Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет9/19
Дата08.06.2016
өлшемі1.78 Mb.
#122928
түріАнықтамалық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Шығармалары:

Сқақбаев М. Жойқын төбе: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1984.- 248 б.

Сқақбаев М. Көңіл жұбанышы: Повестер және әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1988.- 479 б.

Сқақбаев М. Қырық қыз: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1975.- 174 б.

Сқақбаев М. Пенде ғұмыр: Роман, повестер, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1991.- 480 б.

Сқақбаев М. Сұлутөрдің-бөктері: Әңгімелер және повестер.- Алматы: Жалын, 1977.- 252 б.

Сқақбаев М. Үят туралы аңыз: Хикая, повесть және әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1980.- 288 б.

Өмірі мен шығармашылығы:

Сқақбаев Марал // Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша


энциклоиедия.- Алматы, 1989.- Т.4.- 536 - 537 б.

Сқақбаев Марал // Советтік Қазақстан жазушылары: Био -


библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987,- 569 - 570 б.

Сланов Ғабдол

(1911 -1969)
Сланов Ғабдол (15.9.1911. Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, - 17.2.1969. Алматы) - қазақ совет жазушысы. 1928 - 31 жылдары Мақсат мұнай кәсіпшілігінде, Қаз ССР Жер халық комиссариатында қызмет етті.

1931 — 57 жылдары «Еңбекші қазақ» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Жамбыл Жабаевтың әдеби — мемориалдық музейінің директоры, «Қазақ әдебиеті» газетінің әдеби қызметкері. Алғашқы өлең, фельетон, очерктері 30 жылдары баспасөзде жариялана бастады. Тұңғыш көлемді әдеби туындысы - «Арман ағысы» повесінде (1940) совет адамдарының азат, еркін өмірі суреттеледі.

Ауылдағы әлеуметтік негізгі өзгерісті, қазақ шаруаларының ¥лы Октябрь Социалистік Революциясына дейінгі ауыр түрмысы, олардың азаматтық жолындағы күреске араласып, Азамат соғысына қатысуы тақырыбына арналған «Доң асқан» (1941, орыс тілінде - 1965), Гурьев мүнайшыларының ¥лы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбеғін суреттейтін «Манартау» (1945) романдары басылды. Соғыстан кейінгі ауыл өмірінің тыныс - тіршілігін корсететін «Кең өріс» повесін (1949) қайтадан өңдеп, толықтырып «Шалқар» романына (1953; орыс тілінде — М., 1953) айналдырды.

Бұл романда 50 жьлдардағы ауыл еңбеккерлерінің сан алуан бейнесі жасалды, Сланов ұзақ жылдар бойы Қарғалы шүға комбинатының өмірін зерттеп, қазақтардың орыс жұмысшыларымен пролетарлық ынтымақтастығы негізінде Жетісу өңірінде ұлттық жұмысшы табының қалыптасу тарихын бейнелейтін «Асау арна» (1963; орыс тілінде - 1971) романын жазды. Өнер тақырыбын сөз ететін «Домбыра» күйі - Ақиық» (1960), повестері жарық көрді.

«Айқайтас» атты аяқталмаған романы жазушы шығармаларының 6 - томында жарияланды. Сланов әр алуан тақырыпқа арналған көптеген очерктер жазды. Олар «Өмірдің асқар биігінде» (1940), «Бесжылдық өрендері» (1951), «Замандастар» (1958), «Азамат» (1966), «Замана шежіресі» (1970), «Алтай баласы» (1973) атты жинақтарда жарияланды. «Махамбет» атты пьесасы (1956) республика театрлары сахналарында қойылды. Жекелеген шығармалары орыс тіліне аударылған. А.Федаеевтің «Жас гвардия» романын (1947) қазақ тіліне аударды. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен наградталған.

Шығармалары:
Сланов Ғ. Шығармалар жинағы. 6 - томдық.- Алматы: Жазушы,

Т.І.- 1977.- 380 6.


Т.2.- 1978.- 438 б.
Т.З.- 1978.- 456 б.
Т.4.- 1978.- 487 6.
Т.5.- 1978.- 444 б.
Т.6.-1978.- 400 б.

Сланов Ғ. Азамат: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1966.- 100 6.


Сланов Ғ. Алтай балғасы.- Алматы: Жазушы, 1973.- 43 б.
Сланов Ғ. Асау арна: Роман.- Алматы: ҚМКӘБ, 1963.- 284 6.
Сланов Ғ. Дөң асқан> Алматы: Жазушы, 1968.- 320 б.

Сланов Ғ. Замана шежіресі,- Алматы: Қазақстан, 1970.- 296 б.


Өмірі мен шығармашылығы:
Сланов Ғабдол // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б.284.

Сланов Ғабдол // Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия.- Алматы, 1989.- Т.4.- Б. 538.

Сланов Ғабдол // Советтік Қазақстан жазушылары: Био - библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б.570.

Сланов Ғабдол // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 476б.


Смақов Жақан

(1932-1974)
Смақов Жақан 1932 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Ынтады ауылында туған. Сол жерде орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Алғашқы олеңі де сонда оқып жүрғенде жазылған. "Мені балалар тақырыбы әрдайым қызықтыратын" - деп жазыпты ол өзінің қысқа ғана өмірбаянында. 1953 жылы партия тың жерді игеру жүмысын қолға алғанда, "Пионер" журналында "Арам шөп пен бидай" деген алғашқы олеңі шықты.

Жақан Смақовтың елуінші - алпысыншы жылдары "Сыйлық", "Қаз - қаз бас", "Жастық сыры", "Ойындар мен жүмбақтар", "Күлдірген", "Сылдырмақ", "Жүз бір жүмбақ", "Қарақат", "Тамшы" деген өлеңдер жинағы басылды. Бүлардан басқа "Біздің атай Түсекең, қартаймайтын кісі екен", "Менің бөпем", "Ғажайып бүлттар", "Саяхат" деп аталған сурет кітапшаларын бастырды.

Жақан Смақовтың нағыз балалар ақыны екенін оқырмандарына әбден танытқан кітабы - "Жалын" баспасы 1976 жылы шығарған "Жаңғырық" атты таңдамалы өлеңдер жинағы. "Талапай" - кітабы да (1984) қазақ балалар әдебиетіне қосқан жаңалық ретінде қабылданды.

Ж.Смақовтың қызмет өмірбаяны үзақ емес: 1955 жылы Талдықорған облыстық газеті "Советтік Жетісуда", одан кейін "Қазақстан пионері", "Коммунизм таңы", "Жетісу" газеттерінде істейді. 1958 жылы Алматы телевизиясы ашылысымен, оның тележурналистік қызметі басталды, мүнда ол тоғыз жыл бойы балалар редакңиясын басқарды. .

Алматы телестудиясының ақын - жазушылар, композитор, суретшілер коп үйірілетін телевизиялық хабарлардың түр - түрін ойлап табуға ынтық Жақан ақын "Ерденнің ертегісінен" басқа Игорь Саввин екеуі бірлесіп, "Кешкі ертегі" деген күнделікті хабар үйымдастырды.

Жақан ақын "Тамшы", "Бұршақ туралы ертегі", "Кім күшті, кім мықты", "Ұзын аяқ", "Аю қалай адасты" сияқты шығармаларын әуелі телевизиялық хабарға арнап жазып, кейін кітаптарына енгізді. Оның қүсбегі туралы телефильмі бүкілодақтық экранға шықты.

Жақан Смақовтың балаларға арнап өлең жазып, шеберлігі қалыптасуына Өтебай Тұрманжанов, Мұзафар Әлімбаев, Қабдыкәрім Ыдырысов, Әбдікәрім Ахметов өлеңдерінің ізгілікті әсерітиді.

Ж.Смақовтың балаларға, әсіресе, бөбектерге арналған өлеңдеріндегі шеберлігін, тапқырлығын арнайы зерттеуге болады. Ондай өлеңдері оқулықтарға енген, жас буындарға тіл үйрету, дүниетану қызметін атқарып жүр.

Ақын поэзиясының айрықша бір саласы - жүмбақтары. Бүларда мәнді мазмүн, тапқырлық, көркемдік сырлары бар.
Құрғақ жерде сақтайсың,

менсіз тамақ татпайсың

(Тұз)

Бір ағашта бес тармақ,



Бес тармақта бес жаңғақ.

(Қол)
Осы тәрізді жүмбақтарын оқи бергің келеді. Ж.Смақовтың қазақ балалар әдебиетіне енгізген тағы бір жаңалығы - әсерлі, әрекетті ойындар. Бүл ретте халықтың "Соқыр теке", "Талапай" сияқты ойындарын да шебер жандандыра білген.

Ақын жұмбақ, жаңылтпаш, ойын өлеңдерінде балдырғандарға тіл үйрету жағын қатты қадағалаған, мақсатты мағына беріп жазған.

Жақан Смақовтың шығармаларын оқыған адам оның тумасынан бөлек жанын үғып, тілін біліп, сырласуға жаралған дарынды ақын екеніне көңілі әбден сеніп, көзі әбден жетеді.

Қалам үстағаннан балаларға, әсіресе балдырғандарға арнап өлең жазған ақын, өзіндік ерекшелігі таньшған шағында, денсаулығы нашарлап, қырық екі жасында қайтыс болды.
Шығармалары:
Смақов Ж. Бақ - бақ: Өлеңдер мен ертегілер.- Алматы: Жазушы, . 1965.-38 6.

Смақов Ж. Біздің ағай Түсекёң, қартаймайтын кісі екен.- Алматы: ҚМКӘБ, 1961.- 13 б.

Смақов Ж. Ғажайып бүлттар.- Алматы: Жазушы, 1966.- 12 6.

Смақов Ж. Жаңғырық: Өлеңдер, тақырыптар, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ойындар.- Алматы: Жалын, 1976.- 179 б.

Смақов Ж. Жүз бір жұмбақ.- Алматы: ҚМКӘБ, 1964»- 36 6.

Смақов Ж. Қаз - қаз бас.- Алматы: ҚМКӘБ, 1960.- 12 6.

Смақов Ж. Күлдірген: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.- ЗІ 6.

Смақов Ж. Қарақат.- Алматы: Жазушы, 1969,- 32 б.

Смақов Ж. Қуыршақтар хикаясы.- Алматы: Балауса, 1996.-27 б.

Смақов Ж. Мың махаббат: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1974.-

71 6.

Смақов Ж. Намыс: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1972.- 31 6.



Смақов Ж. , Кәрбозин Ж., Молдағалиев Т. Өлеңдер, тақпақтар, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ойындар.- Алматы: Балауса, 1992.- 527 б.

Смақов Ж. Саясат.- Алматы: Жазушы, 1968.- 12 б.

Смақов Ж. Сылдырмақ.- Алматы: ҚМКӘБ, 1963.- 52 б.

Смақов Ж. Талапай: Өлеңдер, ойындар.- Алматы: Жалын,


1984.-36 6.

Смақов Ж. Тамшы.- Алматы: Жалын, 1983.- 15 6.

Смақов Ж.. Бақ-бақ: Өлендер, тақпақтар, жұмбақтар.- Алматы: Раритет, 2008.-208б.

Смақов Ж.. Туған жерім – Ақдала: өлендер.- Алматы: Білім, 2011.- 152б.


Өмірі мен шығармашылығы:
Смақов Жақан (1932 - 1975) //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б.285.

Смақов Жақан (1932 - 1975) //Советтік Қазақстан жазушылары: Био - библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б.574.

Смақов Жақан //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 477б.

Темірбалаева Б. Ж. Смақов өлендеріндегі өзіндік өрнектер //Ақиқат.- 2010.- №7.-122-124б.

Темірбалаева Б. Бөбек жүректі, балажан жыршы //Жұлдыз.-2010.-№6.- 176-183б.

Темірбалаева Б. Балалар ақыны Ж.Смақов шығармашылығы // Ақиқат.- 2010.-№1.- 89-90б.


Сматаев Софы

( 1942)
Тағдыры туған елінен басталатын тұлғалар сирек. Соның қазақ әдебиетіндегі бірегейі Софы Сматаев десек, қателеспес едік. 1941 - дің жер бетін күйдірген жалаулаған 22 - маусымында таң шапағына оранып шыр етіп дүниеге келген ол "Соғыс ала келдім бе, жеңіс ала келдім бе - ол арасын анықтар мен емеспін" десе, бүгінде жеңіске жеткен ел ағасың алтыншы ондықтың биігінде тұрғанын көрер едік.

Софы Сматаевтың тағдырмен басталған ғұмыры қиын да қызықты бұралаңдарға ұласқандай көрінеді. Қара щаңырақ ҚазМу дің филология факультетінде оқып жүргенде ұлы М.Әуезовтің "Жазушының бай өмір жолы болуы керек" деген бір ауыз сөзін естіп, Мәскеуге аттанып кетіп, Болат және қорытпалар ннститутының студенті атанып қайтуы бозбаланың биікке құлаш сермеген биік арманын корсеткендей. Оның басқан ізіне шұқшия үңілсең, "Өмір - күрес" деген қагиданы берік үстанган азаматтың бет бейнесін танығаңдайсың. Шыр етіп жарық жалғанға келгенде елінің басына түскен қауіпке куә болған шарана, ширек ғасырдан кейін табанымең шоқ басқан халқының тағдырын айшықтаған "Елім- ай" тектес әйгілі шығарма тудырарын соғыс басталған күні үл туды деп қуанғандар білген жоқ еді. Оның осы бір көлемді дүниесі терісі тарлардың кесірінен сандығында амалсыз сақталғандығынан да екінің бірі хабарсыз. Қаламгердің негізгі шығармасы да осы дилогия. Бұл - ақтабан шұбырындыдағы қазақ тағдыры, азаттық аңсаған жұртының асыл арманы. Бұл - бүгінде Алматы көшелеріне аттары қойылған Қаздауысты Қазыбек пен Төле би, Қабанбай, Бөгенбай батырлардың халық аңсай күткен айшықты асыл бейнесі еді. Шығарма "Жұлдызда" жарияланысымен үлкен резонанс туғызып оқырмандар арасында кең серпіліс пайда болды. Сол кездері тарихын терең білгісі келген, өткенін көркем шығарма арқылы көргісі келген халықтың ойынан шығып, І.Есенберлин, Ә.Әлімжановтармен қатар тар кезең трагедиясының шындығын жетпісінші жылдар оқырманына жақындатып берді. Ол бұл шығармасы үшін әдеттегідей өкіметтен де, қатар жүрген қаламгерлерден де жылы соз естіген жоқ, ол алғысты оқырмандарынан алды.

Қаламгер шығармаларының тілі шұрайлы. Қай прозалық шығармасын алыңыз, асқақ пафос, өлеңдей өрілген тіркестер, жанды теңеулерді оқып риза болар едіңіз. Сексенінші жылдары Жазушылар одағындағы бір жиында; "Елім,- ай" - дың кейіпкерлері шетінен шешен" деген бір қаламгерге автор: "Ол кездің адамдары шешен болған.Тілді шұбарлап, азған елдің алдына түсіп жүрген өзіміз. Сіз бес минөттік сөзіңізде "допустим" деген сөзді он бір рет қайталадыңыз" деп залды бір серпілткені бар.

Біржан өмірінің трагедиясын лирикалық сарынмен бейнелеген "Дүние өтерінде шыр айналды" повесіндегі Азнабайдың Біржанға қол көтеретін қасіретті эпизодындағы мына бір диалог ақын басындағы аза - күйді жан тебіренте шертіп, екі ғасырдың арасына өткел салып тұрғандай.

Софы Сматаев табиғатында "азған елдің түбіне тақсыр жетер"- ді жүрегіне терең сіңіріп, өмір сүру кредосында осы ұстанымды ұдайы жалаң қылыштай жанына байлап жүретін секілді. Орталық Комитетте қызметте болған кезінде де ұлтаралық мәселелер жөніндегі комиссияның мүшесі бола жүріп, Желтоқсан көтерілісінен кейін "қазақ ұлтшылдығына" қарсы күресіп, қараңғы бөлмеден қара мысық іздеген Колбинге орнынан ұшып тұрып қарсы сөз айта алған да қазақ қаламгері Софы Сматаев еді. Орталық Комитет тарихында өз өтініші бойынша шығармашылық жұмысқа ауысқан біреу болса, ол да 86-жылы партиялық өресқел мінез - құлқымен көзге түскен "Елім - ай"- дың авторы еді. Бұл туралы Б.Тілегеновтың "Тұйық өмірдің құпиясы" атты кең таралған кітабында егжей - тегжейлі сөз болады.

Жазушы шығармашылығы талай - талай биік бағасын алды да. "Елім - ай" - ды жазған ер жігіт сол жылдары көзіне пенсне көзілдірігін тағып, шоқша сақалы шошайып, бейне бір отызыншы жылдардың зиялыларын жастардың көз алдына тартып, көлбеңдеп кетіп бара жататын. "Анау "Елім - ай"- дың авторы" деп сырттай көзбен ұзатып салушы оқырмандары да аз болған жоқ. Сегіз роман, он үш повесть, оншақты пьеса жазып, аудармада Шекспирдің "Юлий Цезарь" - інен бастап көп дүниелерді қазақша сөйлеткен, өмірін өлеңмен бастаған ақын Софы Сматаев әркімнің жүрегінен биік орын алған қаламгер.

Ол өмірге келген 41-дің 22 - маусымында "Мұндай той бола берер деймісің" деп үш күн сайрандаған жетпіс азаматтың отызы майданнан отбасына оралмапты. "Есімді білгелі бері сол отыз боздақтың айтылмай кеткен аманатына, орындалмай қалған арманына өзімді ғұмыр бойы борышкер санаумен келем" дейді ол қысқаша ғұмырбаянында.

Софы Сматаев тырнақалды "Астана оттары" атты өлеңдер мен балладалар жинағын шығарып, ақын ретінде көзге түскен. Содан соң бірден күрделі жанрға құлаш ұрып, "Елім - ай" атты роман - дилогия берді. Мұнда қазақ халқының басынан кешкен ауыр кезең "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" дәуірі қамтылды. Ал, "Ақжелең", "Бұлақ", "Мәңгілік бастауы", "Махаббат қайда, дос қайда" атты алты романдары туған халқымыздың жүрегінен жол тапқанын айтуға тиіспіз.

"Армысың ана", "Алау", "Алғашқы асу", "Ғарышқа көз тіккен жер", "Қазына шоқ жұлдызы" тағы басқа повестер жинақтарының айтар ойы мол шығармалар. Бұлардың ішінен "Қобыланды батыр" повесі мен "Елім - ай" романдары орыс, словак тілдерінде жарық көрді.

"Әзіл - әзәзіл", "Сен кімсің?", "Тағдырлар", "Жұлдызым менің жоғары", "Жұмбақ қыз", . "Зарзаман" пьесалары республика театр сахналарында табыспен қойылып келеді.Сондай - ақ, В. Шекспирдің "Юлий Цезарь" драмасын, венгер жазушысы Имре Добозидың "Сейсенбіден бейсенбіге дейін" повесін, ұйғыр жазушысы Ю.Мухлисовтың "Садыр палуан" романын, В. Короленко, В. Иванов, Н. Куссберг, В. Солоухинның, П. Загребельныйдың әңгіме, олеңдерін тәржімалаған.


Шығармалары:
Сматаев С. Акжелен: Роман.- Алматы: Жалын, 1979.- 294 б.
Сматаев С. Алау: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1974.- 198 б.
Сматаев С. Алгашқы асу: Повестер.- Алматы: Жалын, 1982.-

263 б.


Сматаев С. Армысың, ана!: Повесть, әңгімелер.- Алматы:
Жазушы, 1970.- 104 б.

Сматаев С. Астана оттары: Өлеңдер мен балладалар.- Алматы:


Жазушы, 1968.- 71 6.

Сматаев С. Ғарышқа көз- тіккен жер: Әңгімелер.- Алматы:


Жалын, 1985.- 200 б.

Сматаев С. Елім - ай: Роман.- Алматы: Жазушы, 1980.- 416 6.

Сматаев С. Көп томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Ел-шежіре
Т.1: Қызыл дәптер: повестер, әңгімелер.- 2008.- 432б.
Т. 2 : Аймандай: повестер, әңгімелер.- 2008.- 432б.
Т.3 : Алғашқы асу: повестер, әнгімелер.- 2008.- 448б.
Т.4: Ақжелкен: роман.- 2008.- 416б.
Т. 5. 1- кітап: Елім-ай: трилогия.- 2008.- 432б.
Т. 6. 2-кітап: Елім-ай. трилогия.- 2008.- 496б.
Т. 7. 3-кітап: Елім-ай. Трилогия.-2008.- 616б.
Т. 8: Бұлақ: роман.-2008.- 336б.
Т. 9: Мәңгілік бастауы: роман.- 2008.- 424б.
Т.10: Біз-құлмыз ба кімбіз?: роман.- 2008.-552б.
Т. 11: Жарылғап батыр: роман.-2008.- 312б.
Т.12: Алтын кұндақ: пьессалар.-2008.- 408б.
Т. 13: Әзіл-әзәзіл: пьессалар.- 2008.- 376б.
Т.14: Көгілдір такси: пьессалар.-2008.-376б.
Т. 15: Іздерім-ау!: өлендер.-2008.-360б.
Т. 16: Өлендер.-2008.-320б.

Т. 17: Аналар-ай – Даналар-ай!: Өлендер.-2008.-312б.


Сматаев С. Үш томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Алманар
Т.1: Жылдарым- жырларым.- 2009.- 360б.
Т.2: Жылдарым- жырларым.- 2009.-320б.
Т.3: Жылдарым – жырларым.- 2009.-312б.

Өмірі мен шығармашылығы:
Сматаев Софы Қалыбекүлы //Қазақ ССР: 4 томдық қысқаша
энциклопедия.- Алматы, 1989.- Т.4,- Б.537.

Сматаев Софы //Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987,- Б.575.

Сматаев С. "Қаратаудың басынан көш келеді" //Сөзстан.- Алматы, 1985.- 6- кітап.- Б. 125 - 132.

Толыбаев Қ. Жеткіншектер омірінің жаршысы еді // Сөзстан..-


Алматы, 1983.- 4 кітап.- Б. 221 - 234.

Сматаев С. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр.- Алматы, 2004.- 285-286б.

СматаевС. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 477б.
***
Ақсұңқарұлы С. «табаны жерде тұрғанда, тапжылмайтын Антейдей...

( Жазушы С. Сматайұлының «Елім-ай» романы туралы) //Жас Алаш.-2011.- 23маусым.-5б.


Дәдебаев Ж. Терең таным, берен ұстаным: (Жазущы Софы Сматаев 70-те) // Егемен Қазақстан.- 2011.- 22маусым.-7б.
Иманасов С. Софы туралы сөз //Қазақ әдебиеті.- 2011.-24 шілде.- 7б.

Қабышұлы Ғ. Таза адам таза жолмен жүреді //Түркістан.-2011.- 8желтоқсан.-9б.

Қазыбекұлы Н. Софы: ( жазушы С.Сматайұлының шығармашылығы және ол туралы замандастарының пікірлері) //Жалын.- 2011.- №6.- 44-50б.

Қирабаев С. Замана жыршысы: ( Жазушы Софы Сматаевқа – 70 жыл) // Қазақ әдебиеті.- 2011.-24 маусым.- 6б.


Мұқаш Қ. Елім деп еміну үшін де ерлік керек //Жас қазақ үні.- 2011.- 24 маусым.-9б.
Сматаев С. Халықты қаралаған-қасиетінен айрылады //Түркістан.- 2011.- 16 маусым.-9 б.
Сматаев С. Жариялылық- адалдықтың айнасы //Жас Алаш.- 2011.-23 маусым.-5б.
Сығай Ә. Жайсан жанды жазушы //Айқын.- 2011.- 18 маусым.-5б.
Сматаев С. Колбинмен тірескен қаламгер //Түркістан.- 2010.-11 наурыз.-5б.
Әбілдинов Қ. Сматайдың соросы //Қазақ әдебиеті.-2009.-23 казан.-12б.
Смаханұлы Шона.

(1924 -1988)
Смаханұлы Шона (2.11.1924 - Жамбыл облысы, Талас ауданы,
"Ойық" совхозында - 29.10.1988, Алматы) қазақ совет ақыны,
сатирик. Анасьінан ерте айрылып, балалар үйінде, интернатта
тәрбиеленеді. ¥лы Отан соғысына қатысқан. ҚазПИ - ді бітірген.
(1956). 1943 - 57 ж. Жамбыл облысы, Талас ауданында пед.
қызметте болды. 1957 - 84 ж. "Мектеп" баспасында редактор,
"Қазақстан мұғалімі" газетінде әдеби қызметкер, болім меңгерушісі,
"Ара" - "Шмель" журналында фельетонист, "Жазушы" баспасында
редактор, болім меңгерушісі. "Тотияйын" атты тұңғыш сатиралық
өлеңдер жинағы 1959 ж. басылып шықты. Келеңсіз құбылыстарды,
етектен тартар ескілік қалдықтарын, адам бойындағы кемшіліктерді
сынап сықақтайтын "Қу түлкінің сыбағасы" (1961), "Көріп жүр ғой
көздерің, үкімін айт өздерің" (1965), "Шымшыма" (1966), "¥р,
тоқпағым, ұр" (1970), "Жүз шымшыма, қырық қышыма" (1974),
"Қоңыраулы шеңгел" (таңдамалы, 1974), "Кездік" (1976),
"Сандықтан шыққан сайтан" (1977), "Жымияды жеңешем" (1981),
"Жасырайын несіне" (1983), "Өткірдің жүзі" (1985) атты сатиралық
өлеңдер жинағы, тарихи тақырыпқа жазылған. "Үміт жұлдызы" атты
повесі (1984) жарық көрді.

Жиырмадан аса кітабы шыққан Ш.Смаханұлының сатиралық өлеңдері, сыншыл - прозалық шығармалары, өлең дастандары, ауыз әдебиетінің үлгілерінде жазылған түрмыстық - салт жырлары, жүмбақтары, скетч, интермедйя түріндегі драматургиялық туындылары, ән текстері толып жатыр.

Ш.Смаханұлының шығармаларының өміршеңдігі тақырыбының ескірмейтіндігі. Мысалы, тәуелсіздік жолына түскен еліміздің қазіргі тұстағы соқталы саналатын проблемалары, елді, жерді шын сүю, ұлтжандылық қасиет, ана тілін ардақтау, ұлттық мектеп мәселелерін Шона аға-Смаханұлы көргендікпен ерте - ақ бастап кеткен - ді. Көргендік демеске лаж жоқ, осы тақырыптар қазіргі кездің де қаны сорғалаған шындығы. Автор "Анамның тілі, аяулы үні" деген өлеңінде адамзаттың шыр етіп жарық дүниеге келгеннен бастап аялайтын ана тілінің қасиетін тебірене жырлайды: "Сонымен сүйдім омірді, Жаныммен сүйдім елімді" - дейді. Немесе: "Коңілге көрік, Өмірге серік,

Ән мен жыр шалқып туатын, Сөйлесем көпке, Өрлесем кокке, Анамның тілі - қуатым, Анамның тілі - айбыным, Анамның тілі - ай - күнім".

Ш.Смаханұлының шәкірт тәрбиесі, қазақ мектептерінің зәру мәселелері жөніндегі жазғандары мен атқарған істері жеке бөлек тақырып.

"Тілімді түйреуіштей сүйір етіп,

Қойды мені сықаққа үйір етіп" - деп автордың өзі жырлағандай, Шона Смаханұлы әсіресе, адам психологиясына, сезіміне ерекше әсер ететін ойнақы Йркес, қуақы тілдің шебері. Оның сын - сықақтары өтірік өлең, ертегінің түрлері, жар салу, түс көру, жұмбақ айтыс, аңыз әңгіме, баяндама, жиналыс жасау, әндетіп айтуымен түрленіп, кұбылып тұрады. Ал сатираның қысқа да куатты, уытты да ұгқыр жанрлары шымшыма, шаншымаларға келгенде ерекше жортады.

Ш.Смаханұлы жалпы қазақ сатирасыида аталған жанрлардың негізін қалаушы, дамытушы десе де жарасады. Автордың "Шымшымалар", "Жүз шымшыма, қырық қышыма" деп аталатын кітаптары осыған дәлел.

Ш.Смаханұлының қазақ сықағында өзіндік ізі бар. Шығармаларын шағын, ықшамды етуге, сюжетін қызықты, композиңиялық шешімін шымыр, тартымды етіп беруге, сөйлемдерді, дйалогтарды қысқа, анық, түсінікті, қарапайым етіп қүруға тырысады. Балаларға арналған жыр жинақтары да бар. Бірқатар ән текстерінің авторы. Орыс тілінде бірнеше кітабы жарық көрді.

Шона Смаханұлы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және медальдарымен марапатталған. Алматы қаласында оның есімінде мектеп бар.


Шығармалары:
Смаханүлы Ш. Айға үшамын: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1971.- 55 б.

Смаханүлы Ш. Айнабүлақ: Өлеңдер.- Алматы: Өнер, 1989.- 136 б.

136 б.

Смаханүлы Ш. Алтын жүмыртқа: Сықақ әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1969.- 71 б.



Смаханүлы Ш. Жүз шымщыма, қырық қышыма: Шымшыма - шымшымалар, мысал - сықақтар, өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1973.- 104 б.

Смаханұлы Ш. Жымияды жеңешем: Мысал, сықақтар, олеңдер.- Алматы: Жазушы, 1981.- 111 б.

Смаханүлы Ш. Кел балалар, күлейік: Әзіл - сықақ, мысал, шымшымалар жэне өлеңдер.- Алматы: Мектеп, 1989Д 80 б.

Смаханүлы Ш. Көріп жүр ғой көздерің, үкімін айт өздерің.- Алматы: Жазушы, 1965.- 76 б.

Смаханүлы Ш. Қоңыраулы шеңгел: Таңдамалылар.- Алматы: Жазушы, 1974.-263 б.

Смаханүлы Ш. Қыз сыры: Көп өрімді новеллалар.- Алматы: Жалын, 1980.- 80 б.

Смаханүлы Ш. Өткірдің жүзі: Мысал - сықақтар мен шымшымалар.- Алматы: Жазушы, 1985.- 304 б.

Смаханұлы Ш. Сатира, юмор, мысал.- Алматы: Жазушы,


1966.-24 6.

Смаханұлы Ш. Тотияйын: Мысалдар мен сықақ өлеңдер жинағы.- Алматы: ҚМКӘБ, 1959,- 107 б.

Смаханұлы Ш. ¥р, тоқпағым ұр !: Мысал - сықақ өлеңдер, шымшымалар.- Алматы: Жазушы, 1970.- 71 6.

Смаханұлы Ш. ¥ры тіс: Мысал - сықақтар.- Алматы: Жазушы, 1967.- 112 6.

Смаханұлы Ш. Шымшыма.- Алматы: Жалын, 1992.- 214 6.

Смаханұлы Ш. Әнші әтеш: Шығармалар, сықақтар, мысалдар.-Алматы: Жазушы, 2005.-200б.



Өмірі мен шығармашылығы:
Смаханұлы Ш. //Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия.- Алматы, 1989.- Т.4.- Б. 537.

Смаханұлы Шона (1924 - 1988) //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б. 286.

Смаханұлы Шона // Советтік Қазақстан жазушылары: Био - библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 576.

Смаханұлы Шона. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 477-478б.


***
Мекебай А. Мәнгілік мұраттың баһадүрі // Жұлдыз.- 2008.-№3.- 123-124б.

Тоқашбаев М. Азаматтың асқар тауы: ана тіліміздің келешегі үшін аянбай күресіп өткен Смаханұлы Шона ағаның өмірінен бір үзік сыр // Анна тілі.- 2011.-10 наурыз.-10б.

Сәттібайұлы К. Шона // Алматы ақшамы.-2011.-25 тамыз.-7б.

Шона Смаханұлы, ақын, сықақшы, қазақ тілінің камқоршысы //Жұлдыздар отбасы.-2012.-№7.- 19-24б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет