицын темперамент типологиясын жаңа элементтермен толықтырды. Ересек адамның жұйке жүйесін эксперименталды талдауға ала отырып, жүйке процесіне байланысты екі қасиетті ашты: лабильдік және динамикалық. Жүйке жүйесінің лабильдігі – жүйке процесінің туындау және сөну шапшаңдығында көрінеді де, ал динамикалылығы – қоздырғыш, ұнамды және кері әсерлі, тежегіш шартты рефлекстердің оңай және жылдам түзілуінен байқалады.
Көп зерттеулердің нәтижесінде осы заман психологиясының теориялық тоқтамы: әрқандай адам белгілі типті жүйке жұйесіне ие. Нақты жұйкелік типке сай темперамент қасиеті дара психологиялық өзгешеліктердің мазмұның құрайды.
Психологияда жүйке жүйесінің белгілі типі адамның қылығынан, іс-әрекеті мен еңбегінен, оқу әрекеті мен ойнынан, сөйлеген сөзі мен спортпен шұғылдану әрекетінен белгі беріп, меншікті дара өзгешелігін көрсетуіне байланысты сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик деп төртке бөліп сипаттаймыз.
Сангвиниктің змоциялық қозуы шапшаң, күшті бірақ тұрақсыз. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Ол - әсершіл адам. Ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі уақиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі блып келеді. Ұзақ уақыт мұнайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі сергек. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика қимылы көп. Ақжарқын, ашық. Мұндай адам басқалармен жылдам жақындасады, бірақ қатынас-байланысында үстірттік болады. Қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпынуы көп, бірақ оп-оңай солғындап қала береді, бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады.Уәде береді, бірақ оны орындай алмайды. Ойынға қызу қатысады, ойын процесінде рөлін өзгертіп отырады, өкпелепқалуы оңай, өкпелесе, жылап жібереді, алайда, ренжігенін лезде ұмытады, көзінің жасы кеппей-ақ, күле бастайды.
Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ-сарқетіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызылу, жігерлі, пысық және іс-әрекет атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа құмарта беріліп, екпінмен істейді, анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомимикасынан білініп тұрады.
Холерик бала белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі, бастаған іс-әрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға құмар. Өзі де ұйымдстырып, аяғына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ сақтайды.
Меланхоликтің эиоциялық көтерілуі табанды, күшті, тұрақты болады, сыртқы көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады, олар бойын билеп, санасында терең із қалдырады, көңіл күйлері бірқалыпты ұзақ сақталады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, кейде қайғылы да болады. Сыртқы жағдайдан үрейленіп, сескеніп тұрады, кедергі кездессе, уайымдап қажи түседі, қимыл-қозғалыстары ақырын, баяу болады. Мәнерсіз, ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе, іс-әрекетін толық аяқтап шығады.
Меланхолик бала сыпайы, момақан, жасқаншақ келді, біреу сұрақ қойса, қысылып, ұялып қалады, көңілденуі де, өкпелеп ренжуі де қиын, ренжіп қалса, көпке дейін ұмытпайды, ойынға бірден қосылып кетпейді, жатырқап тұрады, кешігіп барып қатысады, іске де бірден кіріспейді, бір бастап кетсе, ойынды да, жұмысты да аяқтап шығады.
Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануда, жабырқап қайғыру да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды сөйлейді. Кісімен араласып жақындасуда мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады.
Флегматик бала байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса, есебін тауып жлтарып кетеді, тыныштықты жақсы көреді. Көңіл көтеретін сауыққа да әуес емес, бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.
Әрбір жеке адамның темпераментінде жалпы адамдарға ортақ, типтік бірсыпыра сипаттары болады. Сол сипаттарымен әр адам темпераменттің белгілі бір типіне қосылады. Жоғарыды атап айтылғандай, таза темперамент типтері өмірде сирек кездеседі. Көп адамдарда бір типтің сипаттары басқа типтердің сипаттарына қосылып, араласып жүреді.
Сонымен, темпераменттің адам психикасындағы мәнін жоғары бағалай отырып, оның адам бойындағы табиғи қасиет – жүйке жүйесінің типтерімен байланысты екеніне көз жеткіздік. Темперамент – адамның дара психологиясының өзіндік бір сипаты ғана.
Темперамент және іс-әрекеттің даралық стилдері. Адамның қарым-қатынасы, танымдық процестері және әрекеттеріндегі темперамент қасиеттерінің көрнісі оның іс-әрекетінің даралық стилін анықтайды. Ол іс-әрекеттің динамикалық ерекшеліктерінің темпераментке тәуелді қалыптасқан жүйе. Іс-әрекетінің даралық стилі сол адамға тән әрекеттер тәсілін құрайды. Бірақ іс-әрекетінің даралық стилі толығымен темпераменке тәуелді деп айтуға болмайды, ол өзінің құрамында өмір барысында қалыптасқан іскерліктер мен дағдыны енгізеді. Іс-әрекетінің даралық стилін адамның оргаизімі мен жүйке жүйесінің тума қасиеттерінің орындалып келген іс-әрекеттің шарттарына бейімделу нәтижесі деп те қарастыруға болады. Бұл бейімделу іс-әрекетте неғұрлым төмен мөлшердегі шығыспен жоғары нәтижелерге жетуді қамтамасыз етуі қажет.
Адамды әрекет барысында бақылау кезінде темперамент белгілері (түрлі қозғалыстар, реакциялар, әрекет-қылық формасы. деп қарастыратынымыз, темпераменттің емес іс-әрекетінің даралық стилінің белгілері болуы мүмкін. Іс-әрекетінің даралық стилінің белгілері темперамент белгілеріне ұқсас та, алшақ та болуы мүмкін.
Іс-әрекетінің даралық стилінің ядросын адамда бар жүйке жүйесінің тума қасиеттерінің кешені анықтайды (Климов Е.А. Индивидуальный стиль деятельности //Психология индивидуальных различий: Тексты. – М., 1982..
Темперамент және жеке тұлға. Темперамент және жеке тұлғаның өзара байланысы тұлғаның басқа да көптеген қасиеттері (ең алдымен мінездің. жалпы негізі ретінде сипатталады. Бірақ ол сәйкес тұлға қасиеттерінің динамикалық көрінісін анықтайды. Темпераментке тұлғаның келесі қасиеттері тәуелді: эмоционалдық, импульсивтілік, алаңдаушылық.
Бұл тұлға қасиеттерінің өзара бірігуі темпераменттің дара типін жасақтайды. Сондықтан тұлғалық қасиеттердің бұл сипаттамалары темпераменттің даралық ерекшеліктерін сипаттауда бірге беріледі. Темпераменттің бұл көрністері, нәтижесінде тұлға қасиеттеріне айнала отырып, оқыту, тәрбиелеу, әсер ету, мәдениет, дәстүрлер сияқты сыртқы ықпалдарға тәуелді.
8-тақырып. Мінез. Мінездің қалыптасуы
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі – із қалдыру. Психологияда бұл – дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.
Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекет сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, ақыл-ойына да байланысты болады. Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестері оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, көңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады.
Қоғам әсерлері мен ықпалдарн бейнелейтін мінез мазмұны жеке адамның өмірлік бағыт бағдарын құрайды, яғни оның материалдық және рухани қажеттіліктеріне, қызығуларына, наным-сенімдеріне, мақсатарына негіз болады. Мінезге қарай адамның дүниеталғамы, өмір мәнеі, әрекет-қылықтарының себептері анықталады.
Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын байқалады: біріншінің қимыл әрекеттері – шапшаң, екіншісінің қимыл әрекеті – баяу, бірақ тыңғылықты, үшінші – іс-әрект барысында белгілі нақты шешімге келеді және т.б. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктерді - мінез бітістері дейміз. Қандай жа бір бітіс - әрекет-қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.
Мінез бітістері мен оның сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Бірақ, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, адам әдетіндей бірқалыпты, механикалқ қайталана бермейді. Әдет пен мінез бітістерінің арасында өзара байланыс болғанымен олардың табиғаты екі бөлек. Мінез бітістері әдетке қарағанда адам қылығына ықпал ете отырып, сол әрекет-қылық барысында қалыптасады. Сондықтан мінез бітістерінің қалыптасуын әрекет-қылық мотивтерінен бөліп қарауға болмайды.
Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық қарама-қарсылықтарында көрінеді: күшті-әлсіз, қатал-жұмсақ, тыңғылықты- бейтарап және т.б. Мінез қаталдыңы өжеттік , тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші және екінші деңгейлі қасиеттердің дәрежесімен анықталады. Қасеттердің бәрі өзара үйлесімді келсе тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе – қайшылықты мінез орнығады. Адамның қызығушылықтары мен ұмтылыстарының, жан-жақты дамығандығы мен көп түрлілігі мінездің кеңдігін танытады.
Көп жағдайда мінез және темперамент салыстырылып түсіндіріледі. Темперамент пен мінездің өзара байланысы :
-
Темперамент пен мінездің өзара тығыз байланысы (Кречмер.;
-
Мінез темпераментке қарсы шығуы мүмкін деген (антогоностикалық қатынас – Викторов, Левтитов.;
-
Темпераментті мінездің элементіретінде;
-
Темпераментті мінездің тума негізі ретінде мінездің қалыптасуының негізі деп мойындау.
Адам мінезі – адамның өмір бойы қалыптасқан дара ерекшеліктерінің жүйке жүйесінің қызыметінің тума қасиеттерімен байланысы. Оған дәлел ретінде шыншыл немесе мейірімді, өтірікші, зұлым болу темпераменттің кез келген типінде кездеседі. Бірақ мінездің кейбір ерекшеліктері темпераменттің нақты типтерінде неғұрлым жеңіл қабылданады. Қарым-қатынас жасаушылық әрине сангвиник және холерикке тиімді.
Біргелкі темпераментке ие адамдарда әрқилы мінез белгілері болуы мүмкін. Темперамент ерөкшеліктері қайсыбір мінезді дамытып, баскаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке карағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректілікті дарытуы қиынға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиник ұқсап көпшілікпен тез тіл табысып кете алмайды, т.с.с.
Мінезі түракгалған адамда темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қалып, мінез бітістеріне сай әрекет-қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез және темперамент бітістері адамның біртұтас келбет-кейпінде өзара байланысқа түсіп, тұлға дара-лығының интегралды сипаттамасын береді,
Мінез бен ерік арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда “мінезді адам” және “еркі күшті адам” сөз тіркестерін бір мәнде түсенеміз. Ерік, көбіне, мінез күші-мен, қатаіщығымен, табандылығымен ж.т.б. байланысты. Адам мінезінің күштілігін айта отырып, ондағы еріктік сапа-лар мен мақсат беріктігін ескереміз. Бул тұрғыдан адам мінезі ерік сапаларын қажет ететін қиын жағдайларда, үлкен кедергілерді жеңуде көрінеді. Алайда, мінез тек күш сипатымен айқындалмайды, онда әрқилы өмір жағдайына орай ерік әрекетінің қызметін бағыттаушы мазмұн бар. Бір жағынан, еріктік әрекеттерде мінез қалыптасады әрі көрінеді, адам үшін маңызды ситуацияларда ерік мінезге ауысып, тұрақты қасиет түрінде бекиді; кейін осы қасиет адам қылығы мен еріктік әрекеттеріне ықпал етеді. Ерікті әрекет әруақыт мақсатына орай нық, турақты және табан-дылығымен ерекшеленеді. Екінші тараптан, еркі бос адамды көп жағдайда “мінезсіз” деп сипаттайды. Психологиялық турғыдан бұлай болмауы тиіс, еркі бос адамның да қандай да мінез бітістері баршылық: қорқақтық, жүрексіздік, сенімсіздік ж.т.б. Мінезі айқын болмағандықтан адамның іс-әрекет, қылығын алдын ала болжастыру мүмкін емес. Мұндай адамда оның қылық-әрекетіне жетекшілік еткен-дей дербес бағыт-бағдар жоқ. Оның әрекеттерінің бәрі өз билігінде болмай, тысқы ықпалдарға тәуелді.
Мінез ерекшеліктері адамның сезімдік процестерімен байланысты, әрі бұл байланыс өзара ықпалды. Бір тараптан, инабаттық, эстетикалық, интеллекттік сезімдердің даму деңгейі адамның іс-әрекеті мен қатынасына және бұлар негізінде қалыптасқан мінезге тәуелді. Екін-шіден, осы сезімдердің өздері тулғаға тән турақты ерек-шеліктерге өтіп, адам мінезін қурайды. Борыш сезіну, әзілді көтеру, т.с.с. күрделі сезімдердің болуы жоғары да-мыған адамның сипатын танытады.
Адамның мінез бітістерінде ақыл-ой (интеллект. үлкен маңызға ие, ой тереңдігі мен жүйріктілігі, қалыптан тыс мәселелерді қоя біліп және оны дербес шешу, ой жумысындағы ынта мен сенім – бәрі адам мінезінің ақылдық қорының белгісі. Ал осы ақыл қабілетін пайдалануда бағыт таңдау – тікелей мінезге байланысты. Тұрмыста ақылға кенде емес, бірақ (мінез жарамсыздығынан. жарытып, ештеңе өндірмейтін адамдар аз емес.
Мінез құрастырушы көптеген қасиеттер біртұтас, оларды даралап, шектеуге келе бермейді (өшпенділік, күдікшілдік, сайқалдык, т.б... Ал кейбір қасиеттер, мысалы, еріктік (жүректілік, дербестік т.б.., сезімдік (жайдарылық, көңілділік т.б.., ақыл-саналық (ой терендігі, сындарлық т.б.. адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде талдауға келеді. Барша мінез бітістері өзара заңдылықты байланысқан: батыр адам – сақ та табанды; ашық адам – жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б.
Мінездің қалыптасуы. Адамның алғашқы өмір қадамдары тіршілік проблө-маларын шешуден гөрі көбірек төңіректегі оқиғалар мен қубылыстарды бақылауға (созерцательность. бағыттала-ды. Негізінен объекттермен қатынасқа түсе отырып, бала болмыс мәнін түсінуге үмтылады. Соған байланысты өз қылық-әрекеттерінің орынды не орынсыз екенін бағам-дай бастайды. Баланың сезімталдығы жас ұлғайған сайын кеми бастайды. Солайда болса, балалық шақта игерілген тәржірибе мен білім бозбалалық кезеңнің турақты мінез бітістеріне арқау береді.
Бозбалалық (юность. шақтың өмірге қойған талап-тары өте жоғары да бірбеткей көледі, қажеттіктер ауқы-мы көңейеді, аласапыран, күйзелісі мол, ерік күшін керек
Мінездік бітіс асқынуы (акцентуация. психологияда – мінездің кейбір бітістерінің қалыптан тыс дамып, тұлға психикасының “әлсіз жерлері” формасында көрініс беруі. Мұндай да адам жалпы тұрақты қасиеттерге ие бола тұра, кейбір әсерлерге өте кінәмшіл, шыдамсыз келеді. Асқын-ба мінез адамы қиын жағдайларда төзімділіктен айрылып, мінез-құлығының ақаулығын жасыра алмайды. Тулғалық мінез асқынуына тап болған адам қоршаған орта әсерлеріне берілгіш, психикалық күйзеліске көп түседі. Егер жағымсыз әсерлер мінездің “әлсіз жерлеріне” соққы болып тиетіндей жағдай болса, адам қылығы күрт өзгереді, мінездің шектен тыс дамыған бітістері адам билігіне ырық бермей, басқа ұнамды қасиеттердің бәрін жоққа шығарады. Кейбір адамдардың жәй әзіл немесе сын көтермеуі, екіншілердің – орынды, орынсыз тіке, шыншыл болуы – осы мінез бітісі асқынуының айқын мысалы. Мінездің мұндай ұнамсыз жәйті жасөспірім шақта қарқынды дамып, уақыт өтумен қалыпты күйге түсуі мүмкін, ал адамды қоршаған үнамсыз жағдайлар басымдау болса, психикалық сырқаттарға тап қылады.
Сонымен қатар, мінездің қалыптасуында Мінездің ұлтгық ерекшеліктері. Ұлгтық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бір-лестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың,. Үлттың, халықтың өмір тіршіліп” мен әлеуметтік жағдайының түтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен үлттың, эт-ностың өзіндік мінез-қүлықтарының ерекшеліктері болатындығы – тарихи шындық және объектив фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп түра-тын өзіндік сипат-касиеттері бар, Ыбрай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез-қүлқына тән бірсыпыра кңсиет-терді атап көрсеткен-ді, Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кең пейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ, олардың бойында өзге де мінез-құлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналасуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз әнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбек сүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады. Әрбір ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тән қасиеттердің жай-жапсары - әлеуметтік психология саласы – этникалық психологияның зерттейтін төл пәні.
Адамның мінез-құлқының өзгеріп отыруына әлеуметтік жағдайдың үнемі ықпал етіп, оның жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми түрғыдан анықтылған тарихи шындық және объектив фактор.
Мінез және жеке тұлға. Мінез және жеке тұлғаның өзара байланысы темперамент мәселесін қарастыру кезінде тоқталып өттік. Тұлғалық қасиеттердің жалпы құрылымында мінез басқа қасиеттер мен әрекет-қылықтың ерекшеліктерін біріктіре отырып, орталық орынға ие лік етеді. Мінез – қабылдау, зейін, қиял, ойлау, ес сияқты таным процестеріне әсер етеді. Бұл әсерлер мінездің еріктік және құралдық бітіс ерекшеліктері арқылы жүзеге асырылады. Ал адамның эмоционалдық, мотивациялық және еріктік сфералары тікелей мінезге тәуелді. Ең алдымен мінез адамның даралығын, өзіндік ерекшелігін анықтайды.
Мінез сонымен қатар, басқа қасиеттеріне қарағанда өзінің тұрақтылығымен, неғұрлым ерте қалыптасатындығымен ерекшеленеді.
Нақгы мінездің орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екіншісінін мінезіне таңбасын салады, осыдан көй адамдар әрекет-қылығында өзара ұқсастыққа келеді немесе қарама-қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншсі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет қатынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек келіп, мінез түрінің басқаларынан ажыралуына себепші болады.
Достарыңызбен бөлісу: |