Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі мен әдебиеті



бет44/63
Дата28.11.2023
өлшемі2.21 Mb.
#484604
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63
7 сынып Т2 Валиева А.Б

Ақпарат

Шын

Жалған

1.

Алайда көп адамдар спортпен шұғылданғанды ұнатпайды.







2.

Спорт жалпы адамның бүкіл ағзасына зиян деп айтамыз.







3.

Дегенмен, адам көп қимыл-қозғалыс жасаған сайын оның миы да белсенді жұмыс жасай бастайды







4

Жүрек-қан тамырларының қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етіп, денсаулықты құртады.







[1]

4. Мағынасына қарай мәліметтер мен сөздерді сәйкестендіріңіз.





1

Егерде сіз спорттың артықшылықтарын бала күніңізден
білген болсаңыз, күн сайын жаттығу




А

бастайды.



2


Дегенмен, адам көп қимыл-қозғалыс жасаған сайын
оның миы да белсенді жұмыс жасай




В

нығайтады.



3
3

Әсіресе жүрек-қан тамырларының қалыпты жұмыс
істеуіне ықпал етіп, денсаулықты




С

жасайсыз

[2]
Оқылым

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Айша бибі туралы аңыз
Сонау орта ғасырларда елі мен жерін жау найзасынан қорғаған Қарахан есімді батыр өмір сүрген екен. Талай алыпты тағынан түсіріп, қарсыласының алдында тайсалмаған Қарахан батыр қас жауының қызына ғашық болады. Көп ұзамай қыз әкесінің бұл некеге қарсы болатынын білген соң сүйгенін алып қашуға бел буады. Екі жастың қол ұстасып қашып кеткенін білген әкесі сарбаздарына оларды өлтіруді бұйырады. Қуған нөкерлерден қашамыз деп ғашықтар ұзақ жол жүреді. Арада біраз уақыт өткен соң тоқтаусыз шапқылай беруден шаршаған ару Асу атты өзеннің жағасында аялдауды ұсынады. Хан жарлығын бұлжытпай орындауды жөн көрген сарбаздар Қарахан мен Айша бибіні көре салысымен қыздың сәукелесіне жылан салып қояды. Бақыттың құшағында жүрген ғашықтар мұны байқамай қалады. Жылы суға рахаттанып түсіп шығып, Айша бибі киіне бастайды. Ақырында сәукелесін кие берген кезде жылан шағып алады. Осы сәтте ғашығының қолында мерт болып бара жатқанын көрген Қарахан алай-дүлей күйге түсіп, мына өмірден баз кешеді. Ешбір жауының алдында иілмеген батыр тағдырдың алдында бас иіп, Айша бибі қайтыс болған жерге мазар тұрғызады. Қарахан батыр сүйгенінің жанында болу үшін Айша бибінің қасынан өзіне де мазар салдырады. Өмірінің соңына дейін ақ киім киіп, Айша бибі мазарында түнейді. Жаратқанға жалбарынып, кешірім сұрайды. Осы адалдығы үшін халық оны есінде сақтаған. Ал бұл жер «Әулие ата» деп аталып кеткен.
(197 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/debiet/proza/21815

Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.


1. Шығарманың жанрын анықтаңыз.
А) ертегі
B) әңгіме
С) аңыз
D) новелла
[1]
2. Шығарманың негізгі идеясы қандай?
А) үлкенді құрметтеу
В) екі ғашықтың махаббаты
С) қыз туралы
D) туғандарын сүю
[1]
3. Мәтіннен қыздың іс-әрекетін тауып жазыңыз.
[1]
4. Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша бір сөйлеммен жауап беріңіз.
А) Сарбаздар қызды қалай өлтіреді?
[1]
В) Қарахан сүйіктісіне қалай қайғырады?
__________________________________________________________________
[1]
Жазылым
1. Суреттегі Қыз бен Жігіттің сырт бейнесін маңызды бөліктерді қолдана отырып, сипаттап жазыңыз.

Қ
ыз сипаты

Ж
ігіт сипаты





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет