Астанадағы ұлттық театр
Астана төрінде 2000 жылдың қаңтар айында «Ақ Орда» опера және балет театры болып ашылды. Осы жылдың шілде айында театр Ұлттық мәртебеге ие болып, оған қазақтың әнші қызы Күләш Байсейітова есімі берілді. Театрдың алғашқы маусымы М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен бастады. Операны сахнаға КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық Қаһарманы, режиссер Әзірбайжан Мәмбетов шығарды. Әр маусым сайын театр репертуары жаңарып, классикалық шығармалармен толықтырылды. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» және Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» қойылымдары театрға жаңа дем беріп, операны терең түсінуге ықпал етті. Ал М.Жұмабаевтың «Батыр Баян туралы аңыз» поэмасы желісімен қойылған эксперименталдық қойылымы Астана қаласының мәдени өміріне үлкен жаңалық енгізді. Республикамыздағы жас театрларының қатарына енетін бұл театр құрамында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің, А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің, Қазақтың музыка академиясының, Құрманғазы атындағы Қазақтың Ұлттық консерваториясының түлектері мен белгілі қазақстандық әртістер қызмет ете бастады. Ұлттық театр әншілерінің есімдері кеңінен таныла бастады. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қ.Омарбаев, Қазақстанның халық әртісі Х.Қалиламбекова, Ж.Бақтай сынды бірқатар опера әншілері мен балет бишілері өнерсүйер қауымның көзайымына айналды. 2004 жылы Күләш Бейсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры Халықаралық музыкалық театрлардың ассоциациясының құрамына мүше болды. Театрдың опера және балет труппалары АҚШ, Греция, Швеция, Түркия, Қытай, Корея, Австрия, Италия, Франция, Ресей елдерінде өнер көрсетіп, халықаралық мәдени алмасуға қатысты. (198 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/382
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
Балл
|
Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы
|
Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
|
9-10
|
Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысып, ойын анық жеткізеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.
|
Тақырыпты жақсы түсінеді.
Мәтін мазмұны негізінде термин сөздер мен дайын тіркестерді толық әрі орынды жеткізеді.
|
7-8
|
Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысып, ойын анық жеткізеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателерді жібереді.
|
Тақырыпты жақсы түсінеді.
Диалогқа түскенде ойланып термин сөздер мен дайын тіркестерді әрі орынды жеткізеді.
Өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
|
5-6
|
Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысу барысында ойы шашыраңқы.
Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.
|
Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, термин сөздер мен дайын тіркестерді орынды қолданады, бірақ диалогқа түскенде өз ойын түсінікті жеткізуге қиналады.
Сырттан көмек қажет етеді.
|
3-4
|
Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді аздап қолданады. Диалогқа қатысу барысында ойы нақты емес, түсініспеушілік тудырады.
|
Сырттан көмек қажет етеді.
Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.
Диалогқа түскенде термин сөздер мен дайын тіркестерді қолдануда қиналады, қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
|
1-2
|
Коммуникативтік жағдаятқа сай дайын тіркестер және терминдердің қолдану аясын аз түсінеді. Диалогқа қатысу барысында ойы нақты емес, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.
|
Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.
Диалогқа түсуде термин сөздер мен дайын тіркестерді қолданып тақырыпты ашуды дамыта алмайды, аз қатысады.
|
Оқылым
Тапсырма
Берілген тапсырманы орындаңыз. А мәтінін жұбымен іріктеп, рөлге бөліп оқыңыз. Мәтінге ауызша коментарий жасаңыз.
[10]
1. Оқылым стратегияларын қолдану: коментарий жасап, іріктеп, рөлге бөліп оқыңыз.
2. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді ажырата біліңіз.
А мәтіні.
Дастан: Асқар, тарихи тұлғалар дегенді қалай түсінесің?
Асқар: Тарихи тұлғаларға менің ойымша қоғам қайраткерлері мен көрнекті ақын-жазушылар, хан билер деп ойлаймын. Ал сен қалай түсінесің?
Дастан: Дұрыс. Менің де ойым осылар. Сен тарихи тұлғаларға кімдерді жатқызасың?
Асқар: Тарихқа үңілсек, Асанқайғы жерұйығымен таныс, Ахмет Байтұрсынұлы, Ақан серілерді және тағы да басқалар.
Дастан: Сен Асанқайғы жерұйығымен таныс дедің, бұл кісі бойынша толық ақпарат бере аласың ба?
Асқар: Асанқайғы (Сәбитұлы Асан – ХҮ ғ.) – ұлы философ, ақын. Еділ бойында туған. Әкесі саятшы болған.Алтын Орда ханы Ұлұғ – Мұхамедтің, Қазақ хандығы құрылған тұста – Жәнібек ханның кеңесшісі болған. Оның «Жерұйық» іздеу идеясы – баршаға жайлы һәм әділетті қоғам орнату жөніндегі адамзаттық аңсарымен үндес әлеуметтік-саяси әрі философиялық ұлы идея. Асанқайғы ойларының енді бір өзегі – адам мен қоғам, табиғат пен тіршілік тақырыбы. Ел билеушіге қарата айтылған сөздерінде өмірдің ащы шындығын ашық жайып салады.
Дастан: Өте керемет. Сен жаттап та алғансың ба?
Асқар: Иә, себебі мен осы кісі бойынша ғылыми жоба жазып зерттегенмін.
Дастан: Өте жақсы. Айтпақшы Асқар автобусым келді сау бол, көріскенше.
Асқар: Сау бол. (166 сөз)
alashainasy.kz/.../kanday-hobbi-densaulyikka-pay...
Ә мәтіні.
Иә, қазақ халқының шашасына шаң жұқпаған шешені де, тілінен бал тамған, қылышынан қан тамған ақындары мен батырларының болғанына халқымыздың өткені мен тарихы куә. Солардың бірі ғана емес бірегейі ауызымен орақ орған, сөзге шешен, халқының мұңын барлап, жоғын жоқтап, өзінің қара басынан гөрі елінің қамын жоғары қойған халық ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаев жайында тілімізге тиек етсек. Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған кісінің шан-теңіз жыр-толғау, айтыстары да түгел сақталмаған. «Әйтсе де бала Жамбылдың дүмше молданы мазақтап шығарған «Шағым», ақындық жолына рұқсат сұраған «Әкеме» деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры – сылқым бойжеткен Еркежан (Кәмшат) сұлуға шығарған құрбылық наз өлеңі сияқты дүниелер сақталған. Одан бертіндегі Жетісуды, Сыр өңірін өнеріне тәнті еткен, Шығыстың әйгілі қиссаларын жырлаған ақын мұрасынан бірталайының аты ғана белгілі. "Кедей күйі", "Пұшықтың ұрыға айтқаны", "Кәрібайдың төбеті" "Жылқышы" тәрізді тегеурінді де өжет ақындык мінезден туған өлеңдері шығармашылығынан сақталған қомақты мұрасы. (161 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/51205/
А мәтінін іріктеп, рөлге бөліп, ауызша коментарий жасаңыз.
[6]
Ә мәтініндегі көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді ажыратып сәйкестендіріңіз.
Мәтін
|
Шартты белгі
|
Мысал
|
Көнерген сөз
|
|
Пұшықтың ұрыға айтқаны
|
Эвфемизм
|
Қылыш
|
Дисфемизм
|
Еркежан
|
Табу
|
Аузымен орақ орған
|
[4]
Достарыңызбен бөлісу: |