Екінші сұрақ: – оның ішінде бала тұншығып қалмай ма?
Дәрігер жауабы: – Жоқ, тұншығып қалмайды. Бесіктің іші бізге тар болып көрінгенмен, жас сәбиге ол мүлде басқаша көрінеді. Ол бесікте жатқанда өзінің анасының құрсағында жатқандай сезінеді. Өйткені бесіктің іші ана құрсағындай тар және қараңғы. Керісінше бос жатса қол аяғынан шошынып, оянып кете береді.
Дәрігермен сұхбаттасқаннан кейін, жұмысымды аяқтауға бел будым. Өйткені маман сөзі, әрқашан шындықты талап етеді.
3.4. Зерттеу жұмысымның нәтижиесі
Қорытынды.
Жұмысымды қорытындылай келе, бесіктің пайдасы мен балаға беретін тәрбиесін білдім. Әдебиеттермен, интернет желілерін қолдандып, мамандармен ой бөлісіп, қызығушылықпен жұмысты атқардым.
Қазақ халқы бесікті киелі деп санаған. Мұхтар Әуезов атам айтқандай «Ел болам десең бесігіңді түзе!» деген сөзі бекерге айтылмаған. Бесік жыры бөбектің құлағына сіңген сайын ата-бабасының генетикалық жадысы қайта жаңғырады екен.Қазақтың бесігі жайлы тек қана жақсы дүниелерді айтуға болады. Мәселен, оның көшпелілер өміріндегі пайдасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Басы иілген, төрт аяғы, астында төсегі, арқалығы бар бесіктер үстіне қанша жапқыш жапқанмен сәбидің жатуына жайлы болған. Бала ешқашан тұншықпаған, ауасы кең болып тұрған. Қазақтың бесігі баланың өміріне өте лайықты ойластырылып, шебер дайындалған қасиетті мұра.
Ұсыныс
Менің ұсынып отырған ұсынысым аналарға бесіктің денсаулыққа пайдасын түсіндіре алатындай жарнама көрсету. Менің өз інімді бесікке бөлеп жүрміз. Оның пайдасы мен үлкен тәрбиелік мәні бар мүлік екенін түсіне білдім. Өйткені інім бесікте түзу, таза жатады, анам бесік жырын айтады. Ата –бабаларымыздан келе жатқан ұлттық мұрамызды дәріптей отырып , қәзіргі кезде сатып алып отырған жаялықтарынан жүз есе артық екенін және ақша талап етпейтін жақсы дүниеміз бесік екенін түсіндіру жарнамасын ұйымдастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ғаламтор жүйесі
2.Қасиманов С. [Қазақ халқының қолөнері – Алматы, Қазақстан.]
3.Көкшеева З. [Бесік жырлары – эстетикалық мәдениетті қалыптастыруы]
4.Өмешұлы Ә. [Бесіккее бөлеу зиян ба? Парасат, №7]
5.Әмірғазин Қ. [Қазақ қолөнері, Алматы, 2004 ж.]
6. @отбасыхрестоматиясы ҚҚ, [Салт-дәстүр сөйлейді Алматы 2022;]
7. @отбасыхрестоматиясы ҚҚ, [ Әлдиден эпосқа дейін Алматы 2022;]
«Жамбыл облысы Қордай ауданы
№43 Бауыржан Момышұлы атындағы
орта мектебі КММ»
4 сынып оқушысы Рысбай Аяланың
«Бесік-денсаулық негізі! атты зерттеу жұмысына
Достарыңызбен бөлісу: |