«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша дәріс сабақтарының конспектісі


Морфологиялық категориялардың автономилық



бет20/35
Дата07.05.2024
өлшемі135.74 Kb.
#500682
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
ЖТБ дәріс сабақтары(Лекция)

Морфологиялық категориялардың автономилық
деңгейі. Оның механизмі мынадай. Морфологиялық категориялар синтаксистік категориялардың (сөйлем, оның түрлері, сөйлем мүшелері т.б.) жасалуына қатысып, сөз бен олардың грамматикалық формаларының интеграциялануына мүмкіндік береді. Сөйлем қүрамында үдайы жаңғыра отырып, өзіндік қасиетін, ішкі түтастығын сақтап отырады. Сонымен
бірге морфологиялық категориялар тілдік таңбалар бірлестігінің көрсеткіші болып табылады.

  • Синтаксистік категориялардың автономиялық деңгейі. Оның механизмі мынадан көрінеді. Синтаксистік категориялар мәтінді жасауға қатысып, морфологиялық категориялардың синтагматикалық қатынастарын интеграциялайды. Мәтіннің күрамында үдайы жаңғырып, өзіндік қасиетін, ішкі түтастығын сақтап отырады. Сонымен бірге тілдік таңбалардың бірлестігін білдіреді.

    Жоғарыда айтылған тіл деңгейлерінің механизмдерінен: фонемалардың тікелей морфемалармен, сөздермен; морфеманың сөзбен, грамматикалық формалармен; сөздердің сөз тіркестерімен, сөзжасаммен, морфологиямен; сөзжасамның сөз таптарымен, лексикамен; морфологияның морфема, сөзжасам, синтаксиспен; синтаксистің морфологиямен, мәтінмен байланысты екенін көреміз.
    Тіл деңгейлері туралы теория 20 ғасырдың орта шенінде тілдің формалды жағын нақты суреттеп талдауға негізделген дескриптивтік тіл білімінің (Америка) ықпалымен онан әрі дамыды.
    Тіл механизмдерінің аса маңызды бір түрі болып табылатын грамматикалық категориялар жалпы тіл жүйесінде ерекше орын алатындықтан, тіл білімі әдебиеттерінде оған айрықша мән беріледі.
    "Грамматикалық категория" терминінің ұғымы жайында тіл білімінде әр түрлі пікір орын алып келеді. Л.И.Баранникова: "Грамматикалық категория деп сөзде және сөйлемде көрініс табатын, тілдің сипатын білдіретін жалпы граматикалық ұғымдарды" атайды. Д.А. Штелинг: "Грамматикалық категория дегеніміз мағыналары жағынан бір-бірінен мүлде өзгеше екі қатардағы (топтағы) формалардың қарама-қарсы қойылуы" дейді. 1970 жылғы академиялық грамматикада: "Сөздердің формалды түрде біддіретін жеке грамматикалық мағыналарының грамматикалық категорияларға бірігіп жи-нақталуы" делінген.
    Б.Н.Головин грамматикалық категориялар жайындағы бұл анықтамалардың бәрінде де грамматикалық категорияның бір компоненті — грамматикалық мағынаның мәні ашылмаға-~ нын көрсетеді. Ол бұл мөселеде орыс тіл білімі классиктерінің пікірлерін қолдайды. А.М.Пешковский мысал ретінде алты түрлі түлға арқылы жасалған бүйрық рай категориясының тууына тірек болған олардың бәріне төн бүйрық мағынасы екенін көрсете отырып, грамматикалық категория туралы мынадай анықгама береді: "Сөздердің формадцы категориясы (кэзіргі терминология бойынша — грамматикалық категория) дегеніміз мағынасы жағынан біріккен формалардың, болмаса солардың жеке бөліктерінің өзіне төн таңбалық сипатын білдіретін қатары». Одан әрі А.М. Пешковский формалардың мағына жағынан бірігуі: 1) біртұтас мағынадан, 2) бір типтес мағыналардың біртұтас жиынтығынан, 3) өрбір формада қайталап отыратын әр типтес мағыналардың біртұтас жиынтығынан көрінетінін айтады23.
    Л.В.Щерба: "Кез келген грамматикалық категорияның жасалуына оның мағынасы мен барлық формалды белгілерінің тығыз байланысы себеп болады. Мағынасын білмей түрып, формалды белгілерін анықгауға болмайды, өйткені категория-ның болуының өзі оның нені білдіретініне тікелей байланыс-ты" дейді24. Грамматикалық категория жөнінде осындай пікірлерді орыс ғалымдары В.В. Виноградов, А.И.Смирницкий де қостайды.
    Орыс тіл білімі классиктерінің жоғарьщағьщай пікірлеріне сүйене отырып, Б.Н.Головин: "Грамматикалық категория дегеніміз грамматикалық мағыналар мен оның формалды сыртқы көрінісін білдіретін қүралдардың, көрсеткіштердің бірлігі" деп анықтама береді25.
    Тіл біліміндегі неғүрлым соңғы пікірге сүйенсек, "грам-матикалық категория дегеніміз мағынасы бір типтес грамма-тикалық тұлғалардың бір-бірінен өзгеше жүйесі" 26. Бұл анықтамада грамматикалық категория мағына мен тұлғаның бірлігі ғана емес, әрі сондай бірліктен жасалған жүйе екені ясәне осылай туған жүйелер бір-бірінен ерекше екеніне мән берілген. Грамматикалық категорияны анықтауда категория-ландыратын басты белгі ретінде жинақты мағынаны бірінші катарға шығару тіл білімінде кең тараған. Мәселен, шақ, жақ, етіс т.б. категориялардың жинақгы мағыналары соларға сай формалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. Мысалы, қазақ тіліндегі бұйрық рай әр түрлі формада кездеседі: етістік түбірлер түрінде (бар, кел, түр, окы), - ла-ле жүрнағы арқылы (тыңда, балтала, күректе, сыгала), -ы-і жүрнағы арқылы (таны, жаны (пышақты), -қа-ке жүрнағы арқылы (иіске, таңырқа), -қар-кер жүрнағы арқылы (атқар, ескер), -ын-ін жүрнағы арқылы (жуын, киін), -сын-сін жүрнағы арқылы (тепсін, менсін, паңсын) т.б. Әр түрлі формадағы осы етістіктердің бәріне де бүйрық мағынасы тән. Осы мағына аркылы әр түрлі түлғадағы етістіктердің басы бірігіп, бүйрықрай категориясы жасалып түр.
    Сөйтіп, грамматикалық категорияның қалыптасуы грамматикалық түлға және грамматикалық мағынамен тікелей байланысты екенін көрдік. Бұлар кез келген тіддің грамматиалық сипатын білдіретін ең негізгі ұғымдар. Грамматикалық категорияны жете түсіну үшін, оның өзара бірліктегі қүранды бөліктері болып табылатын грамматикалык, тұлға мен грамматикалық мағынаның табиғатын білген жөн. Грамматикалық тұлға дегеніміз грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін, үлгісін білдіретін тіддік белгі27. Грамматикалық мағынаны білдіретін граммати-калық тұлғалар суффикстер (оның ішінде нөлдік), дыбыстық алмасулар ("ішкі флексия"), қайталау, көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі, интонация, екпін т.б. арқылы көрінеді. Сөздері түрленетін тілдердергі грамматикалық (морфология-лық) тұлғаларға сөз таптарындағы сөздердің үнемі өзгеріп отыруы да жатады.
    Грамматикалық формалардың сырт түлғасы мен мағынасы біркдтар жағдайда бір-біріне сәйкеспейді. Мысалы, түбір тіддерде грамматикалық мағына негізінен сөздердің синтаксистік тіркесімділігі арқылы беріледі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет