Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет13/19
Дата08.06.2016
өлшемі1.78 Mb.
#122928
түріАнықтамалық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

ТОБАҒАБЫЛОВ ТӨЛЕПБЕРГЕН
(1936)


Университетті бітірісімен ол «Қазақстан пионері» газетінде (қазіргі «Ұлан») бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Әдетте газет қызметі кісіні елгезек сергектікке, өмір материалдарын іріктеп-сұрыптап алып, оны әрлеп, әдемілеп беруге, ой ширақтығына үйретеді. Балалар газетінде бірер жыл істегеннен кейін Төленберген өзін өмірлік кәсібіне айналған аса бір маңызды іске-радиожурналистикаға көшті. Өнердің осы саяасындзғы құнарлы еңбегі отыз жылдан аса уақытқа созылды. Бүкіл біліміңді, қабілет- дарыныңды аямай жұмсап, шын ықыласпен беріле істеген жұмыс әрқашанда
жемісті.
Ол қазақ радиосында әуелі редактор болып, 1967 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің телевизия және радиохабарлар жөніндегі Мемлекеттік
комитеті арнаулы рад
иоақпарат басқармасының Бас редакторлығы қызметіне
та
ғайындалды. Төлепберген Тобағабылов бас редактор болған жылдары қазақ радиосы әдебиетіміздің таңдаулы туындыларын насихаттауды жаңа белеске көтерді.

Оның алтын қоры қазақ әдебиетінің үздік шығармаларымен байыды, Республика радиосы қазақ жазушыларының күнделікті мінберіне айналды. Кез келген азамат сияқты, әрбір жазушы да өз дәуірнің перзенті. Оның қаламына ілінген тақырыбы, көтерген мәселесі, сөз саптауы, жазу мәнері-бәрі-бәрі көбіне өскен, өркен жайған ортасына, басынан өткерген тәжірибесіне, көрген-білгеніне байланысты болады. Төлепбергеннің де қаламгерлік жолы тап осындай. Оның балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы «Жаңылтпаштар» 1963 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Кезекті деректі прозалық кітапшасы Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің өміріне арналды. «Өкініш» атты әңгімелер жинағынан
бастап, байсалды проза
ға сәтті қадам жасаған қаламгер, 80-ші жылдардың бел ортасына дейін «Тағдыр» (1970), «Жазира» (1971), «Тағы бір күз» (1975), «Түсінсең еді, мені» (1978), «Жүрегім соғьп тұрғанда» (1982) тәрізді повестер мен әңпмелер жинақтарын шығарды. Мұның бәрі де кезінде оқырман қауымды елең еткізіп, олардың жүрегіне жол тапқан туындылар болды. Әсіресе, оның кіатаптарын қазақ жүртының ең бір белсенді бөлегі мектептің ересек шәкірттері, студенттер мен еңбекші жастар жағы көп оқыды. Жазушының әсіресе «Жүрегім соғып тұрғанда», «Тағы бір күз» повестері баспасөз бетінде де, қалың оқырман арасында да әралуан пікірлер тудырды. Автор әуелгі повесінің желісіне алыс ауылдағы қазақтың қара домалақ баласының тағдыр-талайын, өсу-қалыптасу жолын, оның ойлы, саналы қайрагкер азаматқа айналуын арқау етеді. Повесті оқып шыққаннан кейін елге тірек болар адамның, азаматтың тек тынымсыз еңбекпен ғана өсіп-өнетініне көзің жетеді. Туған әдебиетімізге өз жолы, өз тақырыбымен тартымды кейіпкерлерімен, құнарлы тіл өрнегімен келген Төлепберген Тобағабыл шығармашылығы да күллі қазақ әдебиеті мен мәдениетін соны сапа биігіне көтеріп, шұрайлы жаңа қонысқа қондырған алпысыншы жылдар әдебиетінің жігерлі жас күші тартқан алтын арнаға құяды. Әдетте біз жаңа әдебиетіміздің бастау-бұлағында тұрған және солардың киелі эстафетасын ілгері қарай әкеткен қаламгерлерді алыптар тобына қоссақ, алпысыншы жылдар өрендерін қазақ әдебиетінің жаңа ғасырға дейінгі ндеялық-көркемдік өсу жолын белгілеп берген және соны сәт-құтымен жүзеге асырған құдаретті топ
дегеніміз жөн. Олардың шығармашы
лығы мен қарымды қоғамдық
қ
имылдары қалың жұрттың тарихи және ұлттық санасын оятуға қызмет етіп,
бүкіл қазақ қауымын дүр сілкінтті.
Заман ағымына орай, уақыт талабына сай қазақтың таңдаулы қаламгер қауымы сияқты, Төлепберген де сонғы кезде публицистикаға ден қойып келеді. Оның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы желтоқсан жанғырығы, тіл тағдыры, жер тұтастығы, ел бірлігі төңірегінде көтерген көкейкесті мәселелері азаматтық, патриоттық әуенге толы. Толепберген Тобағабыл ана тілінің ауыр халі жөнінде алғаш дабыл қаққандар қатарында болды. «...Егер тұлымызды түл етпей, тіл етейік деген тұжырыға келер болсақ, онда атадан қалған асылымызды қайта-қайта дауысқа салуды қойғанымыз абзал» - деп жазды ол Тіл туралы Заң дауға ұласып жатқан кездері. Жазушының орыс тілінде «Время житъ» деген атпен кітабы екі рет басылып
шықты. Ол телерад
ио саласындағы еңбегі үшін Қазақстан Республнкасының
еңбегі сі
ңірген мәдениет қызметкері атағына ие болды. Төлепберген Тобағабыл қаламынан сондай-ақ телефильм сценарийлері, радиопьесалар дүниеге келді.

ШЫҒАРМАЛАРЫ:

Тобағабылов Т. Өкініш.-Алматы. Жазушы, 1966;

Тобағабылов Т. Сағадат Нұрмағамбетов.- Алматы: Жазушы, 1967;

Тобағабылов Т. Өңшең мықты.-Алматы: Жазушы, 1968;

Тобағабылов Т. Тағдыр: Повесть және әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1970;

Тобағабылов Т.. Жазира: Повестер.-Алматы. Жазушы, 1971;

Тобағабылов Т. Тағы бір күз: Повесть Алматы. Жазушы, 1975;

Тобағабылов Т. Түсінсең еді, мені: Повестер мен әңгімелер.-Алматы: Жалын,
1978;


Тобағабылов Т. Жүрегім соғып түрғанда: Повестер.-Алматы: Жалын, 1982.

***


ТобағабыловТ. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.-Алматы, 1999.-626 б.

Тобағылов Т.//Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-302б.



Тобағылов Т //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 502б.

ТОҒЫСБАЕВ БЕК

(1936)

Алпысышы жылдары қазақ прозасына келіп қосылып, әдебиеттің қай жаныры болса да белсенді араласъп жүрген қаламгерлердін бірі белгілі жазушы Бек Тоғысбаев. Оның каламынан туған он үш кітап, әлденеше драма, сын, көркем очерктер оқырман қауымның ігілігіне айналған айтулы дүниелер. Алғашқы туындысы 1960 жылы «Жаңбырлы қүз» деген атпен жарық көрді. Содаң бері «Алдынғы толқын» (1967), «Асыл адам айнымас» (1973), «Ақиық», «Намыс» (1982), «От пен күл» (1984), «Тасқын» (1985), «Шалғайда» (1986), «Өмір-өзен» (1991) атты кітаптары шықты. Жазушы шығармаларының тақырып аумағы кең — балалық шақ азамат соғысы және кеңестендіру кезеңі, бүгінгі ауыл өзгерістері мен замандастар өмірінің моральдық келбеті. Әсіресе жирмасыншы жылдарды бейнелейтін кеңес үкіметінің қазақ даласына орнығуы, жаңа тіршіліқтің көріністері, үстем тап өқілдерінің қарекеттері оның шығармаларында шынайы бейнеленеді. Бек Тоғысбаев жазған әңгіме-повестерден, әсіресе «От пен күл» романынан, «Ақың Сара», «Алтыннан ардақты», «Тасқын» сияқты пьесаларынан біз табиғат пен адам поэзияның әдемі жарастығын анғарамыз Жазушының өмір жолы көрген-білгені, түйіп тоқығаны - болашақ шығармалары үшін қайнар көзі екені белгілі. Бек Тоғысбаевтың да өмір жолы оңай болмаған. Бес жасында әкесі соғыста қаза тауып, еңбекке ерте араласқаны болашақ жазушының кеудесіне талай образдар ұялатты. Бек Тоғысбаев Балқаш көлінің жағасындағы Көккөл деген жерде 1936 жылы туған. Балқаш өңірінің адамдары мен ғажайып табиғаты, тірішлік- тынысы - жазушы шығармашылығының күре тамыры деуге болады. Моральдық-этикалық проблемаларды көтерген « Ар алдында» повесі жастарға түрлі-түрлі ой салатын шығарма. Жазушы бейбіт күндегі жанқиярлық ерлікті шынайы түрде көрсеткен. Жазушының соңғы кездері жарияланған «Құдық басында», «Сый қонақ» атты әңгімелері қайта құру кезеңін өз пайдасы мен мақсатына жаратуға тырысып жүргең мансапқор мен жымпос жігіттердің образдары жасалған. Бек Тоғысбаев драмагургия саласында да үлкен үлес қосқан жазушы. Оның «Тасқын» пьесасы М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылды. Өлеңмен жазылған «Ақын Сара» және «Алтыннан ардақты», «Намыс», «Күйеу таңдаған келіншек», «Түнгі от» пьесалары Талдықорған, Жамбыл, Жетісай, Шымкент облыстық драма театрларында қойылды. Ол «Базарыңның барында...» дейтін күлдіргі комедия да жазды. Бүлардың сыртында он шақты радиопьесасы, телеқойылымдары тағы бар. Бек Тоғысбаевтың шығармаларындағы өмір шындығы, сезім сұлулығы оқырмандарына етене жақын. Оның образ туындылары орыс тілінде басылды, одақ оқырмандарының назарына ілінді. Жеке әңгімелерін украин, өзбек, тәжік, қырғыз, саха тағы басқа туысқан халықтар өз тілдерінде оқи алады. Бек Тоғысбаев «Тарихтың ашылмаған беттері» кітабы үшін Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты болды (2003 жылы). 1957 жылы Бек Тоғысбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетін бітірген. Алматы облысындағы «Коммунизм таңы» газетінде әдеби қызметкерліктен бастап, «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Парасат» журналында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында қызмет істеді.

1970-75 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде, Қазакстан кинематографистер Одағында (1975), «Жазушы» баспасында, (1980-83), Алматы облыстық кітапқұмарлар қоғамында қызмет атқарды.


ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Тоғысбаев Б. Жаңбырлы күз: Повестер мен әңгімелер. - Алматы: ҚМКӘБ., 1960;

Тоғысбаев Б. Үміт: Повесть.-Алматы: ҚМКӘБ.1963;

Тоғысбаев Б. Алдыңғы толқын. Повестер.-Алматы: Жазушы, 1967;

Тоғысбаев Б. Асыл адам айнымас: Повестер.-Алматы: Жазушы, 1973;

Тоғысбаев Б. Ақ иық: Таңдамалы повесть.-Алматы. Жазушы, 1978;

Тоғысбаев Б. Боз жорга: Повестер мен әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1979;

Тоғысбаев Б. Намыс: Повестер мен әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1982;

Тоғысбаев Б. От пен кул. Повестер мен әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1984;

Тоғысбаев Б. Тасқын: Пьесалар - Алматы: Өнер, 1985;

Тоғысбаев Б. Шалғайда: Повестер, әңгімелер -Алматы: Жазушы, 1986;

Тоғысбаев Б. Өмір-өзен: Роман, повестер мен әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1991;

Тоғысбаев Б Б. Тарихтың ашылмаған беттері. -Астана: Елорда, 2001.

***
Тоғысбаев Бек . //Қазақ әдебиеті: энциклопедия.-Алматы, 1999.- 627-628 б. Тоғысбаев Бек // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-

304б.


Тоғысбаев Бек // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-

2005.- 503б.



ТОҚАЕВ КЕМЕЛ

(1923-1986)
Кемел Тоқаев қазіргі Алматы обдысының Қаратал ауданында 1923 жылы туған. Отан соғысына қатысқан. 1948 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Кемел Тоқаев 1953-58 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Пнонер» (қазіргі«Ұлан»), «Егемен Қазақстан» газеттерінде қызмет істеген, 1966-77 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі
Ведомстваларының бас редакторы, 1980-84 жылдары Қазақстан жазушылар
Одағының әдеби кеңесшісі болды. Балаларға арналған тұнғыш кітабы «Жүлдызды жорық» деген атпен 1954 жылы жарық көрді. Чекистердің, милиционерлердің өмірін шығармаларына негізгі арқау еткен жазушы оқушы қауымға «Тасқын» (1958), «Көмеск із» (1955), «Көшкен үідің қонысы қайда?», «Қастандық» (1969), «Арнаулы тапсырма», «Болашақ туралы ойлар» (1965), «Түнде атылған оқ» (1971), «Таңбалы алтын» (1977) сиякты тартымды повестер мен әңгімелер үсынды. Кейінірек «Соңғы соққы» (1981), «Солдат алысқа кетті» (1983),«Ұясынан безген қүс» (1983) романдары жарық көрді. Оның «Қастандық», «Түндеатылғаноқ»,«Таңбалыалтын» повестерінде милиция қызметкерлерінің қоғамға жат алаяқтардың қылықтарын әшкерелеудегі батылдығы, тапқырлығы сөз болады. Кемел Тоқаев шығармаларының жанырлық ерекшелігін сөз еткенде заңорындарындағы интеллигенция өмірінен, милиция қызметкерлерінің тұрмысынан жазылған проза - қазақ әдебиетің жетпісінші жылдардағы елеулі жаңалығы болды. Кемел Тоқаев - сондай-ақ детективті жанырда жазылған «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?», «Сиқырлы сырлар» атты пьесалардың авторы. Бір жанрда үзбей қалам тербеп өткен жазушының шығармалары оқырман көңілінен шығып, жақсы әсер қалдыратын.

Кемел Тоқаевтың бірқатар шығармалары орыс, шетел халықтары


тілдеріне аударылған.

Кемел Тоқаев 1986 жылы 6 қазанда 63 жасында дүниеден озды.


ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Тоқаев К. Жұлдызды жорық.-Алматы. ҚМКӘБ, 1954;
Тоқаев К. Тасқын. Көшкен үйдін қонысы қайда?-Алматы: ҚМКӘБ, 1958;
Тоқаев К. Замандас сыры.-Алматы. Қазақстан, 1965;
Тоқаев К. Түнде атылған оқ: Повестер.-Алматы: Жазушы, 1971;

Тоқаев К. Көмескі із: Повестъ.-Алматы: Қазақстан,1972;

Тоқаев К. Сарғабанда болған оқиға: Повестер.-Алматы: Жазушы, 1975;

Тоқаев К. Сонғы соққы: Роман. - Алматы: Жазушы, 1981;

Тоқаев К. Таудағы жаңғырық: Повестер.-Алматы. Жалын, 1988;

Тоқаев К. Солдат соғысқа кетті: Романдар /Құраст. Р. Мәженқызы.-Астана: Елорда, 2000;

***

Тоқаев Кемел (1923-1986) //Қазақ әдебиеті: энциклопедия -Алматы, 1999,- 628 6.



Тоқаев Кемел //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық. - Алматы, 1987

Рахимова Ж. Аты да, заты да – Кемел... // Алаш айнасы.-2013.-1наурыз.-5б.

Тоқаев Кемел // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-304б.

Тоқаев Кемел // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 504б.



ТОҚМАҒАМБЕТОВ АСҚАР

( 1905-1983)
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Асқар Тоқмағамбетов 1905 жылы Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында туған. Өзнің шығармышылық қызметімен ол казақ әдебиетіне сүбелі. үлес қосты. Талантты ақын, прозаиқ, сатирик жетпістен астам кітаптың авторы. 1930-32 жылдары, Мәскеу полиграфия институтын бітірді. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Ара» журналында қызмет істеді. Алғашқы өлеңдер жинағы «Еңбек жыры» деген атпен 1928 жылы шықты. Ақынның таңдамалы шығармаларының жинақтары (1932,1933,1945,1953,1957,1962,1965,1975) жарық көрді. Асқар Тоқмағамбетов ақындық жолының алғашқы кезеңінде (1925-30) Отан қорғау, интернационализм тақырыбына шығармалар жазды. Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достығы, соғыстан кейінгі жылдардағы бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. Ол өз заманының жалаулы жыршысы болды. Асқар Тоқмағамбетов қазақ поэзиясында поэма жанырын дамытуға елеулі үлес қосқан ақын. Оның поэмалары: «Хат», «Бақыт кілті», «Қаскелең», «Өмірге жол», «Батыр Әли»,«Ақын тағдыры», «Ажалды жеңген алыптар», «Батырлар дастаны», «Уборщица» т.б. тақырыбы жағынан әралуан. Ақын лирикасының бір саласы - 1930-40 жылдары жазылған «Біздің Сәуле», «Қош, аман 6ол!», «Бәтиманың хаты», «Күт мені», «Сүйген жарға» т.б. әнге арналған өлеңдері қалың жүртшылықтың құлағында болып кең тарап кетті. Асқар Тоқмағамбетов проза жанрында да жемісті еңбек етті. Ыбырай Жақаевтың өміріне арналған «Қыран тұғырдан ұшады», Қазан революциясы қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтің «Ақмоншақ» (О. Бодықовпен бірге) повестерін жазды. Қаратау мен Сыр өнірі қазақтары түрмысынан жазылған «Әке мен бала» романын кейін қаита толықтырып «Қарбаласта» (1975) деген атпен жариялады. XIX ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы «Жыр күмбезі» атты тарихи роман жазып, оның ішінде Тұрмағамбет Ізтілеуовтің өмірі жайлы құнды деректерден мағлұмат берді. Ақын шығармашылығының елеулі бір саласы - оның сатирасы. Қазақ кеңес әдебиетінде Асқар Тоқмағамбетов сатиралық поэзияның негізін қалаушы, әрі дамытушылардың бірі болды. Кезінде Мұхтар Әуезов оны «Қырғи тілді Асқар» деп бекер айтпаган. Оның бірнеше сатиралық өлеңдері мен фельетондар жинақтары жарық көрді. Ақын қоғамдағы моральдық нормаларға қайшы келетін нәрселердің бәрін өткір әжуалады. А. Тоқмағамбетов саяси сатиранын, пәрменді памфлеттің негізін қалаушы болды. Сонымен қатар Асқар Тоқмағамбетов «Әзірет Сүлтан», «Семафор ашық», «Екі заң»,«Арман азабы» атты драмалық шығармалар жазып, аталмыш пьесалары республикамыздың бірқатар театрларында қойылып, көрермендер көңілінен шықты. Асқар Тоқмағамбетов жазған «Бәріміз де сондай болсақ» сценарийі бойынша режиссер Сұлтан Қожықов кинофильм шығарды. Ол С. Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды. Асқар Тоқмағамбетов қазақ поэзиясының ең қадірлі ағаларының бірі болда. Ақын ана мейірімін, аға ерліғін, іні қайсарлығын жырлап өтті. Оның шығармаларында Отанымыздың елеулі кезеңдерінің келбеті, кең тынысы бар. Сондықтан жастарға қалдырған оның мұрасы күні бүгінге дейін мазмұны жағынан құнды болып қала береді. Әдебиетіміздің сыншысы М.Қаратаев ақынды «Комсомол жыршысы» деген сөздері де жастарға ақын көзқарасының ерекше болғанын айқындан түседі. Асқар Тоқмағамбетов 1983 жылы дүниеден өтті. Ақын аты Қызылорда қаласында Мәдениет үйіне, көшесіне берілген. Облыс әкімшілігі шешімімен А. Токмағамбетов «Ғасыр адамы» тізіміне енгізіліген.
ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Тоқмағамбетов А. Таңдамалы шығармалар- Алматы. КҚӘБ., 1953; 1956;

Тоқмағамбетов А. Шығармалар жынағы. 4 томдық.- Алматы: Жазушы, 1982-1984 ,

т. 1. Өлеңдер.- 1982.-357 6.

т .2. Поэмалар -363 6.

т.З. Сатиралық шығармалар.-1984 .-300 б.

т.4. Романдар, естеліктер және очерктер -1984 -463 б.

Тоқмағамбетов А.Шығармалар. Екі томдық.- Алматы: ҚМКӘБ., 1962

т.1.1923-1940.-384 б.

т.2.1941-1961-392 б.

Тоқмағамбетов А.Фельетондар мен сықақтар.-Алматы: ҚМКӘБ., 1958;

Тоқмағамбетов А. Дария сыры: Өлеңдер, поэмалар, мысалдар, фельетондар-Алматы: ҚМКӘБ., 1959;

Тоқмағамбетов А. Төрт жыл яки төрт сағат - Алматы: ҚМКӘБ., 1959;

Тоқмағамбетов А. Әке мен бала.- Алматы: ҚМКӘБ., 1961;

Тоқмағамбетов А. Сайрайды бұлбұл: Поэма мен өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ., 1961;

Тоқмағамбетов А. Тырналар, сұлу тырналар: Өлеңдер мен сықақтар.- Алматы: Жазушы, 1965;

Тоқмағамбетов А. IIIәңгек: Фельетондар мен сықақтар - Алматы: Жазушы, 1967;

Тоқмағамбетов А. Өмір өлмейді. Өлеңдер мен сықақтар - Алматы: Жазушы, 1968;

Тоқмағамбетов А. Жазғы жапырақтар: (Очерктер) - Алматы: Қазақстан, 1968;

Тоқмағамбетов А. Көгілдір әлем: Өлендер, поэмалар, фельетондар - Алматы: Жазушы, 1971;

Тоқмағмбетов А. Шағалалы шалқар: Өлеңдер мен сықақтар - Алматы: Жазушы, 1972;

Тоқмағамбетов А. Ақмоншақ: Повесть - Алматы: Жазушы, 1973;

Тоқмағамбетов А. Алтын арал. Толғау-жырлар - Алматы: Жазушы, 1974;

Тоқмағамбетов А. Алтын жапырақтар: Сықақ өлеңдер мен дастандар.-Алматы: Жазушы, 1975;

Тоқмағамбетов А. Жыр күмбезі. Роман.- Алматы: Жазушы, 1975;

Тоқмағамбетов А. Мұзбалық: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1978;

Тоқмағамбетов А. Алыптар туралы ертегі - Алматы: Жалын, 1979;

Тоқмағамбетов А. Ғажайып жылдар. өлеңдер мен поэмалар -Алматы: Жазушы, 1980;

Тоқмағамбетов А. Өтеді күндер.- Алматы: Жалын, 1981;

Тоқмағамбетов А. Түрксіб түйіскенде . Өлеңдер мен ертегі,- Алматы: Жалын, 1986;

Тоқмағамбетов Асқар, Бодықов Оразбек. Қыран тұғырдан ұшады - Алматы: Қайнар, 1969.

* * *
Тоқмағамбетов Асқар (1905-1983) //Советтік Қазақстан жазушылары Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.-619-620 б.

Тоқмағамбетов Асқар (1905-1983) //Қазақ әдебиеті. Энциклопедия - Алматы, 1999 - 629 6.

Тоқмағамбетов Асқар // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-305б. Тоқмағамбетов Асқар // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 504б.


ТОҚТАРОВ РАМАЗАН
(1935-2000)
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рамазан Тоқтаров артына қомақты мұра қалдырып кеткен жазушылардың бірі. Рамазан Тоқтаров 1935 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 1957 жылы Алматы шет тілдер институтының француз тілі факультетін бітірген соң Павлодар облыстық «Қызыл Ту» газетінде жұмыс істеді. Содан бергі еңбек жолы қазақ баспасөзімен тығыз байланысты, Әр жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттері,

«Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында,


сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одғында, «Жазушы» баспасында қызмет атқарды.

Рамазан Тоқтаров әдеби қауымды елең еткізген «Ертіс перзенті» деп аталатын әңгіме, хиқаятар жинағымен әдебиетке келді. Алпысыншы жылдарда жастар өмірінен жазылған жаңа бір әлеуметтік тыныс, леп әкелген заманда бейнелейтін роман қазақ прозасында әліде аз болатын. 1965 жылы жарық көрген жазушының «Бақыт» романы жастар сүйіп оқитын шығарма болды. Рамазан Тоқтаровтың негізгі суреткерлік құрылымы мен таланты кең тынысты эпикалық прозада айрықша көрінді.

Рамазан Тоқтаровтың шығармалары жаңа заманның көкенкесті мәселелеріне айналды. «Ертіс мұхитқа құяды», «Жердің үлгісі», «Тұлпардың сыны», «Сусамыр», «Таңбалы жарғақтың құпиясы», «Бақытты құлдықтың ақыры», аттары айтып тұрғандай заты да соған сай туындылар. Оның «Терістік шұғыласы» атты повестер мен әңгімелер жинағына Тундраға барған сапары жөнінде деректі хиқаяты енген. Қаламгер қай шығармасында болмасын қазақ халқы бастан кешкен қилы-қилы кезеңнің мәселелеріне сергек үн қатып отырды. Ол заман тақырыбына қалам тартса да ұраншылдыққа, науқандыққа бой ұрмай, жанына жақын дуйиелерді жазды. Өзінің ғұмырында 24 кітаптан тұратын 16 роман жазды. Сол «бейсаясаттығы» үшін ол солақай сынның сойылығын жеген қазіргі кездері де болды. Жазушы адам бойындағы ішкі қайшылықтардан, қарапайым отбасы тірлігінен жалпы адамзаттық мотивтер тауып, жәй көзге елеусіз көрінетін шағын оқиғалардың өзінен-ақ роман тудыра берді. Ол уақыт тамырын дәп басып, кейіпкерлердің көкірек қатпарына суреткерлікпен үңіле білді. Рамазан Тоқтаровтың көптеген туындылары баяғыда-ақ оқырман сүйіспеншілігіне бөленіп, жоғары бағасын алғаны мәлім. Данышпап Абайдың жүрек сырына сәуле түсіріп, оның заманы мен ортасын жаңаша байыптаған «Абайдың жұмбағы» романы үшін жазушы 2000 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алған еді. Рамазан Тоқтаров прозалық туындыларымен қатар әдебиет теориясы, эсее-толғауларымен де оқырман кауымға кеңінен танымал.

Рамазан Тоқтаров 2000 жылдың 12 желтоқсанында 66 жасқа қараған шағында дүнйеден озды. Жазушының қалдырған мұралары кейінгі толқын жас ұрпақтардьн игілігіне айналатыны анық, оның шығармашылық өмір жолының өміршеңдігін өмір өзі айқын көрсетеді. Жазушы Рамазан Тоқтаров сомдаған ұлы Абайдың образы, оны оқушы қауымның әліде кеңірек тануына, басқаша қарауына, оның жан-дүниесін тереңірек түсінуіне толық мумкіндік берері сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет