Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет12/12
Дата08.06.2016
өлшемі1.68 Mb.
#122896
түріАнықтамалық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Шығармалары:
Балғабаев С. Жұлдызың жансын: Деректі әңгіме.- Алматы: Жалын, 1977.

Балғабаев С. Бастау: Өлеңдер.-Алматы: Жалын, 1978.

Балғабаев С. Тұңғыш: Толғаулар мен өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1978.

Балғабаев С. Алтын сағым: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1982.

Балғабаев С. Құм мен қызғалдақ: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын,1982.

Балғабаев С. Шөл: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын,1984.

Балғабаев С. Дала мен дария: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1988.

Балғабаев С. Қазақтың қызыл кітабы: Ұлт толғауы.- Алматы : Қазақстан, 1998.

Балғабаев С. Ең әдемі келіншек: Әңгімелер мен пьесалар.- Алматы. Ана тілі,2006.

Балғабаев С.Біз де ғашық болғанбыз: Пьесалар.- Астана: Ақарман,2008.- 252 б.


Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Балғабаев Сұлтанәлі // (Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.- 115 б.
Бахтия Илья (Илья Молотов)

(1932- 1987 )
Илья Бахтия ұйғыр поэзиясына айтулы үлес қосқан, ұйғыр балалар әдебиетінің негізін қалаған ақын.

Илья Бахтия 1932 жылы 18 наурызда Алматы облысы Ұйғыр ауданының Кіші Диқан селосында туған. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. Біраз жыл мектепте мұғалім, қазақ радиосында тілші болып істеді. Оның алғашқы өлеңдер жинағы «Достарға тарту» деген атпен 1955 жылы жарық көрді. Бұдан кейін ол поэзия саласында жемісті еңбек етіп, «Арманым»,

«Бұлақ», «Тянь-Шань жігіті», «Тянь- Шань жырлары» «Өмір өтеді осылай», «Өмір өткелдері» тәрізді жыр кітаптарын жазды. Ақынның өлеңдері мен балладалары тақырып жағынан әралуан болып келеді. Адам, оның дүниеге көзқарасы, ой сезімдері, көңіл- күйі, достық, махаббат сезімдері Илья поэзиясының өзегін құрайды. Ол өз халқының арман- тілегін, әдет- ғұрпын, мәдениетін шеберлікпен жырлаған: «Ұйғырларды таныстыру», «Ұйғыр еліне», «Жақсы адамдар туралы сөз» т.б.

Оның поэзиясы терең мазмұнды, ойлы бояумен бірге көркемдік қырларымен, өзіндік сипатымен ерекшеленеді.

Ақынның «Менің арманым» (1958), «Қайнар» (1961), «Тянь- Шань жыры» (1966) , «Іле өңірінде» (1973), «Өтеді өмір осылай» (1981), Таңдамалы (1982) жыр кітаптары осыған мысал. Илья Бахтияның балаларға арналған өлеңдері олардың жүрегіне жақын, оларды азаматтық өмірге үйрететін жырлар.

1958 жылы Илия Бахтияның «Мой Гулистан» деген атпен жыр кітабы орыс тілінде жарық көрді. Ол ұйғыр тіліне А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, А.Құнанбаевтың, С.Сейфуллиннің, Р.Ғамзатовтың өлеңдерін аударған.

Илья Бахтия 1987 жылы қазан айында қайтыс болды.

Ол өзінің бүкіл саналы ғұмырын халқына, оның әдебиетіне адал қызмет етуге жұмсады. «Өмір өткелдері» деп аталатын бір томдығына жазған кіріспесінде Илия Бахтия ағынан жарыла былай деген екен:

«... Қолтаңбам бар.

Бір жөні болып қалар.

Ақын құсы маңыма қонып қалар.

Сонда халқым көп ақын арасынан

« Қарға балам- аппағым» деп танып қалар».

Илья Бахтия шығармалары ұйғыр мектептерінде бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін оқытылады.

Илья Бахтия есімі Ұйғыр ауданы Шонжы селосында ұйғыр орта мектебіне берілді. Сондай- ақ, Қазақстан жазушылар одағында жас ақындарға арнап Илья Бахтия атындағы сыйлық тағайындалды.

1992 жылы тамыз айында Алматы облысы Ұйғыр ауданында ақынның 60 жылдық мерейтойы кеңінен аталып, ақын рухына тағзым етілді.



Шығармалары :
Бахтия И. Достарға тарту: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1955.

Бахтия И. Менің арманым: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1958.

Бахтия И. Қайнар : Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1961.

Бахтия И. Тянь- шань жігіті: Өлеңдер.- Алматы : ҚМКӘБ, 1963.

Бахтия И. Тянь- шань жыры .- Алматы: Жазушы, 1973.

Бахтия И. Өтеді өмір осылай Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1981.

Бахтия И. Өмір өткелдері: Таңдамалы .- Алматы: Жазушы, 1982.
Өмірі мен шығармашылығы туралы :

Бахтия Илья // Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық- Алматы: 1987.- 118 б.


Баязитов Саид

(1929-1981)
Саид Мақсұтұлы Баязитов 1929 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданының «Коммунизм» колхозында туған. Ұлты татар болғанмен ол шығармаларын қазақ тілінде жазды.

1953 жылы Саид Баязитов Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. 1953- 1957 жылдары орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болған.

1957 жылдан 1961 жылға дейін Саид Баязитов Қазақстан Жазушылар одағының Қызылордадағы облысаралық бөлімшесінің әдеби консультанты, 1961- 63 жылдарда Москвадағы жоғары әдебиет курсының тыңдаушысы болған. 1954 жылы Саид Баязитовтың Қазақтың Мемлкеттік Көркем әдебиет баспасы балаларға арналған «Күтпеген кездесу» деген алғашқы әңгімелер жинағын шығарды. Оның шығармаларының дені балаларға арналған, жас ұрпақты жалынды, жігерлі азамат етіп тәрбиелеу, еңбекке баулу мәселелерін қозғайды. Оның алғашқы «Арал Робинзондары», «Бала қалам» әңгімелері, ал 1960 жылы ересектерге арналған «Тюльпандар гүл шашқанда» әңгімелер жинағы жарық көрді. 1965 жылы «Жазушы» баспасынан «Хрусталь алқалар», ал 1967 жылы « Айдарлыдағы кездесу» атты повестері шықты. 1986 жылы «Жалын» баспасы жазушының қайтыс болғаннан кейін «Алтын кілт» атты повестер мен әңгімелер жинағын қайта басып шығарды.

Саид Баязитов 1981 жылы қайтыс болды. Оның шығармалары орыс тіліне аударылған жоқ.



Шығармалары :
Баязитов С. Күтпеген кездесу: Әңгімелер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1954.

Баязитов С. Арал Робинзондары: Әңгімелер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1956.

Баязитов С. Бала- қалам: Әңгімелер.- Алматы: ҚМКӘБ,1959.

Баязитов С. Тюьпандар гүл шашқанда: - Алматы: ҚМКӘБ,1960.

Баязитов С. Хрусталь алқалар: Повесть.- Алматы: Жазушы,1967.

Баязитов С. Айдарлыдағы айлар: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1967.

Баязитов С. Алтын кілт: Әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1976.

Баязитов С. Құмқаланың қыздары: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1986.

Сералиев Н., Баязитов С. Әңгімелер, повестер / Н.Сералиев, С.Баязитов.- Алматы: Балауса, 1995.

Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы.- Алматы: Балауса, 1995.


Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Баязитов С. Ана сүтімен дарығандай..: ( Жазушы өзінің шығармашылық өмірі туралы ) // Қазақ совет балалар жазушылары: Қаламгерлік өмірбаян .- Алматы, 1987.- 94 б.

Баязитов Саид // Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы ,1979.-

119 б.

Есназарова Р.Кейіпкердің адамгершілік әлемі: М.Иманжановтың



«Алғашқы айлар», С.Баязитовтың «Айдарлыдағы айлар» повестеріндегі мектеп тақырыбы // Ізденіс. Гуманитарлық ғылым сериясы.- 1996.- №6.- 82 б.

Ерте есейген балалар жазушысы: (Саид Баязитов) // Балалар бағының бағбаны .-Алматы, 2008.-73-74 б.



Баялиев Кәрім

( 1927)
Кәрім Баялиев 1927 жылы 1 наурызда Жамбыл облысының Жуалы ауда-

нындағы «Берікқара» аулында туған. К.Баялиев Қазақ Мемлекеттік уни-

верситетінің заң факультетін бітірген. 1947-1949 жылдары Жамбыл облыс-

тық юстиция басқармасы бастығының орынбасары, 1950-1955 жылдары Жамбыл зоовет техникумында мұғалім болып істеген. Әдеби қызметін 1955 жылы облыстық «Еңбек туы» газетінің әдеби қызметкерлігінен бастап, сол жылдардан бері көркем әңгімелері баспасөз бетінде жарияланады. Тұңғыш әңгімелер жинағы «Жол үстінде» кітабы 1959 жылы жарық көрді. Сонан бері Кәрім Баялиев «Адам ізі» (1964), «Дегелек келді, жаз болды» (1970),

«Нөсер» (967), «Жылы лебіз», «Мейірім» (1978), «Тойбастар», «Ар жазасы» (1989), «Бөтен бала» повестері басылып шықты.

Отыз жылға таяу Қазақ радиосының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет істеді. К.Баялиевтің облыс өмірін республика жұртшылығына кеңінен таныстырған еңбектері кезінде лайықты бағасын алды. К.Баялиев өз замандастарының тұтас бір шоғырының образын жасап, оннан астам кітап шығарды.

Кәрім Баялиев өз шығармаларында замандастарымыздың күрделі ой- сезімдерін зерттеп, әлеуметтік, адамгершілік мәселелерді көтереді. Оның туындылары өмірдің өзінен алынған, нақты материалдарды пайдалану негізінде баяндалады.

Жазушының «Жылы лебіз», «Дегелек келді , жаз келді», «Ар жазасы» хикаяттары оқырманды оқырманды ойландыратын, ізгілікке бастайтын шығармалар. Жазушы адамның рухани саулығы, бақытның бағасы сияқты тақырыптарды қозғайды, енжарлық пен тоғышарлықты шенейді, озбыр, ұсақ мүдделі жандардың қуыс кеуделігін шегелеп айтады. Кәрім Баялиев «Жер тынысы», «Жасарған Жамбыл жерінде» атты очерктер кітабының авторы. Жазушы драматургия саласында да жемісті еңбек етті. Алпысыншы жылдары жазылған «Оралу», «Атаң келеді артыңда» атты пьесалары

Жамбыл, Шымкент театрларында табыспен қойылды. Кәрім Баялиев соңғы жылдары Жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы қызметінде болып, жас әдебиетшілерді тәрбиелеу ісінде біраз жұмыстар атқарды.

1999 жылы «Жазушы» баспасынан К.Баялиевтің «Ар жазасы» кітабы жарық көрді. Бұл кітап қазақ әдебиетінің детектив жанрына қосылған тағы бір елеулі туынды болды. Шытырман оқиғалар желісінде жазылған бұл шығармада заң жүйесі саласындағы заманымыздың әр кезеңіндегі заң қызметкерлерінің бейнесі сомдалған.

Әдебиеттегі, қоғамдық өмірдегі белсенді еңбектері үшін К.Баялиев Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атанды.
Шығармалары:
Баялиев К. Жол үстінде: әңгімелер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1959.

Баялиев К. Адам ізі: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1964.

Баялиев К. Нөсер: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1968.

Баялиев К. Дегелек келді, жаз болды: Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жазушы,1970.

Баялиев К. Жер тынысы : Очерктер.- Алматы: Қайнар, 1972.

Баялиев К. Мейірім: Эссе және повесть.- Алматы: Жалын, 1978.

Баялиев К. Жамбыл жерінде. Жамбыл облысы туралы кітап.- Алматы,1980.

Баялиев К. Ар жазасы: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1999.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Баялиев К. Советтік Қазақстан жазушылары: Биоблиографиялық анық-

тамалық.- Алматы,1987.-120 б.


Бегалин Сапарғали

(1895-1983)

Сапарғали Бегалин 1895 жылдың 24 қарашасында Семей облысының

(қазіргі Шығыс Қазақстан) Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген. Малшы қазақ баласы сауатын ауылда ашады.

Жұттан қашып, алыстан жұмыс іздеген әкесіне еріп, 1911 жылы Семей қаласына келген пристаньда қара жұмысқа түседі. Содан учитель Нұрғали Құлжановтың атының басын ұстап, делбеші болып жүріп орыс-қазақ

училищесін 1915 жылы бітіріп шығады.

Өз заманында ол бірнеше мамандық ауыстырған, бақташыдан бастап газет редакторына дейін қызмет атқарған. Ең алғашқы өлеңі 1914 жылы

«Айқап» журналында жарияланды. Жазушының шығармашылығы әр алуан. Ол ақын, эпик, лирик, ән-өлең авторы. Ол прозаик, әңгімеші, романист. Ол этнограф, әдебиет зерттеуші, аудармашы, қоғам қайраткері. 25 поэма,

1 роман, 12 повесть, көптеген өлең, әңгімелер, 9 шағын пьеса, 50 шақты ән өлеңін жазған.

Алайда қалың қауымға қалаулы қаламгер еткен сала балаларға арналған туындылары. Алғашқы кітабы «Қыран кегі»- көне қазақ аңызының сюжетіне құрылған.

Аудармашы ретінде Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Твардовский және басқа да ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Жазушы әдебиет зерттеу саласында қазақ халық фольклорын жинау, зерттеу ісіне белсене ат салысып, халық ақындары Жамбыл, Шашубай, Иса, Доскей мен Төлеудің өмірбаяндары мен өнер жолдары туралы өте маңызды монографиялық зерттеулер жазды. Соның бірі «Жамбыл» атты деректі романы. Сапарғали Бегалин бұл кітабына Жамбылдың көзі тірісінде-ақ кіріскен екен. Ол негізінен Жамбылды көрген, оның ертеректегі айтыстары мен айтқан жырларына куә болған және есінде сақтаған, көкірегінде сәулесі бар адамдардың аузынан естеліктерін жинастырумен көп айналысқан. Сон-

дай-ақ ел ішінде сақталған жырларды қағазға түсірген.

Роман 1946 жылы, Жамбылдың 100 жылдық тойына орай жазылып, баспаға ұсынылған екен. Белгілі бір себептермен кезінде жарық көрмеген. Қолжазбалардың шетіндегі ескертпелер мен қысқартуларға қарағанда, мұндағы, ру, ел, жеке адамдар туралы шындық жайлар сол кездегі саяси қырағы редакторға ұнамаса керек. Енді міне 50 жылды ортаға салып Жамбылдың 150, жазушының 100 жылдық мерей тойы қарсаңында жарық көріп отыр. Мұнда Жәкеңнің өскен ортасы, ата-бабасынан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер мен естеліктер арқылы суреттелген.

Сапарғали Бегалин қазақ балалар және жасөспірімдер әдебиетінің дамуына көп үлес қосты.

Қазақстан табиғатын, қазақ ауылының салт-дәстүрін жетік білетін

Сапарғали қазақ жастарының өмір, еңбек жолдарымен таныстырады. Осындай бір жаңа туындыларының жұлдыздысы «Сәтжан» болды. Мұнда жас азаматтың бойындағы тамаша қасиеттер, өнерге, еңбекке құштарлық, бала жүрегіндегі тәтті арман, мөлдір сезім өте шебер суреттелген.

Жазушының жас оқырмандарды қуантқан бағалы туындысының бірі-

«Көксегеннің көргендері» повесі. Бұл шығармада автор балаларды дала жануарларының қызықты тіршілігімен таныстырады. Осы кітапты оқып отырғанда, жас оқырман шығарманың бас кейіпкері Көксегенге еріп, биік тауларды, ну орманды, сағым ойнаған жазық даланы бірге аралап көргендей болады, жаратылыстың тамаша сырына қанады.

Жазушы Шоқан Уәлиханов бейнесін жасауда елеулі еңбек еткен.Шоқан

ның өмір сүрген ортасын, сол заманды зерттеп, оның еңбектерін оқып

танысып, соның нәтижесінде қазақ ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы-демократ Шоқан Уәлихановтың өмір жолын сипаттауға арналған «Шоқан асулары» атты повесі жарық көрді.

Мінеки, осы Сапарғали атаның өзі де, рухы да бізбен бірге жасасып келеді. Оның біздерге қалдырған мол әдеби мұрасы – әрі өзі, әрі рухы. Сапарғали атаның шығармаларында дүние танымдық, үлгі-өнеге аларлық нәрселер көп.


Шығармалар:
Бегалин С. Екі томдық шығармалар.- Алматы, Жазушы, 1979.

Бегалин С. Көп томдық шығармалар жинағы: 5 томдық.- Алматы: Балалар әдебиеті, 2007.

Бегалин С. Шығармалары.- Алматы: Жазушы,1966.- 435 б.

Бегалин С. Таңдамалы мен поэмалары.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1962.

Бегалин С. Жамбыл: Өмірбаяндық хикаят.- Алматы: Жалын, 1996.

Бегалин С. Шоқан асулар: Хикаят.- Алматы: Қазақпарат, 2005.

Бегалин С.Көксегеннің көргендері: Повесть, әңгімелер.- Алматы: Атамұра, 2007.- 280 б.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Бегалин С. Біз осылай өстік: ( Жазушы «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала Шоқан» повестерін қалай жазғаны жайлы баяндады)

// Сөзстан.- Алматы, 1983.-4 кітап.- 32- 39 б.

Ғабдуллин Н. Біздің Сапекең // Ғабдуллин Н. Уақыт сыны: Мақалалар, зерттеулер.- Алматы, 1981.- 112 б.

Жәмішев Ә. Балалар жанының бағбаны // Жәмішев Ә. Кезең кестелері.- Алматы,1984.- 122 б.

Мұстафин Ғ. Сүйікті қарт // Мұстафин Ғ. Ой әуендері.- Алматы, 1978.- 280 б.

Сәрсенбаев Ә. Азамат ақын // Сәрсенбаев Ә. Ұстаздар мен тұстастар.- Алматы, 1986.- 97 б.

Талжанов С. Сапар аға туралы // Талжанов С. Өткен күндер сөйлейді.- Алматы,1979.-198 б.

Тұрманжанов О. Сапарғали Бегалин жетпісте // Бегалин С. Шығар-

малары : Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы, 1966.- 5 б.


Бекежанов Нартай

(1890-1954)
Нартай Бекежанов Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Бестам қонысында 1890 жылы туған. Н.Бекежанов – халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Он жасынан ән салып, өлең шығара бастайды. Әлеуметтік мазмұндағы өлең-толғауларымен: «Сараң байға», «Мырзалық емес», «Жесір дауы», «Бір қойшыға», «Сыр»,

«Сүйінші», «Ақ алтынды аймағым», «Мұзбалақтар» Сыр бойына жас кезінен танымал болды. 1936 жылдан Қызылордада ұйымдастырылған концерттік эстрада бригадасы құрамында өнер көрсетеді. 1949 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, қалың жұртшылықтың жылы ілтипатына ие болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында арнаулы концерттік бригада ұйымдастырып, халықтың рухын көтеруге белсене ат салысты. Нартай Бекежанов – сырнаймен, домбырамен ән, терме, толғау, жыр айту, айтыс дәстүрін дамытқан өнер иесі. Республикалық ақындар айтысына талай мәрте қатысып, өзінің бірегей ән-жыр мектебін қалыптастырған сазгер, әрі ақын халық әндерін және өз әндерін орындау шеберлігімен қазақ өнері тарихында елеулі орын алған нар тұлға. Оның

«Толқын», «Нартай сазы», «Ахау, жалған», «Нартайдың әні» т.б. әндері ұлттық ән өнерінің алтын қорына қосылды.

Н.Бекежановтың шығармалары «Домбыра сазы» (1950), «Өлеңдері мен айтыстары» (1950,1956), «Өсиет» (1982), «Аманат» (1990) деген атпен жеке кітап болып жарық көрді.

Н.Бекежанов «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. Нартай Бекежанов 1954 жылы 17 желтоқсанда дүние салды. 1970 жылы Қызылорда облыстық қазақ драма театрына Бекежанов есімі берілген. Осы облыстағы Шиелі ауданында Бекежанов ауылы бар.
Шығармалары :
Бекежанов Н.Өсиет: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1982.

Бекежанов Н. Аманат: Өлеңдер, айтыстар, дастандар.- Алматы: Жазушы, 1990.

Бекежанов Н. (1890- 1954) // Дау шешеді дана сөз.- Алматы, 1996.- 276 б.

Нартай Бекежанов (1980-1954): (Өмірбаяны, өлеңдері берілген )

//Атамекен.- Алматы, 1998.- 135 б.
***
Нартайұлы М. Жыр алыбы Жамбыл, жыр сүлейі Нартай //Әдебиет айдыны.- 2005.- 18 тамыз.

Нартайұлы М. Шашасына шаң жұқпаған Нартай ақын:

(Н.Бекежановтың туғанына 115 жыл) //Жалын.- 2006.-№ 5.- 52 б.; //Әдебиет майданы.- 2005.- 24 ақпан.

Тебегенов Т.Тербеткен бала күннен жыр бесігін: (Нартай Бекежанов ақынның айтыстары) //Түркістан.- 2010.- 12 тамыз.

Тебегенов Т. «Өздерің білер Нартаймын»: (Ақын Н.Бекежанов туралы ) //Ана тілі.- 2010.- 25 тамыз.
Бекхожин Қалижан

(1913-1990)
Қазақстанның халық жазушысы Қалижан Бекхожин 1913 жылы

Павлодарда туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғысқа аттанғанға дейін Қазақстан Жазушылар одағында, соғыстан кейін Тіл және әдебиет институтында жұмыс істеді. Қазақ халқының тарихи тұлғалары туралы «Орман қызы» аталатын тұңғыш поэмасы (1938) республикалық бәйге алды. «Кек» поэмасы азамат соғысындағы қазақ халқының ерлігіне арналса, «Батыр Науан» (1940) поэмасы қазақтардың Ресей отаршылдығына қарсы күресінің көркем шежіресі ретінде танылған шығарма. Тоталитарлық жүйенің кезінде осы поэмасы үшін Қ.Бекхожин жазықсыз қудалауға ұшырады. Соғыс жылдары «Александр Невский» (1941), «Жиырма сегіз» (1942) атты дастандарын жазды. Соғыстан кейін көптеген лирикалық жинақтарында сол тұстағы Қазақстандағы әлеуметтік өзгерістерді, замандастарын жырласа, «Мариям Жагорқызы» поэмасында екі жастың шынайы махаббатын бейнелейді. Сталинге табынған кездегі елдегі қиын-қыстау өмірді суреттеген «Тұрлаулы тағдыр» поэмасы (1957,1962) қазақ әдебиетіндегі елеулі құбылыс болды. 1974 жылы ақын әзірбайжан халқының ұлы ақыны Низами мен қыпшақ қызы Әппақтың аяулы махаббаты туралы «Әппақ- наме» атты поэма жазды. «Сері күйші» поэмасында (1989) композитор, ғұлама, шешен, әрі батыр Қорқыт атаның бейнесін шынайы шеберлікпен көрсеткен.

Бекхожин – «Қазақ Совет әдебиеті» атты орта мектепке арналған оқулықты жазуға қатысты. Пьесалары республикалық, облыстық театрларда қойылды. «Ұлан асу» пьесасында қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің қолбасшысы Абылай ханның ерлік жолы, өмірі шынайы суреттелген.

Ақынның балаларға арнап жазған бірқатар өлеңдері де бар: «Сержант

Беляков», «Негр Джеймс туралы баллада» т.б. Қалихан Бекхожин

А.С.Пушкин, М.Лермонтов, М.Горький шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Қалижан Бекхожиннің өлеңдері мен поэмалары ТМД елдері халықтарының тілдеріне аударылып, кеңінен танылды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978), Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен марапатталған.

Қалижан Бекхожин 1990 жылы 2 қазанда қайтыс болды.


Шығармалары:
Бекхожин Қ. Шығармалар жинағы: Үш томдық.- Алматы: Жазушы,1982.

Бекхожин Қ. Алты асқар: Таңдамалы шығармаларының екі томдығы.- Алматы: Жазушы,1973.

Бекхожин Қ. Көктем.- Алматы: ҚМКӘБ, 1948.

Бекхожин Қ. Батырлық жыры.- Алматы: ҚМКӘБ, 1954.

Бекхожин Қ. Достық даусы.- Алматы: ҚМКӘБ, 1954.

Бекхожин Қ.Мәриям Жагорқызы.- Алматы,ҚМКӘБ,1956.

Бекхожин Қ. Мамырстан: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1970.

Бекхожин Қ. Әппақ-наме: Дастан және өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1974.

Бекхожин Қ. Бақытстан: байтағым: Дастандар.- Алматы: Жазушы, 1980.

Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің очерктері: 1860- 1958.- Алматы: Мектеп, 1981.

Бекхожин Қ. Өлең өткелдері: Лирика кітабы.- Алматы: Жазушы, 1986.

Бекхожин Қ. Жамбыл мен Айкүміс: Бір актілі музыкалық драма.- Алматы: Өнер, 1986.

Бекхожин қ. Кешкі жаңғырық: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1987.

Бекхожин Қ. Сері күйші: Өлең, дастан, драма.- Алматы: Жазушы, 1989.

Бекхожин Қ. Батыр Науан: Өлеңдер, поэма, дастандар.- Астана: Елорда, 2002.- 272 б.

Бекхожин Қ Алты асқар: Өлеңдер мен дастандар.- Алматы: Раритет, 2005.-320 б.


Өмірі мен шығармашылығы:
Нарымбетов Ә.Қалижан Бекхожин.- Алматы: Рауан.- 1993.

Бекхожина З. «Мен бақытты өмір сүрдім деп ойлаймын»: (Ақын

Қ.Беқхожин туралы естелік) //Жұлдыз.- 2007.- № 3.- 181- 188 б.
Бельгер Герольд

(1934)
Біздің бүгінгі заманымыздың болмыс - бедерін белгілеп-мүсіндеп, жасап-қалыптастырып келе жатқан бірегей тұлғаларымыздың бірі - Герольд Карлович Бельгер 1934 жылдың 28- ші қазан күні Ресейдің Саратов облысындағы Энгельс шаһарында жарық дүние табалдырығын аттапты. Алайда болашақ жазушыға өмір жеңіл сыбаға тартқан жоқ. Қатал қудалауға ұшыраған талай қандастарымен бірге ол да қиырдағы Қазақстаннан бірақ шықты.

1941 жылдан Қазақстанда тұрады. 1953 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы сұлу Еділ жағасында орналасқан ауылда қазақ орта мектебін бітірді. 1958 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірді. Бұдан кейін ол Жамбыл облысы, Байқадам орта мектебінде орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы болды. 1963 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің орыс тілін оқыту методикасы кафедрасы бойынша аспирантураны бітірген. Содан кейін «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер болды. Г.Бельгер институтта және аспирантурада оқып жүрген жылдары қазақ мектептерінде орыс тілінің салыстырма грамматикасы және оқыту методикасының тарихы жөнінде бірқатар мақалалар жариялады. Ол 1964 жылдан бері творчестволық жұмыста. 1992 жылдан «Феникс» альманахы бас редакторының орынбасары.

Ұлты неміс Г.Бельгер, негізінен шығармаларын неміс, орыс, қазақ тілдерінде жазады. «Ауыл шетіндегі үй» (1973), «Даладағы шағала» (1976),

«Алтын асу» ( 1977), «Тас өткел» (1987) атты әңгімелері мен повестер жинағында Қазақстанға қоныс аударған немістердің тыныс-тіршілігін қозғайды. «Ағалы- інілілер» (1981), «Үйлесім» (1986), «Үш әуен» (1986),

«Гете және Абай» (1988 орыс, қазақ, неміс тілдерінде), «Бауырластықтың жанды бейнесі» (1981), «Уақытпен бетпе-бет» (1985, неміс тілінде), «Тұл-

ғалар: Гете және Абай» (1995 орыс тілінде) атты зерттеу еңбектерінде әдебиеттанушы, сыншы ретінде қазақ әдебиетінің қазіргі жағдайына, оның дәстүр жалғастығына назар аударды. Ол Абай шығармаларының көркемдік, философиялық – эстетикалық мәнін ашуға, Батыс Еуропа әдебиетімен байланысын зерттеуге елеулі үлес қосты. Б. Майлин, Х. Есенжанов, А. Жұбанов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Нұрпейісов, Ә. Кекілбаев, Н. Ғабдуллин, Д. Досжанов, С. Қирабаев, Ә. Сәрсенбаев шығармаларын орыс тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінің әлемдік аренаға шығуына мол үлес қосты.

Үш тілде бірдей тамылжытып қарасөз (проза), сын- эсселер, әдеби зерттеулер жазатын Г.Бельгер қаламынан 15 кітап туындаса, ол қазақ прозашыларының 200-ге жуық таңдаулы роман, повесть, әңгімелерін орыс және неміс тілдеріне аударған.

Герольд Карлұлы – шабандоз қалам қайраткері ғана емес, көрнекті қоғам қайраткері де. Ол халықтар достығының шынайы дәнекері. Әдебиет, әлеумет істері саласында ол атқарған шаралар өз алдына бір төбе.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуына, қоғамдағы орнылықты сақтауға, қазақ әдебиеті мен өнерін насихаттауда елеулі үлес қосқан қаламгер Г.Бельгер – Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, осы одақтың жанындағы неміс әдебиеті жөніндегі кеңестің төрағасы. «Парасат» орденінің тұңғыш иегерлерінің бірі.
Шығармалары:
Бельгер Г. Мұнар тау: Әңгімелер, эссе, толғаулар, жазбалар.- Алматы: Өлке, 2006.- 304 б.

Неміс повестері / Құраст. Г.Бельгер.- Алматы: Жазушы, 1989.- 289 б.

Әйтеке би / Құраст. Г. Бельгер.- Алматы: Атамұра, 1998.- 98 б.

Бельгер Г. Ой он тарау...Күнделік- эссе //Парасат.- 2008- 2010.

Бельгер Г. Қазақ дәптері: (Әдебиет туралы ойлары) //Жас Алаш.- 2007.- 24 сәуір.

Бельгер Г. Сыршылдық пен сырбаздық: ( А.С.Пушкиннің «Гариилиада-

сы» мен І.Жансүгіровтің «Жебірейілнамасы» хақында) //Әлем әдебиеті.- 2007.- №2.- 5-15 б.

Бельгер Г.Көне сөздің сәулесі // Егемен Қазақстан.- 2006.-10 тамыз.

Бельгер Г. Қазақстандағы ұлттық идея- қазақ тілі болуы керек:

(Жазушымен / Әңгімелескен Е.Кәпқызы) // Түркістан.- 2006.- 1 қаңтар.

Бельгер Г. Нәсілі неміс орыс жазушылары // Таң- Шолпан.-2006.-№6.- 70- 83 б.

Бельгер Г. Тіл толғамы // Жас Алаш.- 2006.- 13 маусым.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Бельгер Герольд //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-

графиялық анықтамалық.- Алматы:Жазушы, 1987.- 134 б.

Бельгер Герольд // Жүрегіңнің жылуын кітапқа бұр: Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық. А-Қ .1- шығарылым.- Алматы, 2009.- 93 б.

Ақбас И. Бельгер: Жазушы Г.Бельгер және оның әкесі Карл Фридрихұлы туралы ғұмырнамалық эссе // Жұлдыз.-2009.-№12.-137- 142 б.

Арынұлы Р. Бельгерге хат: ( Жазушы Г.Бельгер туралы) // Жас Алаш.- 2009.- 23 шілде.

Бельгер Г. Кейде-кейде ащылау айтқан пікірімді жөнсіз десеңіздер, кешірім сұрауға дайынмын: (Жазушымен сұхбат) //Әдебиет айдыны.- 2008.- 2 қазан.

Бельгер Г. Заманмен бірге қазақтар да өзгерді: (Жазушы өзінің балалық шағы, шығармашылығы туралы әңгімелейді /Әңгімелескен Д. Бүйсенбекұлы)

//Қазақстан мұғалімі.- 2007.- 2 қазан.

Бостанов Ә. Герольд Бельгер «соңғы қазақ»: (Жазушының шығар-

машылығы туралы) // Қазақ әдебиеті.- 2007.- 13 шілде.

Қанафияұлы Н.Герекең: (Жазушы Г.Бельгер туралы) //Жас Алаш.- 2009.- 29 қазан.

Молдахметұлы Ж. Екінші сыныптан күнделік жазған жазушы : [Жазу-

шы Г.Бельгер] //Айқын.- 2008.- 30 шілде.


Мазмұны :
Құрастырушыдан……………………………………………………………2
Абай Құнанбаев……………………………………………………………..3

Абайділданов Әділбек………………………………………………………5

Абдуллин Хамза……………………………………………………………..7

Абдуллин Хизмет……………………………………………………………10

Айбергенов Төлеген…………………………………………………………11

Fймауытов Жүсіпбек………………………………………………………..14

Айтов Несіпбек………………………………………………………………16

Айтхожина Марфуға………………………………………………………...18

Ақыш Нұрдәулет……………………………………………………………..21

Ақышев Зейтін……………………………………………………………….24

Алтынсарин Ыбырай………………………………………………………...25

Аманжолов Қасым…………………………………………………………...29

Аманшин Берқайыр……………………………………………………….....32

Анов Николай………………………………………………………………...36

Антонов Валерий……………………………………………………………..37

Антонов Василий……………………………………………………………..38

Асанов Сабырхан……………………………………………………………..39

Асылбеков Әбдірахман……………………………………………………….41

Ахмедов Ғалым………………………………………………………………..44

Ахметбеков Кәрібай…………………………………………………………..46

Ахметбеков Нұрхан…………………………………………………………...47

Ахметов Әбдікәрім……………………………………………………………49

Ахметова Күләш………………………………………………………………51

Ахтанов Тахауи……………………………………………………………….53

Аширов Ахмеджан……………………………………………………………55

Әбдіков Төлен………………………………………………………………...56

Әбдіқадыров Қалмақан……………………………………………………….58

Әбділдаұлы Орысбай…………………………………………………………59

Әбдірахманова Тұрсынхан…………………………………………………...61

Әбдірашев Жарасқан………………………………………………………….63

Әбенов Шәкір………………………………………………………………….67

Әбуталиев Нәбиден……………………………………………………………68

Әбілев Дихан…………………………………………………………………..70

Әбішев Әлжаппар……………………………………………………………..72

Әзиев Әмен…………………………………………………………………….75

Әзірбаев Кенен………………………………………………………………...76

Әкімқұлов Еркінбай…………………………………………………………...79

Әлімбаев Мұзафар……………………………………………………………..82

Әлімжанов Әнуар………………………………………………………………84

Әлімқұлов Нұрсұлтан………………………………………………………….87

Әлімқұлов Совет……………………………………………………………….89

Әлімқұлов Тәкен………………………………………………………………92

Әсіпов Сапабек……………………………………………………………….. 95

Әубәкіров Оспанхан………………………………………………………….. 97

Әуезов Мұхтар………………………………………………………………....99

Әукебаев Есет…………………………………………………………………105

Байғанин Нұрпейіс……………………………………………………………107

Байзақов Иса…………………………………………………………………. 108

Байтанаев Амантай……………………………………………………………110

Байтұрсынов Ахмет…………………………………………………………...111

Бақбергенов Сәуірбек…………………………………………………………114

Бақтыгереева Ақұштап………………………………………………………..116

Балғабаев Сұлтанәлі…………………………………………………………..118

Бахтия Илья (Илья Молотов)………………………………………………...120

Баязитов Саид…………………………………………………………………122

Баялиев Кәрім…………………………………………………………………123

Бегалин Сапарғали……………………………………………………………124

Бекежанов Нартай…………………………………………………………….126

Бекхожин Қалижан…………………………………………………………...127

Бельгер Герольд……………………………………………………………….129


Шығаруға жауапкер: Сауенова Қ.С. – ақпараттық-библиографиялық

бөлімнің кеңесшісі

Редактор: Пазылова Р.Н. – Құқықтық білім секторының

меңгерушісі



Жамбыл атындағы МЖК-ның ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен 21.06.2010 ж. қабылданған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет