«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша дәріс сабақтарының конспектісі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет31/35
Дата07.05.2024
өлшемі135.74 Kb.
#500682
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
ЖТБ дәріс сабақтары(Лекция)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Типологиялық зерттеудің мәні
2. Тіл философиясын қалыптастырған ғалымдар

12 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер.


Дәріс жоспары:
1. Логикалық бағыт
2. Психологиялық бағыт
3. Мәскеу лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты.
4. Қазан лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты.
1. Логикалық бағыттілді ойлауға және логика мен философиядағы әр түрлі ағымдар мен концепцияларға қатысты зерттейтін көзқарастар жиынтығы. 19 ғасырдың 1 жартысындағы философиялық тіл білімі логикалық және психологиялық бағыттардың қарама-қарсы дамуынан көрінеді. Бұл екі бағыттың екеуі де грамматиканың формалдық және семантикалық жағына көңіл аударды. Бірақ ол жайындағы көзқарастары қарама-қайшы болджы. Логикалық бағыттын негізгі мақсаты – ойлаудың танытқыштық қызметін, логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасындағы қарым-қатысты зерттеу, тілдік категориялардың логикалық сипатын айқындау. Бұлардың пікірінше, логикалық категорияларға жататын ұғым, байымдау, субъект, предикат пен тілдік категорияларға жататын сөз, сөйлем, бастауыш, баяндауыш сияқтылар арасында үндестік, бірлік бар. Алдыңғы логикалық категориялар соңғы тілдік категориялар арқылы жарыққа шығады: ұғым – сөз, байымдау - сөйлем, субъект - бастауыш, предикат - баяндауыш арқылы т.б.
2. Психологиялық бағыт. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген бағыт психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі психологизм 19 ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. 19 ғасырдың екінші жатысындағы көрнекті тіл ғалымдарының көбі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясының нысаны – адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық процестер. Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің прфессоры Гейман Штейнтальды (1823-1899) жатқызуға болады. Кейініректе Штейнтальдың көзқарасын Харьков университетінің прфессоры Александр Потебня (1835-1891), неміс ғалымдары Вильгельм Макс Вундт (1832-1920), Герман Пауль (1846-1921), тағы басқалар қолдады. Тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету – 19 ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктірді.
Психологиялық бағыттағылар өз ішінен индивидуалистік психологизм, әлеуметтік психологизм деп аталатын екі бағытқа жіктеледі.
Индивидуалистік психологизмнің ең көрнекті өкілі Герман Пауль. Бұл бағыт тіл біліміндегі натуралистік және логикалық бағыттарға қарсы күресе отырып, тілдік құбылыстардың барлығын жеке адамдардың сөйлеу және психикалық ерекшеліктеріне, олардың ой-санасындағы өзгеріс-құбылыстарына тәуелді етеді. Жалпы халық тілі, біртұтас ұлт тілі деген – жалған сөз. Тіл жеке индивидуумдікі. Сондықтан тіл білімінің міндеті – индивидуумның тілін зерттеу. Индивидуумның тілін, психикалық құбылысын зерттеу арқылы тұтас халықтың, ұлттың рухани өмірінің заңдылығын ашуға болады деп қарайды.
Әлеуметтік психологизм теориясын негіздеуші, оның ең көрнекті өкілі Гейман Штейнталь. Оның тіл мәселелерін психологиялның заң-ережелеріне негіздеп шешетін концепциялары «Грамматика, логика, психология және бұлардың принциптері мен өзара қарым-қатынастары» (1855), «Психология мен тіл біліміне кіріспе» (1881), «Тілдің шығуы» (1851) деп аталатын т.б. еңбектерінде баяндалған.
Натуралистік немесе биологиялық бағыт. Натурализм латынның натура (жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда 19 ғасырдың екінші жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.
Ғылымда натуралистер деп аталатындар – қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар. Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер (1821-1869) есімімен байланысты. Август Шлейхер - салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үндіеуропалық ататілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы мен генеалогиялық бірліктерін жан-жаұқты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі. Ол славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын жазудағы зерттеулері арқылы тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Салыстырмалы-тарихи әдісті жетілдіре, оның нысанын айқындай түсумен бірге, Август Шлейхер 19 ғасырда туған тіл философиясының да көрнекті өкілі болды. Көптеген пайдалы істерімен қатар ол тіл біліміне бірсыпыра концепциялар да енгізді. Ол тіл білімінде натуралистік көзқарасты қалыптастырды. Оның натуралистік көзқарасы «Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу», «Неміс тілі», «Дарвин теориясы және тіл білімі» дейтін еңбектерінен толық көрінеді.
Жас грамматикалық бағыт. Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) 19ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М.Бреаль, Швейцарияда Ф.де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г.И.Асколи, Россияда Ф.Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.
Бұл ағым өкілдері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өздеріне дейінгі өкілдерін «бұлар – жорамалға толы қапырық шеберханада үнді-еуропалық ататілді мүсіндеушілер» деп кекетіп, тіл ғалымдарын сол «сасық шеберхананы» тастап, жаңа жол табуға шақырған болатын. Олардың осы қызбалықтарына, албырттықтарына қарап, неміс лингвисі Ф.Царнке оларды «жас грамматистер» деп әжуалаған еді. Осы әжуа ат бірте-біртелингвистикалық мектептің аты болып қалыптасты.
Жас грамматистік көзқарасты қалыптастырушылар Бругман, Остгоф, Дельбрюк, Пауль, т.б. Лейпциг университетінің тіл ғалымдары болғандықтан, кейін ол Лейпциг лингвистикалық мектебі деп аталады.
Жас грамматистер мектебі өз зерттеулеріне екі түрлі принципті негіз етті. Оның бірі – тарихи принцип те, екіншісі – психологизм принципі. Осы себептен де жас грамматикалық бағытты кейде психологиялық салыстырмалы-тарихи тіл білімі деп те атайды.
3. Мәскеу лингвистикалық мектебі. Мәскеу лингвистикалық мектебін 19ғасырдың 70-80жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тілі білімінің көрнекті ғалымдарының бірі – академик Филипп Федорович Фортунатов (1848-1914). Ол Германияда, Францияда, Англияда болып, жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдаған, өзі де осы бағытты қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, Үндіеуропа тілдерінің фонетикасын, морфологиясын зерттеп, бұл салада біраз еңбектер берген.
Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері академик Алексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич Пешковский (1878-1933), т.б. болды.
Мәскеу лингвистикалық мектебі, негізінде Лейпциг жас грамматистерінің Россиядағы қолдаушылары болды. Бұлар да индивидуалдық психолингвизмді өздерінің методологиялық негізгі принципі деп санады. Лейпциг мектебі сияқты бұлар да тілдің фонетикалық заңын өз зерттеулеріне әрдайым есепке алып отыруға ерекше мән берді. Бұлардың концепциялары, көп жағдайда психологизм принципіне негізделді.
Мәскеу лингвистикалық мектебі лингвистикалық бағыт ретінде 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін, Н.Я. Маррдың «Тіл туралы жаңа ілім» деп аталатын мектебі үстемдік алғанға дейін өмір сүрді.
4. Қазан лингвистикалық мектебі. Бұл Қазан қаласындағы университетте 19 ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған дем беруші – поляк-орыс тіл ғалымы, Қазан университетінің профессоры Иван Александрович Бодуэн де Куртенэ (1845-1929). Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен көбірек айналысқан.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Бағыттар, олардың өзіндік даралықтары.
2. Қазақ лингвистикалық мектебінің негізін салушылар.

13 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ХХ ғасыр тіл білімі және структурализм




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет