«жалпы психология -іv» ПӘні бойынша


-тақырып. Мінез типологиясы



бет4/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.91 Mb.
#134122
1   2   3   4   5   6   7   8

9-тақырып. Мінез типологиясы.

Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт-бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Мысалы, батылсыз-дық, қорқақтық және альтруистік бітістердің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп, біреуге жақсылық, яғни альтруистік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды. Керісінше, альтуристік қасиет басым келсе, алғы екі жағымсыз бітістерді қаймықпай басып, қайырымдылық ісінде батыл мінезді қадам жасайды.

Адам мінезінің белгілі турде кдлыптасуы оның коршаған дүниеге катынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірлік

объекттердің маңызымен анықталады:


  • Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - өгірікші, әдепті – дөрекі т.б.).

  • Орындалатын іс қызметіне орай (еңбеккер – еріншек т.б.)

  • Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзімшіл т.б.).

  • Заттарға қатынасынан (сақи – ашкөз, үқыпты – салақ т.б.).

Аталған қатынастардың бәрінің де мінез түрінің қалыптасуында үлкен маңызға ие екені сөзсіз, дегенмен тұрақты, нақгы мінездің орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екіншісінің мінезіне таңбасын салады, осыдан көп адамдардың әрекет-қылығында өзара ұқсастық болады немесе қарама-қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншсі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет қатынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек келіп, мінез түрінің басқаларынан ажыралуына себепші болады,

Мінез әр түлғада өзінше көрініске ие, солайда болса, оның құрамында белгілі топ адамдарына ортақ бітістерді біріктіруге болады. Осыдан, мінез түрі (типі) – адамдардың кейбір тобына тән қасиеттің біреудің дара мінезінде нақты көрінуі. Мұның түпкі себебі – мінез тума берілмейді, әр адамның белгілі топ, қоғам өкілі болуынан оның өмір жағдайы мен іс-әрекетіне сай қалыптасады.

Мінезде жеке бітістөр және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі – мінез типтерін ажыртуға болады. Мінез типін анықтауда нақты адамдар мінезінің жалпы да мәнді, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі.

Осыған орай мінез келесі типтерге бөлінеді:



  1. Үйдесімді (гармонический. мінез типі – қоршаған ортаға икемділігімен ерекшеленеді. Мұндай мінезді адамда ішкі қарама-қарсылықтар болмайды. Ойлаған ойы мен істеген іс бір-біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір сөзді. Өмірдің барша қиын жағдайларында таңдаған бағыт-бағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Мақсат-мүраттары мен принциптері үшін күреске дайын. Бүл адамдардың өмір сүру тәсілі жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.

  2. Іштей қарама-карсылықты, бірақ сырттай келісімді (внутренне конфликтный, но внешне согласованный) мінез адамы. Бүл типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет – қылығы арасында келіспестік бола түрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді, іс-әрекетін соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзін ерік билігінен босатпайды, жан, ой дүниесін сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарын іздестіруге дайын түрады.

Сыртқы дүниемен болған араздықты мүндай адамдар өздерінің ой-пікірлерін қайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс іздестіру және әлеумет қолдамаған күн-делікті түрмыс күйбеңіне берілмеу жолдарымен шешуге бейім келеді. Қоғам мүшелері қабылдаған рухани кундылық-тарды мойындайды, бірақ сыртқы жағдайларды өзгертуге

ынталы емес.



  1. Икемі кем, қарама-қарсылықты (конфликтный с пониженной адаптацией. мінез адамы: көңіл-күй, ниеттері мен әлеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын алған, шамданғыш, үнамсыз эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сарабына сала бермейді. Бүл мінез адамдарына тән қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты әрекет-қылық жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты – тез өзгеріп тұратын қажеттері, олар пікірінше, қандай да күш жүмсамай-ақ бір сәтте қанағаттандырылуы тиіс.

Олар өмір үшін күреске дағдыланбаған, қажырсыз. Балалық шағында бүл адамдар шектен тыс мәпеленіп, төңірегіндегілердің орынсыз артық қамқорлығынан дербестік қалыпқа үйренбеген. Осыдан, әрқандай кедергіден қорқады, ойланып, жол іздестіруге шамасы жетпей-ді. Қиыншылықтарды абыржумен қабылдап, ырықсыз пси-хологиялық қорғаныстармен (қыңырлық, нәтижесіз армандау. айналып өтуге тырысады.

  1. Тиянақсыз (вариативный. мінезді адам бағыт-бағдарының түрақсыздығынан, принциптік бостығынан төңіректегі жағдайға ыңғайшыл келеді. Жеке адамдық деңгейі төмен. Түрақты мінез-қүлығы каланбаған, осыдан барша

іс-әрекетінде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл адамның бойына сіңген мінездік көрініс. Мұндай адамдардың ішкі жан дүниесі дөрекі қарапайымдылыққа негізделген; тіршілік үшін болған әрекет-қимылы тік, бірбеткей. Күнделікті күйбең мүдделеріне жетуде ойланып-толғануды білмейді, өз мүдделерін шектей алмайды. Олар үшін кедергі біреу-ақ – сыртқы; ішкі сапалық, жандүниелік қиыншылықтарды өлшестіруге ақылы жетпейді, бар көздегені – мол, оңай олжа, бір мезеттік игілік. Бұл адамдардың барша ынта-ықласы, нақгы, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерін мейлінше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен ішкі дүниесін тысқы жағдайларға бағындыру - мұндайлардың негізгі мінездік болмысы.
10- тақырып. Қабілет. Адам қабілетінің табиғаты

Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мүндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам кабілеті деп аталады. Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі – психологиялық құбылыс емес, екіншісі –баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлық дара-өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс-әрекетті тезірек меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әр-түрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке түлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттеріндө көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.

Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет – білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жәйттерге тәуелді. Мысалы, балада керемет математикалык қабілет болуы ықтимал, бірақ ол сол баланың ғұлама-математик боларының кепілі емес. Арнайы шарттар (бағдарлы оқу, шығармашыл пе-дагоғ, отбасы мүмкіндіктері ж.т.б.. орындалмаса, қабілет дамымай жатып, өшеді. Қоғам қолдамауынан қаншама даналардың болмай жатып, құрдымға кеткенін кім санапты? Ал мектепте “үштік” бағаға ептеп ілесіп жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғалым-физик болыпты.

Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиді, іс-әрекетке жаңа мазмүн мен сипат береді, Математиканы оқымаған адамның математикалық қабілеті ешқашан да жарыққа шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп қүрап, мәселе шешу ж.т.б. барысында ғана қалыптастыру мүмкін.

Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың өздерінде көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-қиын. байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.

Қорытындылай келе, “қабілет” түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М.Теплов. атайық:



  • Кабілет – бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән касиеттер қабілет бола алмайды.

  • Кабілет – барша түлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.

  • Қабілет – нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.

Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке байланысты талаптар-ды орындай алмаса, оның қабілөтінің жөтімсіздігін атап өткен жөн. Мүндай түлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып, үзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-пөда-гогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдала-нуы лазым. Әйгілі режисер В.Немирович-Данченко “Кім бол-са, сол режисер бола алады ма?” деген сұраққа “Әлбет-те, әркімде болады, бірақ біреуге ол үшін 3 жыл оқып, тәрбиеленуі қажет, ал екіншіге – 30 жыл, үшіншіге – 300 жыл да аз” – деп жауап беріпті. Сонымен бірге, адам қабілеті уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай қалыптасуы мумкін,

Көрінген іс-әрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Адам тіршілігінің жалпы құрылымына назар аудара отырып, қабілет дамуына ықпалсыз, керісінше. Көрінген қабілет нышандарын тежеп, олардың жойылуына себепші іс-әрекегтер барын байқау қиын емес. Мысалы, егер ән-күй не шығармашылық қабілеті бар адам ауыр, қарапайым дене жүмыстарымен шұғылдануына тура келсе, әрине, кейінгі іс ондағы табиғи қаланған кдбілеттердің дамуына оң әсер етуі екіталай.

Жеке тұлғаға байланысты дамытушы іс-әрекет жайында әңгіме қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңірегіне адамның барша мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс-әрекет ескерілуі қажет. Сондықтан, нақгы әрекеттің дамытушылық қасиетін тану үшін, оны жеке адаммен байланыстыра сипагтау керек, Бұл жағынан бүкіл адам өмірімен қабысқан кәсіби қызметтің өзі де иесі үшін аса мәнді де маңызды болмауы мүмкін. Өндірістік тапсырыстар мен қызметтік міндеттер адамның шығармашылық мүмкіндіктері мен тұрмыстық бай тәжірибесін толық және жан-жақты ашып бере алмайды.

Іс-әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның себебі - қабілет пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауы. Бұл сәйкессіздіктің мәні: әрқандай қабілет өзінде қалаған іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іске қарағанда ауқымда да кең мағыналы. Екінші жағынан, нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілеттен кеңірек болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. «Калыпты адам өзінің дене және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және онда пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы – адамның кім болып танылғаны мен әлі де кім болатынының көрсеткіші» (Коупленд П.)

Осыған орай қабілеттер нақты (актуальный) және мүмкін (потенциальные) болып екіге бөлінеді.

Мүмкін болар қабілеттер нақты іс-әрекетгің қандай да түрінде көріне бермейді, алайда белгілі әлеуметтік жағдайлардың өзгеруімен қызмет желісіне қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында іске асатыны ғана емес, сонымен бірге дәл бір уақытта және нақты шақтағы әрекетке қажет болғандары да кіреді. Мүмкін болған және нақты қабілеттерді тұлға кабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың жанама көрсеткіші ретінде тануға болады. Себебі қоғамның әр тарихи даму кезеңінде қалыптасқан әлеуметгік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттөр өрістей түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде кәрі-ніп не пайдалану сәті болмай қалады.


11-тақырып. Қабілеттер, нышандар және адамдардың даралық өзгешеліктері.

Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидің қүрылымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық, нәсілдік ерекшеліктері ңышан деп аталады. Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша же-тіліп, кемелдену жолу осы екі қүбылыстың өзара үштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанымен, қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процөсінің нәтиже жемісі.

Мысалы, ақыл-ес қабілеттері ең алдымен ми қызметінен – қарқынды не бәсең қозулардан, жүйке процестерінің қозғалмалылығынан, уақытша байланыстар түзілімінің шапшаң не баяулығынан және т.б. Яғни И.П.Павлов генотип (жүйке жүйөсінің тума ерекшеліктері. деп атаған қүбылыстан көрінеді, Мидың қанмен қамтамасыз етілуі де ақыл-сана кабілетіне ықпал жасайды, Толық қан айналымы – ми қызметінің ақыл-ой, зейін шоғырландыру, жақсы есте қалдыру, жүйке байланыстарының (ассоциация. тез жүруінің, сана жүмысымен шаршамай, мүлтіксіз жоғары тиімділікпен орындалуының кепілі.

Мидың тума қасиеттері адамның типологиялық ерекшеліктерінде екі түрде көрінеді (И.П.Павлов.: 1. Жоғары жүйке жүйесіне тәуелді; 2. Бірінші және екінші сигналдық жүйелердің арақатынасына байланысты.

Адам қабілеттерінің дамуында жоғары жүйке жүйесі қызметінің типі (күші, тепе-тендігі, қозғалмалылығы ж.т.б.. үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке процестерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығымен (белсенді тип. байланыса отырып, адамның үйымдастырушылық қабілеттерінің қалыптасуына қажет көптеген еріктік және тілдестік қасиеттердің түзіліп, орнығуына жәрдемін тигізеді.

Өздеріне тән бейнелеу мумкіндіктеріне орай бірінші не екінші сигнал жүйелерінің аз немесе көп әрекетке қатысуынан қабілеттердің 3 типі (И.П.Павлов. ажыратылады: көркемөнерлік (көбіне бірінші сигналдық жүйеге негізделген.; ой-саналық (көбіне екінші сигналдық жүйеге негізделген.; аралас (екі жүйе де бірдей қатысқан.. Осыдан, “суреткерлер” – объектні тұтас бейнелеуге бейім, “ойшылдар” – талдаумен, элементтерге ажырата тануға шебер, ал “аралас” қабілеттер қалыпты дамыған адамдардың бәріне тән қүбылыс.

Нышандардың әртүрлі кабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет. Тума берілген нәзік есіту қасиеті – музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу –болашақ суреткер болудың алғы шарты.

Нышандар дамуы әлеуметтік процестерге тікелей тәуелді. Егер қоғамда белгілі бір кәсіпке қажеттік туып, қандай да адамның сол кәсіпке сай нышандық белгісі болса (музыкантқа кджет нәзік есту қасиөті., онда оның нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып, дамиды.

Нышан іс-әрекеттің нақты формасына байланыс-сыз көп мағыналы келеді; сондықтан, белгілі бір нышан негізінде іс-әрекет талабына орай әртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан, жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден адам күй орындаушы, дирежер, биші, әнші, му-зыка сыншысы, педагог, композитор және т.б. болары ықтимал. Сонымен бірге, болашақ қабілеттер мен іс-әрекеттердің сан алуан болуынан нышан жеке адамның дара таңдамалық қасиетіне негіз береді.

Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектті жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік – нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады,

Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен – еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтар-лықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық дең-гейде болуы керек.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.

Әртүрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік-дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды, Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай та-бандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.

Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. Бүл қасиеттің адамдағы көрінісі – 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты. Басқа қатарларымен салыстырғанда дарын-ды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды.

Дарындылық дәрөжесінің артуы қажетті білімдер мөн ептілік, дағдыларды игеріп әрі жетілдіріп баруға тікелөй тәуелді.

Дарындылықтың өзіндік ерөкшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу математикаға қүмар, екінші – тарихқа, және біреулөр – қоғамдық жұмыстарға бас (лидер. болуда өз дарындылығын іске қосып, оны нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі. Мысалы, мүғалім дарындылығының көрсөткіштері келесідей:



  • оқу материалын шәкірттерге түсінікті күйге келтіру;

  • оқушы көңіл-күйін қалтқысыз тану;

  • жүмыста шығармашыл болу;

  • балаларды өз еркіне көндіре алу;

  • балалар ұжымын біріктіруге қабілеттілік;

  • сөз мәнерлігі мен мазмұндылығы;

  • сөйлеу көркемділігі мен нанымдылығы;

  • педагогикалық әдептілік;

  • оқу материалын түрмыспен байланыстыра алу;

  • байқағыштық;

  • педагогикалық талапшаңдық (Ф.Н.Гоноболин..

Кабілеттер өз деңгейлері мен ауқымы жағынан ажы-ралады. Нақты іс-әрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерілген қабілет – шеберлік деп аталады. Шеберлік, яғни бір іс-әрекет аймағында жоғары жетілгендік үлкен де қажырлы еңбек негізінде пайда болады. Шеберлік көбіне өндірістік қайта жасау қызметтерімен байланысты келеді. Алайда, бүл шеберліктің дайын ептіліктер мен дағдылар бірлігінен туындайтынын білідірмейді.

Әрқандай кәсіптегі (мүғалім, дәрігер, үшқыш, спорт-шы ж.т.б.) шеберлік кез келген жаңа мәселелерді шешу-ге қажет болған психологиялық дайындықты қажет етөді. Шебер маман үш/н шығармашылық міндетті түсіну мен оны орындау жолдарын табу – екеуі өзара байланыста қабылданады, іске асады, яғни «не істеу» және «қалай істеу» арасында жік болмайды.

Шеберлік деңгейі - өзгермелі, дамудағы құрылым. Іс-әрекет барысында адамның қабілет түзілімі, түлғалық мәні қалыптасып, бір деңгейден екіншісіне көтерілумен ұдайы ауысып барады. Өте дарынды адамдар да қарапайым еліктеуден бастап, кейін бірте-бірте тәжірибе жинақтаудан жасампаздық дәрежесіне көтеріледі.

Адам қабілетінің ерекше даралық сипатын көрсететін психологиялык, құбылыс – талант. «Талант» сөзінің төркін мәні: ежелгі грек қауымында бай-манап өзі жоқта жұмыстан қашқақтамасын деп еріншек құлына беретін күміс ақша бірлігі – талант аталады екен, ақылдан жүта құл оны алудан, пайдалы айналымға жіберудің орнына, топыраққа көміп, жасыратын болған. Осыдан халықта «таланты құм болды», «таланты көмілді» деген үғымдар сақталып қалған, Қазіргі күнде талант арнайы қабілеттердің (музыкалық, суреткерлік, әдеби шығармашылық және т.б.) жоғары деңгейлі дамуын білдіреді. Кдбілеттер сияқты та-лант та іс-әрекетте көрініп, өрістейді. Талантты адамның қызметі өзінің жаңашылдығымен, қайталанбас мәнерімен ажыралады.

Таланттың оянуы тікелей қоғамдық болмысқа тәуелді. Кандай бағыттағы дарындылықтың жол алуы дәуір қажеттігі мен әлеумет алдында турған нақты міндеттерге байланысты. Мемлекеттің дамуы инженерлік және конструкторлық таланттардың жетілуінен, мемлекеттің көркейген кезеңіндө ән-күй, әдебиет таланттары шығады,- ал соғыс уақытында – талантты әскери қолбасшы дүниеге келеді. Осыдан, қазақ арасынан шыққан Қ.Сатпаев, М.Әуезов, Б.Момышұлы, Қажымұқан, - әрбірі өз дәуірінің саңлақтары.

Талант – көптеген қабілеттердің байланысы, біртұтастығы. Өте жоғары дамыған, бірақ оқшауланған бір қабілет талант дәрежесіне көтеріле алмайды, Мысалы, кейбіреулер 10 қатарлы не оданда көп санды лезде көбейтеді не бөледі, бірақ математик емес, бола алмайды да.

Кабілеттердің даму барысындағы ең жоғары, шыңдалу деңгейі – данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде, адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із калдырған адам ғана данышпан бола алады. Өркениеттің 5000 жылдық тарихында мүндай шыңға 400-ақ кемеңгер көтеріліпті (Котс). XX ғасыр саңлақгары атанған, арамызда жүрген замандастарымыз ақын Олжас Сүлейменов, сынаушы ұшқыш, ғарышкер Тоқтар Әубакиров қазақ данышпандарының бірінші ондығынан.

Адамның шығармашылық іс-әрекетінің аса табысты болуына себепші рухани көтеріңкілік пен ерекше күш-қуат туындайтын кезендер болады. Бүл жағдайдағы адамды жаңа идеяларға жетектеп, оларды іске асыруға ынталандыратын психологиялық қалып – шабыт деп аталады. Шабыт шығармашыл түлғаның жоғары белсенділігінен, оның іс-әрекетінің жемістілігінен, жасампаздық ептілігі-нен, жаңалык, ойлап табу қызметіне толық берілуінен кө-рінеді. Өмірнамашыларының айтуынша, И.С.Тургенев шығармаларын жазуды өзін-өзі зорлап, көндіруден емес, ішкі ниет қалауымен қалай бастағанын білмей қалады екен.

Шабыт пен еңбек – екеуі егіз, бір-бірінсіз жүзеге асырылмайды. Осыдан, шабыт – қажырлы еңбек пен орасан бай білім қоры негізінде туындайтын мүмкіндік. «Шабыт – еріншектерден қашатын, шақырғанға баратын қонақ» (П.И.Чайковский). Сана айқындығы. Ой мен бейнелер кернеуі; ес, зейін өткірлігі, мақсатқа бағыттайтын арнасына симаған ерік күші – шабыттанудың алғы шарттары.

Адам қабілеттерінің табиғаты. Адам қабілеттерінің табиғаты осы күнге дейін ға-лымдар арасында қызған ой-пікір таласын тудыруда. Со-лардың ішінде өз басымдылығын танытқан, тарихы Пла-тоннан бермен қарай жалғасып келе жатқан қабілеттер-дің биологиялық негізді екендігі және олардың нәсілдік-ке тәуелділігін дәріптейтін көзқарас. Бүл бойынша, оқу мен тәрбие қабілеттердің пайда болу қарқынын әзгертуі ғана мүмкін, ал олардың көрініс беруі бірыңғай емес. Мысалы, Моцарттың музыкалық дарыны 3 жаста белгілі бол-ған, Гайден – 4, Дина Нүрпейісованың күйшілік өнері 8 жасында байқалған. Сурет және сәулет әнері қабілеттері кейіндеу білінеді: Рафаэло – 8 жаста, Ван-Дейк – 10 жаста, Дюрер – 15 жаста өнермен айналыса бастаған.

Кдбілеттердің нәсілдікке тәуелділігі туралы ғылыми зерттеулер әр адамның қабілетін оның миының көлемі және салмағымен байланыстыра түсіндіреді. Белгілі бол-ғандай, ересек адамның ми салмағы орташа 1400 г. Ұлы түлғалардың, мысалы, И.С.Тургеневтің миы – 2012 г., Д.Байрон – 1800 г., аталған көрсеткіштен біршама жоғары болған. Мұндай дәлелдер біршама баршылық. Бірақ қабілет пен ми байланысына орай басқаша , кері дәлелдерді де келтіруге болады: Ю.Либихтің миы – 1362 г., А.Франстың –1017 г. Ал ең ғажайыбы, өте ауыр ми - 3000 г. артық – ақыл-есі кем адамда байқалған. Солайда болса, кең қауым арасында “миі көп – ақылды” деген ұғым көбірек жай-ылған, осыдан маңдайы биік, жазық маңдай адамды сыр-тынан данаға баламалап, одан келелі ой-пікір күтеміз, ал екі елі, тар маңдайлы адамның қабілетін күнілгері жоққа

шығарып, одан ешбір негізсіз үмітімізді уземіз.

Қабілетіне байланысты нәсілдік идея Франц Галльдың “Френология” (рһrеnоs - ақыл, logos - білім. деп аталған психологиялық тағылымында дәріптеледі. Френологтар адамның психикалық ерекшеліктерін оның бас сүйегінің сыртқа формасымен ұшгастыруға талпынды, Мұндағы тұжырым мәні: бас миының қабығы белгілі қа-білеттерге мекен болған (локализация. бірқанша орталық-тардан құралады. Осыдан, мидің тиісті бөлігінің ауқым-көлемінен онда мекен алған кдбілеттің даму деңгейі анық-талатын көрінеді. Арнаулы зерттеулер негізінде әрқай-сысы белгілі дара қабілетке сай келетін бас сүйегінің 27 учаскесі анықталып, картаға түсірілген. Осы картадан му-зыка, поэзия, сурет өнеріне сай “қабілет ісіктерін”, менмендік, сараңдық, багырлық “қабілет дөңестерін” ж.т.б. айыруға болады екен. Дегенмен, кейінгі дәуірде әдейі медициналық ашып көрумен тексергенде, бас сүйегі ми қабығының формасын тіпті де қайталамайтын болып шықты. Сондықтан адамның ақыл және адамгершілік қабілег-терін бас сүйегінің “дөңестігі” не “сайларымен” анықтау ғылым түрғысынан ерсі әрі негізсіз.

Солай да болса Ф.Галль үсынған мидың мекендік қызметі жөніндегі жорамалы ғылым үшін өте маңызды болды. Бүл идея кейін Фрич және Гитциг еңбектерінде өз дәлелін тауып, дами түсті. Аталған бағытты зерттегендер арасында Ч.ФДарвиннің эволюциялық теориясына негіз-деп, қабілеттің тұқым қуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдаған Ф.Гальтон есімі өз алдына. Әлемге әйгілі тулғалар өмірнамаларын талдай отырып, Гальтон адам табиғатын жетілдіруде аса дарындылардың нәсілдік заң-дылықтарын ашу және пайдалану қажег деген қорытын-дығы келді. Осы идеяны жалғастыра отырып, XX ғ. Котс жоғары қабілеттілігі бірнеше әулетте байқалған 400 адам тізімін түзді. Бүл қатарда аса белгілі болған неміс му-зыканттарының тобын үлғайтқан Бах отбасынан шыққан-дар. Бах жанүясындағылардың алғашқы ән-күй қабілеті 1550 жылы көрініс берген. Әулет атасы В.Бах – қарапай-ым наубайшы күй тартып, ән салғанды сүйген, Оның екі баласынан өрбіген Германияны екі ғасыр бойы дүркірет-кен музыканттар легі үздіксіз жалғасып барған. Бах жан-үясынан 60 музыкант шыққан, солардың 20-сы аса көр-нектілері, ал осы әулетті әлемдік ешпес даңққа бөлеген әйгілі композитор – Иоганн Себастьян Бах. Осындай ға-жайып қабілет күбылысын қазақ ән-күй өнерін дамытуда көзге түскен жерлесіміз Төлеген Момбеков шықкан әулет тарихынан да байкауға болады (Р. Бердібай)

Әлбетте, мүндай әулеттік жоғары қабілеттің нәсіл-дікпен байланыстылығын ешкімде жоққа шығара алмас, дегенмен бүл арада қабілет негізі ретінде әлеуметтік тәрбиенің өте маңызды екенін мойындамауға болмайды. Бесігінен ән-күй теңізінде шарыктап, шалқып өсуіне колайлы жағдай қалыптаспағанда, сол бағытта ана сүтімен қосып үлкендердің музыкалық тәрбиесін алмағанда, ол баланың кім болары бір Аллаға аян.

Жоғарыда аталған тұқымқуалаушылық идеяларына тікелей қарсы шыққан ғалымдар тобы оқу мен тәрбие маңызын бірбеткей әсірелеумен болды. ХҮІІІ ғасырдың өзінде-ақ К.А.Гельвеций адамды тәрбие арқылы дарындылыққа жеткізуге болатындығы туралы ғылыми еңбектерін жариялады. Бұл бағыт тарапындағылар дамуы әте кешеуілдеген тайпа балалары оқу, тәрбие нәтижесінде Европа зиялыларының деңгейіне көтерілгенін дәлелдейтін кейбір деректерді тілге тиек етіп, өз идеяларының дұрыстығын негіздеп бақты. Сонымен бірге, бүл еңбектер әлеуметтік тәрбие аймағынан мүлде тыс қалған жағдайда жастардың орны толмас зиянға үшырап, қоғамдық қасиеттерден жұрдай «маугли», «тарзан» болатынын бетке ұстады. Белгілі мәдениет аймағында ерекше арнайы қабілет-тердің орнығатыны да осы зерттеулерге негіздеме ретін-де келтірілді. (А.А.Леонтьев, О.Н.Овчинникова, Ю.Б.Гиппенрейтер). Мүндай түжырымдардың ізімен әрқандай адамда оқу мен тәрбиенің негізінде қалаған қабілетті дамытуға болатыны жөнінде қорытынды жасалды. Осы көзқарасты қолдаумен американ ғалымы У.Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана (интеллектуал) әрекеттер бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеп көрсетеді. Қазіргі күнде бүл идеяны ұстанғандар АҚШ-та өз дарынды балаларын «өсіретін» арнайы орталықтар үйымдастырып жатыр (Филадельфия институты), Қазақстанда арнайы «Дарын» орталығы іске қосылды.



Қабілеттердің дамуы. Кез келген нышан қабілет деңгейіне өтуге дейі ұзақ жолды даму процесінен өтеді. Адамның көптеген қабілеттерінің бұл дамуы оның алғашқы күндерінен басталады, бірақ дамудың басты шарты болып сол бағыттағы әрекетпен айналысуды жалғастыру б.т. Қабілеттердің даму процесінде негізгі үш этапты бөліп қарауға болады. Біріншісінде болашақ қабілеттер анатомиялық-физиологиялық даярлығы негізінде жүзеге асырылады, келесіде нышан биологиялық емес саласында қалыптасады және қажетті қабілет түрі сәйкес деңгейге жетеді. Бұл процестердің барлығы параллельді түрде жолмен қалыптасуы мүмкін.

Сонымен, кез-келген қабілет ең алдымен оған керекті органикалық құрылымдардың жетілуімен немесе керекті функционалдық органдардың қалыптасуымен байланысты. Ол әрине туғаннан 6-7 жасқа дейінгі аралықты қамтитын мектепке дейінгі кезеңді қамтиды. Бұнды анализаторла жұмысының жетілуі, бас миы қыртыстарының жеке бөлімдерінің дифференциациялық функциясы мен дамуы жүзеге асады. Бұл балада жалпы қабілеттердің қалыптасуы мен дамуына тиімді жағдай туғызады.

Арнайы қабілеттердің белсенді дамуы мектепке дейінгі кезеңде басталып, мектеп кезеңінде неғұрлым жоғары темпте жүреді. Бастапқыда бұл қабілеттердің дамуына ойын, одан кейін оқу және еңбек әрекеттері көмектеседі.

Қабілеттің дамуында маңызды болып, кешенділік, яғни бір уақытта өзара бірін-бірі толықтырушы бірнеше қабілеттердің жетілуі табылады. Басқа қабілеттердің дамуын ескермей, тек бір ғана қабілеттің дамуын қамтамасыз етуге болмайды. Сондықтан адамның бір уақытта кірісетін іс-әрекетінің көпжоспарлылығы және әртүрлілігі оның қабілеттерінің кешенді дамуының маңызды шарты болып табылады. Осыған байланысты, қабілет түрлерін дамытушы іс-әрекетке қойылатын талаптар:



  • іс-әрекеттің шығармашылық сипаты;

  • орындаушы үшін оның қиындығы оптималды деңгейі;

  • қажетті мотивация

  • іс-әрекетті орындау кезіндегі жағымды эмоционалдық бағыттың болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет