«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №43 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі кмм»



бет6/8
Дата04.11.2023
өлшемі483.14 Kb.
#482350
1   2   3   4   5   6   7   8
Бесіктің пайдасы Ғылыми жоба (1)

3.2 Жас аналармен сұхбат.
Бірақ сонда да жас аналар баланы бесікке бөлемейді.Оның себебін алыстан іздеген жоқпын.
-Біздің көп қабатты үйде 4 жас ана бар. Мен олардан бесік туралы сауалнама алдым. 1 ана баланы бесікке бөлейді.
Бесікке бөлеген тиімді деп айтты. Баласын бесікке бөлегенде, үй жұмыстарын да жасап үлгіреді екен және жаялықтарға қаржы жұмсамайды.
Ал 3 ана бөлемейді. Аналар бесікке бөлемеу себептерін анықтадым
Олар:
Ø Баланы еркін қойғанды жөн көреді. Баланы аяйды.
Ø Жөргекке ораған тиімді деп санайды.
Ø Қорқыныш сезім: Бала қараңғыда жатады, емізгенде тұншығып қалады деп ойлайды.
Ø Бөлеуді білмейді. Бесік зиян деп айтты.
Әжемнің және жас аналардың сөздері бір бірімен ұштаспады.
Бұл аналардың жауаптарынан кейін менде 2 ой туды. Баланы бесікке бөлеген дұрыс па?, әлде бұрыс па?. Осы сұрақтарға жауап табу үшін, балалар дәрігерімен кездесуді жөн көрдім.
2.3 Дәрігермен сұхбат.
Мен өзім тұратын қалашықтың педиатр дәрігерімен кездесуге келдім. Зерттеу барысында туған ойларға көз жеткізу үшін, дәрігерге келген себебімді айттым. Дәрігер сұрақтарымды тыңдап, жауап берді.

  • Менің бірінші сұрағым:

-Бесік туралы көзқарастар екіге бөлінген. Үлкен қауым бесікті дәріптесе, қазіргі жас аналар неге бесікке қарсы шығады? Әлде бесіктің зияны бар ма?

  • Дәрігер жауабы:

– Бесік бала денсаулығына қолайлы.Тек дені сау баланы бесікке салған жөн. Бесікте жатқан баланың денесі шымыр болады.. Қазіргі жас аналар осыны түсінбейді. Сәбиіне қарап аяушылық сезімі пайда болады. Мысалы: бөпені машинаға отырғызғанда, немесе тамақтануға арналған арнайы орындыққа отырғызғанда қауіпсіздік белбеулерін кигізетінін білесің. Бесік те сол автокресло сияқты, сәби оның ішінде жатқанда қаупсіздікте болғанын білуі қажет. Сонда ғана, шошымай, тыныш жата алады. Бірақ бесікте 3-4 сағат уақыт бөлеу керек. Бір мезгіл баланың денесін бос жіберген де жөн.
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет