2.4. Дәрігерлер кеңесі
Отбасымызда дәрігерлер көп, соның бірі педиатр Гүлнар Ыдырысқызы медициналық тұрғыдан баланы бесікке бөлеудің пайдасы жетерлік екенін айтады. Осы ретте маман бесікке бөлеу баланың денсаулығына қалай әсер ететіні және оның зияны бар-жоғын айтып берді.
Дәрігердің айтуынша, бірінші кезекте бесікте жатқан сәбидің жүйке жүйесі бірқалыпты болады. "Бесіктің құрылымы балаға гигиеналық тәрбие беруге лайықталған әрі алып жүруге жеңіл, ықшамды және берік. Ол баланың тазалығына өте қолайлы. Өйткені арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қалай қолайлы болса, баланың өзінің де денінің сау болып өсуіне тиімді", - дейді Ыдырысқызы.
Сондай-ақ, педиатр бесікке салынған баланың ми қыртысы қызметінің жақсаратынын айтады. Бесікке тербелген баланың миындағы сұйықтық түтікшелер арқылы жақсы жүреді екен."Медициналық тұрғыдан қарағанда, ұйқысы қанбаған баланың зердесі толықтай жетілмейді. Ал бесікке бөленбеген баланың ұйқысы тыныш болмайтыны анық. Одан бала мазасыз болады. Оның мазасыздығы анасының психологиясына тікелей әсер етеді. Содан ол эмоциялар сүт арқылы сәбиге беріледі де, бала өскенде шыдамсыздау болады", - дейді дәрігер. Дәрігердің айтуынша, баланы бесіктен шешкен кезде ол рахаттанады, яғни сәбидің денесінің әр түрлі күйде болуы оны жаттықтырады.
3.1.Әжеммен сұхбат
Менің әжем көп балалы ана. Әжемнің барлық балалары бесікте өскен. Бесікке бөлеудің шебері, бесіктің қыр сырын толық меңгерген кісі.
Өз білімімді әрі қарай дамыту үшін әжеммен бесік жайында сұхбаттасып та үлгердім. Сұхбаттасу мақсатым : бесікке бөлеу пайдалы ма? Әлде зяны бар ма?, бесікке бөлегеннен кейін бала бойындағы өзгерістерді білгім келді.
Әжеме сұрақ қойдым.
– Әже, баланы бесікке бөлегендегі бала бойындағы өзгерістер қандай?
-Бесік бала тәрбиесіне ыңғайлы. Баланың тазалығына, ұйықтауына, анасына емізуне қолайлы. Бала бесікте өзін қауіпсіз сезінеді. Бесікке бөлеген баланың аяқ-қолы түп түзу, жадысы жүйелі дамиды. Себебі бесікті тербетіп, балаға «бесік жырын» айтқанда бала жыр арқылы ұлттық тәбиемізді бойына сіңіріп өседі. Баланы бесікке дұрыс бөлеу маңызды қадам. Бесікке дұрыс бөлемей, қол-аяғын бос байласа немесе шүмегі дұрыс қойылмаса, бала аяқ-қолын ербеңдетіп шығарып алады, бұл оның жүйке жүйесінің дамуына кері әсерін тигізеді.
Әжемнің сөзіне сүйеніп бесіктің пайдасы туралы өзіме жаңалық аштым. Бесіктің анаға және балаға пайдасы бар екенін анықтадым.
Ол:
Ананың емізуіне қолайлығы
Бесік баланың үйі болғандықтан, ұйқы кезінде анасынан бөлек жатады. Сонымен ана баланы басып кету қауіпінен сақтайды
Баланың ұйқысын келтіру үшін, жабуын жауып тербетсек, тәтті әлдиге бала аз уақыт ішінде ұйықтап қалады. Ананың уақыты үнемделіп, үй жұмыстарын жасауды да үлгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |