Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі мен әдебиеті



бет47/63
Дата28.11.2023
өлшемі2.21 Mb.
#484604
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63
7 сынып Т2 Валиева А.Б

Тоғызыншы тапсырма оқушы берілген пікірмен келісу/келіспеу себептерін баяндап, эссе жазады. Эссе жазуда ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді пайдаланады.Эссе көлемі 80-100 сөз. Мұғалім оқушының эссе жазуда құрлымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселеге келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді пайдалануы бағаланады.

20

10

10

7.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұпта орындалады. Оқушылар үш тақырыптың бірін таңдап, 2 минут сұхбаттасады (әр оқушы 8-10 сөйлем айту керек).
Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айтуын бағалайды.

Тыңдалым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға
3-5 минут беріледі)



10

Барлығы

40 минут

30

«Қазақ тілі» пәнінен ІІІ -тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
ІІ-нұсқа


Тыңдалым.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі
Жыл басы Наурыз мерекесі әлемге жылулық әкеледі. Табиғат ана құлпырып, жер-ана бусанып, жұмыр жер бетіндегі жанды нәрселердің бойына қан жүгіреді, ағаштар бүршік жара бастайды.
«Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағына береді. Наурыз мейрамы – қазақ халқының көшпелі тұрмысының қуанышты кездерін бейнелейтін ұлық мереке. Қыс айларында мал-жанын шүберекке түйіп, көктемге әзер шыққан ел өрістегі малдың аузы көкке ілінгеннің құрметіне Ұлыстың ұлы күнін ат шаптырып, аударыспақ ойнап, жамбы атып, балуан күрестіріп, ұлан-асыр той жасап қарсы алатын болған.
Наурызды тойлаудың өзіндік дәстүрі бар. Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын көрісуден бастап, бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан, тазаланған арықтарға су жіберуден, "Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын!"- ата-бабамыз айтқандай арықтың жағасына ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық одан ары халық ойындарымен, ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, көкпар, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын. Бұл күнде күмбірлі күй тартылып қана қоймай, ренжіскендер кешірісіп, бітімге келетін. Бұл күнде тек жақсылықтар тіленіп, туыс-туған бір-бірін шақырысып: «Амансың ба? Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барса, жол болсын!», «Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Бәле-жала жерге кірсін», - деп құшақтасып көріскен. Ағайындар бір-бірінің үйлеріне қонақ болып, жасаған Наурыз көжелерінен дәм татысқан.
(209 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет