«жалпы психология -іv» ПӘні бойынша


-тақырып. Топтар және ұжым. Топтағы жеке тұлға



бет6/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.91 Mb.
#134122
1   2   3   4   5   6   7   8

17-тақырып. Топтар және ұжым. Топтағы жеке тұлға.

Әрбір адам белгілі бір қоғамға немесе үлкен топқа енеді. Адамдарды жалпы екі топқа бөлуге болады, бұл олардың спецификалық – психологиясының ерекшеліктеріне байланысты, екі топқа бөлінудің негізі топ ішіндегі мінез байланысында. Бірінші жағдайда бұл объективті берілген әлеумметтік байланысына байланысты.

Адамдардың осы топтарға мүше болуы олардың еріктеріне тәуелді емес. Ол объективті түрде белгіленген. Белгілі бір мақсаты – бағыты бар адамдар бір топқа бірігуге әкеледі, бұны жекеленген топ деп қарауға болады. Бұл бірігулер негізі психологиялық көріністерден құрылады.

Үлкен әлеумметтік топтарды басқа да қасиеттеріне қарап кластауға болады.

Ұзақ мерзімде өмір сүруіне байланысты класстар, нациялар және белгілі бір уақыттағы митингтер, көпшіліктер, т.е топтар.

Топтың ұйымдастыруына қарай стихиялы түрде ұйымдасқан топ және арнайы ұйымдастырылған топтар болып бөлінеді.

Үлкен әлеуметтік топтар ашық және жабық болуы мүмкін. Әлеуметтік топтар дамуына байланысты бірнеше этаптан өтеді.

Г.Г. Дилигенскийдің классификациялануына байланысты үш нұсқамен қарастырайық.

Бірінші нұсқа - типологиялық .Ол мынамен мінезделеді, бұл топтың мүшелері объективті түрде бір-бірінің қасиетіне тән. Бұл қасиеттер жеке дара әрекетке белгілі бір мәні болуы мүмкін.Мысалы кәсіпкердің бірінші деңгейде әлеуметтік топ құруын қарауға болады.Олардың әр қайсысы өз ісімен белгілі бір әрекетпен байланысады.

Екінші нұсқа әлеуметтік топ мүшелері өздерін осы топқа қажет екенінде,және сол топқа мүше екенің сезінуінде.Бұл идептификациялық деңгей.

Мысалы:Кәсіпкер өздерін белгілі бір қоғамға мүше екенінде сезінуі.

Үшінші нұсқа Топ мүшелері ұжым мақсатына өз іс-әрекеттерін жұмсау.Дилигенский бойынша салдарлы деңгей.Оны интегрировалық деңгей деуге де болады.Мысалы:Кәсіпкер ассоцияларға, корпарацияларға бірігіп басқа да серіктестіктермен жұмыс істеуі белгілі бір бағдарлама,стратегиясын жасауын қарауға болады.

Психологиялық көріністер үлкен әлеуметтік топта психикалық сферада дараланады-кооперативті қажетті –мативациялы, аффектілі,регулетивті жігерлі.

Когнетивті сфераға жататындар ұжымдық көзқарастар, әлеуметтік ойлар, қоғамдық пікірлер т.б.

Когнетивті процесстер мазмұны тарихи-қоғамдық дамумен анықталуы. тарихи-процессте жаңа замандағы орыс қоғамындағы әлеуметтік-эканомикалық саяси өзгерістер қарауға болады.

Қажетті мотивациялы сферада толық топтың мативациямен мінезделеді, топтың қажеттілік,көз-қарастар, мақсаттар, байлықтар, идеялар.

Әлеуметтік психологияда қажетттілік адам өміріндегі іс-әрекеттерінде пайда болады.

Әлеуметтік топтарды психологияда қажеттілікті екі түрге бөліп қарауға болады:

1.топтағы қажеттілік бұған белгілі жағдайдағы топ функциясы

2.Көпшілік тұлғалардың қажеттілігі бұған топқа сай қажеттіліктерді қарауға болады.

Топ қызығушылығында субъекті түрде материалды жағдай көрініс береді.Осыдан қажеттілікті қанағаттандыратын әрекеттер айқын көріністер береді.Қоғамдық көзқарасты әлеуметтік топқа деген қызығушылық танылады.

Мотивациялық сферада өмірлік бағыт бағдар ескеріледі.Ол өз алдында таңдау не шешімге келуге альтернативалық жағдайларды ескереді.

Бұнда топтық іскерлігі,жеке тұлғалар,болашақтағы жасалатын жұмыстар айқын көрінеді.Олар өмірлік іскерлікті анықтап қажет етеді.

Идеалдар әлеуметтік психололгиялық жоспарда бейнеленіп көрініс немесе реалды,реалды емес образдарға сай көрініс болып келеді.

Афекті сферада - үлкен әлеуметтік топтар психологиясында сезім,көңіл күй эмоциялара қосады.Әлеуметтік сезім үлкен әлеуметтік сезімді эмоцияларды қарым-қатынас фактілер жағдаяттарда әлеуметтік айқындылықта нақты көрінеді.

Қоғамдық көңіл-күй феномені үлкен топтың психологиясында ең негізгі болып табылады.

Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш – қуат пен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік –психологиялық климатпен айқындалады. Әлеуметтік-психологиялық климат адамның осындай климаттағы ұжымда өзін барынша жайлы сезініп, тұлғалық және кәсіптік қатынастарда өзін жан-жақты таныта алуын білдіреді. Ұжымдағы психологиялық климаттың мазмұндық сипатын адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан психологиялық климатты сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен жылы шырайлылықпен, парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектікпен ерекшеленеді. Сондықтанда А. С. Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңілді /мажырлы/ екпінге баса мән берген.

Әлеутеттік-психологиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекет пен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді.

Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипаттамасына баса мән беріледі.

Ондай сипаттамаларға мыналар жатады:



  • ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі мен нәтижесінде қанағаттандыру;

  • ресми және бейресми жетекшілердің беделін мойындауы;

  • ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй;

  • ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі басқаруғақатысуының жоғары деңгейі;

  • ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшылдығы;

  • сапалы тәртіп;

  • еңбектің өнімділігі;

  • кадрлардың тұрақтылығы;

Күнделікті жігерлік немесе іскерлік үлкен топ психологиясының сферасында ұжымның тәртібі іскерлігі қаралады.Үлкен әлеуметтік топтар іскерлігі белгілі субъекті формаға мақсат қояды.

Жоғарыда қарастырылған сфералар үлкен әлеуметтік топтар психологиясында органикалық түрде көрінеді:

1.Анықталған жалпы типті тұлғалық мінездеме.

2.Жалпылы психологиялық қоғамдық мінездеме (халықтар,класстар,нәсілдер т.б).

Психологиялық реңк-нақты пайда болған психологиялық жалпылық.Бұған әлеуметтік мінез мәдениетпен,әдеттермен анықталады.Ол әлеуметтік қажеттілікті, әлеуметтік процестердегі жағдайларда пайда болады.

Салт деп- тарихи түрде қалыптасқан белгілі-бір жағдайда пайда болған,өмірде заңды түрде қалыптасқан ережелер жиыны деуге болады.

Психологиялық ерекшеліктер әлеуметтік топтарда әр қилы көрінеді.

Үлкен (таптар, ұлттар) және сол сияқты кіші (ұйым,отбасы) әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары, оған топтасу, басшылық және көшбасы болу, топтық әрекет жасау тиімділігі сияқты процестерді зерттеу кіреді;

Тұлғаның әлеуметтік психологиясы,оның қоммуникациялық сапаларын талдау,әлеуметтендіру мәселелері, әлеуметтік мақсатты қалыптастыру және ауыстыру.

Осы аталған барлық мәселелер әрекет жасау кезінде жүзеге асырылатыны белгілі.Бұған шығатын қорытынды, әлеуметтік психологияның бірден-бір нысаны-топ ішіндегі, әрекет жасау үшін біріккен нақты әлеуметтік топтардағы барлық әлеуметтік-психологиялық құбылыстар. Олардың маңыздылығы детерминанты болып табылады. Осындай әдістемелік принциптерде құрылған әлеуметтік психология даму бойындағы қасиеттері жетілдіруге себепші болады. Ресейдің әлеуметтік психологиясындағы осындай теориялық және әдістемелік мәселелерді Г.М.Андреева, С.С.Кузьмин, В.Н.Князев, В.К.Липинский, А.В.Петровский, А.В.Филипон секілді салымдар бір жүйеге келтіріліп жүр .

Үлкен топқа біз мемлекетті, бір жынысты ұлтты жатқызамыз. Мысалы,: дүние жүзінде ер адамдар, әйел адамдар, жастар, кәрілер бұлар үлкен топқа жатады.

Үлкен топтың кіші топтан айырмашылығы мынада үлкен топта әлеуметтік әрекетті спецификалық тұрғыда реттеу болады, ал кіші топта мұндай жоқ. Бұлар салт-дәстүр. Белгілі әрекеттер бұл топтың өмірін сипаттайды. Әрекет арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас контактлерін анықтауға болады. Үлкен топта «тіл» ерекшеліктері бойынша алады. Сонымен қатар сөйлеу мәдениетті бұл көбінесе жастарға байланысты болады. Мысалы,: топты мамандықты, жастарды бір тізімге қоюға болмайды. Енді үлкен топтың құрылымдық психологиясы қандай деген сұраққа жауап берсек.

Құрылымдық психологияға көптеген элетенттер енеді, яғни әр жеке тұлғаның өзіндік психологиялық құрылымы, психологиялық процестері, психологиялық кейпі. Зерттеулер бойынша:

1. Психологиялық жиынтық бұл тұрақты білім (әлеуметтік мінез, салт-дәстүр).

2. Эмоционалдық жиынтық бұл қозғалмалы динамикалық білім (көңіл-күй, қажеттілік, қызығушылық).

Үшінші бір мәселе бұл-үлкен топқа кіретін әр жеке тұлғаның санасы . Үлкен топтың ішіндегі әлеутеттік топтардың ерекшеліктері көптеген қызығушылықтарды тудырады. Миндей мен Аронсон томдарында «топ» деген сөздің өзіне көптеген анықтамалар берілген.

Еврей авторларының айтуы бойынша «топ» деген ұғым «шындық» дегенді білдіреді, ал американдықтардың айтуы бойынша «буржуазия» деген ұғымды білдіреді. Бұлардың ұғымдары әр түрлі болған мен олардың мақсаты бір. Ол топтың психологиясының мінездемесінің бұл топқа енетіндердің әрекеттерінің бір-бірімен байланысты.

Үлкен топқа енетіндердің әрекеттерімен топтың психологиялық мінездемесінің бір-бірімен болатын байланыстары яғни әлеуметтік топтың психологиялық мінездемесі әлеуметтік топқа енетіндердің әрекеттері бір-біріне әсерлесуіне әлеуметтік психологиядағы әлеуметтік салт-дәстүр әр түрлі болуы мүмкін.

Маркстік әлеуметтік дәстүр бойынша «топ» 3 сызық бойымен жүреді.

- нақты бір топтың психологиялық ерекшелігі, яғни бұл топ тарихта да қазіргі кезде де өмір сүреді.

- белгілі бір эпохада пайда болған топқа көңіл бөлу.

- топтың психологиялық мінездемесі топқа енетіндердің ішінде ерекше орынды топтық қажеттілік алады. Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін белгілі бір әрекеттер жасалды. Қорыта келсек үлкен ұжымдарда

өзара қатынастың күрделі құрылымы қалыптасады, олар барынша қунақы, кейде тіпті ұрыс-жанжалға бейім, бірақ осындай ұжымдарда жарқын, ешкімге ұқсамайтын тұлғалардың танылуы мүмкіндігі бар.

Әрбір әлеуметтік топтың әлеуметтік құрылымы бар және ол үш негізден тұрады: мәртебелі – рөлдік қатынас, мамандандырылған – дәрежеленген мінездеме және жыныстық құрам.

Біз топтағы қақтығыстардың, жағымсыз эмоциялардың қайдан шығатынын біле және түсіне бермейміз.Бұл сұраққа американдық психолог Олпорттың адамның рөлдік қылықтары кестесінен кейін жауап беруге болады. Бұлардың барлығы әлеуметтік рөлді орындаудан басталады. Мысалы, белгілі бір тұлға басшы орнына тағайындалады.Әр топтарда әр түрлі ойлар қалыптасады: біреулер демократиялық немесе либералды басшыны (көбіне шығармашылық және ғылыми топтарда ) басқалар қатал және авторитарлы (өндірістік топ). Енді қауым адамнан нені қажет екендігін түсіну керек.Өз рөлін түсінбеген адам қиналады.Әрине бұл жағдайға адамдар көп көңіл бермейді, ал қақтығыс туғанда, бұл адамнан басқалар нені қажет етіп тұрғанын түсінбегені байқалады. Кейбір адамдар қауым одан нені қажет етіп тұрғанын біліп, бірақ осы адам оны істемейтінін саналы түрде түсініп тұрса да сол рөлді қабылдайды.Өз рөлін түсінгеннен кейін ғана адам рөлді қабылдау немесе одан бас тарту керек.Рөлді қабылдау қарым – қатынаспен байланысты. Түсіну және жаңа рөлді қабылдау өте қиын және сол адамның кейпіне кіріп, ішкі жан дүниесі мен жаңа орнына үйренуге біршама уақыт керек.

Рөлді жүйенің келесі сатысы – рөлді ойнау немесе іске асырудың екі жағы бар, олар: рөлдегі адамның қылықтары және ортаның берген бағасы. Соңғысы, адамның өзіне - өзі берген бағасы және әртүрлі мәртебелі орындағы адамдардың бағалауы болып табылады.

Топтың әлеуметтік құрылымы – мамандандырылған – дәрежеленген мінездеме.Бұл құрылымға білім деңгейі, кәсіп және топ мүшелерінің дәреже деңгейі кіреді. Ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасының кестесі. Үшіншісі – топтың жыныстық және жастық құрамы.Басшы үшін бұл өте қажет , өйткені жастық кезеңдердің психологиялық ерекшеліктері болады.Сонымен бірге жыныстық жақпен бөліп, айтар болсақ, әйелдер ұжымы эмоционалды болып келеді және осы ұжымда рөлдік қақтығыс көп болады. Ал ер адамдар тобы қаталдыққа бейім келеді, олар инертті, рационалды, сондықтан топта әйелдер мен ер адамдардың араласуы ұжымда психологиялық хал – ахуалдың жағымды болуына ықпалын тигізеді.

Әрине, топтап, ұжымнан «сырт қалғандардың» жағдайы қиын. Мұнда да адамның тумысынан берілетін қасиеттері де (флегматик, меланхолик темпераментінің өкілдері) себепті болады. Сондықтан, топ жетекшілері мен белсенділер осы жайтты ескеріп, ондай адамдарды ұжымға тартудың тиімді жолдарын қарастырулары тиіс. Іс - әрекеттің қандай түрі болмасын оның атқарылуы оңайға соқпайды. Кейде ол терең сапалылықты, терлеп – тепшуді, шаршап шалдығуды қажет етеді, тіпті адамды стресс жағдайларына (діңке құру, болдыру) ұшыратуы мүмкін. Сонымен қорыта айтатын болсақ, топтағы адамдар индивидуалдылығымен ерекшеленеді, өзіне тән темпераменті, мінезі, ойы мен интеллектісі, өзінің құндылығымы көрінеді. Осы индивидтер танысады, қарым – қатынасқа түседі, уақыт өте топтағылар бір – бірлерін түсініп, қабылдап, жағымды қарым – қатынаста болады.

А.А.Бодалев, В.Н.Панферов сияқты психологтар эксперимент жүргізгенде таныстық кезінде адамның ойында бірінші шашы қалады. Психологтар адамдарды қабылдауда психологиялық типтерді көрсетеді, олар: жағымды, жағымсыз және адекватты. Жеке тұлғаны жағымды түрде қабылдасақ, біз оған өте жоғары баға береміз, яғни «жамандықтарын жасырып, жақсылықтарын асырып » айтамыз, ал егер керсенше, жағымсыз болса сол тұлғаның кері, яғни теріс жаман қасиеттері алдымен көзге түсіп, сол тұлғаға сенімсіздікпен қараймыз. «Қатарласу» эффектісі – белгілі бір тұлға жайлы мәліметтер, ақпараттар жинау сол тұлғаға көптеген әсерін тигізеді. Сол тұлғаға жамандық ойлайтын адам ол туралы ақпарат жинап басшыға және оның жақындарына жеткізуге тырысады. Өз - өзін ақтап, олай болмағандығы туралы дәлелдеу көптеген ауыртпалықтарды алып келеді.

Көптерге мәлім эффект бұл жағымды қасиеттер беріледі, ал оның ойлағанындай адекватты емес қасиеттері, іс - әрекеттері адамды ренжітеді, көнілін қалдырады.

Қарым – қатынастың психологиялық механизмін және бір – бірлеріне әсер етуін белгілі бір қатарға тізіп қоюға болады. Бұл қатарда ең бірінші жұғу ерекшелігі, яғни адамның қарым – қатынасындағы жағымды эмоцияларының қалыпты өсуі. Жұғу ерекшелігі санасыз деңгейде болады және кезекте, көпшілікте сонымен бірге біраз ғана топтасқан адамдар алдында да бола береді. Келесі қатарда екі ерекшелік, олар: өз - өзін сендіру және еліктеу. Өз - өзін сендіру немесе суггестия индивидуалды және топтық түрде болады және қарым – қатыстың мақсатына қарай саналы және санасыз денгейде болады. Әрбір адам келесі адамның идеяларын, әрекеттерін, сезімдерін қабылдау да жоғарыда айтылған қасиеттерді қолдана алады.

Еліктеу – күрделі динамикалық ерекшелік. Бұл жесттің, тәртіптің, қимылдық, интонацияның көшірмесінен саналы түрде қабылдауына дейінгі көрінеді.

Қарым – қатынастағы психологиялық механизмдердің бірі – бәсеке. Бәсеке адамды физикалық және интелектуалды, эмоционалды түрде шаршатады. Егер бәсекенің даму стимулы болса бұл жақсы, ал егер бұл бәсеке бақталастыққа айналса (мысалы ер адамдарда қызметтік сферада, ал әйел адамдардың жеке өмірлерінде) онда жаман болғаны.

Үшінші денгейді айтар болсақ бұл – көндіру, яғни аргументті, саналы түрде өз ойларын, әрекеттерін сөз арқылы басқа адамға жеткізу.

Көндіру тек сөзбен ғана емес, іспен де көрініп жатса іске асады. Осы психологиялық механизмдердің барлығын игерген басшы басқа адамдармен қарым – қатынасқа түскенде үлкен жетістіктерге жетеді.

Топтағы өзара қарым – қатынастар тек топ мүшелері үшін ғана емес, сонымен бірге басшы мен бағынушыға және жалпы жеке тұлға мәртебесі үшін қажет. Бұл тек тұлғалар бір – бірлерін түсіну болып табылады.

Түсінушіліктің өзі әртүрлі деңгейде болады. Түсінушіліктің төменгі және үстіртін денгейі адамның іс - әрекетінің еш мақсатсыз, тек қабылдау, жақсы немесе жаман деп түсіну. Екінші деңгейде түсінушілік бұл адамның ақылына, мінезіне, әрекетіне талдау жасау, баға беру, интеллектуалды ерекшелегіне қарай: ақылды немесе ақымақ, қатал немесе бос және т.б. Ең жоғарғы үшінші деңгейде адамды терең мотивін, әр түрлі әрекеттердің өзара байланыстарын және т.б.

Танудың екі түрі бар: біріншісі эмпатия адамды эмоционалды түрде қабылдау, оның жан дүниесіне, ішкі әлеміне ену, оны әр түрлі ойларымен, сезімдерімен шынайы түрде қабылдау. Егер топта белгілі бір жүйеде тұлғалық қарым – қатынас болса, онда психологиялық шағын топқа айналады (адамзаттық қарым - қатынас) терминологиясының теория бойынша – бейресми топ. Оның өзіндік ерекшелектері бар:


  • адамдардың санының аздығы – 3 тен 10 аралығы;

  • симпатия сезімінің негізінде, бірлестікте, мінез – құлықтың ұқсастығымен, қызығушылықтардың бірлігінде қалыптасады;

  • өздерінің көшбасшылар бар;

  • өз орталарының салт – дәстүрлері, ережелері, ерекшеліктері міндеттері бар;

Шағын топтың ерекшелігі оларды заңды және әкімшіліктен ұстау қиын, олардың өзгермейтін ережелері болады. Бұл топ ұжымның ресми басшылығына, сонымен қатар оппозицияны қабылдауы мүмкін немесе қарсы тұра алады.

Әлеуметтік психологияда шағын топ ол саны жағынан , жалпы қызығушылақтары мен мақсаттары және топтық тәртіп нормасы мен байланысқан топтың байланысқа түсетін индивидтер жиынтығы. Шағын әлеуметтік топқа белгілі бір құрылымдық қауымдастық, әлеуметтік – психологиялық өмір қызметінің механизмі, топтық диалектикасы кіреді.

Шағын әлеуметтік топта басқарушы жүргізуші буын қызмет мақсаттарын қояды. Шағын әлеуметтік топта топ мүшелерінің біріккен іс - әрекетін ұйымдастырушылық және әрекетін, мақсатын қоятын орта қызығушылықтарын ескере отырып орындайтын жетекші болады.

Шағын топтың ерекше белгілері:

1 – кеңістіктік және уақытша адамдардың бірлесуі (1). Осы адамдардың бірлестігі жеке байланыстарына еркіндік береді (2), оған қарым – қатынастың интерактивті, ақпараттық, перцептивті аспектілер кіреді, кейбір американ зерттеушілері ең негізгі перцептивті аспект дейді, өйткені олар барлық адамдарды индивидуалдығымен қабылдайды (3).

Бірлескен әрекет - әр адамның белсенділігі (4), бұл стимул сонымен бірге барлығына жауап қайтару.

2 – бірлескен әрекеттегі тұрақты мақсат (5). Мақсатты жүзеге асыру белгілі бір қажеттілікке жауап беру. Мақсат бірлескен әрекеттің бастапқы қадамы ретінде шағын топтың құрылымдық динамикасын анықтайды. Мақсаттың үш түрін көрсетуге болады:


  1. Топтың қажетілігін белгілі бір уақыт аралығында анықтайтын перспетива, мақсат;

  2. Орталық мақсат – уақытты біраз қажет ететін және топтың ұжым ретінде қызығушылықтарын анықтау (өндірістік қызығушылықтар немесе мектеп);

  3. Алшақ перспективалар топтың әлеуметтің мәселелеріменбірлеседі.Бірлескен әрекеттің мақсаты топты бүтіндеп, оның сыртқы ресми құрылымын көрсетеді.

Бұл топ мүшелерінің (көшбасшыда немесе басқарушыда) көрінуі мүмкін, бірақ көрінбесе ұйымдастырушылық бастама жоқ деген сөз емес. Бұл жағдайда басқарушылық қызметі топ мүшелері мен көшбасшылық фукциясы топ мүшелерімен көшбасшылық арасында көрсетілген.

4. Персональды ролдердің дифференциациясы мен бөлінуі (еңбек кооперациясы, биліктің бөлінуі, яғни топ мүшелерінің белсенділігі бірлеспеген және олар бірлескен әрекетте әртүрлі рөлдерді сомдайды.).

5. Топ мүшелерінің эмоционалды қарым – қатынасы (8), топтық белсенділікке әсерін тигізеді, топты топша ретінде бөлінуіне алып келеді, топтың тұлғалары қарым – қатынасының ішкі құрылымын қалыптастырады.

6. Топтың спецификалық мәдениеттілігі – нормалар, ережелр, тәртіптер. Бұл нормалар топтық бірлестіктің белгілері.



3.1 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ СҰРАҚТАРЫ
Мотив және мотивация

Мақсаты:

Мотив және мотивация ұғымдарына анықтама беріп, арақатынасын түсіндіру.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Мотив және мотивация ұғымдарына психологиялық анықтама

  2. Мотивтің қажеттілік және мақсаттармен ара қатынасы.

  3. Адамның мотивтік сферасының негізгі параметрлері және құрылымы.

Әдістемелік нұсқау:

Мотив және мотивация ұғымдарына өзіндік психологиялық анықтама беріңіз және оны өз аргументіңізбен негіздеңіз. Мотив ұғымына байланысты терминологияға сараптама жасай отырып, мотивацияны саналы және бейсаналы процесс ретінде түсіндіріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии). – М.,2003 (389-418.

  3. Популярная психология. Хрестоматия: Уч. Пособие для студентов пед. инст./ Сост. Мироненко В.В. – М., 1990

  4. Выготский Л.С. Собр. Соч. – М., 1983

  5. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М., 1982 (189-206.

  6. Ильин Е.П. Мотивация и мотивы. - СПб., 2000

  7. Симонов П.В. Мотивированный мозг. Высшая нервная деятельность и естесвеннаучные основы общей психологии. – М., 1987

  8. Столяренко Л.Д. Основы психологии. – Ростов-на Дону, 1996

  9. Хекхаузен Х. Мотивация и деятельность. Т2.– М., 1986


Мотивацияның психологиялық теориялары

Мақсаты:

Мотивацияның зерттеу тарихымен таныса отырып, негізгі бағыттарына анализ жасау.

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Мотивацияны зерттеу тарихы.

  2. ХІХ ғ. екінші жартысына дейінгі мотивация теориясының дамуы.

  3. Адамдағы инстинкт теориясы.

  4. Қажеттілік теориясы.

  5. ХХ ғ. бірінші жартысынан бастапқы мотивацияны зерттеудің негізгі бағыттары.

Әдістемелік нұсқау:

Мотивацияны зерттеу тарихына шолу жасау қажет. Адамның әрекет-қылық мотивациясын зерттеудің негізгі бағыттарына талдау жасаңыз.

Әдебиеттер:

  1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии). – М.,2003 (389-418.

  3. Популярная психология. Хрестоматия: Уч. Пособие для студентов пед. инст./ Сост. Мироненко В.В. – М., 1990

  4. Выготский Л.С. Собр. Соч. – М., 1983

  5. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М., 1982 (189-206.

  6. Ильин Е.П. Мотивация и мотивы. - СПб., 2000

  7. Симонов П.В. Мотивированный мозг. Высшая нервная деятельность и естесвеннаучные основы общей психологии. – М., 1987

  8. Столяренко Л.Д. Основы психологии. – Ростов-на Дону, 1996

  9. Хекхаузен Х. Мотивация и деятельность. Т2.– М., 1986


Мотивация және іс-әрекет

Мақсаты:

Мотив және іс-әрекет ұғымдарына анықтама беру, мотивация түрлерін талдаудан өткізу.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Каузальді атрибуция ұғымы мен теориясы.

  2. Жетістікке жету мотивациясы.

  3. Жетістікке және жеңіліске бағытталған адамдар іс-әрекетінің даралық ерекшеліктері.

  4. Жетістікке жету мотивациясы және алаңдаушылық, шарасыздық.

Әдістемелік нұсқау:

Мотивация және іс-әрекет арасындағы психологиялық байланысты аша отырып, жетістікке жету , шарасыздық және түрлі әрекет-қылық мотивацияларына талдау жасау қажет.

Әдебиеттер:

  1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии). – М.,2003 (389-418.

  3. Популярная психология. Хрестоматия: Уч. Пособие для студентов пед. инст./ Сост. Мироненко В.В. – М., 1990

  4. Выготский Л.С. Собр. Соч. – М., 1983

  5. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М., 1982 (189-206.

  6. Ильин Е.П. Мотивация и мотивы. - СПб., 2000

  7. Симонов П.В. Мотивированный мозг. Высшая нервная деятельность и естесвеннаучные основы общей психологии. – М., 1987

  8. Столяренко Л.Д. Основы психологии. – Ростов-на Дону, 1996

  9. Хекхаузен Х. Мотивация и деятельность. Т2.– М., 1986


Мотивация және жеке тұлға

Мақсаты:

Мотивацияның жеке тұлға өмірінде алатын орны, маңызын көрсету, түрлерін айқындау.

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Мотивацияның негізгі факторлары.

  2. Қарым-қатынасқа деген қажеттілік (аффиляция).

  3. Билеушілік мотивациясы.

  4. Түрлі әлеуметтік ортадағы түрлі мотивтегі адамдар әрекет-қылығы.

  5. Агрессивтілік пен фрустрация мотивациясы.

Әдістемелік нұсқау:

Жеке тұлғалық басқа факторлардың мотивацияға тәуелділігі мен байланысын дәлелдеу қажет(көркем әдебиет туындылары арқылы).

Әдебиеттер:

  1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии). – М.,2003 (389-418.

  3. Популярная психология. Хрестоматия: Уч. Пособие для студентов пед. инст./ Сост. Мироненко В.В. – М., 1990

  4. Выготский Л.С. Собр. Соч. – М., 1983

  5. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М., 1982 (189-206.

  6. Ильин Е.П. Мотивация и мотивы. - СПб., 2000

  7. Симонов П.В. Мотивированный мозг. Высшая нервная деятельность и естесвеннаучные основы общей психологии. – М., 1987

  8. Столяренко Л.Д. Основы психологии. – Ростов-на Дону, 1996

  9. Хекхаузен Х. Мотивация и деятельность. Т2.– М., 1986

  10. Сатиева Ш.С.Психология С. 2007

Жеке тұлға туралы жалпы түсінік

Мақсаты:

Индивид, жеке тұлға, даралық ұғымдарындағы көлемдік және мазмұндық айырмашылықтарды түсіндіру арқылы психология ғылымындағы жеке тұлға ұғымының алатын орнын көрсету.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жеке тұлға ұғымына анықтама.

  2. Индивид, жеке тұлға, даралық ұғымдарындағы көлемдік және мазмұндық айырмашылықтар.

  3. Жеке тұлғаның құрылымы.

Әдістемелік нұсқау:

Индивид, жеке тұлға, даралық ұғымдарындағы көлемдік және мазмұндық айырмашылықтарға көңіл аударыңыз. Осының негізінде жеке тұлға ұғымына өз анықтамасын беруі қажет.

Әдебиеттер:

  1. Бодалев А.А. Психология личности. – М., 1998

  2. Братусь Б.С. Аномалия личности.

  3. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

  4. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. – М., 1994

  5. Жарықбаев Қ. Психология. – А. 2001

  6. Сатиева Ш.С.Психология С. 2007

  7. Общая психология .Курс лекции../Сост. Е.И.Рогов. – М., 1995

  8. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии). – М., 2003

  9. Мерлин В.С. Личность как предмет психологического исследования. – Пермь, 1998

  10. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПБ., 2004

  11. Столяренко Л.Д. Основы психолоии. – Ростов-на Дону, 1996

  12. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10томдақ. 5т. Гуманистік психология. / ред. басш. Ә.Н.Нысанбаев. – А., 2005

  13. Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности. - СПБ., 1999

Жеке тұлғаны зерттеу тарихы

Мақсаты:

Жеке тұлғаны зерттеу кезеңдерімен танысу, әр кезеңнің жеке тұлғаны зерттеуде алатын орнын айқындау.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жеке тұлғаға әдеби-философиялық тұрғыдан қарау.

  2. Жеке тұлғаны зерттеудің клиникалық кезеңі.

  3. Жеке тұлғаның эксперименталдық психологиясының басталуы мен дамуы.

Әдістемелік нұсқау:

Жеке тұлғаны ғылыми зерттеудің негізгі үш кезеңіне жан-жақты талдау жасау қажет.



Әдебиеттер:

  1. Бодалев А.А. Психология личности. – М., 1998

  2. Братусь Б.С. Аномалия личности.

  3. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

  4. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. – М., 1994

  5. Жарықбаев Қ. Психология. – А. 2001

  6. Сатиева Ш.С.Психология С. 2007

  7. Общая психология .Курс лекции../Сост. Е.И.Рогов. – М., 1995

  8. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии). – М., 2003

  9. Мерлин В.С. Личность как предмет психологического исследования. – Пермь, 1998

  10. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПБ., 2004

  11. Столяренко Л.Д. Основы психолоии. – Ростов-на Дону, 1996

  12. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10томдақ. 5т. Гуманистік психология. / ред. басш. Ә.Н.Нысанбаев. – А., 2005

  13. Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности. - СПБ., 1999

Жеке тұлғаның қазіргі теориялары

Мақсаты:

Қазіргі психологиялық жеке тұлғалық теорияларды топтастыру, оларға сараптама жасау.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жеке тұлғаның қазіргі теорияларын классификациялау.

  2. Жеке тұлғаның психодинамикалық теориясы.

  3. Жеке тұлғаның социодинамикалық теориясы.

  4. Жеке тұлғаның гуманистік теориясы.

  5. Жеке тұлға прроблемасын теоретикалық жасақтаудағы жаңа тенденциялар.

Әдістемелік нұсқау:

Қазіргі психологиялық жеке тұлғалық теорияларды топтастырыңыз. Жеке тұлғаның психодинамикалық, социодинамикалық және интракционистік теорияларына сараптама жасай отырып, жеке тұлғаның психологиялық проблемаларына байланысты теоретикалық зерттеу жұмыстарындағы неғұрлым жаңа тенденцияларды көрсетіңіз.

Әдебиеттер:

  1. Бодалев А.А. Психология личности. – М., 1998

  2. Братусь Б.С. Аномалия личности.

  3. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

  4. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. – М., 1994

  5. Жарықбаев Қ. Психология. – А. 2001

  6. Сатиева Ш.С.Психология С. 2007

  7. Общая психология .Курс лекции../Сост. Е.И.Рогов. – М., 1995

  8. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии). – М., 2003

  9. Мерлин В.С. Личность как предмет психологического исследования. – Пермь, 1998

  10. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПБ., 2004

  11. Столяренко Л.Д. Основы психолоии. – Ростов-на Дону, 1996

  12. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10томдақ. 5т. Гуманистік психология. / ред. басш. Ә.Н.Нысанбаев. – А., 2005

  13. Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности. - СПБ., 1999

Тұлғаның қалыптасуы және дамуы.

Мақсаты:

Тұлғаның қалыптасу және даму заңдылықтарымен танысу, Э.Эриксонның жеке тұлғалық даму тұжырымдамасына сараптама жасау.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жеке тұлғаның қалыптасуының алғышарттары.

  2. Жеке тұлғаны дамыту мәселесін шешудегі теориялардың негіздері.

  3. Э.Эриксон бойынша жеке тұлғаны дамыту этаптары.

  4. Жеке тұлғаның тұрақтылығы мәселесі.

Әдістемелік нұсқау:

Жеке тұлғаның дамуы мәселесінің, оның қандай теория тұрғысынан қаралатындығына тәуелділігіне көңіл аударыңыз. Э.Эриксонның жеке тұлғалық даму тұжырымдамасына сараптама жасаңыз. Дамудың келесі жақтарын қарастыру қажет: қалыпты және қалыпты емес, прогрессивті және регрессивті, және даму кезеңдері мен оның жас ерекшелік этаптары.

Әдебиеттер:

  1. Бодалев А.А. Психология личности. – М., 1998

  2. Братусь Б.С. Аномалия личности.

  3. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

  4. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. – М., 1994

  5. Жарықбаев Қ. Психология. – А. 2001

  6. Сатиева Ш.С.Психология С. 2007

  7. Общая психология .Курс лекции../Сост. Е.И.Рогов. – М., 1995

  8. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии). – М., 2003

  9. Мерлин В.С. Личность как предмет психологического исследования. – Пермь, 1998

  10. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПБ., 2004

  11. Столяренко Л.Д. Основы психолоии. – Ростов-на Дону, 1996

  12. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10томдақ. 5т. Гуманистік психология. / ред. басш. Ә.Н.Нысанбаев. – А., 2005

  13. Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности. - СПБ., 1999

Темперамент типтері

Мақсаты:

Темперамент ұғымының мәнін ашу, оның типтеріне психологиялық сипаттама беру.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама.

  2. Әрбір темперамент типтерінің жетістіктері мен кемшіліктері.

  3. Темперамент және қызмет.

Әдістемелік нұсқау:

Темперамент ұғымына тұлғалық қасиет ретінде анықтама беру қажет. Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама бере отырып, олардың жағымды және жағымсыз жақтарына баға беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Мерлин В.С. Очерк теории темперамента. – М., 1964

  2. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

  3. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии). – М.,2003 (389-418.

  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПБ., 2004

  5. Стреляу Я. Роль темперамента в психическом развитии. – М., 1982

  6. Популярная психология. Хрестоматия: Уч. Пособие для студентов пед. инст./ Сост. Мироненко В.В. – М., 1990

  7. Сатиева Ш.С.Психология С. 2007



Темпераменттің физиологиялық негіздері

Мақсаты:

Темперамент мәнін ашуда оның физиологиялық негізінің алатын орнын көрсету.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Темперамент физиологиялық ұғым ретінде.

  2. Темперамент және адамның жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері

  3. В.М.Русалов бойынша темперамент қасиеттерін трактовкалау.

Әдістемелік нұсқау:

Темпераменттің физиологиялық негізін түсіндіру. Жоғары жүйке жүйесі типтері бойынша кесте арқылы талдау жасаңыз (). Темперамент типтерін түрлі теориялық бағыттар (шетелдік және отандық бағыттар негізінде) бойынша классификациялау қажет.

Әдебиеттер:

  1. Мерлин В.С. Очерк теории темперамента. – М., 1964

  2. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

  3. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии). – М.,2003 (389-418.

  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПБ., 2004

  5. Стреляу Я. Роль темперамента в психическом развитии. – М., 1982

  6. Популярная психология. Хрестоматия: Уч. Пособие для студентов пед. инст./ Сост. Мироненко В.В. – М., 1990

  7. Сатиева Ш.С.Психология С. 2007


Темпераментке психологиялық анықтама беру

Мақсаты:

Темпераменттің психологиялық қасиеттері: белсенділігі, темпі, өнімділігі, қозғыштығы, ауыспалылығын көрсете отырып, темпераменттің психологиялық қасиеттеріне талдау жасау.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Темперамент жеке тұлғаның психикалық қызметінің динамикасын анықтаушы динамикалық аспект ретінде.

  2. Темпераменттің психологиялық қасиеттері: белсенділігі, темпі, өнімділігі, қозғыштығы, ауыспалылығы.

  3. Темпераменттің психологиялық қасиеттерінің адамның танымдық процестерінде көрінуі.

  4. Қарым-қатынас стилінің темперамент қасиеттеріне тәуелділігі.

Әдістемелік нұсқау:

Темпераменттің психологиялық қасиеттеріне талдау жасау қажет: белсенділігі, темпі, өнімділігі, қозғыштығы, ауыспалылығы. Темпераменттің психологиялық қасиеттерінің адамның танымдық процестерінде көрінуі және қарым-қатынас стилінің темперамент қасиеттеріне тәуелділігіне мысалдар келтіріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Мерлин В.С. Очерк теории темперамента. – М., 1964

  2. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

  3. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии). – М.,2003 (389-418.

  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПБ., 2004

  5. Стреляу Я. Роль темперамента в психическом развитии. – М., 1982

  6. Популярная психология. Хрестоматия: Уч. Пособие для студентов пед. инст./ Сост. Мироненко В.В. – М., 1990

  7. Сатиева Ш.С.Психология С. 2007



Темперамент және іс-әрекетттің даралық стилі

Мақсаты:

Іс-әрекетттің даралық стилі ұғымы, темпераменттің оған әсерінің мәнін ашу.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Іс-әрекетттің даралық стилі ұғымына түсінік.

  2. Іс-әрекетттің даралық стилінің темперамент қасиеттеріне тәуелділігі.

  3. Іс-әрекетттің даралық стилі мен темперамент қасиеттерінің арасындағы байланыстың тұрақты еместігі.

Әдістемелік нұсқау:

Іс-әрекеттің даралық стилі мен темпераменттің өзара байланысын ашыңыз. Әсіресе адамның кәсіптік іс-әрекетіндегі темперамент қасиеттері белгілерінің ролін анықтауға көңіл бөліңіз.
Әдебиеттер:

1. Мерлин В.С. Очерк теории темперамента. – М., 1964

2.Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

3.Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии). – М.,2003 (389-418.

4.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПБ., 2004

5.Стреляу Я. Роль темперамента в психическом развитии. – М., 1982

6.Популярная психология. Хрестоматия: Уч. Пособие для студентов пед. инст./ Сост. Мироненко В.В. – М., 1990

7. Сатиева Ш.С.Психология С. 2007



Мінез-құлықтың табиғаты

Мақсаты:

Мінез табиғатын түсіндіру, мінез және темперамент арақатынасын түсіндіру.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. К.К.Платонов, Н.Д.Левитов, А.Лоуэн, Райх және қазіргі американ психологтарының мінезге беретін психологиялық анықтамалары.

  2. Мінез тұлғалық қасиеттің бір қыры ретінде.

  3. Мінез және темперамент.

Әдістемелік нұсқау:

Мінез ұғымына белгілі психологтардың тұжырымдамасының негізінде өз анықтамаларын беру қажет. Мінезді тұлғалық қасиеттің бір қыры ретінде түсіндіріңіз. Мінездің жалпы және дара бітістеріне көңіл аударыңыз.

Әдебиеттер:

1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

2. Гиппенрейтер Ю. Психология индивидуальных различии. – М., 1989

3. Личко А.Е. Психопатия и акцентуация характера у подростков. – Л., 1983

4. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003

5.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 2004

6.Столяренко Л.Д. Основы психологии. – Ростов-на Дону, 1996

7.Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10томдақ. 5т. Гуманистік психология. / ред. басш. Ә.Н.Нысанбаев. – А., 2005

8.Популярная психология. Хрестоматия: Уч. Пособие для студентов пед. инст./ Сост. Мироненко В.В. – М., 1990
Мінез типологиясы

Мақсаты:

Мінез модельдерімен танысу: Фрейд, Юнг, А.Ф.Лазурский, Фромм, Братусь, К.Леонгард бойынша. Сараптама құру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет